«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
173
3) ЖҮКТЕУ VIDEO - осы түймені басқан кезде бағдарлама өңделетін бейнефайлды таңдауға
болады;
4) СТАРТ - бейнефайлды ойнату басталады;
5) PAUSE - түйме белсендірілгенде ойнату үрдісі тоқтатылады;
6) осы салада танылған нөмірлерді байқауға болады.
Бейнелерді тануды жылдам бастау үшін CAMERA батырмасын басыңыз.
Сурет 2 – Бағдарламалық интерфейстің сипаттамасы
Бағдарламаның функционалдылығымен танысқаннан кейін оны тексере аласыз. 3- суретте сіз
бағдарламаның автокөлік нөмірін қалай танитынын байқайсыз. Нөмір танылғаннан кейін нөмірмен
жазба дерекқорға енгізіледі (3,4-суреттер).
Сурет 3 – Жұмыс барысы
Сурет 4 – Деректер қорындағы жазба
Әдебиеттер:
1. Грузман И.С., Киричук В.С. Цифровая обработка изображений в информационных
системах: Учебное пособие. – Новосибисрк: Изд-во НГТУ, 2012. – 352 c.
2. Воскресенский Е.М., Царев В.А. Моделирование и адаптация систем распознавания
текстовых меток на видеоизображениях. – Череповец: ИНЖЭКОН-Череповец. – 2013. – 154 с.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
174
Досымбет Таңшолпан
6М011100 - Информатика
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы Ғ.А. Асқарова
ҚазМемҚызПУ
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚЫТУДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ
ОЙЫНДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация. В начальной школе основным направлением обучения ребенка является игра. Игра и игры
влияют на развитие повседневного мышления и образования ребенка. Это также помогает решать
различные педагогические проблемы. Очень полезно использовать информатику на основе игровых приёмов.
Это прекрасная возможность для ребенка работать творчески, развивать свой ум, включая все виды работ.
Abstract. In elementary school, the main focus of the child’s education is play. Game and games influence the
development of the child’s daily thinking and education. It also helps to solve various pedagogical problems. It is very
useful to use computer science based on gaming techniques. This is a great opportunity for a child to work creatively,
to develop his mind, including all types of work.
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің
еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» Н.Назарбаев. Қазақ халқының
ойындарының тәрбиелiк мәнiн көрсеткен педагог-ағартушылар Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Оқу-
тәрбие процесiнде ойындарды пайдаланудың тәбиелiк мәнiн анықтаған ғалымдар Н.Құлжанова,
М.Жұмабаев,М.Дулатов, М.Әуезов, С.Мұқанов және т.б. Жалпы білім беретін мектептердің
бастауыш сыныптарында адамгершiлiк тәрбиесi тәрбиелеу және бiлiм беру процесiнде әр түрлi iс-
әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Адамгершiлiк тәрбиесiн жүйелi түрде ойын арқылы бастауыш
сыныптан бастап балалар бойында қалыптастыруға болады. Олармен ойынның әр түрiн ұйымдастыра
отырып, бiр-бiрiне деген қайырымдылық,мейiрiмдiлiк, жанашырлық, достық, жолдастық сезiмдердi
тәрбиелеуге болады. Ойын – бастауыш мектеп оқушыларының негiзгi iс-әрекетiнің бірі
.Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық», - деп бекер айтпаған. Өйткенi, ойын
үстiнде баланың бiр затқа бейiмдiлiгi,мүмкiндiгi және қызығушылығы анық байқалып, адамгершілік
сапалары мен қасиеттері қалыптасады [1,6 б].
Сабақты қызықты ұйымдастырудың басты тәсілі ойын болып табылады. Бастауыш мектепте
бірінші орында сабақ беру техникасы, оқу әрекетін ұйымдастыру үлгілерін табысты ұйымдастыру
үшін:
- сабақ эмоцияға толы, оқуға деген қызығушылықты оятып, білімге деген тұтынушылықты
тәрбиелеу қажет;
- сабақ қарқыны мен ырғағы оңтайлы, мұғалім мен оқушылардың әрекеттері аяқталған болуы
қажет;
- мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасында толық байланыс болып, сабақта
педагогикалық ырғақ пен педагогикалық оптимизм сақталуы тиіс;
- сабақта жайлы жағдай мен белсенді шығармашылық еңбек ету басымдылық етуі керек;
- мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін ауыстырып отыру керек, оқытудың алуан
түрлі әдістері мен тәсілдерін оңтайлы пайдаланған жөн;
- сабақ барысында шаршағандық пен қысымды басатын ойындар оқушыларға әрекет ету
үлгілерін ауыстыруға мүмкіндік береді;
- әр ойынның басты мақсаты – сабақта берілген мағлұматты түсінуге және оны бекітуге көмек
беруі қажет.
Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып - сабақ жүйе шартында
мұғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты қолданады, олар оқушының өзіндік
спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі оқу үрдісін құруға мүмкіндік береді:
диалог; ойын әдістемелері; ақпараттық минуттар; эвристикалық әдістер.
Бастауыш сыныптарға информатиканы оқыту кезінде екі құрамдас бөлікті атауға болады,
олар: компьютерлік және компьютерсіз. Бұлай ажырату бастауыш сынып оқушыларын компьютерде
жұмыс жасауға үйрету уақытының шектелуіне байланысты. Сол себепті мұғалім осы ерекшелікті
ескеріп, компьютерлік және компьютерсіз бөліктері арасында тепе-теңдік орната отырып сабақты