Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет35/39
Дата22.05.2018
өлшемі1,11 Mb.
#15758
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

74

организміне

қажетті 

жеке 


химиялық 

қосылыстардың

биологиялық

функциялары талданады, ал бұл өз кезегінде оқушылардың пәнді саналы түрде

меңгеруіне серпін береді.

Жаратылыстану-математикалық

бағытта 

химия 


пәнін 

оқытуда


эксперименттің жетекші  рөлін  көрнекілік үшін ғана  пайдаланып қоймай,

сондай-ақ олардың көмегімен  сабақтарда  проблемалық ситуацияларды  тудыру

қажет.

Мектептегі 



химиялық

эксперименттің

барлық

түрлері


демонстрациялар,  лабораториялық тәжірибелер  және  практикалық жұмыстар,

сонымен қатар    экспериментті  басқа  да  білім  беру  көздерімен ұштастырған

жөн. Практикалық жұмыстарда  көрсетілген  тәжірибелер  химия  кабинетінің

мүмкіндіктеріне және сыныптың ерекшеліктеріне сай (тартпа шкаф, реактивтер

мен құрал-жабдықтардың болуына)  орындалады. Пәннің оқу  бағдарламасында

көрсетілген  тәжірибелер  танымдық және әдістемелік мазмұны  жағынан

осыларға  пара-пар  тәжірибелермен  алмастырылуы  мүмкін. Сонымен қатар,

пәннің оқу бағдарламасында, органикалық химияның негізі, оқу материалының

мазмұны,  негізгі  пәнаралық байланыстар, оқу  процесінде  шығарылатын

есептердің түрлері,   жүргізілетін  химиялық эксперименттер (демонстрациялар,

лабораториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар) қамтылады.

Жаратылыстану-математикалық бағытта химияны оқытудағы  күтілетін

нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес  болуы

керек [33, 34, 35, 36]:

Ғылыми жаратылыстану құзіреттілігі: әлемнің жаратылыстану ғылыми

біртұтастығы туралы заманауи көзқарас қалыптастыру, органикалық химияның

негізгі ұғымдары мен заңдары туралы білімді дамыту.

Ақпараттық  құзіреттілік: заманауи  ақпараттық технологияны қосымша

ғылыми ақпараттар  іздеуге  және  химиялық эксперимент  нәтижесін өңдеуге

қолдана білу.

Коммуникативті құзіреттілік: оқушыларды жеке,  жұппенжәне  топпен

жұмыс жасауға, сұхбаттасушыларды тыңдай білуге, алға қойылған мақсаттарды

орындауда топпен ортақ шешімге келуге, әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік

пікірін білдіругедайындау.



Мәселелердің шешімін табу құзыреттілігі: түрлі жағдайларда мәселелерді

анықтауға,  жағдаяттарды  сараптауға,  сандық және  эксперименттік  есептерді

шешу  алгоритмін құрастыруға,  практикалық жұмыстардың жоспарын құруға,

алынған  нәтижелерді  кесте,  сызбанұсқа,  химиялық реакция  теңдеулерімен

өрнектеуге,  алған  білімін  денсаулығы  мен қоршаған  ортадағы  мәселелерді

шешуде қолдану.

Химия  пәнін  оқыту  процесінде  биология,  экология,  география,  физика,

математика және т.б. жаратылыстану пәндерімен байланыс орнатылады:



Биологиямен: адамның тіршілігіне қажетті жеке химиялық қосылыстардың

биологиялық функциясы.



Экологиямен: органикалық заттарды  іс  жүзінде қолданудыңоң және  теріс

әсерлері,  сондай-ақ осыған  байланысты  экологиялық мәселелер; қоршаған

ортаны ластанудан қорғау; көмірсутек шикізатын тиімді пайдалану.



75

Географиямен: көмірсутек көздері  мен  химиялық  өндіріс  объектілерінің

Қазақстан Республикасында орналасуы.



Математикамен:

пропорционалдық

тәуелділік  туралы  түсінік;

сан


есептерін  шығаруда,  лабораториялық

және  практикалық

жұмыстарды

салыстыру

және

қорытындылауда  математикалық



талдауды  пайдалану;

электрондық бұлттардың пішіндері,  молекулалардың кеңістіктік құрылысы

және геометриясы.

Физикамен: атом,  молекула,  масса,  тығыздық, көлем  сияқты  түсініктерді

сан  есептерін  шығаруда  пайдалану; еселік  және үлестік өлшем  бірліктерін

пайдалану.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  химия  курсының мазмұндық

бағыттары  келесі  білім  мазмұнын қамтиды:  химия саласындағы  ашылған

жаңалықтар; маңызды  бейорганикалық, органикалық заттармен қосылыстар,

олардың  құрылыс  теориясы;  көмірсутектер мен  олардың табиғи  көздері;

қазақстан  мұнай  және  газ  химиясы,  осы өндірісте қолданатын  заттар; оттекті,

азотты 

органикалық 



қосылыстар; 

синтетикалық

жоғары 

молекулалы



қосылыстар;  химия  және  адам  денсаулығы; қазіргі  заманға  сай  «жасыл»,

«экологиялық» химия; қазақстанның табиғи  ресурстарын үнемді  және  тиімді

пайдалану;  химия күнделікті өмірде,  химиялық лаборатория  мен өндірісте,

табиғатта  болатын  химиялық  құбылыстарды  бақылау  және  түсіндіруі;

жаратылыстану  бағытындағы ғылыми  жетістіктер (медицина,  биотехнология,

биохимия, биоинформатика, нанохимия негіздері) [23].

Химия  курсын  оқу  нәтижесінде оқушылар  білуі  тиіс: химияның ролі  мен

маңызы;  заттар  мен  химиялық  құбылыстарды  танып  білудің негізгі әдістер,

химияның эксперименттік  негізі;  көмірсутектердің табиғи  көздері,  оларды

өңдеу және Қазақстандағы  кен  орындары;  жоғары  молекулалы қосылыстар,

мономер,  полимер, құрылымдық буыны,  полимерлену  дәрежесі,  полимерлену

және  поликонденсациялану  реакциялары;  кең таралған  полимерлер,  олардың

қасиеттері,

практикада

қолданылуы,  пластмассалар,  талшықтар,  каучук;

химиялық  өндірістің  ғылыми  принциптері; қоршаған  ортаның химиялық

ластануы 

мен 


зиянды

әсері; 


биогенді 

органикалық 

қосылыстардың

биологиялық маңызы;

Сонымен қатар оқушылар келесіні атқара алуы тиіс: химиялық терминдер

мен  таңбаларды  пайдалану;  кең тараған  полимерлерді қасиеттері  бойынша

анықтау;  молекулалардағы  атомдардың  өзара

әсерін  ескере  отырып,

органикалық  қосылыстың химиялық  қасиетін  түсіндіру;  көмірсутектер  мен

олардың туындыларының  құрамы  мен құрылысын және  олардың класын

анықтау;  химиялық экспериментті қауіпсіздік  техникасының ережесіне  сәйкес

жүргізу;  химиялық зақымдану  не  улану  кезінде  алғашқы  медициналық көмек

көрсету; игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану; сандық анализ

нәтижесі  мен  жану өнімдерінің массасы  бойынша  заттардың молекулалық

формулаларын  анықтауға  сан  есептерін  шығару;  химиялық ақпараттарды өз

бетінше  іздеу;  химия  пәніне  деген  жоғары қызығушылық;  ғылыми  танудың

негізгі

әдістерін  игеру  мен



қолдануға  деген  дайындық және

қабілет;


аналитикалық біліктілік – жүргізген  тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу,


жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау