Жаратылыстану математикалық факультетінін деканы



жүктеу 1,16 Mb.
бет7/18
Дата24.12.2017
өлшемі1,16 Mb.
#5792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Пайдаланатын әдебиеттер:


1. Виворский В.Я. «Методика химического эксперимента в школе», М., 1983ж. (интернет көзі) 1.1

Дәріс № 2

Тақырыбы: Химиялық эксперимент-оқытудың арнайы әдісі.

Дәріс мақсаты: Химиялық эксперименттің негізгі компоненттері мен өзіне тән функциялармен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Химиялық эксперименттің негізгі белгілері.

  2. Химиялық эксперименттің арнайы функциялары;

Дәрістің мазмұны:


Ол білімді нақтылыққа айналдыру жолымен анықталған, теорияны практикаға айналдыру жолында басты әдіс болып табылады.

Әдістемелік әдебиеттерде химиялық эксперимент түсінігіне бірнеше анықтама беріледі, ол ‘’мектептегі химиялық эксперимент’’,химиядан оқушы эксперименті және т.б.Бұл түсініктердің ішінде негізгі түсінік ретінде оқу үрдісіндегі ‘’ химиялық эксперимент ’’ деп те атауға болады.

Оқу үрдісіндегі химиялық эксперименттің ортақ компоненттері:


  1. химиялық обьектілерді оқып – үйрену ( заттар мен химиялық реакция )....

  2. эксперименттің мақсаты мен міндетін анықтау

  3. оқушылардың эксперименттік іс-әрекеті

  4. химиялық эксперименттің техникасын меңгеру.

Бұл жалпы компоненттер негізінде оқу үрдісіндегі химиялық эксперимент – химия обьектілерін танып – білу және оқылған білімді дамыту бағытындағы арнайы оқу процесі болып табылады.

Мектептегі химия курсы тек зерттеу әдісі, жаңа білім көзі ғана емес,сонымен қатар оқу обьектісі болып табылады.

Химиялық эксперимент мынадай маңызды функцияларды атқарады: білім беру, тәрбиелеу ( еңбек, эстетикалық, экономикалық, адамгершілік, рухани ) және даму (ақыл-ойы, есте сақтау, ерік, эмоция, мотив,т.б.)

Химиялық эксперимент кейбір келесі жеке функцияларды да орындайды:.

а) информациялық (ақпараттық)

ә) эвристикалық (тапқырлық)

б) критерилік

в) түзетушілік

г) зерттеу

д) қорытындылау

е) дүниетанымдық

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Химиялық эксперименттің негізгі белгілерін ата.

  2. Химиялық эксперименттің қандай арнайы функцияларын білесің?

3. «Катализатор» ұғымын оқушыларға қандай тәжірибелер көмегімен түсіндіруге болады?

Пайдаланатын әдебиеттер

  1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993,

  2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004

  3. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 2005,

Дәріс № 3

Тақырыбы: Химиялық эксперимент түрлері.

Дәріс мақсаты: Химиялық эксперимент түрлерімен, олардың мақсаты мен ерекшелігімен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Демонстрация (көрнекі көрсету эксперименті)

  2. Демонстрация экспериментке қойылатын талаптар.

  3. Оқушы эксперименті, оған қойылатын талаптар.

Дәрістің мазмұны:


Орта мектепте химиялық сынақ тәжірибенің төрт түрін қолданады: бұлардың әрқайсысының өзінше жеке методикалық тәсілдері, оған сай мақсаттары бар:

  1. Көрсетілім тәжірибелер

  2. Зертханалық тәжірибелер

  3. Сарамандық сабақтар

  4. Аралас типті сынақ тәжірибелер (сынақ тәжірибелік есептер шығару, практикумдар өткізу т.б.)

Демонстрациялық эксперимент ең алдымен, оқушыларда заттар, химиялық құбылыстар және процсстер туралы нақты түсінік, ал содан кейін химиялық ұғымдарды қалыптастыруда, жаңа тақырыпты талқылау кезінде жүргізіледі. Ол аз уақыт ішінде химия саласындағы маңызды қорытындыларды түсінуге, зертханалық тәжірибелерді және жеке жұмыстарды орындап үйретуге мүмкіндік береді.

Демонмтрциялық эксперимент келесі жағдайларда жүрігізіледі:



  • оқушылардың қолдануына қажетті құрал-жабдықтар жетпеген жағдайда;

  • тәжірибе күрделі, оқушылар өздері өткізе алмағанда;

  • тәжірибені өткізуде оқушылардың қажетті білігі болмағанда;

  • аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде;

  • эксперимент қауіпті болғанда (сілтілік металдармен, электр тогын қолданатын жұмыстар);

  • уақытты үнемдеу мақсатында.

Әрбір демонстрациялық тәжірибе зерттелетін құбылыс сипатына және нақты оқу-тәрбиелік жұмыстың мақсатына қарай өзіндік ерекшеліктері болады. Дегенмен, химиялық демонстрациялық эксперимент келесі талаптарға сай болуы тиіс

  • Көрнекілік.

  • Қарапайымдылық..

  • Сенімділік.

  • Қауіпсіздік.

  • Демонстрациялық эксперименттің педагогикалық нәтижесі, білімге және эксперименттік ептілік пен дағдыға әсері экспермиент техникасына байланысты.

Мұғалім кабинеттегі барлық жабдықтарды және әрбір құралдарды жеке зерттеу керек, яғни демонмтрциялау техникасын жетілдіруі тиіс. Демонстрациялау техникасы бұл демонстрцияны дайндау және өткізу кезінде қажетті құрал-жабдықтар мен аппараттарды қолана білу тәсілдері. Демонстрациялау әдісі – демонстрацияның әсерлілігін көсететін тәсілдер жиынтығы. Демонстрацияның әдісі мен техникасы бір-бірімен тығыз байланысты. Сол себепті оларды көрнекі көрсету экспериментінің технологиясы деп атауға болады.

Демонстрациялық тәжірибені жүргізу кезінде әрбір тәжірибенің орындалу техникасын, реакивтер сапасын, құрал-жабдықтардың және құбылыстың оқушыларға жақсы көрінуін, қауіпсіздігін алдын ала тексеру өте маңызды болып табылады.

Кейде демонстрациялық үстелге екі жабдықты қойған дұрыс: біреуі – толық құрастырлыған және тәжірибе орындауға дайын күйінде, ал екіншісі - бөлшектенген түрінде, қолдану барысында оның құрылысын түсіедіру мақсатында, мысалы Кипп аппараты, тоңазытқыштар және т.б.

Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Демонстрациялық эксперимент қай уақытта жүргізіледі?

  2. Демонстрациялық экспериментке қандай талаптар қойылады?

  3. Оқушы эксперименті дегеніміз не?

  4. Оқушы экспериментін өткізу формаларын ата.

  5. Оқушы экспериментінің қандай түрлерін білесің?

Пайдаланатын әдебиеттер:

1 Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993,



Дәріс № 4

Тақырыбы: Химиялық эксперимент түрлері.

Дәріс мақсаты: Химиялық эксперимент түрлері- лабораториялық және практикалық жұмыс әдістерін түсіндіру

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Лабораториялық (зертханалық) тәжірибелер.

  2. Практикалық сабақ.

  3. Эксперименттік есептер шығару.

жүктеу 1,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау