Құжат атауы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата10.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

16 
 
Заставка Негізгі бет 
Сайттың жаңалықтары 
1-
Бөлім    1-Бет   2-Бет 
2-
Бөлім    1-Бет   2-Бет 
Өңдеушілер  туралы ақпарат    Контактты  мәліметтер    Сайттың 
картасы 
Сайттың физикалық құрылымы компьютер дискісінде файлдар және 
бумалардың орналасуын бейнелейді. 
4) Web- 
сайтты жариялау. 
Сайт  құрылған  соң,  оны  Web-серверде  жариялау  керек.  Оның  үш 
тәсілі бар: 
1.  Бұл  ең  қарапайым  тәсіл.  Сайттың  барлық  файлдары  диск  немесе 
басқа ақпарат тасушыға жазылады. Оны Web-сервер администраторына 
апару  керек.  Администратор  сіздің  дискіңіздегі  бумаларды  сервердің 
қажетті  бумасына  жазып,  бағдарламалық  қамтамассыздандыруды 
баптайды. 
2.  Бұл 
тәсіл  өте  аз  тараған.  Кейбір  тегін  Web-серверлер 
пайдаланушыға  оның сайтының  файлдарын Web-обозреватель  арқылы 
жүктеуге 
мүмкіндік 
береді. 
Бұл 
тәсілдің 
жетістігі- 
жүктеу 
қарапайымдылығы болып табылады. Пайдаланушы енгізу өрісіне қажетті 
файлдардың атауларын жазып, Submit (жіберу) батырмасын басу керек. 
Кемшіліктері:  файлдарды  жіберу  саны  берілген  лимиттен  аспайды, 
файлдар жіберілуін бақылай алмайсын, байланыс нашарлағанда тоқтап 
қалады. 
3.  Бұл ең кең тараған тәсіл. Web-сервер администраторы FTP-сервер 
бағдарламасын орнатады. Содан соң автордың сұранысы бойынша осы 
сайт үшін бума құрады және авторға тек осы бумаға ғана кіру мүмкіндігін 
береді.  Сайттың  авторы  FTP-клиент  бағдарламасы  арқылы  FTP-
серверге  қосылып,  құрылған  түпкі  бумаға  сайтының  файлдарын 
көшіреді.  Содан  соң  администратор  Web-серверде  жаңа  сайттың  бар 
екенін жариялайды. Егер авторға кебір файлдарды жаңарту керек болса, 
ол  қайтадан  FTP-серверге  қосылып,  ескі  файлдарды  жойып,  жаңа 
файлдарын көшіреді. 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Веб сайт дегенде қалай түсінесіз? 
2. 
Сайтты жоспарлау кезеңдері қандай? 
3. 
Сайтты жариялаудың қандай тәсілдері бар? 
 
Тақырып №4 
INTERNET 
ЖӘНЕ WWW – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ӨРМЕК. 
Жоспары: 
1. 
INTERNET тарихы.  
2.  WWW 
– 
дүниежүзілік 
өрмек. 
Гипермәтін, 
гиперсілтеме, 
мультимедиа.  


17 
 
3. 
HTTР- гипермәтінді беру хаттамасы.  
4. 
Ақпараттық ресурстар көрсеткіші (URL).  
5.  FTP-
файлдарды тасымалдау хаттамасы. 
 
1) 
INTERNET тарихы. 
Интернет  сөзі  Бүкіләлемдік    компьтерлік    желі  дегенді  білдіреді.   
Қазіргі  уақытта Интернет  бірнеше  қызметтерді  атқарады:  электрондық  
пошта,   WWW (бүкіләлемдік  өрмек), IRC ( Internet  Relay  Chat  – нақты  
уақыт режимінде бірнеше адамдардың  тікелей  бір – бірімен  араласуы),   
IRG  (берілген  мезетте  Интернетке  қосылған  адамның  желідегі  IR  
адресін  іздеуге    арналған  қызмет),  файлдарлы  тасымалдау  қызметі  
(FTP),  телеконференция  қызметі  (USENT). 
Интернетті  тудырған  ARPANET  жүйесін  айтуға  болады.  Ол 
американдық  Advanced  Resrch  Project,  Agency  (зерттеулерді  беру 
агенттігі)  басқару  ұйымымен  негізделген.  Arpanet  –  экспериментальді 
жүйе  болып  табылатын,  ол  әскери  сферадағы  ғылыми  зерттеулерді 
қолдау үшін арналған.  
 
1980 жылдардың басында мәліметтерді беруді басқару  хаттамасы 
TCP/IP  (Transmission  Control  Protocol  /  Internet  Protocol)  құрылған.  Яғни 
TCP/IP  интернетпен  жұмыс  істейтін  барлық  компьютерлер  тілі.  Ол 
Arpanet
–те  пакеттерді  алмастыру  процесінде  пайда  болған.  TCP/IP  әр 
түрлі  компьютерлік  желілерді  біріктіру  үшін  қолданылады.  Бұл  ұлттық 
немесе  халықаралық  деңгейде  мәліметтерді  алмастыруға  мүмкіндік 
береді. Интернет ұғымы алғашқысында «Желілердің желісі» деп белгілеу 
үшін қолданылды.  
 
1989  жылдың  соңында  Arpanet  жобасы  аяқталды,  бірақ  бұл  кезде 
көптеген  университеттер  және  ғылыми  ұйымдар  интернетке  қосыла 
алатын  болған.  90-шы    жылдардың  басында  корпорациялар  интернетті 
электрондық пошта арқылы мәліметтерді беру үшін қолданды. Бірақ ол 
кезде  бүкіләлемдік  желіні  қолдану  рұқсат  етілмейтін.  1991  жылы  оны 
пайдалануға рұқсат етілді, сол кезде интернетті жеке тұлғалар, ұйымдар 
мен  кәсіпорындар  қолдана  алды,  сонымен  қатар  коммерциялық 
қолданылу  мүмкіндіктері  кеңейтілді  (интернет  дүкендер,  интернет 
арқылы жарнама). 
 
1991  жылы  CERN  швейцер  фирмасынан  Тим  Бернерс  Ли 
Бүкіләлемдік  желі  өсіп  кеткен  кодты  жазған.  1993  жылы  бірінші  Mоsaic 
графикалық браузері шығарылды. 1994 жылы Марк Андерсен  Mоsaic-ты 
өңдеушілердің 
бірі 
кәсіпкер 
Джим 
Кларкпен 
бірге 
Netscape  
корпорациясын  құрды.  Джим  Кларк  үшін  браузердің  коммерциялық 
версиясы  пайда  болған  соң  Netscape  фирмасы  Netscape  Commerce 
Server 
–ді шығарды. Бұл серверлік қосымша  ұйымдарға веб-сайттарды 
орналастыруға  және  веб-парақтарын  жіберуге  мүмкіндік  берді.  Мұнда 
мәліметтер  шифрленген  формада  жіберілді,  оны  тек  жіберуші  мен 
алушы  ғана  оқи  алатын  болған.  90-шы  жылдарда  интернет  – 


18 
 
технологиялар  белсенді  түрде  дами  бастады,  соның  нәтижесінде  желі 
мәліметтерді беру ортасы болды.  
   
Көптеген  аппаратуралардың  жаңартылуына  байланысты  интернет 
әлемдік  коммуникациялық  инфроқұрылымның  негізгі  бөлігі  болып  қала 
береді.  Желіге  көптеген  құрылғылар  көмегімен  енуге  мүмкіндік  пайда 
болды, мысалы, мобильді телефондар, қалталы дербес компьютерлер. 
Интернетке жұмыс жасау үшін мыналар қажет: 
 
Бүкіләлемдік желі түйіндерінің біреуіне компьютерді  қосу; 
  IP 
адресті алу; 
 
Интернет  қызметінің  қолдануға  болатын  программа  –  клиент  
қызметінің    программалық   қамтамасыздандыруын    құру  және  қайтадан  
күйге келтіру. 
Өз түйіндеріне қосуға мүмкіндік беретін және IP–адресін белгілейтін     
мекемелер  Интернет  қызметін  тасымалдаушылар  (сервис  -  провайдер)   
деп  аталады.  Интернетке  қосылу  белгіленген  немесе  коммутативті  
болуы  мүмкін.  Белгіленген  қосылу  жаңа  немесе  дайын  физикалық  
сызықтарының  (кабельдік,  радиоканал,  спутниктік  канал)  орнын   
анықтайды.  Оны  көп  көлемді  берілгендерді  тасымалдауды  қажет  ететін   
мекемелер  және  кәсіпорындар  қолданады.  Коммутативті  біріктіру 
уақытша  болады,  арнайы  байланыс  сызығын  қажет  етпейді  және  
телефон  желісі  арқылы  жүргізілуі  мүмкін.  Коммутацияны  телефон  
номерін  теру  кезіндегі  сигнал  бойынша  АТС  орындайды.  Интернетке  
телефон  желісі  арқылы  қосылу  үшін  ақпараттарды  цифрлық  түрге   
алмастыру үшін қолданылатын арнайы құрылғы - модем керек. 
2) WWW 
– дүниежүзілік өрмек 
Бүгінде  Интернет  білім  алудың  әртүрлі  салаларында  әржақты  
ақпараттардың  түпнұсқасы  ретінде    қолданылады.  Құжаттарды  беруді  
басқаратын Интернет қызметін World Wide Web деп атайды. 
WWW  (World  Wide  Web)
–ні  «Дүниежүзілік  өрмек»  деп  атайды, 
кейде қысқа түрде Web (веб) деп атайды. Веб-тің негізгі қызметі – қажетті 
ақпаратты іздеу, жинастыру және  оны  экранға  шығаруды  ұйымдастыру. 
Оның экранда көрсетілетіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер. 
 
WWW 
құжаттары 
Интернетке 
тұрақты 
түрде 
қосылатын  
компьютерлерде  -  Web  -  серверлерде  сақталады.  Web  –  серверлерде  
бөлек  құжат  емес,  өзара  байланысқан    құжаттардың  тобы  орналасады.  
Мұндай топ Web–түйінді  (Web- сайт)  береді.  Дайын  материалдардың   
Web-
сайтта орналасуы Web – басылым  немесе  Web – публикация   деп  
атайды. WWW–дағы жеке құжат Web – парақ деп аталады. Бұл мәтіннен, 
графикалық 
иллюстрациялардан, 
мультимедиялық 
обьектілерден 
тұратын құжаттардың жиынтығы.    
WWW 
–  бұл  гипермәтінде  негізделген,  мультимедияның  бөлінген 
ақпараттық жүйесі. Осы анықтаманы ашып айтайық. 
Бөлінген  ақпараттық  жүйе  –  ақпарат  WWW–серверлер  деп 
аталатын  үлкен  жиында  сақталады.  Яғни,  арнайы  программалық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау