«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Жеке тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін
дамытудағы қазақ тілі пәнінің ролі
Роль казахского языка в развитии коммуникативной
компетентности отдельной личности
Орындаған: Нурмухамбетова К., директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, орыс тілде білім алатын топтардағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы.
Ақтау - 2014
Тақырыбы: Жеке тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы қазақ тілі пәнінің ролі
Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі - жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылықты дамыта отырып, жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр.
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі - тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін - өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.
Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына, коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр.
«Құзырет» - бұл оқу үдерісінде жинақталған білімге, тәжірибеге, құндылықтарға, бейімділіктерге негізделген жалпы қабілет. Құзырет саналы іс-әрекет барысында қалыптасады. Құзыретке ие болу сол жағдаятқа өзінің бар білімі мен тәжірибесін қазіргі жағдайларға бейімдеу. Функционалды сауатты білім алушының нақты қоғамдық өмірде білімін қолдану, ол үшін оқыту үдерісінде құзыретті дамыту және қалыптастыру, нақты жағдайлар тудыру қажет.
«Коммуникативтік құзыреттілік» - білім алушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатынастық міндеттерді тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер білім алушы бір тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік.
құзыреттілікті меңгергені. Тілді оқыту барысында коммуникативтік қарым - қатынас орнату, сөйлеу қабілетін дамыту оқушылардың өзара немесе оқытушымен сөйлесуіне, сұрақтарға жауап іздеуіне құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Сондықтан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Жаңа оқыту технологиясының қай түрі болса да, ол игеруге тиімді, оқытушы мен білім алушының арасында қарым-қатынас орнатуға икемді болуы тиіс. Қазіргі әрбір ізденімпаз оқытушының міндеті оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Осыған орай, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Соңғы кезде уақыт талабына сай өз тәжірибемде мен деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып жүрмін. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – білім алушыны «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау - ол мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес болады. Оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, іздендіру және мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға өте тиімді, сондықтан ол деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сабақ өткеннен кейін сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне талдау жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді.
Тапсырмалар І. ІІ. ІІІ. ІV деңгейлерде беріледі.
І деңгейдегі тапсырмалар білімнің ең төмен шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Тапсырма барлық оқушылар орындай алатындай болуы тиіс.
ІІ деңгейдегі тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі.
ІІІ деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың шығармашылыққа қызығушылығын арттырып, олардың логикалық ойлау дәрежесін жоғарылатады.
ІV деңгейдегі тапсырмалар дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талантты оқушыларды анықтайды.
Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы тек қана міндетті деңгейді орындап қоймай, бірнеше деңгейдегі тапсырманы орындап, өз іскерлігін, шеберлігін, қабілетін көрсете алады. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар, өздік жұмыстар арқылы оқушылар өз ойларын толық, дұрыс жеткізуге дағдыланады. Деңгейлік тапсырмалар белгілі бір мәтінге және грамматикалық тарауларға жасалады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытушы білімі орта, төмен оқушылармен бөлек және дарынды, ізденімпаз оқушылармен шығармашылық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
Қазақ тілі және кәсіптік қазақ тілі сабақтарымда деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша мына бағытта жұмыс жасаймын:
- ұжыммен жұмыс;
- топпен жұмыс;
- жеке оқушымен жұмыс;
- дарынды оқушы дайындау.
Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім ізденімпаздық пен белсенділік танытып, мамандығына, шәкірттеріне деген көзқарасы ерекше болады.
Қазақ тілі сабағында қойылатын басты мақсат - жеке тұлғаның сөздік қорын дамыту.
Деңгейлеп оқытуда оқушылардың қабілетіне қарай білім беру ескеріледі. Дарынды балалар қабілетін, икемділігін арттырып, әлсіздер сенімсіздіктен арылады. Олардың оқуға деген ынтасының артуына, білім дәрежесінің жоғарылауына әсер етеді. Оқушы шығармашылыққа ұмтылады.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
Есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.
Мұзды, мінезді, мәдениетті, таудай биік, сүттей аппақ, сусыз дала, үйдей үкен, баласыз үй, күзгі жауын, жазғы ыстық, қысқы суық, көктемгі жылылық.
ІІ деңгей
Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Ледяной, широкий, культурный, как гора, как молоко, безводный, как дом, бездетный, осенний, летний, зимний, весенний.
ІІI деңгей
Көрсеткен сөздермен сөйлемдер құраңыз (7 сөйлемнен кем болмасын).
Мұзды, енді, мәдениетті, таудай, сүттей, сусыз, үйдей, баласыз, күзгі, жазғы, қысқы.
IV деңгей
«Менің жақсы көретін жыл мезгілім» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігін байқауға болады. Оқушылардың белсенділігі мен іскерлігі артып, олар шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту біліктілікке жетелейді. Оқушы мен оқытушының арасында қарым-қатынас дамиды. Өзімнің іс - тәжірибемде деңгейлеп оқыту технологиясын үш жыл қолданып келемін. Қазіргі таңда орыс тілінде білім алатын топтарда кәсіптік қазақ тілі пәнінде де пайдаланамын. Кәсіптік қазақ тілі сабағында техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында С.Сейфуллиннің «Даладағы қуғын» («Погоня в степи») атты көркемфильді көрсетіп, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тіл байлығын дамытамын.
«Бейнежазба» оқулығы.
С.Сейфуллин хикаясы бойынша қойылған «Даладағы қуғын» («Погоня в степи»), атты қөркемфильмнің фрагментінен алынған.
Деңгейлік тапсырмалар:
I деңгей
Берілген етістіктердің болымсыз түрін құрыңыз.
Образуйте отрицательные формы данных глаголов по образцу
жасыру - жасырмау үндеу -
сату - асырау -
қорғау - әурелеу -
санау - айту -
II деңгей
Әр етістікпен сөйлем құрыңыз.
Составьте с каждым глаголом предложение
(Они являются важными для понимания данного фрагмента)
жасыру - спрятать,укрывать, скрывать
үндеу - призывать, подавать голос
сату - продавать
қорғау - защищать
асырау - кормить, воспитывать
айту - говорить, сказать
әурелеу - мучить
ату - стрелять
атау - называть
III деңгей
1. Өткен көріністерді еске түсіріп, Хамиттің істеріне сипаттама беріңіз.
Хамит кім?
Ол немен айналысты?
Ол Круминнен қандай тапсырма алды?
Ол қайда кетті?
Ол кіммен кездесті?
Саттардың сөзі Хамитке қалай әсер етті?
Ол қандай шешім қабылдады?
IV деңгей
Көріністің мазмұнын әңгімелеп беріңіз.
(Перескажите содержание фрагмента на казахском языке)
Қорытындылай келе,оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын дамыта отырып, ғылым саласында олимпиада, байқауларға дайындау барысында шығармашыл, білімді,ізденімпаз, тапқыр, қабілеті мол оқушы дайындау - әрбір ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер
Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать.
Мынбаева А.К., Садвокасова З.М. Алматы, 2011
Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Алматы, 2000
Бейнежазба. Углубленный курс по изучению казахского языка. Видеоучебник.
Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ.Қ., Ақанова Д.Х. «Арман-ПВ», 2007
Казахский язык для всех.
Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Издательство «Атамұра», 2004
Достарыңызбен бөлісу: |