Жыл асйын балабаќшаєа јртїрлі балалар келеді


Мысық: Мысық тышқанды көмекке шақырады. Автор



жүктеу 11,24 Mb.
бет2/12
Дата23.11.2018
өлшемі11,24 Mb.
#24161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Мысық: Мысық тышқанды көмекке шақырады.

Автор: Тышқан –мысықтан, мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен,

әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып - тартып.

Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды.

« Шұбар тауық » ертегісі

(сахналау)


Мақсаты: Балаларды таныс ертегіні аяғына дейін қызығушылықпен тыңдауға үйрету. Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруін, кейіпкерлердің қимылдарын көрсете отырып, ертегінің мазмұның айтып беруге үйрету.

Ойын құралдары: Қуыршақтар, ойыншықтар.

Ойын барысы:

Автор: Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.

Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар?

Автор: Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты.

Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін.

Автор: Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды.

Шұбар тауық: Ата,әже жыламаңыздар!Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін.

Автор: Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.

«Үш аю» ертегісі

(үстел үстінде )



Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұны бойынша шағын көрініс қоя білуге үйрету. Тіл байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.

Ойын құралдары: конус түріндегі қуыршақтар: Маша, әкесі-аю, шешесі-аю, Мишутка.

Ойын барысы:

Автор: Маша бірде орманға барып адасып кетіпті. Жол іздеп келе жатып бір үйге келді. Бұл үйде аюлар тұратын. Олар: әкесі-аю, шешесі-аю және қоңжық-Мишутка еді. Үйге кірген Маша үстелде тұрған үш табақ бөкпенді көрді.

Маша: Бөкпенді жеп көрейінші.

Автор: Маша үлкен және орташа табақтағы бөкпенді жеп еді

Маша: Жоқ, ұнамайды.

Автор: Ал кішкене табақтағы бөкпенді жеп көріп

Маша: Дәмді екен!

Автор: Сөйтіп,кішкене табақтағы бөкпенді түгел жеп қойды. Маша ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады.

Маша: Кішкентай орындық маған ұнайды.

Автор: Маша тербеліп еді, орындық сынып қалды. Маша ұйықтайтын бөлмеге кірді. Үлкен төсекке жатып еді, ол-биік екен. Орташасы-өте кең екен.

Маша: Кішкентай төсек маған ұнайды.

Автор: Сөйтіп, кішкентай төсекте ұйықтап қалды. Кешке аюлар келді.

Әкесі-аю: Менің табағыма кім тиіскен?

Шешесі-аю: Менің бөкпемді де біреу татып көріпті ғой!

Мишутка: Кім менің бөкпемді жеп қойған? Орындығымды кім сындырған?

Автор: Содан кейін аюлар ұйықтайтын бөлмеге кіреді.

Әкесі-аю: Менің төсегіме кім тиіскен?

Шешесі-аю: Менің төсегімді біреу умаждап тастапты ғой!

Мишутка: Міне жатыр, міне, ұстаңдар оны, ұстаңдар!

Автор: Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша атып тұрып, терезеден секіріп қаша жөнелді. Аюлар оны қуып жете алмай қалды. Сөйтіп, Маша аман-есен үйіне оралыпты.

« Үйшік » ертегісі

(көлеңкелі театр)


Мақсаты: Ертегіні сұрақ-жауап әдісі арқылы еске түсіру. Сұраққа толық жауап бере алуын қалыптастыру. Кейіпкерлер роліне енуге көмектесу. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Ойын құралдары: Көлеңкелі театрдың жабдықтары, ертегі кейіпкерлерінің сұлбасы.

Ойын барысы:

Автор: Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.

Тышқан: Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Автор: Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп бақылдауық бақа келді.

Бақа: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?

Бақа: Мен - бақылдауық бақамын

Тышқан: Кел, бірге тұрайық

Автор: Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.

Қоян: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Бақа: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?

Қоян: Мен - секек қоянмын.

Тышқан: Кел, бірге тұрайық

Автор: Олар үшеуі болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.

Түлкі: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?

Түлкі: Мен - жылмаң түлкімін

Қоян: Кел, бірге тұрайық

Автор: Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.

Аю: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Қоян: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?

Аю: Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем – бәрің жаншылып қаласыңдар.

Автор: Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты. Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды. Жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю жиналып жаңа үлкен, әдемі үйшік салып, бірге өмір сүрді.


« Мақта қыз бен мысық » ертегісі

(фланелеграф )



Мақсаты: Балаларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, түсіндіру, кейіпкерлерімен таныстыру, оларды атау. Сұрақ қоя отырып,ертегі мазмұның әңгімелей білуге үйрету,сөздік қорын молайту. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қоршаған орта туралы түсініктерін толықтыру. Ертегіні балалар өздері ойнап көреді, тәрбиеші рөлдерді тағайындайды.

Ойын құралдары: Маскалар, сюжетті суреттер, қыздың ұлттық киімі,мысықтың құйрығы,т.б.

Ойын барысы:

Автор: Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады.

Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.

(Мақта қыз жан-жағына қарайды. Ашуланады).



Мақта қыз: Келмесең, өз обалың өзіне.

(Мақта қыз дәнді өзі жеп қояды. Бір кезде асықпай мысық келеді).



Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: Айтпаймын.

Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін.

(Мысық Мақта қыздың қатығын төгеді).



Мақта қыз: Сол үшін мен сенің құйрығынды кесіп аламын.

(Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады).



Мысық: Берші құйрығымды?

Мақта қыз: Қатығымды қайтарып бер.

(Мысық сиырға барады).



Мысық: Сиыр, сиыр, маған қатық берші.

Сиыр: Менің қарным ашты. Маған жапырақ әкеліп берші.

(Мысық ағашқа барады).



Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.

Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.

(Су әкеле жатқан қызға келеді).



Мысық: Маған суыңнан берші.

Қыз: Сен маған сағыз әкеліп берші, мен саған су беремін.

(Мысық дүкенге барады).



Мысық: Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.

Дүкенші: Сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін.

(Мысық әбден шаршайды. Жұмыртқаны іздеп, тауықтарға барады).



Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқаңнан берші.

Тауық: Менің қарным ашты, сен маған дән әкеліп бер.

(Мысық не істерін білмей отырады. Бір кезде ін қазып отырған тышқанды көреді).



Мысық: Үйіңде не бар? Айт тез. Әйтпесе жеп қоямын.

Тышқан: Үйімде бір қап тары бар.

(Тышқан қорқып тұрады).



Мысық: Маған бір уыс тары бер:

Тышқан: Мә-ә-ә-ә ала ғой.

Мысық: Тауық, тауық, міне дән саған.

Тауық: Міне саған жұмыртқа.

(Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді).



Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші.

Қыз: Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су.

(Мысық суды ағаштың түбіне құяды).



Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым.

Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші.

Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал.

Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді алмадың, құйрығыңнан айырылдың.

Мысық: Ке-е-е-е-шірші, мяу-у-у. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын.

Автор: Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі тату дос болып қалды.


«Түлкі мен тырна» ертегісі

(сахналау)

Мақсаты: Балаларды ертегідегі берілген жануарлар мінез-құлқын, іс-әрекетін түсінуге, соның ішінде түлкінің жағымсыз қылықтарын көре білуге үйрету. Балалардың тілін дамыту, диалог құра отырып, мәнеріне келтіре сахналау. Балалардың сахна өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Ойын құралдары: Тырна мен түлкінің маскалары, құмыра, тәрелке

Ойын барысы:

Автор: Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты.

Бала-түлкі: Тырна, маған қонақ болып кет.

Автор: Тырна белгіленген уақытта келді.

Бала-түлкі: Кел, тырна, кел. Сені көргеніме қуаныштымын!

Автор: Түлкі тамақты екеуіне де тәрелкеге салды.

Бала-түлкі: Же, тырна достым, же, үялма!

Автор: Тырна қанша тырысса да, түлкінің берген тамағын жей алмады. Ұзын тұмсығымен тәрелкені ары тоқылдатып, бері тоқылдатып, тамақты татып та көрмеді. Түлкі өзінің тәрелкесіндегіні тілімен жалап жеп қойды да тырнаға айтты.

Бала-түлкі: Кешір, тырнажан, саған беретін басқа менде ешнәрсе жоқ.

Бала-тырна: Жарайды, сен де маған қонаққа кел.

Автор: Келесі күні түлкі тырнаға қонаққа келді.

Бала-түлкі: Амансың ба, тырнажан! Жағдайың қалай? Бәрі жақсы ма?

Бала-тырна: Қайырлы күн, түлкішек! Сені күтіп отырмын.

Автор: Тырна түлкіні үйіне кіргізіп, үстелдің үстінде сұйық тамақ құйылған биік, жіңішке құмыраны беріп, айтады

Бала-тырна: Же, түлкіжан, же, ұялма! Шамам келгенше дәмді дайындауға тырыстым.

Автор: Түлкі құмыраның ар жағына бір, бер жағына бір шығады, ал құмыраның мойыны жіп-жіңішке, ұзын. Түлкінің тұмсығы ең болмаса тілімен жалауға да жетпеді. Ал тырна тамақты ұзын тұмсығымен ішіп жатып, түлкіге қулана қарап қояды.

Бала-тырна: Түлкі, сен неге ішпейсің? Менің тамағым ұнамай ма?

Автор: Түлкінің көңіл-күйі түсіп, қоштаспастан есікті қатты жауып, шығып кетті. Ал тырна болса қанатын қағып қала берді. Содан бері тырна мен түлкі дос болмайтын болды.


«Дос іздеген бота» ертегісі
Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру.

Ойын құралдары: маска, костюмдер

Ойын барысы:

Автор: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.

Түйе: Түйе, түйе, түйемін

Жануармын киелі

Жан-жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын



Автор: Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Түйе: Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес. (бота басын изеп тұрады)

Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Бота: Бота, бота, ботамын

Ақылды боп атандым

Тостағандай көзім,

Әдемімін өзім.



Автор: Жайылып жүрген құлынды көріп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Құлын: Иһ-һ-һі, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Құлын: Мүмкін бұзау болар

Автор: Бота бұзауға келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Бұзау: Мө-ө-ө, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Бұзау: Мүмкін қодық болар

Автор: Бота қодыққа келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Қодық: И-а-и-а, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Қодық: Мүмкін қозы болар

Автор: Бота қозыға келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Қозы: Мә-ә-ә, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Қозы: Мүмкін күшік болар

Автор: Бота күшікке келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Күшік: Әуп-әуп, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Бұзау: Мүмкін мысық болар

Автор: Бота мысыққа келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Мысық: Мияу-мияу, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Мысық: Мүмкін әтеш болар

Автор: Бота әтешке келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Әтеш: Ку-ка-ре-ку, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Әтеш: Мүмкін қарға болар

Автор: Бота қарғаға келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Қарға: Қа-а-рр,қа-а-рр, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Қарға: Мүмкін бақа болар

Автор: Бота бақаға келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Бақа: бақ-бақ, кел, екеуміз дос болайық

Бота: Жоқ, сен сияқты дос емес

Бақа: Мүмкін ара болар

Автор: Бота араға келіп:

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін

Мысық: З-з-з-зз, кел, екеуміз дос болайық

Автор: Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.

Түйе: Дос таптың ба, ботам?

Бота: Жоқ, анашым, тура мен сияқты ешкім жоқ екен

Түйе: (жымиып) Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Автор: Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қодықты, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен.

«Түлкінің жазасы» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегідегі берілген хайуанаттар мінез-құлқын, іс-әрекетін түсінуге, соның ішінде түлкінің жаман қылықтарын көре білуге үйрету. Балалардың сахна өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Ойын құралдары: маскалар

Ойын барысы:

Автор: Түлкі, Үйрек, Қоян үшеуі дос екен. Қылышын сүйретіп қыс та келді.

Үйрек: Үшеуіміз бірігіп үй салсақ қайтеді?

Түлкі: Өздерің сала беріңдер. Мен ептеп оңышып шығармын.

Автор: Сөйтіп екі дос бірігіп үй салып алады. Қандай рақат. Іші жылы. Қақаған суықтан тоңатын түрлері көрінбейді. Бір кезде есік қағылады. Есікті ашса, досы Түлкі. Ұсқыны қашып кеткен. Дір-дір етеді.

Түлкі: Үйлеріңе кіргізіңдерші. Тоңдым, қалт-қалт етіп.

Қоян: Сендей опасыз достың бізге қажеті жоқ, - дейді.

Автор: Түлкі досы жоқ, жалғыз екенін сонда білді.

«Орманға қар не үшін керек?» ертегісі
Мақсаты: Қыс мезгіліне тән белгілер туралы түсініктерін кеңейту. Қардың қалай және қайда пайда болатыны және оның қысқы табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру. Диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Ойын құралдары: кейіпкерлердің маскалары

Ойын барысы:

Автор: Бұл қоянның сәнді, үлпілдек құйрығы бар болған кез еді. Орманды қар басып қалған әрі-бері өту мүмкін емес. Орман ішімен қоян зытып келе жатты.

Қоян: Үйіліп қалғанын қарашы. Тұқымың құрып кеткір, қар-ай!

Автор: Мұны қайың басында отырған кәрі құр естіп қалады, құйрығын төмен салып, бұлтаң еткізеді де, былай деп тіл қатады:

Құр: Құр- құр- құр! Оу, қоян қайда асығып барасың?

Қоян: Ой, бұл кім?

Құр: Қорықпа, мен құрмын ғой. Кімге ұрсып барасың? Кімді жерден алып, жерге салып барасың?

Қоян: Кімді, кімді дейді ғой (құлақтарын сілкілеп қойды). Қарды баяғы! Қайда барсам да, артымнан іздерім ұстап береді: біресе ит, біресе түлкі, біресе, тфә-тфә, тілім тасқа, қасқыр соңыма түспесе болғаны! Осы қар деген пәлені кім ойлап тапқан?

Құр: Қоян, сенікі дұрыс емес (басын шайқайды). Қар деген тамаша емес пе? Мына язды түнде қарға аунаймын. Түні бойы жып-жылы қардың астында жатамын.

Қоян: Жоқ, жоқ. Қалай айтсаң да, қар зиянды нәрсе!

Құр: Неге, ол өте пайдалы (үрпие қарайды).

Қоян: Жоқ, зиян!

Құр: Пайдалы:

Қоян: Зиян! Кел, бәстесейік!

Құр: Бәстесейік, неге бәс тігеміз?

Қоян: Кел, онда құйрыққа бәстесейік (құлағын қасиды). Кім жеңілсе, сол өзінің құйрығын кесіп береді. Құреке, сол кезде көрерміз, жұрттың мазағына қалмағаныңызды.

Құр:Оны әлі көре жатармыз (бұртияды).

Автор: Сөйтіп, Құр мен Қоян дауларына төреші іздеп келе жатса, алдарынан Тышқан кезігеді.

Құр: Ей, Тышқан, дауымызды шешіп бер, сен қардың астында қалай өмір сүресің?

Тышқан: Жақсы, Құреке. Бізге қардың асты жылы, ыңғайлы және тыныш.

Қар жамылығы бізді тек аяздан ғана емес, жапалақ пен түлкіден де қорғайды. Қарлы шатырдың астында жасыл шөп те, күзгі жидек те және әр түрлі тұқымдар да көп табылады.



Құр:Естідің бе, қалқаң құлақ? Екеуіміздің қайсымыз жеңілген? Қане, құйрығыңды бер!

Қоян: Қуын қарай көр! Біз әлі басқалардан да сұраймыз.

Автор: Содан олар ары қарай жүгіріп кетеді. Аюға барып еді, оны тәтті ұйқысынан ояту қиын болды. Соған қарағанда қардың асты оған жайлы. Торғайлардан сұрап көріп еді, олар жауап бермеді, Осылай Қоян мен Құр қыс бойы дауласып шықты. Сөйтіп жүргенде көктем келді.

Құстар: Қардың көп жауғаны қандай жақсы болды. Қараңдаршы, айнала жап-жасыл. Яғни, тәтті дәндер мен жидектер көп болады.

Бидай: Қардың көп болғаны қандай жақсы болды. Мен оның астында аязға үсіп кетпей жақсы қыстап шығамын. Ал оның жер-анасы суға қалай тойдырғанын айтпай-ақ қояйын! Біздер қап-қалың, биік болып өсеміз. Егін бітік шығатын болды.

Автор: Барлық тіршілік иелері қысты жақсы сөздермен естеріне алып жатты.

Міне, дау да шешілді.Қоян қалай бұлтарса да жеңілуге мәжбүр болды. Оған өзінің құйрығымен қоштасуына тура келді. Содан бері қоянда құйрық та емес, құйыршық та емес, бір нәрсе қалды. Осымен ертегіміз аяқталды, кім тыңдады, соларға рахмет.




5. Саусақпен ойнаймыз

Мектеп жасына дейiнгi балалардың тiл байлығын дамытуда түрлi ойыншықтардың, әңгiмелердiң, саусақ жаттығулардың, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен.Саусақ жаттығуларына жеке тоқталып өтсек, бұл жаттығуларды саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды. Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, баланың қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды. Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға дайындайды. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой-қабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады. Оларды тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге жүргізген жағдайда баланың қызығушылығы, сөйлеу процесстері дамиді.

Осы оқу құралы екі бөлімнен тұрады: біріншісі-саусақпен жұмыс;екіншісі-таяқшалармен жұмыс.
Білім беру салалары: «Қатынас», «Денсаулық», «Таным»
«Көңілді саусақтар»
Бас бармақ –атам,

Балан үйрек - әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен,

Міне, менің барлық отбасым.






«Қуырмаш»
Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Бидай қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға бидай тары шаш.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.


Сен тұр, қойыңа бар!

Сен тұр, жылқыңа бар!

Сен тұр, тұйеңе бар!

Сен тұр, сиырыңа бар!

Ал, сен, алаңдамай

Қазанның түбін жалап

Үйде қал!



Мына жерде қант бар,

Мына жерде жент бар,

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар!






жүктеу 11,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау