5. Пән бойынша қысқаша дәріс мазмұны
№ 1 дәріс
Тақырыбы: Кіріспе. Қазіргі жаратылыстану туралы жалпы көзқарастар.
Мақсаты:Жаратылыстану табиғат туралы ғылымдар жүйесі екенін ұғындырып, пәннің анықтамасын беріп, ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1.Жаратылыстану – табиғат туралы біртұтас ғылым.
2.Жаратылыстану ұғымы.
3.Табиғат жаратылыстанудың біріңғай зерттеу обьектісі,оларды зерттеу әдістері.
1. «Жаратылыстану негіздері» пәні өзіміз өмір сүріп жатқан Жер планетасын, ондағы табиғи жағдайлар мен жан-жануарларды, өсімдіктер әлемін, олардың тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды қазіргі заманғы ғылыми түсініктермен байланыстыра отырып қарастырады. Өлі табиғат пен тірі табиғатты біртұтас қарап, бұл проблемалардың экономикасын ғаламдық тұрғыдан қарастырады.
Қазіргі жаратылыстану туралы жалпы көзқарас.
2. «Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған- «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану – бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым).
3. Әртүрлі жаратылыстану ғылымдарының зерттеу шеңберінде бір ғана табиғи құбылыс тұрады. Зерттеу объектілерінің бірлігі бірнеше дәстүрлі жаратылыстық ғылымдардың тоғысуынан шығатын жаңа пән аралық ғылымдардың пайда болуына әкеледі.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Жаратылыстану ғылымы нені зерттейді?
2.Табиғаттың біртұтастығының нақты көрінісін қалай түсінуге болады?
3.Дәл жаратылыстану дегенді қалай түсінесің?
4.Жаратылыстанудың қандай мақсаттары бар?
5.Жаратылыстанудың қандай зерттеу әдістері бар?
Әдебиеттер: 1. 3-12 б.б, 7-10 б.б. 2. 3-4 б.б.
№ 2 дәріс
Тақырыбы: Қазіргі жаратылыстанудың негізгі принциптері.
Мақсаты: Жаратылысттанудың негізгі принципін түсіндіріп, осы жолда ғылым қалай дамыған, оның құрамдас бөліктері туралы айту.
Дәріс мазмұны:
1. Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлық мәдениет.
2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары.
3. Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері.
1. Жаратылыстанудың негізгі принципі бойынша табиғат туралы білімдердің эмпирикалық (тәжірибелік) тексеріс арқылы дәлелдеу мүмкіндіктері болуы керек.
Жаратылыстанудың техникалық ғылымдардан айырмашылығы, оның Әлемді өзгертуге емес, оны танып біліп білуге арналғандығында.Жаратылыстану ғылымының жетістіктері жаратылысты – ғылыми мәдениетке, ал қоғамтану ғылымының жетістіктері – гуманитарлық мәдениетке әкеледі.Әрқашанда тек қана жаратылыстану техникалық ғылымдармен бірге адамзаттың даму барысындағы барлық кезеңді мәселелерді шешіп отырады.
2. Адамзат өзінің табиғатты танып білу барысында барлығы 3 сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. 1-сатысында УІІ-У ғғ біздің эрамызға дейін. Бұл кезде натурфилософия деген ілім пайда болып, бұл саты ХУ ғасырға дейін созылды. ХУ-ХУІ ғасырдан жаратылыстанудың талдау (аналитикалық) сатысы басталды. 3-ші синтитикалық саты болды.
Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принципті тұтастығын дәлелдеп, ғылымның кірігуіне – 4 саты интегральды дифференциалдыға өттік.
3. Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері туралы айтқанда күрделі құрылымды жүйелердің маңызды қасиеті – иерархиялық принципті ескерілуі керек.
Қазіргі жаратылыстануды табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы ғана емес, құрауыштары бір-бірімен нағыз біртұтастықты көрсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Жаратылыстанудың негізгі принципінің мәні неде?
2.Жаратылыстану ғылымдарының қолданбалы және фундаментальды болып бөлінуінің негізгі себебі қандай?
3.Адамзаттың табиғатты танып білудегі сатылары қандай?
4.Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері қандай?
Әдебиеттер: 1. 12-20 б.б, 2. 5-9 б.б.
№3 дәріс
Тақырыбы: Өлі табиғат туралы ғылымдар. Әлем. (Вселенная)
Мақсаты:Студенттердің жалпы жертанудан алған білімдері негізінде дәрісте қарастырылатын сұрақтармен білімдерін кеңейту.
Дәріс мазмұны.
1. Әлем дүниесіндегі метерияның өмір сүру формалары:
2. Метагалактика планеталар.
3. Күн. Күн жүйесі. Жұлдызды аспан, біздің Галактика.
1.Әлем бізді қоршаған дүние. Ол уақыт пен кеңістік жағынан шексіз және тұрақсыз. әлем формасы – көп түрлі мәңгі қозғалыстағы материя. Әлем дүниесінің жер планетасын оның әлем кеңістігіндегі орнын білмей оқу мүмкін емес. Ол жалпы дүниежүзілік заңдарға бағынып космостағы шексіз объектілермен әрекеттеседі, сондықтан Жерді тұтас м және оның жеке қабықтарын зерттегенде космостық әсерлерді ескеру қажет.
2. Әлемнің осы заманғы радио және оптикалық телескоптармен «көрінетін» бөлігі – Метагалактика.
Әлемдегі заттар массасының 98% иондалған ыстык газ-плазма түрінде Жұлдыздар денесінде. «Планета» -«кезбе жұлдыз» деген мағына беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталарда белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалыста болады.
3.Күн – сондай жұлдыздардың бірі. Күн жүйесіне кіретін барлық планеталар созылыңқы шеңбер – элипс бойымен айналады. Күн – Меркурий – Шолпан – Жер – Марс – Юпитер – Сатурн – Уран – Нептун – Плотон. Жұлдыздардын көбісі кеністікте біркелкі орналаспаған, негізінен олар біздің Галактикамыз – Құс жолының маңында жинақталған.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Метагалактика дегеніміз не
2.Күн жүйесіне нелер кіреді
3.Күн жүйесі мен жұлдыздар эволюциясы
4.Күн жүйесінің пайда болуы
Әдебиеттер: 7. 222-226 б.б.
№4 дәріс.
Тақырыбы:Астрономияның негізгі объектілері және оларды зерттеу.
Мақсаты:Астрономияның негізгі объектілері және материяның құрылымдық деңгейлерімен таныстыру
Дәріс мазмұны:
1.Астрономиялық масштабтағы материяның құрылымдық деңгейлері.
2. Әлемді «терең» және «кең» мағынада қарастыру Мега, Макро, микроәлем.
1. Астрномияда кез – келген, әрбір, кішкентай болса да объект – астероид, метеорит, микрометеор – жеке деңгейде қарастырылады. Олардың әрқайсысы да өзінің тарихы бар және даму барысындағы жүйе ретінде зерттеледі.
2. Астрономиялық масштабтағы материяның құрылымдық деңгейлерін қарастырғанда Бүкіл Әлемді үш құрылымдық деңгейге; мегамир, макромир, микромирге бөлеміз.
Мегамир – Астрономиялық зерттеу жасауға мүмкіншілік бар жалпы Бүкіл Әлемнің материалдық үлкен бір бөлігі.
Макромир – адам өмір сүріп, әрекет жасайтын және өзінің сезім мүшелері арқылы, тнаымды қабылдайтын жалпы әлемнің бөлімі.
Микромир – адам өзінің тікелей бақылауы арқылы таным жасай алмайтын жалпы әлемнің бөлімі.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Астрономияның негізгі объектілері.
2.Астрономиялық сасштабтағы материяның қандай құрылымдық деңгейлері бар?
3.Мегомир қандай деңгейге жатады?
Әдебиеттер: 1. 89-92 б.б, 2. 31-37 б.б.
№ 5 дәріс.
Тақырыбы: Жаратылыстанудағы физика.
Мақсаты:Физика заттар мен құбылыстардың ең қарапайым да, сонымен бірге жалпы қасиеттері туралы ғылым екенін айтып, оның негізгі ұғымдарымен таныстыру, оның географиялық мәніне тоқталу.
Дәріс мазмұны:
1. Физиканың негізгі ұғымдары.
2. Электромагниттік өріс саласындағы зерттеулер және оның географиялық мәні.
1. Физика – заттар мен құбылыстардың ең қарапайым да, сонымен бірге ең ортақ жалпы қасиеттері туралы ғылым. Қандайда болсын құбылыстарды қарастыра отырып, физика оның табиғаттағы басқа құбылыстармен байланыстарын көрсетеді. Физикада 4 концептуальды жүйе бар. Осы жүйеге акустика, аэро- мен гидродинамикада кіреді 1 жүйенің негізінде классикалық механика. 2 жүйенің негізінде статистикалық механика. 3 жүйе – салыстырмалықтың арнайы теориясына негізделген: бұл жүйеге электродинамика, оптика, магнитизм және т.б. кіреді. 4 жүйе – кванттық механика.
2. Электромагиниттік өріс ұғымын ағылшын физигі және математигі Максвелл (1831-1879) енгізді. Максвелл электромагиниттік толқындар деп аталатындардың болу керектігі туралы қортындыға келіп, олардың таралу жылдамдығы жарықтың жылдамдығымен бірдей екендігін шығарды. Бұдан шыққан жаңа қорытынды жарық дегеніміз электромагниттік толқындардың бір түрі.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Физикада неше концептуальды жүйе бар атаңыз.
2.Механиканың негізгі қғымдары қандай?
3.Термодинамиканың екі түсінігін ата.
4.Электромагниттік толқынның құрамдас бөлігін ата.
5.Электромагниттік өріс ұғымын енгізген ғалым.
Әдебиеттер: 1. 55-62 б.б., 7. 117-120, 167-169 б.б.
№ 6 дәріс.
Тақырыбы:Жаратылыстанудағы физика, оның географиялық мәні.
Мақсаты: Кеңістік пен уақыттың классикалық түсініктерін ьіржолата бұзған Эйнштейннің арнайы салыстырмалылық теориясымен таныстыру. «Квант» ұғымын қалыптастырып, оның практикалық маңызын көрсету. Қарапайым бөлшектермен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1. Эйнштейннің арнайы салыстырмалық теориясы.
2. Кванттың механиканы жасау.
3. Қарапайым бөлшектер
4. Физиканың бірігуі.
1. 1905 Швецария оқымыстысы Альберт Эйнштейн 1879 – 1955 арнайы салыстырмалықтың теориясын жасады. Оның негізі кеңістік пен уақыттағы барлық өлшемдермен байқаулар салыстырмалы келетіндігі және жарық жылдамдығының тұрақтылығы.
2. Квант – қандайда бір бөлшектің бөлінбейтін порциясы. Энергияның элементарлы (ең кіші) дискретті порциясын білдіретін М.Планк неміс физигі енгізген ұғым (1858-1947). Заттар мен сәулеленудің квантық теориясы қатты денелерге жарық сәулесін түсіргенде, олардан электрондар бөлініп шығады.
3. Ежелгі грек философы Демокрит дүниедегінің бәрі әртүрлі атомдардың үлкен санынан тұрады десе, бұдан 20 жылдай бұрын физиктер қарапайым деп есептеген бөлшектердің шындығында оданда кіші бөлшектерден тұратындығын білді. Қарапайым бөлшектердің айналмалы сипаты бар – ол спин деп аталады.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы қандай 2 постулатқа негізделген?
2.Салыстырмалылықтың арнайы теориясының қандай қортындылары бар7
3.Физикада «квант» ұғымы нені білдіреді?
4.Жарық дуализм қабілетіне ие дегенді қалай түсінесің?
5.Қарапайым бөлшектердің айналым сипаты қалай аталады?
Әдебиеттер: 1. 62-70 б.б., 7. 141-144 б.б.
№ 7 дәріс
Тақырыбы: Жаратылыстанудағы химия.
Мақсаты:Химияның көптеген анықтамаларына талдау жасай отырып, ьұл ғылымның алдында тұрған екі басты мәселені бөліп көрсету. Д.И.Менделеев еңбегінің нәтижесінде химиялық білім жүйеге келгенін түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
1. Химияның ғылым ретіндегі негізгі проблемасы, оның географиялық жақтары.
2. Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.
1. Д.И.Менделеев химияны «Химиялық элементтермен олардың қоспалары туралы ғылым» деп атаған. Кейбір оқулықтарда химияны «заттармен олардың басқа түрге айналуы» десе, басқасында «заттардың сапалық өзгеру үрдісін зерттейтін ғылым» деп т.б. анықтамалар беріледі. Химияның алдында нақты практикалық мақсаттары бар. Ол адамзатқа табиғи заттардан мүмкіндігінше барлық қажеттілігін алу үшін керек. Химияның екі басты мәселесінің бірі берілген қасиеттері бар заттар алу - өндірістік міндет. Заттардың қасиеттерін меңгеру тәсілдерін анықтау – ғылыми зерттеудің міндеті.
2. Химиялық білімді жүйелі түрге келтіру негіздерін жасаған орыс ғалымы Д.И.Менделеев болды. Ол 1869 жылы химиялық периодтық заңды ашып, химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады. Д.И.Менделеевтің өз кестесін құруының принципі – элементтерді олардың атомдық салмағының өсуіне қарай оранластыру болды. Заттардың периодты түрде өзгеріп отыратын басқа да физикалық қасиеттері өз түсініктемесін тапты: тығыздық, қортылу температурасы, т.б. Бұл табиғаттың басқа да құбылыстарын түсіндіруге көмектесті. Элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің периодты өзгеруінің себебі қандай? Бұл күрделі сұраққа ғылым: ол атомның электрон қабаттарының құрылысының периодтылығында жатыр деп жауап береді.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Химияның зерттеу объектісі?
2.Химияның бірінші міндеті?
3.Химиның екінші міндеті?
4.Химияның негізгі мәселесінің әр түрлі шешілу әдістерінің бір – бірімен ретті түрде келуі не себеппен байланысты?
5.Заттың қасиетін көрсететін төрт негізгі факторды көрсетіңіз?
6.Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасағанда қандай принциптерді қолданды?
7.Химиялық элементтерінің қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі қандай себепке байланысты?
Әдебиеттер: 1. 120-126 б.б.
№8 дәріс.
Тақырыбы:Жаратылыстанудағы химия.
Мақсаты:Химия ғылымының дамуының барлық тарихы оның негізгі мәселелерін шешу тәсілдерінің заңды түрде ауысып отыруына байланысты екенін көрсетіп, химиялық процестер ғылымының дамуын түсіндіру.
Дәріс мазмұны:
1. Химиялық білімдердің даму деңгейлері.
2.Химиялық процестер ғылымының дамуының жалпы бағыттары, химияның өзге ғылымдармен байланысы.
1. Заттардың қасиеттерінің пайда болу проблемасын шешудің ұтымды тәсілі – химия дамуының бірінші кезеңі – ХУІІ ғасыр заттардың құрамы туралы ілім. Заттың құрамы – заттың қасиеттері. Бұл тәсіл ғылыми химиялық білімдердің бірінші деңгейі болған заттардың құрамы туралы ілімнің басын бастады.
Химияның ғылым ретінде дамуының екінші кезеңі – ХІХ ғасыр. Құрылымдық химия. Заттардың қасиеттері тек қана құрамымен анықталмай- тындығын көрсетеді. Бұл кезеңнің басты жетістігі молекула құрылымы мен заттардың функционалдық белсенділігі арасындағы байланысты анықтау.
Химия ғылым ретінде дамуының үшінші кезеңі – ХХ ғасырдың бірінші жартысы. Химиялық процестер туралы ілім. Дәл осы мезгілде химия енді тек заттар туралы ғана ғылым емес, заттардың өзгеру үрдістерімен (процестері) механизмдері туралы да ғылым бола бастады.
Химиялық ғылым ретінде дамуының төртінші кезеңі – ХХ ғасырдың екінші жартысы. Эволюциялық химия. Бұл химиялық жүйелердің өздігінен құрылуына әкелетін шарттарды пайдалану принципінде жатыр.
2. Химияның қазір мына мәселелерді шешуге мүмкіншілігі бар: а)фотосинтез үлгісін жасау мен үдету; б) өте бағалы отын ретінде қолдануға болатын сутегін судан фотолиз арқылы алу; в) знергияның жаңа көздерін табу; г) маңызды биохимиялық процестердің механизмін анықтау; д) ауыл щаруашылық өніміне жатпайтын заттардан жасанды талшықты заттар жасау; е) көмірқышқылды газдан өнеркәсіптік синтез арқылы метанол, этанол т.б. органикалық маңызды заттар алу. Алдағы уақытта жаңа химияның үлкен мүмкіншіліктерін байқауға болады.
- реакцияларды 100 проценттік шығынға жеткізу.
- көмірсутектерді қолдануды азайтып және мұнайдан көрі көп тараған әрі арзан көмірді қолдануға көшу.
- қоршаған ортаны сақтап қалу шараларын іске асыруға қызмет ету.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Химияның ғылым ретінде дамуының екінші кезеңі қалай аталады?
2.«Заттың құрылымы дегенді қалай түсінесің?
3.Химияның ғылым ретінде дамуының үшінші кезеңі қалай аталады?
4.Химияның ғылым ретінде дамуының төртінші кезеңінің уақыты...
5.Болашақтағы химияның кейбір мүмкіндіктерін ата?
Әдебиеттер: 1. 128-134 б.б., 156-157 б.б.
№ 9 дәріс
Тақырыбы:Тірі табиғат туралы ғылым. Жаратылыстанудағы биология.
Мақсаты:Биология ғылымының анықтамасын бере отырып, тірі табиғатты түсінудегі ежелгі ғалымдар туралы айтып қазіргі биологияның мәселелеріне географиялық тұрғыдан баға беру.
Дәріс мазмұны:
1. Биологияның мәселесі оған географиялық көзқарас (аспект).
2.Дәстүрлі немесе натуралистік биология.
1.Жер планетасында тіршіліктің пайда болғанына 3 млрд жылдан асты. Қазіргі заманғы биология – бұл тірі организмдер туралы ғылымдардың жиынтығы, бұрын өмір сүрген және қазір жер бетіндегі тірі ағзалардың әр түрлілігі туралы, олардың құрылысы мен қызметі, тегі, таралуы мен дамуы, бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысы туралы ғылым. Тірі табиғатты түсінуге алғаш рет жүйелі түрде ұмтылғандар антика заманының дәрігерлері Гиппократ, Гален, грек философы Аристотельді жатқызуға болады. Зерттеу үлгілріне байланысты биологияны вирусологияға, бактериологияға, ботаникаға, зоологияға және антропологияға бөледі.
ХХ ғасырдың екінші жартысында биология өз объектілері мен құбылыстарын зерттеудің молекулярлық деңгейіне шықты, жаратылыстану ғылымы бірыңғай Табиғатты оның барлық көріністерімен бірге зерттейтін біртұтас ғылымның бейнесіне ие болды. Биология тіршілікке барлық жағынан қатысты, оның жалпы және жекелік заңдылықтарын анықтайды. Биологияның дамуы негізгі үш кезеңді қамтиды.
1. Систиматикалық (К.Линней).
2. Эволюциялық (Ч.Дарвин).
3. Микро әлем биологиясы (Г.Мендель). Бұлардың әрқайсысы тірі әлем туралы түсініктің, биология көзқарасы өзгеруімен, биологиялық парадигмнің (жіктелудің) ауысуымен байланысты.
2. Дәстүрлі биологияның зерттеу обьектісі өзінің жаратылыстық қалпындағы тірі табиғат болды және бола береді. Ал натуралистік биология деп аталған дербес ғылымның қалыптасуы ХУІІІ-ХІХ ғасырларға келеді. Биологияның әдістері табиғат құбылыстарын тиянақты бақылау және бейнелеп жазу болды. Ал басты міндет оларды топтастыру. Натуралистік биология тарихының бірінші кезеңі сол жануарлар мен өсімдіктерді топтастырумен есте қалды. Дәстүрлі биологияның қалыптасуы – бұл табиғатты зерттеудегі кешенді немесе жүйелі тәсілдің тууы.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Биологияның зерттеу объектісі
2.Тірі табиғатты түсінуге алғаш рет жүйелі түрде ұмтылған ежелгі ғалымдар...
3.Зерттеу үлгілеріне қарай биология қандай салаларға бөлінеді
4.Қазіргі биология қанша жануарларды тауып сипаттап жазды
5.Биология дамуының үшінші кезеңі қалай аталады
6.Натуралистік биологияның бірінші кезеңі несімен есте қалды
Әдебиеттер: 1. 161-166 б.б.
№ 10 дәріс.
Тақырыбы:Жаратылыстанудағы биология.
Мақсаты:Тірі және өлі табиғаттың барлық объектілері құрылысы жағынан оларға кіретін элементтердің құрылыстық құрылымдық деңгейлердің иерархиялық байланыстық жүйелі екенін көрнекі түрде түсіндіру. Биосфера мен экологияның байланысын тереңдете ұғындыру
Дәріс мазмұны:
1. Тіршіліктің түрлері мен деңгейлері.
2. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі және экология.
1. Тірі және өлі табиғаттың барлық обьектілері құрлысы жағынан оларға кіретін элементтердің, яғни құрлыстың құрылымдық деңгейлерінің иеархиялық байланыстағы жүйелері болып табылады. Олардың ішіндегі ең қарапайымдары физиканы танып-білу саласына жатады, бұлар – электрондар, протондар, басқа қарапайым бөлшектер. Одан әрі атомдық деңгейлер, молекулярлық деңгейлер кетеді. Оларды зерттеумен физикада, химияда шұғылданады. Молекулярлық деңгейден соң субмолекулярлық деңгей келеді – бұл молекулалардың жұмысын бірыңғай бүтін ретінде зерттеу деңгейі: осылайша әрі қарай ағзалармен олардың қауымдастығының деңгейіне дейін. Биожүйелердің құрылымдық деңгейлерін топтастыру қарапайым бөлшектерден басталып, атомдар, молекулалар, макромолекулалар, макромолекулалар кешендері т.с жалғасады.
2. Биосфера гректің тіршілік деген сөзінен шыққан – жер шарындағы тірі организмдер таралған аймақ. Биосфера жер бетін, литосфераның 2-3 км тереңдігін, гидросфераны, атмосфераның төменгі 10-12 км бөлігін қамтиды. Тірі организмдердің ең көп тіршілік ететін аймағы – гидросфера, құрлық беті және атмосфераның жерге жанасатын бөлігі. 1919 жылы В.И.Вернадский «тірі затқа» берген анықтамасында: «Мен тірі затты өсімдіктер мен жануарлардың, оның ішінде адамды қоса алғандағы барлық организмдердің жиынтығы», - деп түсінемін деп жазып, ол тірі организм дегеніміз қуатты айналдыратын механизм деп атады. Биосфера 4 млрд жыл бұрын пайда болды. Саналы адам алғашында табиғатпен келісіп өмір сүрді, табиғаттан өзіне қанша өмір үшін қажет зат керек болса, соны ғана алды. Биосфераның қалыптасуы мен өмір сүруінің негізгі факторы көп жақты трофикалық байланыс болған және болып қала береді. В.И.Вернадский еңбектерінің адамзат үшін орасан мәні зор, олардың нәтижесінде экология таза биологиялық саладан тек қана ғылыми – жаратылыстық емес, фиолософиялық та мәні бар ғылым аралық салаға айналды.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1.Қазіргі заманғы биологияның даму тенденциялары қандай?
2.Биожүйенің құрылымдық деңгейлерінің ең төменгі сатысы.
3.Тірі организмдердің ең көп тіршілік ететін аймағы.
4.В.И.Вернадскийдің «тірі заттар» деген ілімінің мазмұны.
5.Биосфера қашан пайда болды?
6.Ноосфера ұғымына түсінік беріңіз.
Әдебиеттер: 1. 179-183 б.б., 200 бет.
№ 11 дәріс.
Тақырыбы: Эволюция теориясы.
Мақсаты:Тірі табиғат үшін эволюциялық даму – ажырамайтын және ерекше қасиеті екенін айтып, оның Дарвин жасаған эволюциялық теорияға сәйкес қозғаушы күштерін және эволюциялық биологияның бүгіні мен болашағына тоқталу.
Дәрістің мазмұны:
1.Эволюция процесінің ұғымы.
2.Тіршіліктің эволюциялық дамуы.
Тірі табиғат үшін эволюциялық даму – ажырамайтын және ерекше қасиеті. Дербес ғылым саласы – эволюциялық биология қалыптасты. Эволюциялық биология ғылымы тірі организмдердің өзгеруі мен даму заңдылықтары, дамуға қозғаушы күштері мен себептері туралы ғылым. Эволюция теориясы бойынша барлық тірі организдердің әр түрлілігі бір-бірімен байланысқан үш фактордың: тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау.
Дарвин өз теориясын кәдімгі натуралист болып жасады: оның ілімі – тірі табиғат оның әр түрлі көрініс-құбылыстарды жан-жақты зер салып, ынта қойып бақылауының жемісі, өйткені ол кезде ағзалардың химиялық құрамы мен заттар алмасу процестері туралы шамалы білімдер ол үшін аса маңызды болған жоқ. Дарвиннің кейін біртұтас теорияға айналған басты идеясы – табиғи сұрыптау идеясы туу үшін тек болжамдар мен суреттемелер жеткілікті болып шықты. Дарвин 1859 жылы «Түрлердің табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы» еңбегін шығарды. Мұнда ол органикалық әлемнің эволюциясының негізгі факторлары мен себептерін ашты. 1871 жылы Ч.Дарвин «Адамның пайда болуы мен жыныстық сұрыптау» еңбегінде адамның маймыл тұқымдылардан шыққаны туралы гипотезасын жасады. Ол органикалық әлемнің эволюциясы жоғарыда айтып кеткен 3 негізгі фактордың: тұқымқуалаушылық және табиғи сұрыптаудың әсерінен болатындығын көрсетті. Өзгергіштік организмдердің құрылымдарындағы жаңа қасиеттері мен функциялардың қалыптасуына әкеледі. Тұқымқуалаушылық оларды тұрақтандырады. Түрлер арасындағы өмір сүруге деген күрес кезіндегі табиғи сұрыптаудың нәтижесінде табиғи ортаға қалыптаса алмағандары жойылады. Сонымен Дарвин органикалық әлем эволюциясының негізгі қозғаушы күштерін ашып берді және жаратылысты – ғылыми тұрғыдан биологиялық түрлердің дамуын түсіндірді. Табиғи сүрыптау эволюциялық өзгерістерді бағыттайтын негізгі фактор болып табылады. Тек ол ғана тірі организмдердің дамуының тарихи магистральды бағытын анықтайды. Тірі организмдердің, қоршаған ортада тірі қалу және тұқым қалдыру мүмкіндігін қалыптастырады. Табиғи сұрыптаудың нәтижелері, тіршілік иелерінің әр кезеңдерінің ауысу кезінде байқалады. Сұрыптау объектісіне тіршілік иесінің жеке түрлері қатысады. Сұрыптаудан өткен жеке түр популяциясының генофондына өзінің үлесін қосады. Популяция – (латын сөзі – адамдар, халықтар) өсімдіктер мен жануарлардың бір түріне жататын жекелеген организмдердің белгілі-бір территорияға шоғырланған жиынтығы. Олар өздерінің өмір сүру кезеңдерінде көптеген ұрпақ шығарып көбейеді. Популяция – түрлердің эволюциялық дамуындағы элементар бірлік. Сұрыптауға тіршілік иесінің барлық белгісі мен қасиеттері кірістіріледі. Ол дербес тіршілік иесінің барлық даму сатысына қатысып тіршілік иесінің тірі қалу мен тұқым қалдыру мүмкіншілігін күшейту бағытында жүреді. Барлық айтылғандарды тұжырымдасақ: эволюцяның дамуы нәтижесінде тірі қалдыру мүмкіншілігін жасайтын генетикалық және т.б. белгілер осы тіршілік иелерінң бір ұрпағынан екінші ұрпағына өткен сайын көбейіп, осы түрдің негізгі даму бағытын анықтап отырады.
Эволюция дегеніміз – тірі организмдердің бағытталған тарихи өзгеру процесі. Эволюциялық биологияның ғылым ретіндегі бейнесі білімдердің екі бағытын біріктіру нәтижесінде қалыптасты: эволюциялық ілімнің өзін және басқа ғылымдар тарапынан оның механизмдеріне қатысты алынған білімдерді. Эволюциялық биологияның мазмұны үнемі кеңейе түсуде. Қазіргі кезде ғалымдар эволюциялық процестерді молекулярлық – генетикалық деңгейде зерттеуде. Классикалық антропогенз адам мен табиғаттың біртұтастығын зерттейді. Жануарлар үшін сұрыптау – эволюцияның негізгі факторы болса, адам үшін оның маңызы – генофонды сақтауда, адам денсаулығына теріс әсер ететін мутацияларды болдырмау. Табиғи сұрыптау қазір адамда негізінен клетка деңгейінде жүруде. Мәселен, көбіне сәбилер генетикалық сау клеткалардан келеді. Адамның орташа өмір ұзақтығы артты. Ер адам миы 1400 см3, әйелдерде 1270 см3. Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтар тұжырымдауы бойынша адамның түр ретіндегі биологиялық эволюциясы тоқталды. 30-40 мың жыл бұрын адамның бет-бейнесі өзгеруі тоқталды. Енді эволюцияның негізінде интелекттің дамуы мен іс-әрекеттің мақсаттылығы жатады. Адам өмірінде генетикалық информация әлеуметтік информацияға жол беруде деп болжануда.
Өсімдіктер әлемі тірі табиғаттың бір бөлігі. Микроскоп арқылы көрінетіндерді қосқанда қазір ғылымға 500 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда жоғары сатыдағы өсімдіктің саны 5000-нан астам. Климатына байланысты Сахарада 300-дей түрлі өсімдік өссе, Бразилияда 40000 түрлі өсімдік өседі. Таралуымен қатар өсімдіктер өмірінің ұзақтығы да әр түрлі, мысалы, жүзім 80-100 жыл өмір сүрсе, емен 1000 жыл өмір сүреді. Қазір адам қолдан өсіретін мәдени өсімдіктердің 20000-дай түрі бар. Соның ішінде бидай отаны – Иран мұнда б.д.д. 6,5 мың жыл бұрын егілген. Күздік бидайдың 160, жаздықтың 150 түрі ТМД-да егіледі. Күріш – Оңтүстік-Шығыс Азияда – 22 түрі бар. Жүгері – майс – Орталық және Оңтүстік Америка оның отаны. Ең алғаш жүгері Азияда Түркияда өсірілді. Картоп – Перуде, оны папа деп атайды. Алма Қазақстанның Алатауында - 1908 жылы Германиядағы Мангеймде, 1961 жылы Эрфурт көрмесінде алтын медаль алды. Дүние жүзінде алманың 78 түрі бар, Алматыда 20 түрі өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |