Диод.Екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр түрлі өтімділігі бар электронды аспап. Варистор.Берілген кернеу өзгерісіне сәйкес кедергісі өзгеретін шала өткізгіш резисторлар. Транзистор.Электр тербелісін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал. Интегралды микросхема.Өзара байланысты элементтерден тұратын және жартылай өткізгішті кристалдың ішінде немесе бетіне технологиялық топтау тәсілдерімен біріктіріліп орнатылған электрондық микросхема. Тиристор.Көп қабатты құрылымды шала өткізгіштің монокристалды негізінде жасалған шалаөткізгіштік аспап. Фоторезистор. Жұмысы ішкі фотоэффектіге негізделген, жарық әсерінен электрлік кедергісі кеміп, электр өткізгіштігі артатын шала өткізгіш аспап.
2.Негізгі бөлім.Жартылай өткізгіш құрылғылары
Достарыңызбен бөлісу: |