№7 Бөбекжай-бақшасы
Тәрбиешілер: Нұрмагамбетова М.С
Жомартова А.Т
Қостанай 2011жыл
Педагогикалық инновацияның мәні.
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.Ол мектепке дейінгі тәрбиемен тығыз байланысты.Баланың өсіп жетілуі,оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы оған жүйелі түрде берілетін тәрбиесіне,тәрбиелей отырып меңгерілетін,білім-білік дағдыларына байланысты.Мектеп жасына дейінгі балалар алған әсерлерін,көрген білгендерін оймен қорытып,сөз арқылы сыртқа шығарады.
Жыл сайын балабақшаға әртүрлі балалар келеді.Біреуі жетелі,ұшқыр ойлы,ал кейбіреулері тұйық,ұялшақ боп келеді.Біздің байқауымызша,олардың барлығын біріктіретін нәрсе олардың күннен-күнге қызығушылықтарының таңдануларының еліктеулерінің азайуы Олардың бәрін қызықтыратын бір нәрсе-Барби қуыршағы,ойыншық машина модельдері,компьютер,қосалқы ойындар.Біздің қоғамымыз қазір белсенді,шығармашылығы мол адамдарға зәру.Балалардың қоршаған ортаға өзіне деген қызығушылықтарын қалай оятуға болар екен? Бұл істе театрдың көмегі тиері хақ.
«Ескіні ұмытпайық,жаңаға ұмтылайық» атты ұсынылып отырған жұмыста драматизациялық ойындар мен саусақ ойындары берілген.Бір қарағанда,сол таныс ертегілер,ойындар,Жаңа бағдарлама талаптарына сүйене отырып,осы шығармаларды балаларға «жаңа» қырынан көрсетуге болады.Шығарманы драматизациялау кезінде әр түрлі білім салаларының мақсаты көзделеді,балалардың білім деңгей анықталады.
Театр өнері арқылы бала тек көркем әдебиет шығармаларын қабылдап қана қоймайды,сонымен қатар
адамгершілікке,эстетикаға,тазалыққа,ауызбіршілікке,қамқорлыққа,тәртіптілікке бой ұсынады.Бұл ойындарды сабақ барысында,сабақтан тыс уақытта, режимдік сәттерде қолдануға болады.Балаларды жалықтырмау үшін,олардың қызығушылығын арттыру үшін бір ертегіні әр түрлі (қуыршақ,үстел үсті,фланелеграф,саусақ ойыншықтары,маскалар) ойнатуға болады.
Сонымен қатар бұл ойындарды әртүрлі білім беру салаларында қолдануға болады.
.
Педагог жұмыс барысында балалардың өз мүміндік потенциалдарын толық игеруге ықпал жасайды. Драматизациялық, саусақ ойындарында
Сөздік, ойын, көрнекілік әдістері арқылы қуыршақ ойыншықтар, бет перделер, костюмдер көмегімен баланың өзіне деген сенімділігін арттырып, тілдерін дамыта отырып, олардың құзіреттілігін жоғарлату. Өзіне сенімсіз, ынжық балалардың ашылуына көмектесу, осы жұмыстарды педагог ойын, деңгейлеп оқыту, денсаулық сақтау технологиялары арқылы жүзеге асыра алады, жұмыс барыснда әр баланың білім деңгейі, тілдік қатынастағы олқылықтарын, қимыл координацияларын байқап, бақылауға болады.
Баланың әр білім саласындағы құзіреттілігінің артуын жетістікке жатқызуға болады, өйткені адамдық фактор – ең жоғарғы жетістік деп ойлаймын.
Ұсынылып отырған ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке бастық ерекшеліктеріне, олардың даму деңгейіне орай қолдануға болады.
Кіші топтарда балалар «Қуыр – қуыр, қуырмаш», «Қызықты санамақ» сияқты ойындарын ойнағанда тек саусақтарын бүгіп, сөздерді қайталаса, 4-5 жастағылар саусақтарымен жануарларды, ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, оларға қатысты жұмбақ, ертегі үзінділерін қосып айта алады. Өз ойларынан жаңа жұмбақ, жаңа бейнелерді ойлап табады.
Оқу іс-әрекеті, ойын әрекеті кезінде осы ойындар арқылы балалар адамдар, жануарлар, олардың өмір сүру ортасы, мінез-құлықтары жайлы мағлұматтар алады, олардың ұнамды, ұнамсыз қылықтарын талдайды.
Осы драматизация, саусақ ойындары арқылы мына мәселелерді шешуге болады:
Тәрбиеші мен бала арасындағы қатынас шекарасы жойылады.
Ойын әрекеттері кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер көздері ашылады (дәстүрден тыс ойын түрлері ).
Қатынастық даму жолдарының шешімін табуға көмектеседі (диалогтық,монологтық қарым-қатынас түрлері ).
Әр-түрлі қимыл іс-әрекет түрлерін қолдану мүмкіндіктері туындайды.
Балалар өздігімен жұмыс жасайды.
Қолдануға ыңғайлы.
Бала үшін:
Көңіл-күйінің әсерленуі.
Таңдау еркіндігі.
Өзін-өзі сынап көруі.
Өзіне деген сенімділіктің пайда болуы.
Қызығушылықтарының қанағаттануы.
Жеке тұлға ретінде қалыптасуы.
Педагог үшін:
Материалды – техникалық база.
Оқыту технологиялары.
Баламен жұмыс жүргізудің ыңғайлылығы.
Баланың жан дүниесіне үңілуге мүмкіндік алуы.
Баламен жеке жұмыс жоспарын жасау.
Бала мүмкіндіктерін алдын-ала болжау.
Неге театр? Менің ойымша, театр балалардың ойынға, әнге, биге деген шығармашылық қабілеттерін оятып дамытады. Қуыршақпен ойнағанда балалар өздерін бос, еркін сезінеді. Баланың өзіне, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, ойлау, қиялдау қабілеттері, тілі дамиды.
Бала әрекетінің екі негізгі бағыттарын анықтауға болады: балалардың әсерлі көңіл – күйін дамыту және оларды театрланған іс-әрекетке бейімдеу.
Театрланған іс-әрекетке деген тұрақты қызығушылық қалыптастыру.
Балалардың сөз қорын молайтып, оларды белсенді түрде қолдануға
үйрету.
Ойындағы образды жасау үшін, балалардың көркемдік тәсілдерді іздеу
кезінде қолдау көрсетіп отыру (бет пішінін өзгерту, қимылдарды,
ымдау, дауыс ырғағы)
жолдастарының жетістіктеріне қуану, ренішін бөлісе білу.
Мерекелерге, ойын – сауықтарға қатысу тілектерін қолдап отыру,
өздерін әр жағдайда еркін, бос ұстай білуге үйрету.
Жұмыс барысында педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп, зорлаусыз- ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығарманың сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал ролдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған ролдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аудардық. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп, жетілдіруіне көмектестік, кейіпкерлердің сөздерін, көңіл- күй, сезімін, мінез- қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындырып отырдық. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткіздік. Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән бердік. Бұл – негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылды. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйреттік.
Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, бізде топта театр бұрышы жасалды. Бибабо, саусақтар, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.
Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балпаңдап жүретінін көрсеттік.
Сабақтар мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналды. Мысалы: қуыршақ пен қонжық балалардың орнына бала болды. Балаларға өз еріктерімен қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізілді. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолдандық:
1. Қимылды көрсету.
2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.
Сөздік суреттеме бере отырып, біз балаларды ролдерін толық орындауға үйреттік, өздерінің ролдерін қызықты ойнаған балаларды көтермелеп, мадақтап отырдық.
Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік.
1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез- құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды.
2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертегілерінде түлкіге жейде кигізіледі.
3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз.
4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз.
Мысалы: «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай»туралы ертегіні оқып бергенннен кейін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қойды:
1.Алдар көсенің мінез- құлқы қандай?
2. Алдардың жүрісін кім көрсете алады?
3. Байдың мінезі қандай?
4. Оның жүріс- тұрысын кім көрсете алады?
5. Кім бай мен Алдар көсе болып ойнай алады?
Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық.
Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды.
Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.
Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды.
Драматизацияланған ойындар.
Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Драматизациялық ойындарда мазмұны, рөлдер, ойын әрекеттерi қандай да бiр әдеби шығарманың, ертегiнiң т.б. сюжетi мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсiл көрсетпеу керек. Ол үшiн ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. Драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
І. Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою.
ІІ. Мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.
Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады:
1. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.
Тілдік қ
. «Қатынас»
Көркем әдебиет
«Бауырсақ» ертегісі
(саусақ театры).
Мақсаты: Ертегі мазмұның балалардың естеріне түсіріп,сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалау. Тіл байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.Ойын құралдары: Саусақ басына кигізілетін ойыншықтар.
Ойын барысы:
Автор: Ерте-ерте-ертеде шал мен кемпір тұрыпты. Бір күні шал кемпіріне айтады.
Шал(1-бала): Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Кемпір(2-бала): Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
Шал: Әй, кемпір, қойманың түбін қырып көрсең. Бір бауырсақ пісіретін үн табылар.
Автор: Кемпір солай істеді. Қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да. Қаймақ қосып, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолға шығып, домалап кетеді. Жолда домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.
Қоян(3-бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ(4-бала): Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ алға қарай домалап кетеді, қоян қалып қояды. Бауырсақ орман ішіиен домалап келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр(5-бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқыр сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ домалап кетеді. Қарсы алдынан қорбандап аю шығады.
Аю(6-бала): Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.
Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қояннан кеттім,
Қасқырдан кеттім,
Аю сенен де кетемін!
Автор: Бауырсақ домалап кетеді, аю қалып қояды. Бауырсақ зымырап келе жатса,
алдынан түлкі шыға келеді.
Түлкі(7-бала): Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайсың, қандай әдемісін!
Автор: Бауырсақ қуанып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған болып,
білдірмей бауырсаққа жақындап отырады.
Бауырсақ: Әже қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған,
Қаймаққа илеген,
Майға пісірген,
Терезе алдына суытқан,
Бауырсақпын домалақ!
Атадан кеттім,
Әжеден кеттім,
Қоян сенен де кетемін!
Түлкі: Әдемі өлең екен! Айналайын, бауырсақ, мен қартайдым, құлағым естімейді ғой. Кәне, менің тұмсығыма отырып, өлеңді тағы бір айтып берші.
Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта бастағанда, түлкі бауырсақты «ап!» деп жеп қояды.
« Шалқан » ертегісі
(фланелеграфта )
Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету, сөз қорын жетілдіру, әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, бірлікке тәрбиелеу.
Ойын құралдары: Фланелеграф тақтасы,ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Ойын барысы:
Автор: Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады.
Атай: Көмекке әжені шақырады.
Автор: Әже - атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Әже: Әжесі немере қызын шақырады.
Автор: Немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Немере: Немересі итті көмекке шақырады.
Автор: Ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Ит: Ит мысықты көмекке шақырады.
Автор: Мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан,
атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.
Достарыңызбен бөлісу: |