Жаратылыстану математикалық факультетінің деканы Қарағойшин Ж. М



жүктеу 2,02 Mb.
бет35/39
Дата21.12.2017
өлшемі2,02 Mb.
#5390
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

Дәрістің мазмұны:


  1. Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттері.

  2. Қорытындылау сабақтарын өткізу методикасы.

  3. Химиялық заңдар методикасы мен теориялар жөнінде білімді қорыту.

  4. Химиялық реакция туралы білімді қорытылау.

Дәрістің мақсаты: Органикалық заттарды оқып- үйрену әдістемесімен танысу.

Орта мектептегі химия курсының бағдарламасы «Бейорганикалық және органикалық химия бойынша білімді қорытындылау» деген тақырыппен аяқталып келді. Бұл курстық басты- мақсаты- оқушылардың төрт жыл бойы химиядан алған білімін тереңдету және жинақтап қорыту.

Бейорганикалық және органикалық химияның қорытындылау сабақтарында, жалпы химияның негіздерін өткенде химияның маңызды теориялары жөніндегі білім қорытындыланады.

Қорытындылау сабақтары кезінде жиі қолданылатын әдістер мыналр:шолу дәрістері, дәріс- әңгімелесу, химиялық- тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып әңгімелесу, оқушылардың баяндамалары, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс, сарамандық тәжірибелер, экспериент есептерін шығару.

Қорытындылау нәтижесінде әр элемент атомының өзіне тән электрондық құрылымы болатыны, соған сәйкес валенттілік көрсетіп, химиялық байланыстар түзетіні оқушыларға белгілі болады. Оқушылардың тағы бір түйіндейтіні әр түрлі химиялық байланыстарды түзуге электрон бұлттары және орбитальдары қатысады, олардың өзара әсерлесуінің кеңістіктегі сипатына қарай сигма жәе пи байланыстар түзіледі.

Жалпы химия курсындағы бұл тақырыптың негізгі мақсаты- оқушылардың химиялық реакциялар және оларды меңгеру жөніндегі білімдерін қайталау, тереңдету және қорытындылау.

Қорытындылау кезінде оқушылардың химиялық ұғымдарды белгілейтін терминдердің мағыналарын оқылған теориялар тұрғысынан біліп алуын да қамтамасыз ету керек. Оқушылар қышқыл ұғымының терминін төрт теорияның: атом- молекулалық, электролиттік диссоциациялану, протолиттік және электрондық теория тұрғысынан сипаттай білу дәрежесіне көтерілуі тиіс.
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Химиялық білімді қорытындылаудың маңызы мен міндеттері қандай?

  2. Қорытындылау сабақтарын өткізу методикасын атаңыз?

  3. Химиялық заңдар методикасы мен теориялар жөнінде білімді қорыту.

  4. Химиялық реакция туралы білімді қорытылау.

Әдебиет:

1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ХХ - тарау,

292-298 беттер
. 6. Практикалық сабақтардың жоспары.
1 жұма

Практикалық сабақ № 1

Тақырыбы: «Су, ерітінді, негіздер» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Мақсаты: Тақырып мазмұны мен танысып өткізілетін тәжірибелер техникасын меңгеру.

Тапсырма 1

1. Н.А.Нұрахметов., К.А.Сарманова., К.М. Жексенбина. Химия (әдістемелік нұсқау) 8 класс. Алматы.: «Мектеп», 2004. ІV – тарау, 96-115 беттер бойынша тақырып мазмұнымен таныс. Жаңа ұғымдарды біліп алу. Тақырыптық жоспар құру.



Тапсырма 2

1. «Су, ерітінді, негіздер» тақырыбы бойынша жазылған әдістемелік папкі және Н.Н.Нұғыманұлы. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы. : «Рауан», 1993, әдебиет бойынша тақырыпты меңгерту әдістемесімен таныс.



Тапсырма 3

Тақырыпта қандай тәжірибелер жасалады? Осы тәжірибелердің техникасы мен методикасын жпазу жәнеорындау.



Тапсырма 4

«Негіздердің химиялық қасиеттері » олардың қолданылу тақырыбында лабораториялық тәжірибелерді жасай отырып, сабақ өткізуге даярлан.



Тапсырма 5

Сәйкес әдебиеттерден, лекция материалдарынан «Химиялық эксперимент - оқыту әдісі мен құралы» тақырыбын оқып, әңгімелесуге даярлан.



    1. Химиялық эксперимент, оның маңызы.

    2. Химиялық эксперимент және оның түрлері.

    3. Демонстрациялық эксперимент қандай жүргізіледі?

    4. Химиялық тәжірибелерді көрнекі көрсету методикасы қандай?

    5. Оқушы эксперименті, түрлері, мақсаты, ұқсастығы мен айырмашылығы.

    6. Сарамандық жұмыстардың қандай түрлерін білесің? Айырмашылығы қандай?

Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыдағы тапсырмаларға дайындалып, зертханалық жұмысты орында. Өз творчестаңды, ойыңды қос. Тақырып бойынша сабақ өткізуге даярлан.


Әдебиет:


1. А.Мырзабай-ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы.: “Рауан”

1997 ж. 42-50 беттер.

2. Н.А.Нұрахметов., К.А.Сарманова., К.М. Жексенбина. Химия (әдістемелік нұсқау)

8 класс. Алматы.: «Мектеп», 2004. ІV – тарау, 96-115 беттер.


2-3жұма

Практикалық сабақ № 2-3

Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары.

Мақсаты: Тақырып материалы негізінде білімді қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу методикасымен танысу, және эксперименттік есептерді шығару методикасымен танысу.

Тапсырма 1

І. 8 - класс оқулығы мен орта мектеп бағдарламасынан «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары» мына тапсырманы орында.

1. «Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар туралы алғашқы түсінік, қалай және қандай тақырыптарды өткенде қалыптасады?

2. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарына анықтама бер.

3. Оксид, негіз, қышқыл, тұздардың жіктелуін жазыңдар.

4. Бұл тақырыпта оқушылар қандай білім элементтерімен танысады?

ІІ. Тақырыптық жоспар жаса. (5-7 сағат).

ІІІ. Оқушылардың білімін қорыту және жүйелеу сбақтарын өткізу методикасымен танысу.


  1. «Қорыту», «Жүйелеу» ұғымын қалай түсінесің?

  2. Қорытындылау сабағының мақсаты қандай?

  3. Оқушылардың білімі мен білігін қорыту сабағын қалай құрамыз?

  4. Қорыту кезінде қандай сұрақтарды бөледі?

  5. «Оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар» арасындағы генетикалық байланыс сабағына конспект жасаңыз.

  6. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарына электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан анықтама беріп, қалай дамылатынын айтыңдар.

ІV. Эксперимент есептерін шығару әдістемесі.

  1. Оқушыларды эксперимент есептерді шығаруға қалай үйретуге болады?

  2. «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» бойынша эксперименттік есептерді шығару методикасымен танысу.

  3. №6 Сарамандық жұмысты вариантарға бөл, тапсырманы орында


Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыдағы тапсырмаларға даярланып, зертханалық жұмыс кезінде орында.



жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау