30
болмайды, олар оқушының есептерді шешудегі ойлау қабілетін дамытуға кері
әсерін тигізуі де мүмкін. Проблеманы шешудің аналитикалық тəсілін білу –
оқушының ойлай білу, аналитикалық ой өркенін асырмаса, кемітпейтіні анық.
Сондықтан
математика
сабағында
мұндай
бағдарламалық
пакеттерді
интерактивтік тақтаның көмегімен математикалық ұғымдар мен олардың
қасиеттерін, түрлендірулерді түсіндіруде пайдалану тиімді болып табылады.
Мысалы, «Функциялар және олардың қасиеттері, графиктері» тақырыбын
оқытуда Serpic Graphic, Боревский пакеті, Advanced Grapher, Математика
+
AV-
және тағы басқадай бағдарламалық өнімдердің мүмкіндіктері жоғары.
«Математика
+
AV-дан»
атты
А.Волнухиннің
бағдарламалық
өнімі
оқушылардың жұмыс орындарын компьютерде дайындауға мүмкіндік береді.
Онда негізгі терезе графикті шығару, функцияны енгізу, айнымалылар үшін
берілгендер диапазонын енгізу өрісіне бөлінеді. Басты терезеде сондай-ақ,
бағдарламалар мәзірі бар, онда мынадай амалдар (опциялар) беріледі: Система
(Жүйе), Правка (Түзету), Управление (Басқару), Справка (Анықтама). Сондай-
ақ: Графики (Графиктер), 3D графики (3D графиктер), Калькулятор+. Берілген
бағдарламаны әртүрлі функцияның графиктерін салуды және көрсетуді талап
ететін барлық сабақтарда қолдануға болады.
Функциялардың графиктерін салуда және оларды түрлендіруде, берілген
нүктеде функцияға жанама немесе нормаль жүргізуде, функцияны зерттеуде
Advanced Grapher бағдарламасын қолдануға болады. Advanced Grapher пакет
графикті көрнекі түрде көрсетуге, графиктің қасиеттерін өзгерту арқылы
графиктің қозғалысын көруге болады. Сонымен қатар, Advanced Grapher
бағдарламасында графиктерді салып қана қоймай, теңдеулерді графиктік
тәсілмен шешуге, функцияның графигіне берілген нүктеде жанама жүргізуге,
функцияның туындысын және интегралды есептеуге, әртүрлі математикалық
есептеулер жасауға болады.
Электрондық оқыту бағдарламаларын математика сабақтарында тиімді
қолдану нәтижесінде, оқушылар білімдер мен біліктерді, графиктер мен
кескіндерді салу, талдау, салыстыру, пайдалану мен ұсынуды меңгереді.
Оқушылардың
мұғалімнің
көмегінсіз
мультимедиялық
құралдармен,
шығармашылық тапсырмалармен жұмыс істеуге, өздігінен білімін тексеруге,
оқу материалын жылдам және тереңірек меңгеруіне, есептер шығару
дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
«Геометрия» оқу пәні
Геометрия – бізді қоршаған әлемдегі кеңістіктік формаларды модельдеп
қана қоймай, олардың қасиеттерінің арасындағы логикалық байланыстарды
орнататын математиканың бөлімі. Оқушыларды геометрияға оқыту олардың
көптеген мамандықтарды меңгеруге қажетті математикалық және практикалық
іс-әрекеттер дағдыларын дамытуға көмегін тигізеді.
12 жылдық оқыту жүйесіндегі 11-12 сынып бейіндік білім берудегі
геометрия курсы геометриялық білім жүйесіндегі құзыреттіліктерді дамытуға
және бекітуге бағытталады.
12
жылдық
мектептің
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
геометрия курсын оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі білім
31
алуын жалғастыруы
үшін
және оқу-танымдық, әлеуметтік, тұлғалық
құзыреттіліктердің құрамды бөлігі болатын практикалық және математикалық
іс-әрекеттер тәсілдері мен әдістерін жетілдіруі үшін геометрия облысындағы
дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.
Пәнді оқытудың мақсаттарына сәйкес мынадай оқыту міндеттері
шешілуі тиіс:
– тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;
– кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім қорын жүйелеу және
кеңейту;
– кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-
логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
– кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;
– есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу
біліктігі мен дағдыларын дамыту;
– геометриялық есептерді шешуде алгебраны, анализ бастамалары мен
тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;
– функционалдық сауаттылықты дамыту;
– практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді
қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;
геометрия тарихы және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
әсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:
– геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;
– векторлық-координаталық бағыт;
– шамаларды өлшеу бағыты;
– функционалдық бағыт болып табылады.
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі 7-10 сыныптарда геометрия курсы
жартылай-фузионистік тұрғыдағы көзқарас негізінде жүзеге асырылды, яғни
планиметрия
курсына
кеңістіктегі
геометрия
элементтері
кіріктіріліп
оқытылды. Ал, 11-12 сынып геометрия курсында оқушылар негізгі орта білім
беру деңгейіндегі геометрия курсын жалғастырып қана қоймай, білімдерін
жартылай қайталау мен кеңейту қарастырылады.
Бейіндік мектептегі геометрия курсы 7-10 сыныптардағы геометрия
курсының жүйелі стереометриялық жалғасы болып табылады. Бейіндік білім
беру деңгейінде:
– оқушылардың бұған дейін оқылған геометриялық фигуралар туралы
білімдері тереңдетіледі;
– кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттерін оқып білуге қажетті
геометриялық әдістердің жиынтығы кеңейтіледі;
– геометрияның аксиомалары және қалыптасқан кеңістіктік түсініктер
негізінде оқушылардың кеңістіктік елестетулері дамиды.
Оқушылар
геометрия
курсының
мазмұндық-әдістемелік
бағыттары
бойынша
кеңістіктік
геометриялық
фигураларды
(екіжақты
бұрыш,
жартыжазықтық, дөңес және дұрыс көпжақтар, призмалар, пирамидалар, қиық