Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет32/39
Дата22.05.2018
өлшемі1,11 Mb.
#15758
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39

68

ландшафтар 

жағдайында, 

табиғат 


жағдайларының

ықпалын, 

табиғат

ресурстарының  қоғам  мүддесі үшін қолданылуының жолдары  мен бағыттарын



зерттейді.

физикалық география  Жердің ландшафты қабығын  адамзат қоғамының



тәжірибелік  мүддесінде  пайдалану үшін,  табиғат  ресурстарын  материалдық

өндіріске тарту үшін  зерттейтіні  жайлы  түсінік қалыптастыру.  Мектеп

оқушылары  физикалық география  да өндірістің дамуы  мен  орналастырылуы

жайлы,  табиғат  ресурстарын қажетсінуі  жайлы  экономикалық географияның

мәліметтерінсіз бола алмайтынын түсінулері қажет [45].

оқушыларды оқулық мәтінін қолдана отырып, әр түрлі карталарға, басқа



да  білім  көздеріне  талдау  жасау  арқылы  табиғат  ресурстарын,  халықты,

өндірісті

(өнеркәсіптің

жетекші 


салаларын, 

басты 


аудандары 

мен


орталықтарын),  ауылшаруашылығы  мен  ауылшаруашылықты  аудандарды,

дүниежүзінің әр түрлі аймақтары мен елдерінде көлік кешенін орналастырудың

факторларын,  планетада  ірі қалалардың,  қала  агломерацияларының және

мегалополистердің қалыптасу факторларын түсіндіруді үйрету қажет.

Курстың алдында  тұрған  міндеттер  алуан  түрлі  және  оқытудың  әр  түрлі

әдістері мен  тәсілдерін қолдануға  мүмкіндік  тудырады.  Мұғалімнің басты

міндеті – сабақтың барысы ұйымдыстырылатың бір  негізгі  орталықты

қалыптастыру,  ол  мұғалім  мен  оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың,

бақылаудың және бағыттаудың басты күші болып табылады. «Іс-әрекет арқылы

тану»,  «Ашулар әдісі»,  «Жобалау» әдістерін қолдану  арқылы,  оқушылардың

ойлау  және  тәжірибелік қызметтерінің дамуына  ерекше  көңіл  бөлінеді.

Әдістердің барлық түрлері осы  курстың теориялық және  практикалық

материалын  меңгеру

үдерісінде  оқушылардың  өздігінен  жұмыс  істеу

белсенділігін дамытуға бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағытта географияны оқытудағы күтілетін

нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес  болуы

керек [33, 34, 35, 36]:



Пәндік

құзіреттілік:

оқушылардың  өздігінен  оқу-танымдық

және

зерттеушілік



үдерісін, 

практикалық

есептерді 

шешу, 


сызбанұсқалар,

диаграммалар құрастыру үшін  теориялық және  статистикалық материалдарды

қолдануын қамтамасыз етеді, оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты

мамандық


таңдауды 

анықтауға 

мүмкіндік 

береді, 


оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қамтамасыз етеді.



Ақпараттық-технологиялық 

құзіреттілік:

электронды 

білім

ресурстарының көмегімен қажетті  ақпаратты өздігінен  іздеу  және  талдау



арқылы қазіргі өзгермелі қоғамға бейімделеу шеберлігін болжайды.

Коммуникативтік құзіреттілік: оқушылардың білімі  және  сезімдік

тәжірибесіне негізделген, қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларына бейімделу

шеберлігін, әр түрлі әлеуметтік топтарда адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін

меңгеруін қамтамасыз ететін, туған тілді және басқа тілдерді білу, мемлекеттік

тіл  ретінде қазақ тілінде  тілдесу  дағдыларын қалыптастыру,  тұлғаның  өзін

көрсете  білу  және қарым-қатынастың негізгі  міндеттерін  жүзеге  асыруды

қамтамасыз етеді.



69

Әлеуметтік

құзіреттілік:

белсенді 

азаматтық-қоғамдық

қызмет,


экономикалық және  саяси қоғамдық  қарым-қатынастар туралы  білім  мен

тәжірибені игеруді білдіреді; нақты әлеуметтік-қоғамдық ахуалды саралай білуі

мен әр  түрлі өмірлік  жағдайларда,  еңбек  нарығы  жағдайларында  жеке  және

қоғамдық пайдаға  сәйкес әрекет  етуін  көздейді; өзіндік  кәсіби  мүмкіндіктерін

бағалай білу.

Азаматтық құзіреттілік: азаматтық, қоғамдық қызмет саласында дамуды

көздейді.



Тұлғалық құзіреттілік: дене  бітімдік,  рухани  және  интеллектуалдық

дамуын қамтамасыз  ететін  мүмкіндіктері  мен  жеке  мүддесі

үшін  іс-әрекет

тәсілдерін  игеруді  білдіреді,  экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, өз

денсаулығына қамқорлықпен қарауды,  болашақты  шынайы  жоспарлауда өз

мүмкіндігінің арасалмағын  білуін  және өзінің  қадір-қасиетін сезіне  отырып

қызметін ұйымдастыруын, өз  ісі  мен өміріне  жауапкершілікпен қарауын

көздейді.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 

география 

курсын


оқу

барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:



қазақ

тілімен

географиялық

терминдермен,

ұғымдармен,

номенклатурамен сөздік қорды байыту;



орыс тілімен: географиялық ұғымдар арқылы сөздік қорды толықтыру;



тарихпен:  тарихи  алғышарттар  және  дүниежүзілік  шаруашылықтың

даму  кезеңдері, қалалардың дамуы мен өсуінің алғышарттары – қолөнері және

сауданың пайда болуы мен дамуы;



биологиямен:  органикалық жолмен  түзілген  пайдалы қазбалардың

жасалу  жағдайлары; өсімдіктердің химия өнеркәсібінде,  фармакологияда

қолданылуы;  Дүниежүзілік  мұхит  тірі  организмдерінің маңызы; әр  түрлі

табиғат ландшафтарында бірлестіктердің қалыптасуы;



химиямен:  пайдалы қазбаларды, қара  және  түсті  металлургия,  химия

өнеркәсібін,  мұнай  және  орман  химиясы өнеркәсібін  оқу  барысында  пәннен

алынған білімді пайдалану;



физикамен:  табиғаттағы  физикалық  құбылыстарды;  отын-энергетика

кешенін  (электр  стансалары,  энергияның балама  көздері)  тақырыптарын  оқу

барысында;



информатикамен: шығармашылық жұмыстар орындау, презентация;



математикамен:  практикалық жұмыстар  орындау – сызбанұсқалар,

диаграммалар сызу, статистикалық материалдарды өңдеу.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 

география 

курсында


дүниежүзінің

физикалық

та,  экономикалық

та  географиясы  тереңдетіп

оқытылып,  физикалық

және  экономикалық-географиялық

нысандардың

қалыптасуы мен  орналасуының заңдылықтары  және  факторларына  ерекше

көңіл бөлінеді.

География  курсының мазмұндық-әдістемелік бағыты  келесі ғылымдар

тобынан  тұрады:  жаратылыстану-география ғылымына  табиғат  дамуының

заңдылықтарын  зерттейтін  физикалық география, қоғам  мен  экономиканың




жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау