Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



жүктеу 390,46 Kb.
Pdf просмотр
бет4/14
Дата12.05.2022
өлшемі390,46 Kb.
#38465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
33 17-OSh SOR 1178 aza 1179 tili T1 8kl

Бағалау критерийі 

Білім алушы 

 



Мәтіндердің тақырыбын, түрін (әңгімелеу, сипаттау, 

талқылау), құрылымын салыстыра талдайды 

 

Берілген тақырып негізінде тезистік жоспар құрады 



Ойлау дағдыларының 

деңгейі 

Орындау уақыты 

Қолдану 


 

15-20 


минут 

 

Тапсырма 

Мәтіндерді түсініп оқыңыз. 

 

1-

мәтін



 

«Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және 

мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал 

басқа  мақсаттар  оған  жеткізетін  баспалдақтар  ғана.  Осы  қағидаға  сүйенсек,  қоғамның 

жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.  

Қазіргі  заманда  ғылым  мен  білім,  ақпараттық  технология,  техника  қаншалықты 

қарыштап  дамыған  сайын,  адамның  бойындағы  рухани-адамгершілік  қасиеттерінің 

соншалықты  төмендеп  бара  жатқанын  күнделікті  өмірде  көріп  отырмыз.  Атап  айтар 

болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, 

жемқорлық,  өлтіріп  кету  сияқты  келеңсіздіктер  толып  жатыр.  Адамзаттың  ең  асылы 

«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме? 

Көпшілігі «заманына қарай адамы» деген принциппен өмір суруде. Ал заманды құрайтын 

адам  емес  пе?  Міне,  сонда  барлығы  қайтадан  адамға  келіп  тіреледі.  Сондықтан  күллі 

әлемді сақтап қалатын бірден-бір жол рухани адамгершілік білім екені даусыз. 

Рухани-адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін-өзі тану» жобасының 

авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол 

іздеу  әр  адамның  міндеттерінің  міндеті  екендігіне  сенімдімін»  дей  келе,  оған  тек 

жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті… 

 

2-

мәтін 



Әдетте құндылық деген сөзді естігенде, ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды 

ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз 

құндылықтарымызға  назар  аудара  бермейміз.  Ойланып  көріңізші,  сіздің  қандай 

құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, 

түсінігі  мол керемет  қасиеттерге  ие  адаммын  деп  ойлауыңыз  мүмкін.  Бұның  бәрі құнды 

қасиеттерге  жатады.  Сіз  ата-анаңызды,  туыстарыңызды,  достарыңызды,  туған  жеріңізді, 

еліңізді,  ұлтыңызды  шексіз  сүюіңіз  мүмкін.  Бұл  да  адамның  ерекше  жақсы  көретін 

құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалдық жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, 

хоббиіңіз,  шығармашылығыңыз  да  құндылықтар  қатарында.  Болмысыңыз  бен  пішініңіз, 

сұлулығыңыз,  сымбаттылығыңыз  –  құндылықтың  бір  түрі.  Сонымен  қатар  іске  аспай 

жатқан  құндылықтар  да  болады:  үйлену,  тұрмыс  құру,  ата-ана  болу,  өмірде  өз  орныңды 

табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар... 

 

 

7



 


1. 

Екі мәтінді салыстырыңыз.  

1-

мәтін 


2-

мәтін 


Мәтіндердің стилі қандай? Себебі неде? 

 

 



Мәтіндердің тақырыбы қандай? 

 

 



Мәтіндердің түрлері қандай? Неге олай? 

 

 



Мәтіндердің құрылымы қандай? Неге? 

 

 



 

2. 


Сіз  тәрбие  сағатында  «Адамзаттық  құндылықтар  және  әлем  мәдениеті»  тақырыбында 

баяндама оқығалы жатырсыз. Баяндамаңыздың тезистік жоспарын жасаңыз. 




жүктеу 390,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау