Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет18/39
Дата22.05.2018
өлшемі1,11 Mb.
#15758
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

38

әлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы  ақпарат  пен  ақпараттық



процестердің

мәнін  айқындайтын  информатиканың

базалық

білімдерін



меңгерту;

мектеп  пәндерін  оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық технология



құралдарын қолдана отырып,  ақпараттық моделдерді  нақтылы  обьектілермен

процестерді түрлендіру, талдау және оны қолдана білу дағдыларын игерту;

түрлі мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология



құралдары мен  информатиканы  оқыту әдістерін  оқушының  өзіндік  танымдық

іс-әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту.

«Информатика»  пәнінің

зерттеу  объектілері:

ақпарат;

ақпараттық

ресурстар; түрлі  табиғат  жүйесіндегі  ақпараттық  үдерістер; ақпараттандыру

құралы және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəні бойынша

білім  мазмұнына  информатиканың мынадай  бөлімдеріндегі  тақырыптар,  атап

айтқанда,

ақпарат  және  ақпараттық  үдерістер,  компьютер  ақпараттық

үдерістерді автоматтандыру құралы  ретінде,  формальдау  және  ақпараттық

модельдеу, 

алгоритмдеу 

және 


бағдарламалау, 

ақпаратттық

және

коммуникациялық технологиялар енеді, олар информатиканы тереңірек оқыту



мақсатында  жəне  оларды  техникалық жəне  жаратылыстану-ғылыми қызмет

саласында қолдана білу мүмкіндіктерін көрсете білуге арналады.

Информатика  курсының жүйелік  негізін құрайтын ұғымдар  «ақпараттық

процесс»  болса,  ал  оның

іргелі ұғымы – «ақпарат»  болып  табылады.

Құрылымға бірыңғай  бапты қолдану  курстың мазмұнын  оқытылатын  жеке-

жеке  дидактикалық бірліктер  ретінде  емес,  жалпы  мәдени  сипаттағы  дамушы,

іргелі  біртұтас  пән  ретінде  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Курс  мазмұнына

адамның жалпы мәдениетіне, сонымен қатар білімді жалғастыруына анағұрлым

іргелі,  сонымен қатар  кәсіптік  білім алу  жүйесін  жалғастыру  мақсатында

қолданылатын әрі маңызды  болып  табылатын қоршаған  шынайы өмірге  деген

қазіргі заманғы ғылыми  түсініктерге  сәйкес  келетін  фактілер,  теориялар,

қағидалар және  тәсілдер  енуі  керек.  Сонымен қатар  бағдарламада ғаламдық

ақпараттық  қоғам  жағдайында өмір  сүретін  кез  келген  адам, әрбір  білімді

тұлғаға қажетті  информатиканы  оқытудың инвариантты  бөлігін құрайтын

ұғымдар мен дидактикалық бірліктер сипатталуы керек.

Информатика  курсының  ұғымдарын  іріктеу  негізіне  келесі  талаптар

қойылған:  жүйелілік,  тұтастық, пәндік  саланың толықтығы,  логикалық түрде

жүйеленуі,  минималды  жеткіліктілігі,  сабақтастығы, әдістемелік  сәйкестілігі,

иерархиялығы, аксиоматикалығы, көз жетерлігі, айқындығы.

Информатика  курсы

ұғымдарының  қалыптасуының

бірізділігін  оқу

материалының тұтас ұғымдық  құрылымын  теориялық жағынан  байытып,

реттей  отырып,

ұғымдарды  біртіндеп  дамытуы,  курстың

себеп-салдар

байланысын  ескеріп,  түрлі  табиғат  жүйелеріндегі  ақпараттық процестердің

тұтастығына  ерекше  көңіл  аударуы  және  оқу  материалын  теориялық жағынан

дамытуды  негіздеуден бастауға мүмкіндік беруі қажет.

Бағдарлама мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілерді алу керек:



39

1)  іргелі ғылым  ретінде  информатиканың  қазіргі  жағдайының мектеп

курсына сәйкес бейнеленуі;

2)  «ақпараттық процесс» ұғымы  арқылы    оқыту  мазмұнын  сабақтастыру

негізінде информатиканың ғылыми пән ретіндегі мәнін  көрсету;

3)  оқу  материалын  адамгершілік,  ізгіліктілік,  патриоттық және  т.б.

тәрбиелік құндылықтармен байыту;

4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға  шектен тыс

ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;

5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;

6)  информатика  курсының пәнішілік  және  пәнаралық байланыстарын

белсенді түрде қолдану;

7)  практикада қалыптастырылған  білім  мен  біліктіліктерді  жалпылай

қолдану тәсілдеріне үйрету.

Негізгі бөлімдерді оқытудың келесі реті ұсынылады:

1) ақпарат және ақпараттық үрдістер;

2) компьютер – ақпараттық үрдістерді автоматтандыру құрылғысы;

3) формальдау  және ақпараттық модельдеу;

4) алгоритмдеу және программалау;

5) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.

Жаратылыстану-математикалық

бағытта 


информатиканы 

оқытудағы

күтілетін  нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес

болуы керек [33, 34, 35, 36]:



Пәндік құзыреттілік: алгоритм  күрделілігі ұғымын  меңгеру,    мәтіндік

және  сандық

ақпаратты

өңдеу  алгоритмдерін,  іздеу  және  сұрыптау

алгоритмдерін  білуі;  жоғары  деңгейлі әмбебап  программалау  тілін үйрену

(таңдау  бойынша),  мәліметтердің базалық типтері  мен құрылымдары  жайлы

түсніктерді  меңгеру; таңдалған  программалау  ортасында  программаны құру,

тестілеу  және  оны  отладка  жасау  дағдылары  мен  тәжірибелерін  меңгеру;

программаны құжаттау  және қолданбалы  есепті  формальдаудың  қарапайым

дағдылар жүйесін қалыптастыру;



Ақпараттық  құзыреттілік: ақпаратпен  (іздеу,  сақтау, өңдеу,  тарату)

жұмыс  істеуде  ақпараттық технология құралдарын қолдана  білу; алынған

ақпаратты  оқу  және қолданбалы  есептерді  шешуде қолдану; ақпаратты

өңдеудің компьютерлік әдістерін,  негізгі  программалық  өнімдерді  білу;

ақпараттық объектілермен  жұмыс  істей  білу, өзінің ақпараттық  қызметін

ұйымдастыру.



Коммуникативтік құзыреттілік: түсініктемелер мен олардың байланысын

талдау, оларға дәстүрден тыс жағдайларда әдіс қолдану біліктілігі; оқу ғылыми

мәтінмен,  басқа  ақпарат  көздерімен  жұмыс істеу  біліктілігі  мен  дағдысын

дамыту.


Технологиялық құзыреттілік:

компьютерлік-математикалық модельдерді

құру мен қолдану  тәжірибелерін  меңгеру;  компьютердің көмегімен  сараптама

жүргізу  және  мәліметтерді  статистикалық  өңдеу  тәжірибелерін,    нақты

үрдістерді  модельдеу  барысында  алынған  нәтижелерді  интерпретациялауды

меңгеру.



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау