Құжат тақырыбы



жүктеу 1,55 Mb.
бет29/32
Дата02.06.2022
өлшемі1,55 Mb.
#38828
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
веб технолог

4.2 Техника қауіпсіздігі
Жобалау құжаттарында қаралатын еңбек қорғау мәселелерін үш топқа бөлуге болады: жалпы алаңдық, технологиялық және арнайы мәселелер.
Жалпы алаңдық мәселелерге жататыны: құрылыс алаңын, өтетін жерлерді, жұмыс орындарын жарықтандыру жүйесін анықтау, қауіпті зоналарды белгілеп, оларды қоршау, электр сымдарының маңында жұмыс жағдайын қауіпсіздендіру, жұмысшылардың санитарлы-гигиеналық жабдықтауын ұйымдастыру.
Технологиялық мәселелерге жататыны: құрылыс-монтаж жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін инженерлік шешімдерді белгілеу, құрылымдарды монтаждау үшін қолайлы құралдарды тағайындау, монтаж крандары мен қондырғыларының қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, электр қауіпсіздігі жөнінде шараларды анықтау.
Бас жоспарда кран жолдары, қойма алаңдары және оларды қоршауы белгіленеді. Сақтық белгілерінің, зиянды жарылғыш және өрт қауіпті заттардын орындары көрсетіледі, электр қондырғылары, күш беретін және жарықтандыру электр желілерінің орындары, өрт сөндіру жабдықтары белгіленеді.
Жұмыс орындарының үстінен кранмен жүкті өткізбеу үшін кран стреласының жүгімен қай бағытқа бұрылуын және оның бұрылуы мен шығуының шекті мөлшерін көрсету керек. Материалдар мен құрылымдар кіретін және өтетін жолдары белгіленеді, олардың ені және жабыну сипаты анықталады. Автокөліктер тұратын орындары, айналып жүретін жерлері, шекті жылдамдықпен қозғалу зоналары, санитарлы-тұрмыс бөлмелерінің орындары көрсетіледі. Бұл бөлмелерге жатады: гардероб, киімдерді кептіру, жөндеу, зиянсыздандыру, шансыздандыру бөлмелері, жуыну, душ, жылыну, гигиена бөлмелері, асхана, медицина пункті т.б.
Құрылыс алаңын дұрыс ұйымдастыру және онда қауіпсіз жағдайлар жасау үй құрылысының бірінші кезеңі және травматизмді азайту шараларының бірі болып есептеледі.
Құрылыс жұмыстарын бастамастан бұрын алаң дуалмен қоршалынады, кіріс және ішкі жолдар салынады, су ағысына мүмкіндік жасалынады, тиісті санитарлы-тұрмыс бөлмелері салынады, жұмыс орындарында жарық құрылғылары орнатылады.
Жер жұмыстары өте еңбек сыйымды процесс болып табылады және оларды орындау қауіпсіздігі көбінесе оларды өндіру түрі мен тәсілдеріне, жергілікті жер бедерінің шарттарына, топырақтың тегіне және ғимараттардың түріне байланысты болады.
Тассыз және мұздалмаған топырақтарда топырақ суларының деңгейінен жоғары және маңайында жер асты ғимараттары болмаған кезде қазаншұңқырлар мен тік қабырғалары бар бекітпесіз орларды қазу: үйілген, құмды және ірі сынықты топырақтарда – 1 м, құмайттарда, саздақтарда және балшықтарда – 1,25 м артық емес тереңдікке қазуға рұқсат етіледі. Қазаншұңқырдан немесе ордан алынған топырақ алу ернеуінен 0,5 м кем емес ара қашықтықта орналастырылады. Топырақты «үңгумен» қазуға рұқсат берілмейді.
Қазаншұңқырлар мен бекітпесіз орларды қазу кезінде құламалардың аса үлкен максимум тіктігі бірнеше топырақ үшін олардың ылғалдығы дәрежесіне байланысты анықтамалықтар және ҚНжәнеЕ ҚР 1.03-05-2001 бойынша қабылданады. Қазаншұңқырды және орды қазудың жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құламасының тіктігін, әдетте егер ол сусымалы топырақтар үшін табиғи құлама бұрышына және қатты жыныстар үшін ішкі үйкеліс бұрышына тең болса, жеткілікті деп санайды.
Жабындық жұмыстар ылғи да көп немесе аз елеулі биіктікте және шатырдың еңістерінде жүргізіледі, сондықтан бір жағынан – шатыршы жұмысшылардың жоғарыдан құлау мүмкіндігін жоюға, ал екінші жағынан, төменде болатын адамдармен келеңсіз оқиғаларды болдырмауға бағытталған, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
Жабындық жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік техникасы келесі шараларға келтіріледі:
– итарқалардың, жиек қабырға торламасының беріктігін және жарамдылығын тексеру.
– төбеде материалдарды жылжыту және қабылдау үшін тасымалды басқыштар мен алаңдарды қолдану.
– шатыр материалдарын қабылдау үшін арнайы тараны пайдалану.
– шатыр жұмыстарын жүргізу үшін құрылғылар мен құралсаймандарды (ағаштар, төсеніштер, шығарылатын ағаштар мен люлькалар) қолдану.
– шатыршыларды сақтандыру белдіктерімен және арнайы киіммен қамтамасыз ету.
Төбеде жұмыстар жүргізу жобасымен көзделген жерлерде ғана материалдарды орналастыруға рұқсат етіледі. Төбеде данамен есептелетін шатыр материалдарын, соның ішінде құрылғылар мен құрал-сайманды қоймаландырған кезде, еңіс бойымен сырғуға және желмен ұшырылуға қарсы шараларды қабылдау қажет. Осы мақсатпен әр түрлі жылжымалы рамкалар мен тасымалдарды, ал жүктерді қабылдау үшін – тасымалды алаңдарды қолданады.
Құрама құрылымдарды оларды көтергенге дейін кір мен мұз болып қатудан тазарту қажет, ал көтеру кезінде шайқалмау және айналмау үшін ұстап тұру қажет. Ол үшін беріктігін алдын-ала тексеретін, жіңішке болат арқаннан жасалған тартпаларды пайдаланады. Жоғарыға көтерілген элементтерді оларды сенімді тіректерге тұрақты немесе уақытша бекіткен соң ғана, ілмектер мен кранның ілгегінен жобалық қалыпқа босатады. Желдің жылдамдығы секундына он бес метр және одан артық болғанда, көктайғақ кезінде, қатты қар, жаңбыр жауған кезде және найзағайда құрама құрылымдарды жинақтауға жол берілмейді.
Салынып жатқан құрылыс жағдайларында жинақтау (бөлшектеу) жұмыстарын жүргізу кезінде электр желілері және жұмыс істеу аймағында қолданылатын басқа жүйелер тоқтан ажыратылу керек, ал жабдықтар мен су құбырлары жарылыс қауіпті, жанатын және зиянды заттардан босатылу керек.
Құрылыста сәтсіз оқиғалардың көпшілігі машиналардың жұмыс кезінде жағымсыз факторлардың әсерінен орнықтылығынан айырылып, аударылып қалуынан пайда болады. Сондықтан құрылыс машиналарын қауіпсіз пайдалану үшін олардың орнықтылығын қамтамасыз ету керек.
Құрылыс машиналары апат және травматизм болмау үшін тиісті қауіпсіздік аспаптар және құралдармен жабдықталады. Олар арналуына қарай тежегіш, бақылау – сақтандыру, блокадалау, сигнал беру түрлерінде болады.
Машиналардың айналып, қозғалатын бөлшектері қоршаулармен жабық болу керек, техникалық күту жөніндегі барлық операциялар олардың толық тоқтатылған кезінде ғана жасалынуға тиісті. Жұмыс басталар алдында және ол аяқталғаннан кейін машиналарды тексеріп, ақаулары болса оны жою керек.
Құрылыс машиналары мен жабдықтарын, қол саймандарын электр қауіпсіздік ережелерін бұзып пайдаланған жағдайларда, адамдарды электр тоғы соғу мүмкіншілігі туады. Сондықтан электр травматизмін болдырмау үшін қажетті сақтану шараларын қолдану керек.
Технологиялық процестерге және жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар ретінде жұмысшылардын қауіпсіздігін қамтамасыз ету және машиналарды басқару үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Технологиялық сымдардың машиналары мен аппараттары нормадан артық шуылды, дірілді, зиянды сәулелерді және жұмыс зонасының ауасында шаңдылық пен газдылықты туғызбауға тиісті.
Технологиялық процесстің жүрісін тиімді бақылап отыру үшін қауіпсіздік параметрлерді көрсететін бақылау-өлшеу аспаптары қолданылады. Технологиялық жабдықтардың жұмыс қауіпсіздігі көбіне жұмысшының физикалық және нерв- психологиялық жүктеме дәрежесімен байланысты болады.
Қысыммен жұмыс істейтін әр түрлі құрылғыларды пайдалану инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмыскерлерден қауіпсіздік техникадан терең білімдері болуын талап етеді.


жүктеу 1,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау