Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы «27» қаңтардағы №26
және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы «27» қаңтардағы №15/нқ
бірлескен бұйрығына
5-қосымша
Жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы
техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Осы жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі субъект – өлшемдер) «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдары және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметініѕ 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы негізінде жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі – АТҚ ) әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын тексерілетін субъектілерді белгіленген тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) АТҚ саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің АТҚ саласында лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру нәтижесінде ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
2) тексерілетін субъект – АТҚ саласындағы лицензиат.
3. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері екі түрге бөлінеді:
1) объективтік – тексерілетін субъектілердің іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде мүмкін болатын тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;
2) субъективтік – тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуына байланысты анықталады.
4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына алғашқы жатқызу лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру мерзіміне байланысты, тәуекел дәрежесін бағалаудың объективтік өлшемдері негізінде жүзеге асырылады:
1) жоғары тәуекел тобына тиісті лицензияны үш жылдан кем мерзім бойы иеленген субъектілер жатады;
2) орта тәуекел тобына тиісті лицензияны кемінде үш жыл және бес жылдан аспаған мерзім бойы иеленген субъектілер жатады;
3) шамалы тәуекел тобына тиісті лицензияны бес жылдан асқан мерзім бойы иеленген субъектілер жатады.
5. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына келесі жатқызу тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемдеріне байланысты жүзеге асырылады.
6. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемдерін қолдану мақсатында лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзу статистиканың деректері, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.
7. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемдеріне байланысты тексерілетін субъектілер жоғары, орта немесе шамалы тәуекел дәрежесіне көшеді.
8. Субъективтік өлшемдер балмен бағаланады:
1) АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болмауы – 3 балл;
2) АТҚ саласында біліктілік сынағын тапсырған мәлімделген маманның (-дардың) болмауы – 3 балл;
3) АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін ең аз қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдығының болмауы – 3 балл;
4) АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өнідірістік үй-жайдың болмауы – 3 балл;
5) АТҚ саласында мәлімделген қызметтің кіші түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өнідірістік үй-жай белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі – 2 балл;
6) әзірленген және өндірілген, жөнделген, өткізілген АТҚ-ны есепке алу журналдарының болмауы не олардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі – 2 балл;
7) әзірленген және өндірілген, өткізілген, жөнделген АТҚ туралы жарты жылдық есептілікті ұсынбау не біліктілік талаптарымен белгіленген нысанға сәйкес ұсынбау – 2 балл;
8) АТҚ-ны әзірлеуді жүзеге асыру шарттарын бұзу – 1 балл;
9) АТҚ-ны өндіруді жүзеге асыру шарттарын бұзу – 1 балл;
10) АТҚ-ны сатып алу және өткізу шарттарын бұзу – 2 балл;
11) АТҚ-ны жөндеу шарттарын бұзу – 1 балл;
12) әзірленген, өткізілетін немесе жөндеудегі АТҚ-ны, сондай-ақ оларға құжаттаманы меншік нысандарына қарамастан үшінші тұлғаларға лицензиардың келісімінсіз тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру– 2 балл.
9. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне 5 және одан жоғары балл жинаған субъектілер жатады.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне 4 балл жинаған субъектілер жатады.
Тәуекелдің шамалы дәрежесіне 2 және одан төмен балл жинаған субъектілер жатады.
_____________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы «27» қаңтардағы №26
және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы «27» қаңтардағы №15/нқ
бірлескен бұйрығына
6-қосымша
Жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы
техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тексеру парағы
Органның атауы:____________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт : ____________________________________
(№, күні)
Тексеру жүргізу мерзімі: ___________________________________________
Тексерілетін кезең: _________________________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы: _______________________________________
Орналасқан мекенжайы: __________________________________
№
|
Заңнама талаптары
|
Иә
|
Жоқ
|
Қажет емес
|
Ескерту
|
1.
|
АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болуы
|
|
|
|
|
2.
|
АТҚ саласында біліктілік сынағын тапсырған мәлімделген маманның (-дардың) болуы
|
|
|
|
|
3.
|
АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін ең аз қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдығының болуы
|
|
|
|
|
4.
|
АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өнідірістік үй-жайдың болуы
|
|
|
|
|
5.
|
АТҚ саласында мәлімделген қызметтің кіші түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндірістік үй-жайдың белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы
|
|
|
|
|
6.
|
Әзірленген және өндірілген, жөнделген, өткізілген АТҚ-ны есепке алу журналдарының болуы және олар белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы
|
|
|
|
|
7.
|
Әзірленген және өндірілген, өткізілген, жөнделген АТҚ туралы жарты жылдық есептілікті біліктілік талаптарымен белгіленген нысан бойынша ұсыну
|
|
|
|
|
8.
|
АТҚ-ны әзірлеуді жүзеге асыру шарттарын сақтау
|
|
|
|
|
9.
|
АТҚ-ны өндіруді жүзеге асыру шарттарын сақтау
|
|
|
|
|
10.
|
АТҚ-ны сатып алу және өткізу шарттарын сақтау
|
|
|
|
|
11.
|
АТҚ-ны жөндеу шарттарын сақтау
|
|
|
|
|
12.
|
Әзірленген, өткізілетін, жөндеудегі АТҚ-ны, сондай-ақ оларға құжаттаманы меншік нысандарына қарамастан үшінші тұлғаларға лицензиардың келісімі бойынша тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру
|
|
|
|
|
Тексеруді жүргізген лауазымды тұлғалар:
_______________________________________ _______________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
_______________________________________ _______________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
Тексерілетін субъектінің өкіл(дер)і таныстырылды:
_______________________________________ _______________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
_______________________________________ _______________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.) (қолы)
___________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |