Жекеменшік мекеме



жүктеу 1,98 Mb.
бет5/13
Дата24.02.2018
өлшемі1,98 Mb.
#10651
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Мәдениет.

Мәдениет объектілерінің желістері 13 объектілерді құрайды, оның ішінде: 8 кітапханалар, 3 мәдениет үйлері, 1 мәдениет және демалу саябағы. Қала аумағында жергідікті бағытта 5 тарихи және мәдени ескерткіштер тіркелген.

Мәдениетті ұйымдастыру қызметтері. 2012 жыл бойы 910 шаралар жүргізілген, 2009 адам қамтылған. Клубтық қалыптасулар саны 90, оның ішінде қатысушылар 2009 адам. 2 көркемдік қызметпен айналысатын ұжымдар бар, олар құрметті атаққа ие «Халықтық» - Шахан поселкесінің мәдениет үйінің халықтық оркестрі және «Алая гвоздика» соғыс және еңбек ардагерлерлерінің халықтық хорекі. 2012 жыл бойы кітапханаларда 26,3 мың адамға қызмет көрсетілген. Кітапханадағы кітап қоры 308,2 кітапті құрайды, оның ішінде мемелекеттік тілде – 24,5 мың дана. Барлық кітапханалар интернет жәнен электронды поштаға шығу мүмкіншілігі бар. Қалалық орталық кітапханасында жеке меншікті сайты бар.

Мәдениет объектілеріне баратындардың саны 2008 жылдан 2012 жылға дейін 57356 адамға көбейіп, 188577 адамды құрып, нәтижесінде қатысу коэффициенті 2,32-ен 3,79-ге дейін жоғарлайды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне (ОКЖ) қатысу 2012 жылы 255150 адам (коэффициент 4,46) және зерттеу кезеңінде 1802 қатысуларға көбейген. Осымен байланысты мәдени-бос уақыт өткізу шаралары қамтылған халық үлесі 2012 жылы 76% -ға тең.

Зерттеу кезеңінде ағымдағы жөндеу жұмыстары мәдениеттің 5 объектілерінде жүргізілген, оның ішінде, 275 млн. теңге жалпы соммасында 2 кітапханалар және 3 мәдениет үйлері. 2008-2012 жылдары 16 жас мамандар жұмысқа тұрған, оның ішінде клубтарда – 12, кітапханаларда – 4 адам.

2012 жылы клуб мекемелерінің материалды- техникалық базасын нығайтуға 9 285 мың теңге бөлінген. Нәтижесінде кітапханалық жүйені автоматтандыру жүргізілген, Шахтинск қаласының мәдениет үйі үшін және Долинка кентінің филиалдарына видеопроекторы бар экран сатып алынған, Новодолинский кентінің мәдениет үйіне музыкалық жабдық сатып алынған, Шахан кентінің мәдениет үйіне көше сахнасы орнатылған, ал «Барс» КМҚК касса киоскі сатып алынған.

Кітапханаларды жиынтықтау 9081,7 мың теңге сомаға жүргізілген, бірақ бір кітапханаға қаржыландыру көлемі 1135,2 мың теңгені құраған.
Спорт.
Шахтинск өңірінде 71 ғимарат жұмыс жасап жатыр (2010-61). Оның ішінде тым ірі ғимарат: 1 стадион (Шахтинск қ. «Барс» КМҚК); 20 спорт залдары; 1 спорттық-сауықтандыру кешені «Ягуар» (ИП Щербаков); 32 спорт алаңдары.

№ 1 орта мектепте жасанды жабындысы бар хоккей кортын орнату есебінен (облыстық бюджет қаражаты есебінен 6 млн. теңге бөлінген, жалпу аумағы 800 ш. м (20м* 40 м) 2010 жылы спорт жабдықтардың саны 1 бірлікке көбейген.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде № 16 қазақша орта мектеп спорт алаңын кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілген, жөндеу жұмыстары 23,3 млн. теңгеге жасалған.

«Менің аулам» бағдарламасы бойынша Шахтинск қаласының тұрғын үйлерінің ауласында 4 спорттық жабдықты орнату есебінен 2011 жылы спорт жабдықтары 7 бірлікке өскен, Долинка және Новодолинский кенттерінде жасанды жабындымен 2 спорт алаңы салынған.

2011 жылдың 1 қыркүйегінде № 15 орта мектептің базасында ЖББМ базасында жасанды төсенішті шағын-футбол және волейбол алаңдары, тартановый төсенішті баскетбол алаңы, гимнастикалық снарядтармен алаң барлығы 24 млн.теңге соммаға орнатылды.

2012 жылы № 11 орта мектепте жасанды жабындысы бар хоккей кортын орнату есебінен спорт жабдықтарының саны 4 бірлікке көбейген, «Елді мекендерді абаттандыру және жайластыру» бағдарламасы бойынша Шахтинск қаласының тұрғын үй аулаларында жасанды жабындымен 2 спорт алаңы салынған, ал «Ботагоз» КМҚК сәбилер бақшасында жасанды жабындымен 1 спорт алаңы ашылған.

Шахтинск аймағының жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыруды және спортты дамыту шеңберінде материалдық- техникалық базаны нығайтуға қаржыландыру көлемі өсуде.

2010 жылы спорт жабдығын сатып алу бағдарламасы бойынша 1,6 млн. теңге бөлінген (45 жиынтықты шаңғы, футбол, волейбол, баскетбол доптары 195 данада, 13 данада секундомер сатып алынған).

2011 жылы 3 млн. 14 мың теңге сомаға спорт жабдығы сатып алынған (105 жиынтықты шаңғы, 383 дана доптар, баскетбол, волейбол торлары, секіру құралдары, скакалка, граната).

2012 жылы 3 млн. 908 мың теңге бөлінген (210 шаңғы жиынтығы, баскетбол торлары) сатып алынған. 2013 жылы 130 гимнастика төсенішін, 13 тенис үстелін, 130 футбол доптарын, 260 обруч және 72 волейбол торлары сатып алынған.



Балалар, жасөспірімдер және жастар арасында дене шынықтыруды және спортты дамыту.

Президент сынағын енгізу, бұл дене шынықтыру және спорт мәдениетін мүмкіндік, жастардың дайындық деңгейін анықтайтын бағыт болып табылады.

Аймақтың жалпы білім беру мектептерінде 5,9,11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру дайындығы туралы Президенттік сынақ жыл сайын өткізіледі.

2012 жылдың оқу жылында 1323 оқушы сынаққа қатысқан, оның ішінде Президенттік деңгей нормативін 183 оқушы орындаған, ұлттық дайындық деңгейін 426 оқушы орындаған.

Арнайы білім беру ұйымдарынан 825 оқушы қатысқан, оның ішінде Президенттік деңгей нормативін 43 оқушы орындаған, ұлттық дайындық деңгейін 127 оқушы орындаған.

Шахтинск аймағында 13 жалпы білім беру мектебі жұмыс істейді, жалпы оқушылар саны 6030 адам, оның ішінде: ГДН есебінде 32 оқушы тұр (2009 жылы – 72 оқушы, 2010 жылы – 52 оқушы, 2011 жылы – 43 оқушы). Үйірмелерге және секцияларға жасөспірімдер мен балаларды тарту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

2012-2013 оқу жылдары дене тәрбиесімен айналысатын балалар саны 5917 адамды құраған. Қалған 113 оқушы арнайы медициналық топтарда дене тәрбиесімен айналысады.

113 спорттық топта, әр түрлі спорт түрлері бойынша секцияларда 1809 бала және жасөспірім қатысады, ал клубтарда, топтарда дене – сауықтыру бағыты бойынша 631 бала және жасөспірім қатысады. Барлық жалпы білім беру мектептерінде, мектептік және мәдени- демалу мекемелерінде секцияларға және үйірмелерге тегін қатысу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялық колледжде әр түрлі бағыттағы спорт секциялары және үйірмелер бар, онда 280 жас спортшы қатысады, колледждің негізгі бағыты болып спорт секцияларының туризмі. № 7 кәсіптік лицейде 5 спорт секциясы бар, оған 146 оқушы қатысады.

Шахтинск аймағында балалар мен жасөспірімдердің демалыс желісін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Патриоттылық сезімін өсіп келе жатқан ұрпақ санасында тәрбиелеу мақсатында және Шахтинск аймағында балалар мен жастардың демалысын ұйымдастыру мақсатында 2 аулалық клуб жұмыс істейді, олар «Барс» КМҚК балансында тұр: Шахтинск қаласының «Патриот» әскери-патритоттық клубы және Шахан кентінің «Карлыгаш» клубы.

«Патриот» әскери-патритоттық клубының жұмысы балалар мен жасөспірімдердің әскери – патриоттық тәрбиесіне бағытталған, онда балалар спорттық күреспен, сонымен қатар парашюттан секіру білімін алады. Балалар мен жасөспірімдерді қамту 40 адамды құраған.

«Карлыгаш» аулалық клубының жұмысы балалар мен жасөспірімдердің мәдени, дене тәрбиесіне бағытталған. Осы клуб Шахан кентінде жалғыз болып табылады,онда балалар «Балдаурен» вокалдық үйірмеге бару мүмкіндігі бар және «Ласточка» театр үйірмесі бар. Сонымен қатар, осы клуб базасында «Греко – римдік күрес», дзюдо және ұлттық күрес «Қазақша күрес» спорт секциялары бар. Осы клуб балалары әр түрлі мәдени- демалыс және бұқаралық спорт іс- шараларына қатысады, сонымен қатар клубта өткізілетін іс- шараларға қатысады. Балалар мен жасөспірімдерді қамту 80 адамды құраған.

№ 6 орта мектептің спорт залының базасында халықаралық федерацияның филиалы «Комбат- джиу- джитсу» (клуб басшысы – Соловьев Валерий). Осы клубта балалар мен жасөспірімдер қол күресімен, самбо және джиу- джитсумен айналысады. Балалар мен жасөспірімдерді қамту 56 адамды құраған.

«Барс» КМҚК стадионының базасында балалар футбол клубы қызмететеді, онда балалар мен жасөспірімдер футболмен айналысуға мүмкіндігі бар. Балалар мен жасөспірімдерді қамту 40 адамды құраған.

Шахтинск қаласының мәдениет үйінің спорт залынының базасында «Беркут» спорт клубы қызмет етеді, ол облыстық «Nomad MMA», оның қызметі аралас спорт түрлерін дамытуға бағытталған (клуб басшысы – Кмзатов Тлеубек). Балалар мен жасөспірімдерді қамту 15 адамды құраған.

Шахтинск қаласының мәдениет үйінің спорт залынының базасында облыстық жоғарғы спорт шеберлігінің мектебінің филиалы ауыр атлетика секциясы жұмыс істейді (жаттықтырушысы – ЗТРК ауы атлетика бойынша Снегуров Николай). Секция спортсмендері жыл сайын облыстық және республикалық жарыстарға қатысады, оның ішінде РК ауы атлетика бойынша кубогына қатысады, осы спорт түрі бойынша онда спортсмендер жоғарғы нәтиже көрсетеді. Балалар мен жасөспірімдерді қамту 35 адамды құраған.

Шахтинск аймағында дене – сауықтыру клубтары жұмыс жүргізуде:

«Гефест» спорт бағытындағы клуб, ол № 15 орта мектептің базасында орналасқан (клуб басшысы – ЖК Мальцев). Осы клубта пауэрлифингпен, шейпингпен және бодибилдингпен айналысуға мүмкіндік бар. Балалар мен жасөспірімдерді қамту 122 адамды құраған.

«Ягуар» сауықтыру орталығында спорт залдар бар (орталық директоры ЖК Щербаков). Осы орталықта тұрғындар бодибилдингпен, аэробикамен, үстел тенисімен және самбомен айналысады. Балалар мен жасөспірімдерді қамту 165 адамды құраған.

Келесі спорт түрлері бойынша балалар- жасөспірімдер орталығында 8 бөлімше жұміс істейді: греко- рим күресі, қазақша күрес, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, футбол, волейбол және баскетбол, 44 топта 630 оқушы бар (2010 жылы – 618 бала). Оқушылар контингетінің өсуі алғашқы дайындық тобына балаларды жинауға байланысты 12 баланы құраған.

Балалар – жасөспірімдер орталығының базасында 9 бөлімше жұмыс істейді: бокс, греко- рим күресі, айкидо, судомодельный, тоғыз құмалақ, сибирьский вьюн, жас құтқарушы, 21 топта 481 бала және жасөсіпірім қатысады (2010 жылы – 312 адам).

Балалар – жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілерімен әр түрлі 17 облыстық, республикалық, халықаралық турнирлерде 36 медал ұтып алынған.

(2011 жылы – 54 медал, 2010 жылы – 35 медал).

Балалар – жасөспірімдер орталығында есеп беру кезеңінде спорттық разрядтарды 4 кандидат орындаған, бокс бойынша 13 спортсмен разрядник алған.

Шахтинск аймағында 24 түрлі спорт дамуда (2011 - 23): 10 олимпиядалық және 14 олимпиядалық емес спорт түрлері бар. Дене шынықтыру және спорт саласында 67 адам жұмыс істейді, олар спорт саласында білімі бар.

Шахтинск аймағының 2011 -2015 жылдары дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасының шеңберінде 2012 жылы спорттық іс- шараларды өткізуге және облыстық жарыстарға қатысуға 3,246 млн. теңге бөлінген.

2013 жылы бөліммен бірге күнтізбелік жоспарға сай 174 іс-шаралар өтті. Жарыстарға қатысқан барлық қатысушылар саны әр түрлі жастағы 11377 адамды құрады.

Есеп науқанында Шахтинск аймағы бойынша әр түрлі 79 облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға 1120 спортшы қатысты.

Бөліммен өткізілген мерекелік шараларға барлық санаттағы халықтар қамтылды: балалар-жасөспірімдер клубының балалары, жастар, өндіріс ұжымының мүшелері, ардагерлер, мүгедектер және мүгедек-балалар.

2013 жылда материалдық-техникалық тұғырда спорттық ғимараттар мен объектілердің жағдайларының жақсаруына байланысты жұмыстар жүргізілді. Шахтинск аймағында жалпы білім беру мектептерінің дене шынықтыру мен спорттың дамуының аясында материалдық техникалық тұғырдың жақсаруына байланысты қаржыландыру көлемі жыл сайын өсіп жатыр. Сонымен, 2011 жылы 3,14млн.теңге,2012 жылы 3млн.908 мың.теңге, 2013 жылы3 млн.300мың.теңге бөлінді.

Шахтинск өңірінде 74 ғимарат жұмыс жасап жатыр (2013-71). Соның ішінде тым ірі ғимарат: 1 стадион (Шахтинск қ. «Барс» КМҚК); 20 спорт залдары; 1 спорттық-сауықтандыру кешені «Ягуар» (ИП Щербаков); 32 спорт алаңдары.

№3,6,12,11,4 жалпы білім беру мектептерінің аясында жеке ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыскерлері арасында 70 адамнан тұратын кешкі уақытта ойындық және үстел спорт түрлері бойынша (баскетбол, волейбол, футзал, н/теннис, шашки) денсаулық топтары ашылды.

Шахтинск өңірінің 2011-2015 жылдарға дене шынықтыру және споттың аму бағдарламасы аясында 2013 жылдың 1 жартыжылдығында Шахан кентінде №2 ЖББМ аясында шағын-футбол, жасанды төсенішпен волейбол алаңы, тартановый төсенішпен баскетбол алаңы және гимнастикалық снарядтармен алаң орнатылды. Осы алаңдар іс-әрекеті орантылғаннан кейін дайындаушылар саны 338 адамға ұлғайды.

Өңірде «Юность» сауықтандыру-шынықтыру клубының аясында сулы спорт түрінің дамуы мақсатында сәуір айынан бастап ақылы негізінде 4 жастан бастап және үлкен балалар мен жасөспірімдер 49 адам саны бойынша қатысатын, жүзу (денсаулық топтары) бөлімі ашылды.

Шахтинск қаласының әкімшілігінің 2013 жылдың 29 тамызындағы қаулысымен дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықты алдағы уақытта қамту мақсатында мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, басқа заңды тұлғалар аясында 100% үлеспен мемлекеттің ауызша капиталда өз еркінің негізінде спорттық біріктіру «Денсаулық топтары» құрылды, осының арқасында дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықты қамту 1720 адамға дейін жоғарлатуға жағдай туғызды. Денсаулық топтарының сабақтары халықты сауықтандыратын сауықтандыру - шынықтыру ғимараттарында, сонымен қатар өңірдің жалпы білім беру мектептерінде жүргізіледі.

Шахтинск қаласының әкімшілігінің 2013 жылдың 26 қыркүйегіндегі №25/11 қаулысының негізінде «дене шынықтыру мен спорпен жүйелі айналысатындарды , алдағы уақытта қамтуын жоғарлату шаралары» Новодолинский,Шахан және Долинка кенттерінде 0,5 ставкада халықтың кең қабаттарының арасында дене шынықтыру мен спортпен насихаттау мен жұмыстары бойынша спорттық нұсқаушы қабылданды. Спорттық нұсқаушыларды енгізуге дене шынықтыру мен спортпен айналысатын халықты қамту кентте 300 адамға дейін жоғарлауда мүмкіндік берді.

2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап өңірдің барлық жалпы білім беру мектептерінде өкпен және басқа да аурулары бар әлсіз балалармен арналған денсаулық топтары қалпына келтірілді. Балаларды қамту 112 адамды құрады.

Олимпиядалық спорт түрінің дамуының мақсатында Шахтинск қаласының аясында "Балалар-жасөспірімдер орталығы" КМҚК 1 қыркүйектеп бастап дзюдо бойынша секция ашылды, осыны 30 адам санында 12 жастан бастап және одан да үлкен балалар мен жасөспірімдер қатысып жүр. (жаттықтырушы Г.Даут.)

2013 жылдың шілдесінен бастап Шахтинск қаласы Молодежная көшесі 51 («№15 ЖББМ КММ ғимараты» мекенжайы бойынша орналасқан «Alleanza» спорттық клубының аясында черлидинг және көркем-сурет гимнастика секция мектебі ашылды. Қаламыздың жалпы білім беру мектептерінің ішінен барлық айналысатындар саны 70 оқушыны құрады. (жаттықтырушылары Д.Саимкаова мен А.Васецкая). Сонымен қатар, «Alleanza» клубында АО «Қарағанды облысының Спорттық Би Федерациясында» өтетін спорттық би мектебі жұмыс істеп жатыр. Спорттық би мектебін 9 жастан бастап одан да үлкен 40 бала қатысып жүр (жаттықтырушы А.Васецкая мен П.Токбаев).

Қайта құру аясында 2013 жылдың 25 тамызында орталық алаңда 30 адам санымен мектепке дейінгі жастағы балалар айналысатын жаңа балалар біріктіру спорттық алаң ашылды.

«Елді мекенді көгаландыру мен жайластырушылық» бағдарламасы аясында Шахан кентінде 1 б орам мекенжайы бойынша қыркүйек айында 510кв.м (30*17м) алаңмен жасанды төсенішті көпфункциялы алаң орнатылды. Кенттегі спорттық алаңды енгізу дене шынықтыру мен спортпен айналысатын халықты қамту 284 адамға дейін жоғарлады.

Шахтинск қаласының МҮ базасында және Долинка, Новодолинский кентінде Республикалық қоғамдық барқазақстандық ұйымдарының кекушинкай каратэ филиалы ашылды, осы клуб шығыстық кекушинкай каратэ жекпе жегінің дамуы бойынша жолданды, осында 85 адам санында балалар мен жасөпірімдер айналысады.

Халықты қамту есебінің кезеңінде, дене шынықтыру мен спортпен жүйелі айналысатындар 2013 жылда 3165 адамнан 13203 адамға жоғарлады. (өңірдің 57307 адам барлық санының ішінен 23,2% ). 2012 жылмен салыстыра келе дене шынықтыру мен спортпен жүйелі айналысатын халықты қамту 10038 адамды құрады ( өңірдің барлық саны 56709 адамның ішінен 17,7%).
Қаланың спорт резервін дайындау үшін жағдай жасау.

Аймақтың көп жылдан бері өзекті мәселесі болып қаланың спорт резервін дайындау табылады. 2002 жылдан бері жұмыс істейтін қаланың балалар – жасөспірімдер мектебі спорт түрлері бойынша 8 бөлімшесі бар, оның 7 олимпиядалық, онда спорт базасы жоқ, № орта мектептің жалға берілетін бөлмесінде орналасқан, ауданы 522,6 ш. м. құраған. Жатыққытуршылар жатығуды білім беру ұйымдарында өткізуге мәжбүр. Аймақта келесі спорт түрлері басым болып анықталған, олар бокс, ауыр және жеңіл атлетика, греко- римдік күрес, қазақша күрес және баскетбол. Осы спорт түрлерінде жоғарғы нәтижеге жету спорт базасының болуына және аймақта арнайы жабдықтың болуын қажет етеді. Дарынды балаларға жағдай жасау үшін балалар – жасөспірімдер спорт мектебін салу қажет.



Дене – сауықтыру кешенің салу.

Тұрғындарды жүйелі дене шынықтырумен және спорт жүйелі айналысуға тарту үшін, сонымен қатар бұқаралық спортты және денешынықтыру қозғалысын дамыту үшін спорт ойындармен, жеңіл және ауыр атлетикамен айналысатын заманауи спорт залдары бар денесауықтыру кешенің салу қажет.

Бұл кешеннің ашылуымен дене шынықтырумен және спортпен айналысатын саны өседі, сонымен қатар қалалық және облыстық деңгейде бұқаралық- спорттық жарыстардың саны да өседі. Бокс, греко- римдік күрес, дзюдо, баскетбол, волейбол, мини- футбол, жеңіл және ауыр атлетика түрлері дамиды, дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 1-1,5 % өседі.

Қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Менің аулам» бағдарламасының шеңберінде замануи спорт аландарын көбейту бойынша жұмысты жандандыру қажет.


Демографиялық тенденциялар.
Тұрақты халқы бар облыстағы қалалар санынан Шахтинск алтыншы болып келеді. 01.01.13 жылға 56355 адам. Қаланың халық саны 2009 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта қаланың халық саны 388 адамға көбейді.

Төмендеу қарқыны 2012 жылы байқалды 56355 адам, соңғы үш жылда халық саны жайлап қалпына келе бастады. Жалпы көші-қонудың теріс шынайы өсімімен теріс сальдосымен түсіндіріледі, 2006 жылы қала халқының теріс шынайы өсімін жабатын оңды көші-қон сальдосы байқалады (2 сурет, 4 Қосымша).

2001-2009 жылдар аралығында бала туушылық деңгейінен халық өлімінің асып кету нәтижесінде теріс шынайы өсім байқалады. 2007 жылдан бастап туушылықтың жоғарлаудағы оңды тенденциясы 2007 жылдан бастап төмендеп келе жатқан халық өлімінен асып кете алмайды.

Жалпы кезең бойы тренд оңды дамуға ие және коэффициент 0,41 промиллеге өсуде. Туушылық деңгейі бойынша Шахтинск қаласы облыс қалалары арасында Саран және Теміртау қалаларынан алға кетумен ғана, соңғының алдындағысы.

2009 жылдан бастап көші-қон сальдосы оңды мәнге ие, ол 195- адамнан 356 адамға дейін құбылуда. 2009 жылдан бастап оңды ішкі республикалық көші-қон байқалуда, сыртқы көші-қонда ешқандай тенденциялар байқалмайды. Соңғы екі жылдарда сыртқы көші-қонда ТМО елдеріне халықтың ағымы байқалуда, жалпы облысқа тән болып саналады. Ішкі көші-қонда ауылдық жерлерден халықтың келуі арқылы аймақтық көші-қон басым болып келеді.

Шахтинск қаласының мемлекеттік мұрағаты.


Шахтинск қаласының мемлекеттік мұрағатында сақталуда жатқан Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттар көлемі 01.12.2013 жылы 163 қорлар мен сақтаудың 109853 бірліктерін құрайды. Толықтырудың негізгі қайнар көздері болып, қаланың 40 ұйымдарының ведомстволық мұрағаттары, оның ішінде мемлекеттік емес меншік нысанындағы 9 ұйымдар. Қазіргі таңда ведомстволар және сақталуда жатқан басқарушылық құжаттар көлемі сақталудың 28479 бірлігін құрайды, жеке құрамы бойынша 81327 сақтау бірлігі.

Қала мұрағаты мен мұрағаттық саладағы өзекті мәселелері болып келесілер табылады:

- мемлекеттік мұрағатта құжаттарды сақтау және орналастыру үшін ақпараттық технологияларды жайлап енгізілуі: қағаз негізінде орналастырылған құжаттардың негізгі көлемі. Электронды мұрағатты құру үшін халыққа қажетті ақпаратты жедел іздеу және ұсынуға мүмкіндік беретін жаңа құралдар қажет етіледі.

- мемлекеттік сақтаудағы негізгі қорлардың тозуы. Мемлекеттік сақтауға жататын мұрағат қоймаларының құжаттарды сыйдыруға мүмкіндік беруіне қарамастан, ғимарат тозуда және капиталды жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, оның нәтижесінде мұрағат қоймаларында құжаттарды сақтаудың температуралық-ылғалдық режимі бұзылады.

- азаматтардың заңды құқықтарына әкелетін ұйымдардағы құжаттарды сақтаудың қанағатсыз қамтамасыз етілуі.
Аумақтың-кеңістік дамуы.
Шахтинск қаласы кіші қалалар мен поселкілер (Саран, Шахтинск қалалары және Ақтас, Новодолинка, Долинка, Шахан поселкілері) ядросына жататын және географиялық жақын орналасқан (Қарағанды және Теміртау қалалары) агломерация ядроларынан тұратын жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан Қарағандылық агломерация аумағында орналасқан. Агломерациядағы халық саны облыс халқынан 54,7% құрайды, 1997 жылдан 2007 жылға дейінгі кезең аралығында 3,8% көбейді. Агломерация ядросын қамтитын кенттелген аудан 3 кішігірім қалаларды қамтиды (Саран, Шахтинск, Абай) және қалалық үлгідегі 5 поселкілер (Актау, Ақтас, Долинка, Новодолинка, Шахан), Абай ауданының аумағында өмір сүретіндердің 83,3%-на тұрақталады. Жалпы қала авто және темір жолдарының тығыздылық зонасында ораналасқан.
Сумен жабдықтау және суды бұру.
Шахтинск аймағы бойынша суқұбырларының ұзындығы 142,9 шаршы метр, зерттелетін кезеңде көше құбыр желісін есептен шығару есебінен қысқарған. Негізінен магистралды және орамдық желілердің 3,9 және 2,3 км өскен, жалпы қысқару 14,4 % құраған, 31 км көше құбырларының ұзындығының қысқару есебінен болған. Бірақ 2010 -2012 жылдары көше желісінің тозуы 90 % құраған. Шахтинск қаласында су құбырлар желісінің ұзындығы 97 км құраған. Құбырлардың ескіруіне байланысты (100 %), ал 2011 жылы Шахтинск қаласының су құбырларын қайта жөндеуге бюджеттен қаражат бөлінген. Шахтинск қаласының 1 кезекті су желілерін қайта құру жұмыстары (Центр – 3, 26, «Шахтинский» совхозы) аяқталған. ЖСҚ жалпы құны 301 289,0 мың теңгені құраған, оның ішінде 2012 жылы 288 млн. теңге.

Шахтинск қаласы 2011 – 2012 жылдары желіде ішетін суды беру көлемі 2585 мың кубтан 2895 мың кубқа өсімі байқалған (салыстырмалы өсім – 11,4 % құраған). Насос станцияларының қуаттылығы, зерттелетін кезеңде 0,1 мың куба метрге төмендеген, бірақ су құбырларының қуаттылығы 0,24 мың куба метрге өскен. Бұл дегеніміз жаңадан насос станциясын салуды қажет етеді. Су тұтыну: 2010 жылы – 2585,316 мың м3 құраған, 2011 жылы – 2566,7 мың м3, ал 2012 жылы 2893 мың м3 құраған. Әрі қарай тұтыну өсімі жоспарланған, осыған байланысты жеке сектор тұтынушыларын қосу жоспарланған.

Шахтинск аймағында кәріз желілерінің ұзындығы соңғы кезеңде 132 км (салыстырмалы өсім 6,6 км немесе 4,7 %) құраған. Басты коллекторлардың ұзындығы 7,3 км- ға өскен немесе 20 % асқан, көше жарығының ұзындығы 12,2 км немесе 50 % кем емес, 12,9 км – ге (17,3%) ішкі тоқсандық желілердің ұзындығы қысқарған. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кәріз жежілерінің 97 км ауыстыруға жатады, ол 73,5 % құрайды. Қаланың кәріз желілерінің қуаттылығы нақты қажеттілікті қамтиды және қаланың қажеттілігін қаңағаттандырады.

Кәріз желілерінің қызметі келесі параметрлермен сипатталады: 2010 -2012 жылдары жаңбырлы сулардың нақты үлесі 1730,1 – ден 1957,5 мың куб. м (өсім- 1,13 %), 2012 жылы тазалау құрылғыларынан өткізілгені 1957,5 мың куб. м (2010 жылы – 1730,1 мың куб. м, ол 227,4 м3 аз).

Сумен қамту және су беру жүйесінің тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін, басым бағытта су желілерінің авариялық аймақтарын уақытылы жөндеу болып табылады, сонымен қатар Шахтинская ТЭЦ АҚ су беру қызметтерін уақытылы және тұрақты төлеу және сумен қамту қызметін негізгі жеткізуші «АрселорМиттал Темиртау». Шахтинск қаласының негізгі сумен қамту және су бұру объектілері 1960 – 1970 жылдары іске қосылған. Сумен қамту және кәріз желілерінің негізгі объектілерін пайдалануға беруді ұйымдастыру және жоспарлы жөндеу талаптары бойынша темір құбырлары 15 жыл, шойын құбырлар- 20 жыл, қолданыстағы желілер 40- 50 жыл жұмыс істеген. Сумен қамту желілерінің барлық жабдықтары 20 жыл бұрын жөнделген.

Электрменқамту.

Қалада электр энергиямен қамту көзі жоқ. Электр желілерінің ұзындығы 295 км және 45 шағын станция жеке компаниялардың балансында тұр: «КарагандыЖарык» ЖШС, «КРЭК» ЖШС, «Мусаев» ЖК, «Энергоуголь» ПУ, «АрселорМиттал Темиртау» КД және олармен қызмет көрсетіледі. Ескіру 81 % құрайды. Элекрқуаты (ЭСО) «Расчетный сервисный центр» ЖШС Шахтинск қаласы, Шахан кенті (2010 -2011 жылдары тариф жеке тұлғалар үшін электрқуаты 1 кВт 7,31; 9,51 теңге; заңды тұлғалар үшін – 13,76; 17,89теңге), Новодолинский кенті (ЭСО) «ЖезказганЭнергосбыт» ЖШС (1 кВт тариф жеке тұлғалар үшін электқуаты 7,31; 9,51 теңге; заңды тұлғалар үшін 13,76; 17,89 теңге), Долинка және Северо- Западный кенттерінде (ЭСО, «РСЦ» ЖШС, ЖК «Мусаев») 1 кВт тариф жеке тұлғалар үшін электқуаты 7,31; 9,51 теңге; заңды тұлғалар үшін 14,36 теңге) жеткізіледі.

2012 жылы наурыз айында барлық тұтынушылар үшін диференциалы тариф енгізілген, ол тәулік бойы энергияны таратуға мүмкіндік берді. Тарифтер: тұрғындар үшін 2 мөлшерде сағат 7 – ден 23 сағатқа дейін кВт/ сағат 13,41 теңге. Үш мөлшерлеме бойынша заңды тұлғалар үшін электрқуаты беріледі, таңгы сағат 7- ден 19-00 – ге дейін 17,89 теңге кВт сағат , кешкі 19-00- ден 23-00 – ге дейін 46,35 теңге кВт/ сағат, түнгі 23-00 – ден сағат 7-00- ге дейін 5,84 теңге кВт сағат. Жеке тұлғалар үшін 1 адамға 100 кВт – 10,75 теңге, 100- ден 180 кВт – 13,76 теңге; 180 кВт және 17,20 теңгеден жоғары, егер көп пайызды жабдықтары бар болса, 7-00 – ден 23-00 – ге дейін 13,41 теңге, ал 23-00- ден 7-00- ге дейін 2,55 теңге.

Осы нарықтың субъектілерінің қысқаруы байқалады, 2008 жылы нарық субъектілерінің реестріне сәйкес нарықта 7 энергиямен қамтамасыз ететін ұйым бар (әрі қарай ЭСО), 2009 жылы 4 нарық субъектісі қызметін тоқтатқан, ал 2012 жылы реестрде электрмен қамту мекемесі тұр. Нарықтан субъектілердің кетуіне келесілер себеп болған:

Электрмен қамту қызметінде шығын болуы «KEGOC» АҚ, 1 мегаваттан кем емес базалық қуат;

Коммерциялық есептің автоматандырылған жүйесі ЭСО жоқтығы (әрі қарай АСКУЭ);

Қазақстан Республикасы Агентігінің аймақтық органының тарапынан элекрқызметіне сатып алу құнының өсуіне байланысты бағаның өсуі, алдымыздағы күні бағаның өсуіне байланысты хабарламаның беру тәртібінің бұзылуы.

Салада бәсекелестікті дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар:



  1. Энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдарда қызме тарифін әзірлеу, ол энергия қамтитын ұйымдар үшін тариф енгізуге мүмкіндік берді.

2. ЭСО қолжетімділікті қамтамасыз ету, электрқуатын сатып алу. Осыған байланысты «Элекрқуаты туралы» қолданыстағы заңнамаға және норативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу. АСКУЭ электрқуатын беретін ұйымдар жарақталуы керек.

3. Бір ЭСО екіншісіне ауыстырғанда энергиямен қамтитын ұйымның функцияларын кепілдік беретін жеткізуші алады. Электрқуатының бөлшекті нарығында кепілдік беретін жеткізушілердің қызмет етуіне шығындарды оңтайландыратын ынталандыру құру қажет, бөлшекті нарықтан электрқуатын сатып алу.

4. Элекрэнергетика ұйымының инфрақұрылым қызметі туралы ЭСО ақпаратмен қамтамасыз ету, оның ішінде электржелілеріне қосылуға бос қуаттылықтың болуы, инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысы туралы ақпарат.

Желілі шаруашылық қаңағаттанарлық деңгейде тұр, бірақ электржелілері және шағын станциялар 30 жылдан аса пайдалануға берілген, қолданыстағы нормативке және климатқа сәйкес келмейді және оларда жабдық ескірген және оларды қайта жөндеу қажет.



жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау