Жетім балаларды, туғанынан бастап үш жасқа дейін ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, туғанынан бастап төрт жасқа дейін психикалық және физикалық даму кемістіктері бар балаларды



жүктеу 380,79 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі380,79 Kb.
#9557


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

20____ « ___»_____

бұйрығымен бекітілген



Жетім балаларды, туғанынан бастап үш жасқа дейін ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, туғанынан бастап төрт жасқа дейін психикалық және физикалық даму кемістіктері бар балаларды, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларын психологиялық – педогогикалық сүйемелдеуді ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы Қағидаларды бекіту туралы


  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасындағы Балалар үйінің қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) олардың республикадағы қызметін реттейді.

2. Балалар үйі туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі, психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және бағып-қағу, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға педагогикалық-психологиялық қолдауды ұсыну қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы болып табылады. Анық болжанбаған жағдайларда ұйым өз қарауы бойынша бес жасқа дейінгі баланы қалдыра алады. Ерекшелік ретінде, Балалар үйіне, егер оларды білім беру жүйесінің интернат ұйымдарына ауыстыру мамандардың қорытындысы бойынша ерте деп есептелсе, дене және психикалық-сөйлеу дамуы тежелген балалар қабылдануы мүмкін.

Балалар үйі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, осы Ережені, ұйым Жарғысын басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке мемлекеттік лицензия, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі, «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы негізінде жүзеге асырады, бұл құжаттар Балалар үйлері негізге ала отырып жұмыс істейтін құжаттар болып табылады.

3. Балалар үйіне басшылықты педиатрия, жалпы дәрігерлік практика және денсаулық сақтау менеджементі мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар білікті медицина қызметкерлерінің қатарынан тағайындалатын бас дәрігер (директор) жүзеге асырады.

4. Балалар үйлерін қаржыландыру көздері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті бюджетінің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаржыландыру көздері болып табылады.

5. Балалар үйлері мынадай:


  1. үш жасқа дейінгі іс жүзінде дені сау балалар тәрбиеленетін жалпы үлгідегі;

2) төрт жасқа дейінгі дене бітімінің және психикасының дамуында кемістігі бар балалар (тәрбиелеу жағдайларымен шартталған психикалық және дене дамуы тежелген балалардан басқа):
орталық жүйке жүйесі органикалық зақымдалған психикасы бұзылған;

орталық жүйке жүйесі органикалық зақымдалған психикасы бұзылмаған, оның ішінде церебральды сал ауыруымен ауыратын;

тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған және дене бітімінің дамуында басқа да кемістіктері бар психикасы бұзылмаған;

есту және сөйлеу қабілеті бұзылған (саңырау, керең);

сөйлеу қабілеті бұзылған (кекеш, алалия ауруымен ауыратын және сөйлеу қабілеті басқалай бұзылған)

көру қабілеті бұзылған (соқыр, нашар көретін);

туберкулездің белсенді емес түрлерімен ауыратын;

имбецильдiк, идиотия дәрежесiндегi олигофрениямен ауыратын;

басының ми қабаты зақымдануынан кейін пайда болған жарыместігі бар;

қозғалыс функцияларының өрескел бұзылуы болған кезде барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар;

тәрбиелеуді қиындататын қозғалыс функцияларының өрескел бұзылуы болған кезде барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар зағип (нашар көретін) немесе саңырау (керең) балалар үшін мейіргерлік күтім жасайтын жеке топтар ұйымдастырылады;

туа біткен және жүре пайда болған венерологиялық аурулары бар балалар ерекше терапия аяқталғаннан кейін, аурудың жұқпалы емес кезеңінде;

АИТВ-мен инфекцияланған және ЖИТС-пен ауыратын балалар жұқпалы емес кезеңде тәрбиеленетін мамандандырылған үлгідегі ұйымдарға бөлінеді.

6. Балалар үйінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалардың отбасында тұру, тұрғын үй, ата-ананың баланы асырауға арналған алиментіне, денсаулық жағдайы бойынша көрсетілімдері болған кезде әлеуметтік жәрдемақыға құқықтарын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

7. Балалар үйінің проблемаларына қоғамның назарын аударту, ұйымдастырушылық, консультативтік көмек көрсету және қызметті үйлестіру мақсатында Балалар үйлерінде Қамқорлық кеңесі құрылады.

Қамқорлық кеңесінің құрамына Балалар үйінің басшысы, атқарушы биліктің аумақтық органдарының, денсаулық сақтау және білім беру аумақтық органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың (балалар қорлары және т.б.) өкілдері кіреді.

8. Қамқорлық кеңесінің функцияларына:

1) тәрбиеленіп жатқан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін Балалар үйлерінің проблемаларына қоғамның назарын аудару;

2) балаларын Балалар үйіне уақытша өткізген ата-аналардың, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы және баладан бас тартуы мүмкін отбасылардың тұрмыстық жағдайын, жұмыс істейтін, оқитын орнын, қоғамдағы орнын талдау;

3) баланың биологиялық отбасына тезірек оралуы мақсатында, бұл ретте бірінші туатын әйелдерге ерекше көңіл бөле отырып, балалары Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан аналарға оларда туындаған проблемаларды шешуде моральдық-психологиялық және практикалық қолдау көрсету, оның ішінде жұмысқа орналасуына, оқуында көмек көрсету;

4) ананың немесе заңды өкілдердің баланың оралуы мәселесін шешуіне қатысу;

5) балалар үйінің жұмысында ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

6) қосымша ресурстар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

7) балардың құқықтарының іске асырылуына және қаржы қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.

9. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша уақтылы профилактикалық шараларды қамтамасыз ету, сондай-ақ баланы отбасында қалдыру мақсатында Консилиум құрылады, оның құрамына Балалар үйінің басшысы, бөлімшелердің меңгерушілері, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, тәрбиешілер, заңгер кіреді.

Консилиум бала дамуының табыстылығы туралы шешім дайындайтын, проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтайтын алқалы орган болып табылады.

Консилиумда баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру жөніндегі жоспарды өзгерту қажеттілігі туралы ұсыныстар талқыланады, қажетті түзету-оңалту әрекеттерінің шаралары әзірленеді.

Консилиум баламен одан әрі жұмыс істеу жоспары туралы шешім қабылдауға, асыраушы отбасы мен баланы таңдауға қатысты, отбасыға орналастыру немесе отбасыға оралту, оңалту іс-шаралары және медициналық араласу туралы мәселелерді қарайды.

Консилиум отырыстары айына 2 рет өткізіледі.

10. Баланың жан-жақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, еркін тұлғаның қалыптасуы, өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларына баулу үшін Балалар үйінде болатын барлық уақыт бойы баларды күту мен тәрбиелеуді тұрақты адамдар жүзеге асырады. Бұл қағидатқа әртүрлі жастағы балаларға арналған бөлімшелерді (топтарды) ұйымдастыру жолымен қол жеткізіледі немесе бөлімшелерде балалар күн тәртібі мен тамақтану режимінің ортақтығы негізінде жасы бойынша бөлінеді. Соңғы жағдайда баларды медициналық көрсетілімдері бойынша ауыстыруды қоспағанда, балалар мен олардың тәрбиесімен айналысатын персонал бір бөлімнен (топтан) басқасына бірге ауыстырылады.

11. Балалар үйінің әрбір тәрбиеленушісінің мыналарға:

1) өзіне құрметпен қарауға және ересектер тарапынан қамқорлыққа;

2) салғырт және қаталдықпен қараудан, физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғауға;

3) айналадағылармен эмоционалдық-жеке тілдесу қажеттілігін қанағаттандыруға;

4) жеке көзқарасқа және шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) білікті медициналық көмек пен дамуы мен мінез-құлқында бар кемістіктерін түзетуге құқығы бар.




  1. Балалар үйінің құрылымы, міндеттері және функциялары

12. Балалар үйінің құрылымында бөлімшелердің (топтардың) мынадай типтері ұйымдастырылады:

1) тәрбиеленушілерінің саны 13-тен аспайтын, іс жүзінде дені сау балаларға арналған бөлімше (топ);

2) тәрбиеленушілерінің саны 10-нан аспайтын, аурулары емдеуге келетін науқас балаларға арналған бөлімше (топ);

3) тәрбиеленушілерінің саны 8-ден аспайтын, дамуында түзетуге келмейтін терең бұзушылықтары бар балаларға арналған бөлімше (топ);

4) жаңа туған кезеңнен бастап екі жасқа дейінгі тәрбиеленушілерінің саны 10-нан аспайтын, екі жастан үш жасқа дейінгі – 15-тен аспайтын әлеуметтік жетімдік профилактикасы жөніндегі бөлімшелер (топтар), оларға мыналар жатады:

а) өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасылардан шыққан аналар мен балаларға арналған уақытша болу бөлімшесі/дағдарысқа қарсы орталығы;

б) өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасылардан шыққан балардың күндіз болу бөлімшелері;

в) өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды қолдау бөлімшесі;

г) өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасылардан шыққан ата-аналарға және асыраушыларға баланы күту дағдыларына үйрету бөлімшесі/ медициналық ұйымдар мен босандыру үйлерінің әлеуметтік қызметкерелеріне және психологтарына әлеуметтік жетімдік профилактикасы әдістерін оқыту бөлімшесі.

5) балаларды оңалту бөлімшесі.

Қажеттілігіне қарай бір типті бірнеше бөлімшелер құрылуы мүмкін.

Балаларды тамақтандыру бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес Балалар үйінің енді келіп түсетін балаларға арналған карантиндік тобы, стационарлық емдеуді талап етпейтін инфекциялық емес аурулары бар балаларға арналған изоляторы болуға тиіс

Балалар үйінің аумағына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады.

Балаларды балалар үйіне қабылдау және одан шығару осы Ережеге №1 Қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

13. Жалпы үлгідегі Балалар үйінде топтардың толықтығы жасқа байланысты келесідей тәртіпте белгіленеді: туғаннан 1,5 жасқа дейінгі жастағы – 10 бала, 1,5 жастан 2 жасқа дейінгі жастағы – 13 бала, 2-ден 3 жасқа дейінгі жастағы – 15 бала.

Мамандандырылған Балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің жасын 8 баладан асыруға жол берілмейді.

14. Балалар үйінің негізгі міндеті жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, асырау және оларға медициналық көмек қызметтерін және өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.

15. Балалар үйінің негізгі функциялары:

1) баланы баланың тұлғалық құқықтарының, оның жеке даму еркіндігінің, этномәдениетпен және дәстүрмен органикалық байланысының, кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеудің қамтамасыз етілуі мен қорғалуы қағидаттарында тәрбиелеу;

2) бала жастағы ауруларды интеграцияланған жүргізу әдісін енгізу арқылы медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі асында балаларға медициналық көмекті қамтамасыз ету:

а) осы Ережеге №2 Қосымшаға сәйкес балалардың жағдайын ағымдағы медициналық бақылауды қамтамасыз ету;

б) балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру.

Баларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер (мамандардың қарап-тексеруі, зертханалық және инструменталдық зерттеулер) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Балар үйіндегі балалар профилактикалық медициналық қарап-тексеруден жылы екі рет өтеді.

Профилактикалық медициналық қарап-тексеру алғашқы медициналық-саниятариялық көмекті көрсететін аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарының баруы арқылы жүргізіледі.

Балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталысымен педиатр бейінді мамандардың қорытындыларын және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, денсаулық тобын айқындау, дене бітімінің және жүйке-психикалық дамуын бағалау арқылы балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалауды жүргізеді.

Одан кейінгі динамикалық бақылау мен сауықтыру алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарымен бірге жүзеге асырылады.

Қосымша диагностикалық зерттеулер мен бейінді мамандардың қарап-тексеруінің көрсетілімдер бойынша жүргізіледі;

в) ерте жастағы балалардың психикалық-дене бітімі дамуының скринигін ұйымдастыру.

Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Денасулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2159 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі;

г) дене, эмоционалдық, сөйлеу, тактильді функцияларды қалпына келтіру бойынша қосымша шараларға мұқтаж балаларды медициналық оңалтуды жүргізу.

3) әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы мақсатында өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, оларға балаларды күтуді оқыту, алғашқы медициналық-санитариялық көмек медициналық ұйымдардың және босандыру ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарына әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы әдістерін оқыту.



Арнаулы әлеуметтік қызметтер «Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығында бекітілген түрлер бойынша және көлемде жүзеге асырылады.

Балалар үйінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

бала құқықтарын қамтамасыз ету қағидаты;

әлеуметтік әділдік, яғни пайдаланушының шыққан тегіне, әлеуметтік мәртебесіне, жынысына, дінге тиесілілігіне байланыссыз арнаулы медициналық-әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі қағидаты;

баланың отбасында тұруын сақтау және оны отбасыдан ажыратудың алдын алу қағидаты;

отбасы мен баланың тұратын жеріне тікелей жақын жерде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаты;

баланың өмірі мен денсаулығына жоғары қатермен байланысты жағдайға тез араласу қағидаты;

пайдаланушы мен оның отбасының тұлғасына кешенді түрде келу қағидаты.


  1. Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру

16. Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлімше өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға қолдау көрсету үшін құрылады. Ана мен баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ананың баласымен бірге болуы үшін жағдайлар жасалады.

17. Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлімшелерді құру мақсаты өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық көмек көрсету, баланың отбасымен байланысын сақтауын қолдау және әлеуметтік бейімдеу кезінде оларды қолдау болып табылады.

18. Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлімшелердің негізгі міндеттері мен функциялары:

1) баладан бас тарту қаупі бар ата-аналармен және олардың жақындарымен медициналық, педагогикалық қызметкерлердің және психологтардың мақсатқа бағытталған жұмысы;

2) бірінші босанатын аналар үшін күрделі әлеуметтік жағдай қалыптасқан кезде оларға моральдық-психологиялық және практикалық қолдау көрсету (туғандары мен жақындарын кінәлау, жалғызбасты ананың алдағы рөлі);

3) ана мен баланың арасында туыстық байланыстың сақталуына ықпал ететін жағдайларды жасау;

4) ананы тәрбиелеу процесіне тарту;

5) баланы тәрбиелеу мен оның үйлесімді дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;

6) баланың тұлғалық құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, оның жеке даму еркіндігі, кемсітудің кез келген нысандарына жол бермеу;

7) балаларға білікті медициналық көмек көрсету және психикалық-дене дамуында бар кемістіктерді уақтылы түзету;

8) баланы бағып-қағуға ата-анасын шарттық талаптарда тарту;

9) баланы анасының отбасына беруді дайындау.

19. Өмірлік қиын жағдайдағы баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды қолдау жөніндегі іс-шаралар мыналарды:

өмірлік қиын жағдайдағы отбасы мен баланың қажеттіліктерін бағалауды жүргізуді;

отбасын қолдаудың жеке жоспарын жасауды, ата-аналармен талқылауды және 3 айда бір реттен сиретпей қарауды;

өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардың ынтасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды;

атаулы топқа сәйкес басқа әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін басқа мемлекеттік ұйымдарға (психиатриялық қызметтерге, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдарына) кәсіптік қолдауға немесе әлеуметтік көмекке жіберуді;

баланы қабылдаушы отбасыға қосылуға немесе биологиялық отбасына оралуға дайындауды;

баланы үй жағдайында күту бойынша қосымша консультацияға мұқтаж биологиялық, қабылдаушы отбасыларды дайындау мен оларды әлеуметтік-психологиялық қолдауды;

қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен баланы қабылдаушы отбасыға орналастыру және асырап алу бойынша жұмысты;

қабылдаушы отбасыларда тұрып жатқан балалардың дамуы мен тәрбиеленуін бағалау мен мониторингілеуді қамтиды.
20. Балаларды әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлімшеге қабылдау қағидалары.

1) Бөлімшеге баласынан бас тарту қаупiне бейім, некесiз жас аналардан туылған кезеңiнен 3 жасқа дейiнгi денi сау және iс жүзiнде денi сау тұңғыш балалар, сондай-ақ еңбекпен түзету мекемелерiнде 3 жылдан аз мерзiмiн өтеп жүрген сотталған аналардың балалары қабылданады.

2) Қабылдау перзентхана психологi, бала жатқан бөлiм меңгерушiсi және перзентхананың бас дәрiгерi қол қойған ауру тарихының көшiрмесi арқылы перзентханадан жүргiзіледi.

Баланы перзентханадан бөлiмге ауыстыру, аналық борышты өтеу және баланы балалар үйінің әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлiмiне уақытша орналастыру туралы анамен алдын ала жүргiзген психологтың мақсатты жұмысынан кейiн, ауыстыру құпиясын сақтаумен, әуре-сарсаңға салмай, жүзеге асырылуы қажет.

  3) Балалар үйiнiң бас дәрiгерi, ауыстыру мерзiмi мен анасы туралы мәлiметтердi (жұмыс, оқу орнын, мекен жайын, әлеуметтiк жағдайын) көрсетiп, қабылданған бала туралы облыстық (қалалық) денсаулық сақтау басқармаларын (департаменттерiн), Қамқорлық кеңесiн, қорғаншы және қамқорлық органдарын 3-күндiк мерзiмде жазбаша түрде хабардар етуi тиiс.

4) Балалар үйiнде әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлiмдегi әр балаға келесi құжаттар ресiмделедi: баланың даму тарихы, егу төлқұжаты, қорғаншылық және қамқоршылық органдары жасаған баланың анасының өмiр сүру жағдайларын тексеру актiсi, тууы туралы куәлiгi.

5) әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлiмнен бала анасының отбасына анасының өтiнiшi мен баланың тууы туралы куәлiгi, даму тарихының көшiрмесi мен егу төлқұжаты негiзiнде шығарылады.

Жас ананың ата-аналары баланы тәрбиелеу үшiн өз отбасына алғысы келген жағдайда (егер ол өзi хабардар етсе), Балалар үйiнiң әкiмшiлiгi Қамқорлық кеңесiмен бiрiгiп, кез келген жастағы баланы кедергiсiз олардың отбасына шығару туралы мәселенi шешедi.       6) Жазбаша ресiмделген (Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерінің 2 қосымшасы) анасының баласынан бас тартуы немесе ата-ана құқығынан айырылған жағдайында, бала кез келген жаста асырап алынуы мүмкін. Денi сау, 6 айлықтан жоғарғы жастағы асырап алынбаған балалар Балалар ауылына ауыстырылуы мүмкін.


     7) Дамуында психикалық-дене ауытқулары бар балалар мамандандырылған Балалар үйiне (бөлiмдерiне) ауыстырылады.

8) Балалар ауылына ауыстыруда балалардың денсаулық жағдайын оларды әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлiмде болған кезде бақылаған Балалар үйiнiң дәрiгер-педиатры, психо-невропатологы анықтайды. Сонымен қатар, балаларды Балалар ауылына ауыстырудың алдында арнайы мамандандырылған мамандардың тереңдетiлген тексеруi жүргiзiледi, қорытындысы баланың даму тарихы көшiрмесiнде көрсетiледi.

Балалар үйi әкiмшiлiгiнiң рұқсаты бойынша, балалар тобын Балалар ауылына ауыстыруға әзiрлегеннен кейiн, балаларды iрiктеу және кейіннен Балалар ауылына ауыстыру мақсатымен Балалар ауылының ана-тәрбиешiлерi оларға 1 ай iшiнде келiп тұрады. Бұл келудiң мақсаты, Балалар ауылына ауыстырған кезде балалардың психологиялық бөгетiн бұзу, ана-тәрбиешiлерге баланы үйрету болып табылады.

Ана-тәрбиешi мен баланың психологиялық және мiнез-құлықтық жақындығы маңызды роль атқарады. Балалар ауылы анасының талаптарына құлақ асып, осы белгiлер арқылы балаларды iрiктеуде Балалар үйiнiң медицина қызметкерлерi мен психологы көмектеседi.

Егер медициналық қарсы көрсетiмдер болмаған жағдайда егiз балалар Балалар ауылының бiр отбасына берiледi.

9) Балаларды Балалар ауылына ауыстыру рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

10) Балаларды әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы жөніндегі бөлiмнен Балалар ауылына ауыстыра сала, бiрiншi күнi, келешекте медициналық қызмет көрсету үшiн, олар туралы мәлiметтер аумақтық емханаға жiберiледi (ауырып, стационарлық емдеудi қажет еткен Балалар ауылының тәрбиеленушiлерi кез келген емдеу ұйымдарына сырқаттың түрiне қарай емдеуге жатқызылады).

11) Еңбекпен түзету орындарында 3 жылдан аз мерзiмдi өтеп жүрген сотталған аналардың балалары ұқсас тәртiпте шығарылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы «_____» _____ № _________

бұйрығымен бекітілген Балалар үйінің қызметі туралы ережеге

№ 1 қосымша

Балаларды Балалар үйлеріне қабылдау және олардан шығару тәртібі туралы нұсқаулық
1.Балалар үйіне:

1) жетім балалар;

2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) өмірлік қиын жағдайдағы, баладан бас тарту қаупі бар отбасылардың балалары;

4) дене бітімінің және психикалық дамуында кемістігі бар балалар қабылданады.

2. Балалар үйіне отбасылардан, перзентханалардан, перинаталдық орталықтардан және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының стационарларынан (КБО) балалар қабылданады.

3. Перзентханалардан балаларды қабылдау тікелей топқа, отбасылардан, стационарлардан – карантиндік топқа немесе кейінен топқа ауыстыру арқылы изоляторға жүзеге асырылады.

4. Балалар үйіне іті инфекциялық аурулары бар, туберкулездің белсенді түрімен, сифилиспен, ЖИТС-пен ауыратын, жұқпалы тері аурулары, орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары, трофиканың ауыр бұзылушылықтары және стационарлық емдеуді қажет ететін аурулары бар балалар қабылдауға жатпайды. Оларды емдеу бейінді стационарларда жүргізіледі және балалар үйіне қабылдау толық сауыққанынан кейін жүзеге асырылады.

5. Балаларды Балар үйіне ресімдеу кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

1) ата-анасының біреуінің немесе екеуінің немесе оларды алмастырушы адамдардың осы Нұсқаулыққа № 1 қосымшаға сәйкес баланы Балалар үйіне уақытша орналастыру туралы немесе №5 қосымша бойынша жүйке жүйесінің өрескел кемістігі бар балардың тұрақты болуы туралы өтініш;;

2) жергілікті атқарушы органның (қорғаншылық және қамқоршылық органының) баланы балалар үйіне жіберу туралы шешімі;

3) тиісті денсаулық сақтау органының жолдамасы;

4) баланың туу туралы куәлігі;

5) баланың даму тарихынан (стационарлық аурудың медициналық картасымен) немесе жаңа туған нәрестенің тарихынан үзiндi, анамнезiнiң нақты көрсеткiштерi бар, қоса тұқым қуалаушылығы жөнiнде мәлiметтер, лабораториялық анализдерi мен арнайы мамандардың қарауы, оның iшiнде ЖИТС-тен, туберкулезден, сифилистен қаралуы, австралиялық антиген таратушысы еместiгi анықталған қағазы;

6) отбасыда немесе бала келіп түсетін ұйымда инфекциялық аурулардың жоқтығы туралы анықтама;

7) ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың оқу, жұмыс орнынан анықтама, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, баланы балалар үйіне уақытша орналастырған жағдайда тұрғылықты жерінен анықтама;

8) ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндігі жоқтығын растайтын құжаттар: қайтыс болу туралы куәлік, №4 нысандағы анықтама, ата-ана құқығынан айыру, баланы тартып алу, әрекет етуге қабілетсіз деп тану, хабар-ошарсыз кеткені туралы сот шешімі, бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі, Тастандыы туралы акт, ата-ана құқығынан бас тарту туралы нотариат куәландырған өтініш және осы Нұсқаулыққа № 1 қосымшаға сәйкес асырап алуға келісім, осы Нұсқаулыққа № 2 қосымшаға сәйкес баланы Балалар үйіне уақытша орналастыру туралы өтініш;;

9) бала жасынан мүгедек балаға жәрдемақы алуға арналған құжаттама. Бұл ретте анасының немесе әкесінің немесе ата-анасының тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту аумақтық бөліміне бес күн ішінде баланы балалар үйіне орналастыру туралы ақпарат жеткізіледі.

6. Тастанды немесе стационарда қалдырылған балаларды балалар үйіне қабылдау кезінде мынадай құжаттар ресімделеді:

1) полиция қызметкерінің көзінше жасалған әдейі тастау туралы акт. Әдейі тастау туралы актінің көшірмесі Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына жіберіледі;

2) аурухана әкімшілігі жасаған және мөрмен расталған баланы алдырып кету туралы акт;

2) денсаулық сақтау органдары жасаған балалар үйіне қабылдауға арналған жолдама;

3) азаматтық жағдайды актілерін тіркеу органдарында жеті күн ішінде баланы тіркеуді растайтын құжаттама.

7. Балалар үйі осы Нұсқаулыққа ю 3 қосымшаға сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізеді.

8. Ата-анасы немесе оларды алмастырушы адамдары бар балаларды балалар үйіне уақытша орналастыру кезінде денсаулық сақтау органдары немесе олардың тапсырмасы бойынша балалар үйінің әкімшілігі баланың болу мерзімі, ата-анасының міндеттері, олардың баланы бағып-қағуға қатысу шарттары туралы келісім жасайды.

9. Келіп түскен балалар туралы мәліметтер балаларды Балалар үйіне қабылдау журналына енгізіледі, ол нөмірленеді, тігіледі, ұйымның мөрімен бекітіледі және балалар үйінің архивінде тұрақты саталады.

10. балалар үйіне келіп түскен әрбір балаға тәрбиеленушінің ісі ресімделеді, ол балалар үйінің басшысында сақталады және мынадай құжаттаманы:

баланың бірге берілетін медициналық құжаттамасы;

келіп түсетін балаларға анкеталарды;

баланы Балалар үйіне қабылдау туралы бұйрықты;

балаларды Балалар үйіне бекіту үшін жергілікті атқарушы органға (қорғаншылық және қамқоршылық органына) өтініш-хатты;

балаларды алғашқы, өңірлік, орталықтандырылған есепке алу бойынша құжаттаманы;

баланы тұрғын үй алуға кезекке қою, балада бар тұрғын үйді сақтап қалу бойынша құжаттаманы;

Баланы бағып-қағу үшін ата-анасынан өндіріліп алынған алименттерді есептеу үшін екінші деңгейдегі банктерде шот ашу туралы құжаттаманы;

Баланы балалар үйінен шығару туралы бұйрықты қамтиды.

11. Балалар Балалар үйінен мынадай жағдайларда:



  1. олар қандас отбасына оралған кезде;

  2. білім беру немесе әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат ұйымдарына, Балалар ауылына ауыстырылған кезде;

  3. асырап алынған кезде;

  4. қамқоршылықты, патронаттық тәрбиелеуді, балама асырап алудың басқа түрлері кезінде шығарылады.

12. Балалар үйіне уақытша орналастырылған балаларды ата-анасына немесе оларды алмастырушы адамдарға қайтару олардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Балалар үйінде болу мерзімін ұзарту жергілікті атқарушы органның (қорғаншылық және қамқоршылық органының) және денсаулық сақтау аумақтық органдарының ресми өкімі бойынша жаңа келісімнің негізінде жүргізіледі.

Ата-анасы немесе оларды алмастырушы адамдар келісімде көрсетілген мерзім аяқталысымен баланы алудан негізсіз бас тартқан жағдайда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында балалар үйінің әкімшілігі сотқа оларды ата-ана құқығынан айыру туралы арызға бастамашылық жасауға міндетті.

Асырап алуға келісім берген (ата-ана құқығынан бас тартқан) ата-аналарға балаларын қайтару асырап алу тәртібіне ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.

13. Балаларды балалар үйінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарына, медициналық-әлеуметтік мекемелерге ауыстыру Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі жанындағы медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысына сәйкес ж.зеге асырылады.

14. ауыстыруға жататын балалар туралы мәліметтер білім беру және халықты әлеуметтік қорғау аумақтық органдарына ауыстыру мерзімімнен 6 ай бұрын хабарланады.

15. Балалар үйі интернат ұйымдарына ауыстырылатын балаларды маусым бойынша киіммен және аяқкиіммен қамтамасыз етеді.

16. балаларды асырап алуға беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Балаларды асырап алуға беру кезінде қабылдау журналында асырап алушылардың тектері мен мекенжайын көрсетпей, асырап алуға беру туралы белгі қойылады. Асырап алу туралы деректер балалар үйінің басшысында сақталады және тергеу және сот органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың ресми талабы бойынша ұсынылады.

17. Ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілерді асырап алуға беру кезінде, сондай-ақ балалар үйіне орналастыру, интернат ұйымдарына ауыстыру кезінде оларды бөлектеп жіберуге жол берілмейді, ерекше жағдаяттар орын алған жағдайлар (мысалы, олардың біреуінде медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде) ерекше жағдайларды құрайды..

18. Балалар ауылына алты айлық жастан ерте емес дені сау балалар сауыққаннан және диагноскаланбаған перинаталдық зақымданулары, туа біткен немесе жүре пайда болған аурулары жойылғаннан кейін ауыстырылады.

19. Тәрбиеленушілерді ауруханаға, санаторийге орналастырған кезде олар шығарылған болып есептелмейді және балаларды Балалар үйіне қабылдау журналына тіркелмейді.

20. Балалар үйінің әкімшілігін баланы ауруханаға немесе санаторийге емдеуге орналастыра отырып баланың денсаулық жағдайы туралы біліп тұруға міндетті.

Баланы балалар үйіне уақытша орналастырған кезде Балалар үйінің әкімшілігі ата-анасына немесе оларды алмастырушы адамдарға ол туралы хабарлауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы «_____» _____ № _________

бұйрығымен бекітілген Балаларды балалар үйіне қабылдау және одан шығару тәртібі туралы нұсқаулыққа № 1 қосымша


Үлгі

Бас дәрігер

______________________________________

(жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған медициналық ұйымның, мекеменің атауы)

________________________________ (ұйым басшысының Т.А.Ә.)

кімнен___________________________________

____________________________________

____________________________________

(Т.А.Ә., туған күні, айы, жылы, балаға қатынасы (анасы, әкесі)
Ата-ана құқығынан бас тарту және баланы асырап алуға келісу туралы
Мен,______________________________________________________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә.)


Отбасылық жағдайым _________________________________________________________________

Нақты тұратын _______________________________________________________

тіркелген жері _______________________________________________________

_________________________________________________________________

Мен 201___ жылғы«___ » _______________________________________________________

(елді мекеннің атауы) (иной медицинской организации) _________________________________________________________________туылған перзентханасында (өзге медициналық ұйымында)

Баламнан_____________________________________________________________________

(баладан бас тарту себебін көрсету)

бас тартамын

Оны мемлекеттің қамсыздандыруына беруді сұраймын және мынаны мәлімдеймін:

- менің баламды ерлі-зайыптылар немесе шетелде тұратын адамдар асырап алуы мүмкін екенін түсінемін;

- қоқан-лоқыны немесе мәжбүрлеуді қолданусыз аталған баланы асырап алуға еркіті түрде келісімімді беремін;

- осы баланы асырап алу баланың оны қабылдайтын ата-анасымен бала-ата-ана тұрақты қатынастарын орнататынын түсінемін;

- бала мен оның анасы және әкесі арасындағы бұның алдындағы ата-ана-бала заңды қатынастарын тоқтататын асырап алу мақсатында өз келісімімді беремін;

- мен ................. дейін келісімімді кері қайтарып алуыма болатыны және көрсетілген күннен кейін келісімім қайтарымсыз болатыны туралы хабардар етілдім.
Осымен жоғарыда көрсетілген тұжырымдарды толығымен түсінетінімді мәлімдейтін.
Асырап алушыларды таңдауды қорғаншылық және қамқоршылық органдарына тапсырамын, асып алушыларға және қорғаншылық және қамқоршылық органдарына асырып алушыларды таңдау бойынша наразылықтар білдірмеймін. Маған баланы асырап алуға тапсырудың құқықтық негіздері түсіндірілді.

Тері-венерологиялық есепте тұрмын (тұрмайды, белгісіз)

психоневрологиялық есепте тұрмын (тұрмайды, белгісіз)

наркологиялық диспансерде есепте тұрмын (тұрмайды, белгісіз)

(қажетті емесін сызып тастау)

Баланың басқа ата-анасы туралы деректер (өтініш берушінің келісімімен көрсетіледі):

__________________________________________________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә., орналасқан жері)

Мен осы өтінішті ерікті түрде жаздым.

Т.А.Ә. толық _________________Қолы___________________


Жеке куәліктің деректері_____________________________________ Күні__________

Куәгердің мәлімдемесі (егер заңмен немесе жағдаяттармен талап етілсе, мысалы, адамдар сауатсыз немесе мүгедек болған жағдайда)

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________


Келісімді куәландыру үшін уәкілеттік берілген адамның куәлігі

Т.А.Ә.: ________________________________

Лауазымы: ______________________________
Осымен жоғарыда аталған немесе белгіленген адам (және куәгер және)) маған осы күнін келгенін және құжатқа менің көзімше қол қойғанын растаймын.

(Қолы) (Т.А.Ә.)

М.О.

Бас дәрігер



Заңгер

Ескертпе: анасы барсынан перзентханадан тыс жерде бас тарқан жағдайда нотариат куәландырған белгіленген үлгідегі өтініш

_________________________________________________

(медициналық ұйымның атауы)


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы «_____» _____ № _________

бұйрығымен бекітілген

Балаларды Балалар үйіне қабылдау және одан шығару тәртібі туралы нұсқаулыққа № 2 қосымша


Үлгі

Балалар үйінің бас дәрігеріне


________________________
_________________________

Баланы балалар үйiне уақытша орналастыру туралы өтініш

Өзiм жайында мәлiмдеймiн:
Т.А.Ә.____________________________________________________________

__________________________________________________________________


Туған күні, айы, жылы және жері:______________________________________________

__________________________________________________________________


Тіркелді (қашан, қай мекенжай бойынша):________________________________

__________________________________________________________________

Паспорт немесе жеке куәлік (нөмірі, кім және қашан берген): _________

__________________________________________________________________


Отбасы жағдайы: _______________________________________________

Білімі:_______________________________________________________


Балаға қатысы (анасы, әкесi, атасы, қорғаншысы және т.б.): _______

__________________________________________________________________

__________ қаласының № ________ перзентханасында туылған менiң баламды

балалар үйiне ______________жыл мерзiмiне қабылдауыңызды (тапсыруыңызды) өтiнемiн.


Баланы балалар үйiне уақытша орналастыруымның себебi::__________________
Мен баланы өтiнiште көрсетiлген уақытта алып кетуден немесе оның тәрбиесіне қатысудан дәлелсiз бас тартқан жағдайда Балалар үйiнiң әкiмшiлiгi сотқа ата-ана құқығынан айыру туралы талап қоюға құқылы екенi жайында ескертiлдiм.

Анасының немесе оны ауыстырушы адамның қолы _____________________________

Балалар үйі басшысының қолы:__________________________________

Күні (күні, айы, жылы) _____________________________________________


Ұйымның мөрі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы «_____» _____ № _________

бұйрығымен бекітілген

Балаларды Балалар үйіне қабылдау және одан шығару тәртібі туралы нұсқаулыққа № 2 қосымша



Балалар үйлерінің медициналық құжаттамасының тізбесі *
«Балаларды балалар үйіне қабылдауды есепке алу журналы» 121/у нысаны

«Бала дамуының тарихы» 112-д/у нысаны

«Бала дамуының тарихы» 112-м/у нысаны

«Баланың тамақтануын жазып алу картасы» 124/у нысаны;

«Диспансенлік бақылау картасы» 279/у нысаны;

«Профилактикалық егулерді есепке алу журналы» 064/у нысаны;

«Профилактикалық егулер картасы» 063/у нысаны

«Профилактикалық қарап-тексерулерді есепке алу картасы» 131/у нысаны;

«Вакциналар қозғалысы журналы» 064-2/у нысаны;

«Стационарға емдеуге жолдама» 001-3/у нысаны;

«Емдік дене шынықтыру кабинетінде емделушінің картасы» 042/у нысаны;

«Физиотерапевтік кабинетте емделушінің картасы» 046/у нысаны;

«Инфекциялық ауруларды есепке алу журналы» 060/у нысаны;

Жіті инфекциялық аурулармен жанасуды есепке алу кітабы (061/у нысаны);

Вакцинадан кейінгі асқынулар журналы –СанҚН 135-т.;

Тұрақты және ұзақ медициналық шеттетулер журналы;

* «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген

Мыналарды:

ҚР азаматтарының келуін және балалардың денсаулық жағдайымен танысуын тіркеу журналы;

Шетелдік азаматтардың келуін және балалардың денсаулық жағдайымен танысуын тіркеу журналы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы «_____» _____ № _________

бұйрығымен бекітілген

Балаларды Балалар үйіне қабылдау және одан шығару тәртібі туралы нұсқаулыққа № 4 қосымша

Балалар үйінде балаларға ағымдағы медициналық бақылауды ұйымдастыру

Балалар үйіндегі ағымдағы медициналық бақылаудың мақсаты топта ауруларды, ұжымда балалардың шаршауын ерте профилактикалау, сондай-ақ балалардың мінез-құлқындағы жеке ерекшеліктері мен ауытқуларын анықтау болып табылады.

Ағымдағы медициналық бақылауды дәрігер, мейіргер (тәрбиеші):

1) балалардың мінез-құлқы мен денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша күнделікті және күні бойы көп мәрте тәрбиеші (мейіргер) жүзеге асырады.

Денсаулық көрсеткіштері: дене температурасы, нәжіс сипаттамасы, аңқаудың, терінің жағдайы (өмірінің алғашқы жылындағы балалар үшін сондай-ақ дене салмағының ұлғаюы) .

Мінез-құлық көрсеткіштері – басым эмоционалдық күй және көңіл-күй, сергектік, ересектермен және балалармен өзара қатынас сипаттамасы, теріс қылықтардың бар-жоғы, ашуланшақтық, шаршағандық және сылбырлық сияқты жеке ерекшеліктердің көрінуі.

Топ тәрбиешісі (мейіргері) балалар оянғаннан кейін таңғы тексеру жүргізеді. Балаларды бақылау нәтижелерін тәрбиеші кезекші дәрігердің және топ персоналының келесі ауысымының назарына жеткізеді.

Топ тәрбиешісі (мейіргері) балалардың дене температурасын өлшейді. Өмірдің 1-3-жылдарында температураны таңертең және кешке күні екі рет өлшейді. Өлшеу деректерін баланың даму тарихының температуралық парағында тіркеледі.

2) дәрігер балаларды ағымдағы бақылауды мынадай мерзімдерді жүргізеді:

Өмірінің алғашқы айындағы балалар –күнделікті;

1 айдан 3 айға дейінгі – 3 күнде бір рет;

3 айдан 6 айға дейінгі –5 күнде 1 рет;

6 айдан 9 айға дейінгі –7 күнде 1 рет;

9 айдан 1 жасқа дейінгі – 10 күнде 1 рет;

1 жастан 3 жасқа дейінгі –айына бір рет.

Балалардың салмағын өлшеу қарап-тексерудің көрсетілген мерзімдерінде жүргізіледі.

Даму тарихында ағымдағы жазбалардың мазмұнында қарап-тексеру уақыты (күні мен сағаты), дене салмағы, тістерінің саны, үлкен еңбегінің көлемі, температурасы, топқа жаңадан келіп түскендердің, топқа оралғандардың бейімделуінің өтуі, топқа ауыстырылғандардың – бейімдеу аяқталғанға дейін, жалпы жағдайының бағалануы, обективті статусының сипаттамасы, сергектік және ұйқы сипаттамасы, тамақтандыру сипаттамасы (өзгерістер), өткен кезеңдегі дене салмағының динамикасы, ауырған аурулары, соматикалық статусындағы, жүйке-психикалық дамуындағы және мінез құлқындағы өзгерістер және қорытынды, қажет болған кезде тағайындаулардың өзгеруі көрініс табады.

Бала ауырған жағдайда дәрігер баланың даму тарихында мынадай деректерді белгілейді: қарап-тексеру және изоляторға ауыстыру уақыты (күні мен сағаты) және диагнозы. Осыдан кейін режимді, диетаны, дәрі-дәрмекпен терапияны, ЕДШ, физиологиялық емдеуді тағайындайды және қажет болған жағдайда бұдан бұрын тағайындалған препараттарды алып тастайды, зертханалық зерттеулерді тағайындайды. Бір мезгілде амбулаториялық журналға жазба енгізіледі.

Баланы емдеуге жатқызған кезде дәрігер даму тарихында мынадай деректерді: қарап-тексеру уақытын (күні мен сағаты), емдеуге жатқызу орнын, баланың диагнозын, жағдайын, температурасын, дене салмағын белгілейді, баланың даму тарихынан үзінді көшірмені ресімдейді.

Емдеуге жатқызудан кейінгі күні баланың жағдайы туралы ақпаратты телефон арқылы алады. Жағдайы қиын болған кезде мәліметтерді жағдайы жақсарғанға дейін күнделікті, кейін аптасына 1-2 рет алады.

Баланы диспансерлік есепке қою кезінде «Диспансерлік науқастың бақылау картасы» 030/у нысанына жазу арқылы сауықтыру жоспары жасалады; есептен шығарған кезде «Диспансерлік науқастың бақылау картасы» 030/у нысанында себебі көрсетіледі: сауығу, шығару немесе қайтыс болу.

Жоспарланған егу кезінде оны жүргізу мүмкіндігі туралы жазба жасалады (температурасы, объективті статусының сипаттамасы, диагнозы, егу түрі белгіленеді) немесе медициналық шеттету (себебі, егу шегерілген уақыт) көрсетіледі. Вакциналау жүргізілгеннен кейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде вакцинадан кейінгі кезеңде медициналық бақылау қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы «_____» _____ № _________

бұйрығымен бекітілген

Балаларды Балалар үйіне қабылдау және одан шығару тәртібі туралы нұсқаулыққа № 5 қосымша
____________________қаласының

Балалар үйінің басшысы



Балаларды толық мемлекеттік қамсыздандыруға орналастыру туралы өтініш (дене бітімінің және психикасының дамуында ауыр кемістігі бар балалар үшін)
Өзiм жайында мәлiмдеймiн:

Т.А.Ә.____________________________________________________________

__________________________________________________________________

Туған күні, айы, жылы және жері:______________________________________________

__________________________________________________________________

Тіркелді (қашан, қай мекенжай бойынша):________________________________

__________________________________________________________________

Паспорт немесе жеке куәлік (нөмірі, кім және қашан берген): _________

__________________________________________________________________

Отбасы жағдайы: _______________________________________________

Білімі:_______________________________________________________

Балаға қатысы (анасы, әкесi, атасы, қорғаншысы және т.б.): _______

__________________________________________________________________

__________ қаласының № ________ перзентханасында туылған менiң баламды

балалар үйiне ______________жыл мерзiмiне қабылдауыңызды (тапсыруыңызды) өтiнемiн.

Баланы балалар үйiне уақытша орналастыруымның себебi::__________________

Мен баланың тәрбиесіне қатысудан бас тартқан жағдайда Балалар үйiнiң әкiмшiлiгi сотқа ата-ана құқығынан айыру туралы арызға бастамашылық асауға құқылы екенi жайында ескертiлдiм.

Анасының немесе оны ауыстырушы адамның қолы _____________________________

Балалар үйі басшысының қолы:__________________________________

Күні (күні, айы, жылы) _____________________________________________

Ұйымның мөрі
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2012 жылғы «___» _____

№ бұйрығына

қосымша

Күші жойылған бұйрықтардың тізбесі:


1. «Балалар үйi қызметiн ұйымдастырудың ережелерiн" және "балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерiн" бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрайымының 2000 жылғы 6 маусым № 228 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 17 тамызда № 1221 болып тіркелген).

2. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 «Балалар үйi қызметін ұйымдастырудың ережелерін» және «Балалар үйiне балаларды қабылдаудың және одан шығарудың ережелерін» бекiту туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 181 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 6 наурызда № 1789 болып тіркелген).



3. «Балалар үйінің қызметін ұйымдастыру ережесі мен Балалар үйіне балаларды қабылдау және одан шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 8 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 19 қаңтарда № 4522 болып тіркелген).
жүктеу 380,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау