Және енгізілген



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата07.01.2020
өлшемі0,88 Mb.
#26009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

қатысуын, оның ағымдағы үлгерімі мен аралық бақылау бойынша бағаларды 

ескере отырып қойылады.  

Емтихан  нәтижелері  бойынша  жоғары  оқу  орнының  әкімшілігі  білім 

алушыны  келесі  курсқа  ауыстыру  немесе  жоғары  оқу  орнында  білім 

алушылардың қатарынан шығару туралы шешім қабылдайды. Дәлелді себеп 

болған  жағдайда,  білім  алушы  үшін  емтихандық  сессияның  ұзартылуы 

немесе ауыстырылуы немесе академиялық демалыстың ұсынылуы мүмкін.  

Университетте  аралық  аттестацияны  өткізудің  тәртібі  «Мирас» 

университетіндегі  білім  алушылардың  білімін  бақылау  мен  бағалау  туралы 

қағидамен анықталған.  



 

1.8 

Жазғы  семестр 

 

Жазғы семестр университеттегі оқу процессінің құрамдас бөлігі болып 

табылады  және  келесі  мақсатпен  ұйымдастырылады:  жылдамдатылған 

және/немесе қосымша оқу; пәндер бойынша академиялық берешектерді жою; 

білім алушылардың бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына, бір 

мамандықтан екінші мамандыққа ауысу, білім алушылардың оқуда қалпына 

келтірілу кезіндегі оқу бағдарламаларындағы айырмашылықты жою.  

Жазғы семестрдегі оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.  

Процесс Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы қағидамен реттеледі.  

 

 



1.9 

Академиялық берешек  

 

Академиялық  берешек  –  емтихан  бойынша  қанағаттандырарлықсыз 

баға  нәтижесінде  немесе  емтиханға  келмеген  себебінен  пайда  болған, 

студенттің  оқу  пәні  бойынша  білімінің  қорытынды  бақылауы  бойынша 

қарызы.  

Академиялық  берешек  білім  алушының  пәнге  қайта  жазылуы,  ол  пән 

бойынша барлық сабақтарға қатысуы, тапсырмаларды орындауы, аталған пән 

бойынша емтиханды табысты түрде тапсыруы арқылы жойылуы тиіс. Пәнге 

қайта жазылу келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде жүргізілуі 

мүмкін.  

Пререквизит  болып  табылатын  пән  курсын  меңгермеген  білім  алушы, 

постреквизит пәнінің курсын әрі қарай меңгере алмайды.  

Бітіруші  кафедраның  меңгерушісі  мен  эдвайзерлер  академиялық 

берешектері  бар  білім  алушыларды  пререквизиттілік  қағидатын  сақтау 

мақсатында  теориялық  білім  алудың  келесі  кезеңдерінде  оларды  жою 

мүмкіндіктері туралы дер кезінде хабардар етуі үшін жауапты болады.  



 

 

 

 

 


1.10  Студенттердің ауысу және орнына  

келтіру тәртібі 

 

Студенттерді ауыстыру. 



Мирас  Университетіндегі  студенттердің  білім  алудың  және 

мамандықтардың  сәйкес  үлгілеріне  ауыстырылуы  демалыс  кезеңінде, 

мемлекеттік  аттестациядан  өткен  басқа  жоғары  оқу  орындарынан  жүзеге 

асырылады.  

Студенттің  Мирас  Университетіне  оқудың  барлық  түрлері  бойынша 

ауысуы  тек  екі  ЖОО  жетекшілерінің  келісімімен  жүргізіледі  және  сәйкес 

бұйрықтармен рәсімделеді.  

Студенттің ауысуы сәйкес курсқа жүзеге асырылады, бұл ретте жұмыс 

оқу  жоспарларындағы  айырмашылық  міндетті  құрамдаушының  бес  оқу 

пәнінен аспауы қажет, кері жағдайда ауысу бір курсқа төмен жүргізіледі (оқу 

жоспарларындағы  айырмашылықты  анықтау  кезінде  келесілер  ескеріледі: 

егер  басқа  ЖОО-да  пән  бойынша  емтихан  тапсырылса,  ал  Мирас 

университетінің оқу жоспарында сынақ көзделген болса, бұл пән есептелген 

болып саналады).  

Студенттің  университет  ішінде  немесе  басқа  ЖОО-нан  бір 

мамандықтан екінші мамандыққа, оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысуы  

тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.  

Аталған  курстың  оқу  жоспарының  барлық  талаптарын  толығымен 

орындаған,  емтихандардың  барлығын  табысты  түрде  тапсырған  және  өту 

баллының бекітілген деңгейін жинаған кредиттік технология бойынша білім 

алушылар,  ректордың  бұйрығымен  келесі  курсқа  ауыстырылады.  Оқудың 

келесі  курсына  ауыстырылған,  бірақ  академиялық  берешегі  бар  білім 

алушылар,  ақылы  негізде  барлық  сәйкес  пәндерді  қайта  оқып  шығулары 

қажет.  Жұмыс  оқу  жоспарының  талаптарын  орындамаған  және  орнатылған 

өту  баллын  жинай  алмаған  келісім-шарт  бойынша  білім  алушылар,  ақылы 

негізде оқудың қайта курсына қалдырылады.  

Академиялық  берешегі  жоқ  білім  алушыларға  ғана  ауысуға  рұқсат 

беріледі.  

Оқу  жоспарының  пәндеріндегі  айырмашылықты  жоюдың  тәртібі  мен 

мерзімдері  деканның  өкімімен  рәсімделеді.  Егер  білім  алушы  орнатылған 

мерзімде  оқу  жоспарының  пәндеріндегі  айырмашылықты  жоймаған  болса, 

келешекте ол академиялық берешек ретінде ескерілуі мүмкін.  

Басқа  ЖОО-на  ауысуды  қалайтын  Мирас  Университетінің  студентіне 

төмендегілерді орындау қажет:  

 

Мирас  Университеті  ректорының  атына  басқа  ЖОО-на  ауысу  туралы 



өтінішті  жазады  (ЖОО-ның  атауын  нақты  көрсету  қажет),  факультет 

деканының,  кафедра  меңгерушісінің  қолдарын  қойғызып,  университет 

мөрімен  куәландырылған  ректордың  (проректордың)  жазбаша  келісімін 

алады;  


 

транскриптті,  аталған  мамандық  бойынша  білім  алу  қызметін  жүргізу 



лицензиясының көшірмесін алады;  


 

қызығушылық танытқан ЖОО ректорының атына өтініш береді;  



Басқа  ЖОО-на  ауысу  кезінде,  ақылы  негізде  білім  алушы  студент, 

Мирас  Университетінен  шығару  туралы  бұйрық  шыққанша,  оқу  төлемін 

жүргізеді.  

 

  Студенттер қатарына қалпына келтіру. 



Бұрын  оқудан  шығарылған,  Мирас  университеті  студенттерінің 

қатарына оқудың барлық түрлеріне қалпына келтірілу демалыстар кезеңінде 

ректордың  бұйрығымен,  шығарылудың  мерзімдерінен  тәуелсіз  түрде 

жүргізіледі. Қалпына келудің міндетті шарты – білім алушымен кем дегенде 

бір  академиялық  кезеңді  аяқтауы.  Оқудан  шығарылған  өзінің  академиялық 

анықтамасында  қажетті  меңгерілген  білім  беру  бағдарламалары  болған 

жағдайда,  кез  келген  мамандыққа  және  кез  келген  курсқа  қалпына  келе 

алады.  


Студенттер  қатарына  қалпына  келтірілу  сәйкес  курсқа  тек  ақылы 

негізде ғана жүзеге асырылады.  

Қалпына келудің анықтаушы шарты оқуды әрмен қарай табысты түрде 

жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.  

Оқу  жоспарларындағы  айырмашылық  міндетті  құрамдаушының  бес 

оқу пәнінен аспауы қажет, кері жағдайда қалпына келтірілу бір курсқа төмен 

жүргізіледі.  

Оқу  ақысын  төлемегендігі  немесе  оқу  ақысы  бойынша  академиялық 

берешегі  бар  бір  семетрдің  ішінде  оқудан  шығарылған  ақылы  негізде  білім 

алушылар, төлем ақы бойынша қарызынан құтылған жағдайда, оқудан шығу 

сәтінен бастап төрт апта ішінде қалпына келтірілу құқығына ие болады.    

Қалпына  келтіру  туралы  ең  соңғы  шешімді  университет  ректоры 

қабылдайды.  Оң  шешім  жағдайында  қалпына  келтіру  туралы  бұйрық 

жарияланады.   

Оқу  жоспарының  пәндеріндегі  айырмашылықты  жоюдың  тәртібі  мен 

мерзімдері  деканның  өкімімен  рәсімделеді.  Егер  білім  алушы  орнатылған 

мерзімде оқу жоспарының пәндеріндегі айырмашылықты жоймайтын болса, 

келешекте ол академиялық берешек ретінде есептелуі мүмкін.  



 

1.11  Қорытынды мемлекеттік аттестация 

 

Қорытынды  аттестация  –  лицензияланған  мамандықтарға  сәйкес 



университет  түлегінің  дайындық  деңгейінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

білім  беру  стандартының  талаптарына  сәйкестігін  кешенді  түрде  бағалау, 

Қорытынды аттестация туралы қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.  

Бакалаврдың 

бітіруші 

квалификациялық 

жұмысы 

дипломдық 



жұмыстың  немесе  дипломдық  жобаның  түрінде  орындалады.  Дипломдық 

жұмыс  (жоба)  студенттің  нақты  тақырып  бойынша  зерттеу  нәтижелерін 

қамтиды.  Оның  мақсаты  –  студенттің  кәсіби  мәселелерді  өздігінен  шешу 

үшін қаншалықты дайын екендігін анықтау.  

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттары төмендегідей: 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау