ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................95
|
|
ҚОСЫМША..............................................................................97
|
|
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ғаламдық Internet желісінің дамуы еліміздің халық шаруашылығының барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін недәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде әлемнің 200-ден астам елі электрондық үкімет қалыптастырып отыр. Қазақстан Республикасында “электрондық үкіметтің” пайда болуы ашық құқықтық қоғамның, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы екі жақты қатынасты талап ететін интерактивті қызметтер көрсетудің тәжірибелік механизмі болып табылады.
Компьютерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.
Әйтсе де, бүгінгі таңда Қазақстанда қалыптасып отырған ақпараттық кеңістік біртұтастығының жоқтығымен, ақпараттың біркелкі таратылмауымен, халықтың Internet-ке қол жеткізудегі, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерудегі теңсіздігімен сипатталуда.
Бүгінгі күнде Интернет үшін анимация жасайтын дизайнерлерге программалық құралдар онша көп те емес. Тіпті аз болмақ тұрмақ, осы Flash технологиясын жалғыз ғана шешім деп батыл айтуға да болады. Себебі, желідегі мультимедиа үшін тек Flash – технологиясы өзінің өміршеңдігін дәлелдей алды. Және де онымен бәскелесе алатын әлдебір технология әзір көрінбей тұр. Не дегенмен де Flash технологиясы, MS Word текстік редакторлардың эталоны болып табылса, ол да анимация саласында сондай эталон болып кетті. Алайда бұл тамаша технологияның пайдаланылатын облысы Интернетпен ғана шектелмейді. Қарапайым мультипликация үшін де тамаша құрал. Соңында, Flash – технологиясы қарапайым векторлық редактор ретінде де айтарлықтай қолайлы программа.
Интернет жүйесі кейбір технологиялардың жаңаруын тездетті. Программалардың жаңа версияларының шығу аралығы азайды: олар бірінен соң бірі шығып жататын, және әрбір жаңа басылымы алдыңғы басылымынан айырмашылығы айтарлықтай көп болатын. Ең көп таралған технологиялар мұндай өзгеріске көбірек ұшырайтын. Тіпті мынадай қағида шығаруға да болады: технологиялар неғұрлым көп қолданылса, ол соғұрлым тез жаңарады. Бұл жерде, әрине, программа шығарушының қаржылық мүмкіндігі де әсер ететінін айта кеткен жөн. Алайда көптеген қатардағы пайдаланушылардың сын-пікірі де маңызды роль ойнайтынын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |