Түйін.
Методологиялық дұрыс жоспарланып және тиянақты жүргізілген ғылыми жұмыс, көп жағдайда ғылымның алдына қойған міндетін шешуге мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
Егер зерттелетін жағдай тек сапалық жағынан ғана көрінбей, сонымен қатар сандық басқыштаушылықты (градация) көрсетсе, жоғарыда қарастырылғандай зерттеу жұмысын жүргізуге бола ма?
Егер тәжірибе жүзінде дәлелденген нәтижелер болмаса, тәртібіндегі туғаннан қылмысқа бейімділік болады деген болжамды түпкілікті жоққа шығаруға бола ма? Жауабыңыздыды түсіндіріңіз.
Қылмыстық тәртіптің биологиялық жағын ескермей, оны әлеуметтік және психология-педагогикалық жағынан ғана қарастырып зерттеуге бола ма?
Әдебиеттер:
Генетика и наследственность /Под ред.Е.А.Яновской/ Пер.с фр. М.: Мир, 1987. С.191-193, 244-247.
Малиновский А.А. Биология человека. М.: Знание, 1983 (сер. «Биология», №8). С.33-36.
Венчиков А.И., Венчиков В.Д. Основные приемы статистической обработки результатов наблюдений в области физиологии. М.: Медицина, 1974. С.52-59.
№12,13 лабороториялық сабақ.
Тақырыбы:Жеке адам организміндегі ырғақтылықты зерттеп тану.
Теориялық бөлім.
Осы заманғы жаратылыстанудың тұжырымдарына сәйкес табиғаттағы барлық құбылыстар белгілі бір ырғақтылыққа бағынады. Бірақ қазіргі кездегі ғылымның мүмкіндіктері барлық уақытта бірдей көрсетілген ырғақтылықты тіркей алмайды. Тіркегеннің өзінде бұл ырғақтылықтың түзілу механизімін және оны ұстап тұрған жағдайды барлық уақытта аша алмайды. Толық себептері қазіргі уақытта белгісіз табиғи ырғақтылықты «автоматты ырғақтылық» немесе автоырғақтылық деген жалпы атқа біріктіреді.
Бұлардың ішінде бәрінен де көп қолданбалы маңызы бары биологиялық автоматтық ырғақтылық немесе тірі организмдер автоырғақтылық. Соның ішінде бірінші орында адам организміндегі ырғақтылық. Мұндай ырғақтылықтың бар екеніндігін көрсететін әдістердің біреуі «жеке дара минуттарды» (ЖМ) есептеуге негізделген тәсіл.(подход). Бұл тәсіл ғылымда және практикада (көбіне өндірістік әрекеттерді жүргізуші адамдарды-операторларды оқытқанда, төтенше қолайсыз жағдайларға мінез-құлықты тәрбиелеу т.б.) кеңінен пайдаланылады. ЖМ-сағатты пайдаланбай астрономиялық уақыттың минуттарын өз пікірінше шығару (субъективное отсчитывание).
Жұмыстың барысы:
Ескерту: Жұмысты орындау үшін студенттер жұптарға бөлініп, әрбір жұп бөлек жұмыс істейді. Зерттеуді жүргізу үшін әрбір студенттер жұбына секундты көрсететін стрелкасы бар сағат, не секунд өлшеуіш қажет.
1. ЖМ-ды санамай және кедергісіз анықтау.
Ол үшін студенттердің әрбір жұбы, сағаты алдарына қойып, секундтың стрелкасының қозғалысын 0,25-0,5 минут тиянақты, мұқият бақылап отырады. Бұдан соң жұптағы бір студент сағатты алып қасындағы жолдасына көрсетпей қарап отырады. Сағатқа қарап отырған студенттің берген белгісі бойынша, қасындағы бірінші студент сезім арқылы «ішкі уақытты қабылдай бастайды» (интуитивно «воспринимать внутреннее время») бірақ ішінен санамайды. Ол бір минут (60 секунд) болды-ау деген кезде, қасындағы сағатқа қарап отырған студентке айтады. Ол сағатпен салыстырып студент айтқан нақты уақытты жазып қояды. Бұл «ЖМ-санамай және кедергісіз анықтау» болады. Нәтижені бірінші студентке айтпайды. Бұдан соң да тәжірибе екі рет қайталанады, сосын үш тәжірибенің орташасы шығарылады, нәтиже 1 секундқа дейін дөңгелектенеді. Бұл шығарылған қортынды да тәжірибе жасап отырған студентке белгісіз қалуы керек.
2. ЖМ-есептеу арқылы, кедергісіз анықтау.
Бірінші кезеңдегіден айырмашылығы, сағаттың секундтық стрелкасына қарап отырып, өзі ішінен санап отырады. Оның санауы сағаттың 1 секундымен сәйкес келуі міндетті емес, ол студенттің өзіне қолайлы ырғақтылықпен саналады. Мысалға, 10 секундта – 17 санауы және т.с.с. Осылай студент көрсеткен көрсеткішті өзінің жауабындағы екінші студент бұған айтпай жазып отырып, үш рет жасалған тәжірибенің қосындысын шығарып, оны үшке бөліп, тағы да орташа көрсеткішін шығарады. Нәтижесін айтпайды.
3.ЖМ-санамай, бірақ кедергімен анықтау.
Біріншіден айырмашылығы үнемі кедергі-кесел болады. Кедергі ретінде сөйлеп тұрған радионы, сылдырмақ ойыншықты немесе оқытушы ойды бөлетіндей бір нәрсені оқуын пайдалануға болады. Екінші студент үш нәтижені алып оның қортындысын айтпай орташа мәнін есептеп шығарады.
ЖМ-есептеу және кедергі арқылы анықтау.
Бұл кезең дәл жоғарыдағы кезеңдердей орындалады. Осы төрт кезеңді аяқтаған соң тәжірибеден өткен студентке нәтижелері айтылады, ол оны өзінің дәптеріне жазып алады.
Бұдан соң
Тәжірибе жасалған студентпен нәтижелерін жазып отырған студент орындарын ауыстырады. 1-4 кезеңдерді түгел жасап болғаннан кейін, екінші студентке де оның нәтижелері жарияланады.
Өздеріңіздің ДМ-тарыңыздың төрт жағдайдағы нәтижелерін график түрінде көрсетіңіз. Нәтиженің мүмкін болуы мүмкін бір нұсқасының графигінің үлгісі төмендегідей
Өздеріңнің нәтижелеріңізді талдап, қортынды шығарыңыздар.
ЕСКЕРТУ: Тәжірибе көрнекілік жағдайда өтетіндіктен, қортындысы шамамен алынған мәнге ие болады, сондықтан бұл негізінен оқу мақсатына пайдаланылады.
Қортынды шығарғанда төмендегі жағдайларды басшылыққа алыңыздар.
А. Егер барлық көрсеткіштер 80 секундтан артық болса, сіздің организміңіздегі жүйке-психологиялық және физиологиялық-химиялық процесстер өте баяу-тежелген.
Б. Егер барлық нәтиже 40 секундтан аспаса, сіздің айқын көрінетін қызбалығыңызды, ішкі дүниеңіздің үнемі абыржыған (ашу кернеген) күйде болатынын көрсетеді.
В. Егер барлық нәтижелер 60 секундтан 5 секундтан артық-кем ауытқымаса (мінсіз жағдай -1-2 с), онда сіздің жүйкедегі процестеріңіз бірқалыпты, организміңіздегі биохимиялық және физиологиялық құбылыстар жақсы бірқалыпта (сбалансирован).
Г. Егер ДМ-дың есептеп отырғандағы нәтижесі есептеп отырмағаннан көп айырмашылығы болмаса, ол ішкі ұйымдасқандық ойды әдейі қадалып көңіл аударғанда жоғарылайтындығын көрсетеді. Мұндай жағдай көптеген адамдарда болады. Бұл жағдайға қарама-қарсы жағдай сыртқы әдейі жасалған шарттқа көңіл бөлмейтін, өз ісіне берілген адамдарға тән.
Д. ДМ-дың кедергімен нәтижесі, кедергісізден төмен.
Бұл «кедергімен» деген атынан-ақ көрінуге тиіс нәтиже. Бірақ кедергімен жасалған тәжірибеден алынған нәтиже жоғары, жақсы болса бұл еркі күшті адам деген сөз. Ол адам төтенше қолайсыз жағдайларда өзін жинақтап алып, осы арқылы ол өте жақсы, қалаған нәтижесіне жете алатын адам.
Түйін
ДМ-ды анықтау организмде автоматтықырғақтылықтың барлығын анықтау үшін ғана әсерлі әдіс емес, ол сонымен қатар әркімнің өз организмінің биологиялық және психологиялық ұйымдасқандығын білу үшінде әсерлі әдіс.
Бақылау сұрақтары:
1.Адамдағы автоматтықырғақтылық тәуліктегі уақытқа немесе жыл мезгілдеріне байланысты өзгеруі мүмкін бе?
2.Егер студентке әрбір есептеу соңында нәтижесін айтса, қортындының өзгеруі мүмкін бе ?
Әдебиеттер:
1.Ягодинский В.Н. Ритм, ритм, ритм. М.:Знание, 1985. С.73-101.
2.Циклические процессы в природе и обществе. Ставрополь: Изд-во Ставропольского ун-та, 1993. С.195-263.
№14,15 лабораториялық сабақ.
Тақырыбы: Жеке адамдағы автоматтық ырғақтылықты анықтау. (Биологиялық ырғақтылық)
Теориялық бөлім.
ХХ ғасырдың басында австрия писхологі Герман Свобода (1873-1963) және неміс дәрігері Вильгельм Флисс (1859-1928) ауруханадағы созылмалы аурулары бар науқастардың көптеген өздеріне мәлім ауруларының тарихындағы көрсетілген материалдарды жинақтап, жүйелегенде олар бір-біріне қатыссыз қызықты математикалық заңдылықты көреді. Сөйтсе, аурудың күшейіп, науқастардың дәрігерге көрнетін күндері 23 және 28 күнде мезгіл-мезгіл қайталанып отырады екен. Бұл кезеңдерді В.Флисс адамның физикалық және сезім әрекетіне берілгіш (эмоциональный) жағдайда болатын кездері деп атаған. Кейіннен австриялық оқытушы Альфред Тельшер, студенттердің оқу материалдарын қабылдауында да белгілі бір кезеңдердің бар екенін (цикличность) байқаған, бірақ оның қайталанып отыратын мезгілі 33 күнге сәйкес келген. Бұл ырғақты ақыл-ой кезеңі деп атаған.
Сол уақыттан бері дүние жүзінің көптеген елдерінде мыңдаған статистикалық материалдардың мәліметтерін өңдеген зерттеулер жүргізілді. Олар тек ауруларды, не ақыл-ой қабілеттілігін ғана зертеп қоймай, олар өндіріс орындарындағы бақытсыздық жағдайларды, транспорттағы жол апаттарын, өлімді, спорттағы нәтижелерді және т.б. зерттеген.
Нәтижесінде адам организмінде дүниеге келген сәттен бастап беріліп, оның бүкіл өмірі бойына жалғасатын флиссов ырғақтары деп аталатын тұжырым қалыптасты. Әрбір ырғақтың өзгерісі оның атына сәйкес адамның физиологиялық (әрекет етуіндегі) жағдайының жоғары болатын кезін көрсетеді: (1 сурет)
А – белсенділік, t-уақыт,
«+» - оң нәтижелі кезең,
« - » - теріс нәтижелі (шамалы) кезең,
«•»- өте қиын кезең.
Егер адамның дүниеге келген күнінен зерттеу жүргізілген күнге дейінгі барлық үш ырғақты (физикалық сезім әрекетіне берілгіш, ақыл-ой) үлгі график түрінде тұрғызып көрсетсек, график шамамен 2-суретте көрсетілгендей түрде болады.
«—» - физикалық айналым.
«----» - сезім әрекетіне берілгіш кезеңнің айналымы.
«—•—» - ақыл-ой кезеңі айналымы.
«х» - зерттеу жүргізілген күн.
Бұдан көретініміз айналымға түсетін кезеңдердің мезгілі әртүрлі болғандықтан зерттеу жүргізетін күн бұлардың көрсеткіштері мүлдем әр түрлі болады.
Жұмыстың барысы:
1. Жеке өз организміңіз үшін, осы зерттеу жүргізілген күнге сәйкес келетін флиссов ырғақтарын есептеп шығарыңыз. Зерттеу күніне өз топтарыңда осы сарамандық сабақтың өткен күнін алыңыз.
Көрсетілген есептер бірнеше кезеңдермен орындалады:
а) Зерттеуді жүргізген күнмен қоса, сол күнге дейін өмір сүрген күніңіздің санын есептеп шығарыңыз.
Б) Шыққан санды үш ырғақтың мезгіліне (23,28,33) бөліңіз.
В) Бөлуден қалған толық күнге қарап, әрбір айналымның оң, теріс және өте қиын күндерін анықтаңыз. (1 суретке қараңыз).
Барлық есептеу мен нәтижелерді хаттамаға жазыңыз.
ЕСКЕРТУ: 1. Өмір сүрген барлық күніңіздің санын есептеу үшін, жасыңыздың санын 365-ке көбейтіп, аталған жылдардың ішіндегі кәбиса (високосный) жылдың санын және туған күніңізден кейінгі күндер санын қосыңыз.
2. Бөліп есептеуге электрондық калькуляторды пайдаланғанда, ондық бөлшекке дейінгі қалдықты алып, оны бөлгішке көбейтіп бүтін қалдық алу керек.
2. Зерттеу жүргізілген күннен бастап таяудағы жарты жылға арналған өз күндеріңіздің ырғақтылығын анықтаңыздар. Бұл мақсат үшін типографиялық күн тізбекті пайдалану ыңғайлы.
Жарты айналымды есептеуде жеткізбей дөңгелектеп алыңыз. Әрбір айналымдағы анықталған күндерді қатардан белгілеңіз.
Салыстырмалы талдау жасап қиындықтың екі есе көп күндерін (бұлар «қауіпті» күндер деп аталады), қиындық үш есе көп күндер (олар «қара» күндер) деп аталады, соларды тауып, жазып алыңыздар.
3. Екінші бөлімге қосымша әрбір айналымға келетін ең жоғарғы және ең төменгі белсенді күндерді есептеңіз. Есептеуде дөңгелектеуді түзету арқылы жүргізіңіз. Әрбір айналымдағы анықталған күндерді қатардан белгілеңіз.
4. Үйге тапсырма: Өзіңнің таяудағы жарты жылға жасаған физикалық жағдайыңның болжамын, өз физикалық жағдайың мен салыстыр, сәйкес келген күндерді дөңгелекшемен белгіле.
Т ү й і н
Биологиялық (флиссов) автоматтық ырғақтылығы өз организміңіздің өте қиын күндерін болжап білуге, қажет болған жағдайда теріс нәтижелі ырғақтылықта болғызбайтын жағдайды қарастыруға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары:
1. Адамның өмір бойы өмір сүрген күндерінің санын жоғарыда айтылған жолдан басқа жолды пайдаланып та есептеуге бола ма?
2. Шындыққа жанастырып, биологиялық ырғақтылық ана құрсағындағы нәрестеде де болады деп есептеп, осы үш ырғақтылықты сәби дүниеге келген сәтте ары қарай жалғастырып қарастыра беруге болады дегенді түсіндіріңіз.
3. Жорамалданған (постулируемых) автоматтық ырғақтылықтың ішінде ең шапшаңы физикалық, ал ақыл-ой ең баяуы екенін қалай түсіндіруге болады?
4. Талданған белсенділік жағдайының неге ең қиын күндері нольдік мәні бар нүктелерге сәйкес келеді?
Әдебиеттер:
1.Агаджанян Н.А.и др.Ваша работоспособность сегодня. М.:Сов.Россия,1979.88 с.
2.Ягодинский В.Н. Ритм, ритм, ритм. М.:Знание, 1986. С.107-123.
8.ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКТІК ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ, КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
жоспарланбаған
9.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
1.Осы заманғы жаратылыстанудың ғаламдық мәселелері.
2.Жаратылыстанудың адамзат мәдениеті үшін маңызы.
3.Араб әлемінің жаратылыстануға қосқан үлесі.
4.Менің туған өлкем.
5.Литосфераны қорғау.
6.Атмосфераны қорғау.
7.БҚО аумағындағы қорықтар.
8.Қазақстан аумағындағы қорықтар.
9.БҚО өсімдіктері.
10.Экологияның негізгі мәселелері.
11.БҚО-ның «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер.
12.Жануарлар өміріндегі маусымдық өзгерістер.
13.Жер биосфера және оның эволюциясы.
14.Нобель сыйлығы және оның лауреаттары.
15.Ғылым оның мәдениетің басқа түрлерінен айырмашылығы.
16.Синергетика-жәй жүйелердің өзін-өзі құру мен хаостан үйлесімді жүйенің орнығуы.
17.Адамның тарихи дамуының биологиялықтығы мен әлеуметтілігі.
18.Тіршіліктің пайда болуы.
19.Жаратылыстанудағы уақыт және кеңістік концепциясы.
20.Тіршілік эволюциясындағы сыртқы орта мен мутацияның ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |