Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 1,11 Mb.
Pdf просмотр
бет10/39
Дата22.05.2018
өлшемі1,11 Mb.
#15758
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39

23

қолдануды, кездейсоқ шаманың  үлестірім  заңын;  Бернулли  формулаларын;

ақпараттарды өңдеудің статистикалық әдістерін оқып біледі.

Жаратылыстану-математикалық бағытта алгебра және анализ бастамалары

пәнін  оқытудағы  күтілетін  нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу

деңгейлеріне сәйкес болуы керек [33, 34, 35, 36]:



Оқу-танымдық  құзыреттілік

шынайы  танып  білу  нысанымен

сәйкестендірілген 

логикалық, 

әдіснамалық,

жалпы-оқу

қызметтер

элементтерінен  тұратын  оқушылардың  өзіндік  танымдық іс-әрекет аясындағы

құзыреттілік жиынтығы. Мұнда оқу-танымдық іс-әрекеттегі білім мен мақсатқа

сәйкестік,  жоспарлау,  талдау,  рефлексия, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру

біліктігі енгізіледі.

Оқу-танымдық  құзыреттілік  пәнді  игеру  деңгейімен;  ойлау қызметінің

жалпылама әдістерімен;  индукция  мен  дедукция,  жалпылау  мен  нақтылау,

анализ бен синтез, абстракция мен ұқсастықты қолдана отырып тұжырымдарды

негіздеу мен дәлелдей алу біліктігінің қалыптасуымен және білімді практикада

қолдануымен сипатталады.



Ақпараттық 

құзыреттілік

оқулықтардан,



ғылыми-танымал

әдебиеттерден,  газет және  журналдардан,  Интернет  арқылы,  теледидар,  радио

тәрізді әр түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеу, ақпаратты алу, қажет ақпаратты

талдау және іріктеу, түрлендіру, сақтау және жіберу біліктігін көздейді.

Алынған  ақпаратты өзінің оқу қызметін  жоспарлау  мен  жүзеге  асыруда

қолдану; өздігінен білімді  меңгеру  біліктігі  және  пайда болған проблемаларды

шешу барысында біліміндегі олқылықтарды анықтауда көрсетеді.

Коммуникативтік құзыреттілік – жанындағы  және  шалғайдағы  адамдар

мен  жағдаяттардың  өзара

қарым-қатынас  тәсілдерін  білуден  тұрады.  Ол

жұппен  және  топпен  жұмыс  жасау  және ұжымдағы  түрлі әлеуметтік  рөлдерді

меңгеруімен, қойылған  міндеттердің  ұжымдық шешім  таба  білуімен, ұжымда

мәселені 

талқылау 

мен 


оны 

шешуге


қатысуымен,

өз 


көзқарасын

сыпайлылықпен қорғау, өз пікірін  сыпайы қорғай  білуімен, өз  көзқарасына

құқықтылығын түсінуімен, басқа адамдардың пікірлеріне құрметпен қарауымен

сипатталады.



Құндылыққа бағытталған құзыреттілік – күнделікті өмірге қажет білім

мен  біліктіліктерді  меңгеру  маңыздылығын  сезіну;

ғылыми-техникалық

прогресс үшін  оның  қоғам өмірі  мен  елдің экономикалық даму  деңгейін

арттыруға қажеттілігін түсіну.

Жалпымәдениеттік құзыреттілік – жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі

ретінде  алгебраның

даму  тарихымен  таныстыру  арқылы  пәнге  деген

көзқарасын тәрбиелеу болып табылады.



Әлеуметтік құзыреттілік – азаматтық борыш  пен  жауапкершіліктің

қалыптасуы;  айналасындағыларға құрметпен қарап,  басқа  адамдардың мүддесі

мен өз мақсатының ара қатынасын белгілей білуі.

Жаратылыстану-математикалық

бағытта 

«Алгебра


және 

анализ


бастамалары» пәнін оқыту үдерісінде келесі салалас оқу пәндерімен пәнаралық

байланыстар:




24

«Қазақ тілі»  пәнімен: алгебралық терминологиялармен  сөздік қорын

байыту;  теоремаларды  дәлелдеу, қорытындыларды  тұжырымдау  барысында

сөйлеу қабілетін дамыту;

«Геометрия»  пәнімен: теңсіздіктер  және  олардың жүйелерін  шығару

барысында геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктерін

қолдану; ауданды табуда геометриялық фигуралардың қасиеттерін қолдану;

«Физика»  пәнімен:функцияның нүктедегі  және жиындағы  туындысының

физикалық мағынасы туралы білімдеріне сүйену; берілген уақытта материалды

нүктенің  қозғалыс үдеуін  есептеу үшін  функцияның екінші  туындысының

физикалық мағынасы туралы білімдеріне сүйену;



«Химия»  пәнімен:

мәтінді  есептерді  шығару  барысында

қоспалар,

ертінділер,  концентрациялар  және  т.с.с.  туралы  білімдерін қолдану; берілген

уақытта  ертіндінің концентрациясын  табуға  арналған  практикалық есептерді

шығару барысында молекулярлық масса туралы білімдерін қолдану;



«Информатика»  пәнімен: компьютермен  жұмыс  атқару,  яғни  формуланы

теру  мен  ол  бойынша  есептеулер  жүргізу;  функция  графиктерін  салуда

графикалық

нысаның


параметрлерін 

реттеу 


дағдыларын

қолдану;


мультимедиялық оқыту құралдарын қолдану;

«Технология»  пәнімен: өзіндік құн,  кіші  бизнеске  жіберілетін  шығынның

түрлері туралы білімдерін қолдану; түсім туралы білімдерін қолдану; тауар мен

қызмет көрсетудің бағасын  есептеп  шығаруды  жасау  бойынша  білімдерін

қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 

алгебра 

және 


анализ

бастамалары курсының мазмұны қоғамдық-гуманитарлық бағыттың мазмұнына

қарағанда кеңейтілген  және  тереңдетілген,  жоғары  оқу  орнының жоғары

математика  курсының

элементтерімен

сабақтастық

байланыста

болып


табылады.

Орта 


мектептегі 

жоғары 


сыныптардың

математика 

курсының

бағдарламасына  жоғары  математика  курсының негізгі ұғымдары  енгізілген,

яғни оқушылар алдын-ала жоғары математика курсының кейбір элементтерімен

танысады. Мәселен, математикалық анализ курсының элементтері, атап айтсақ

«Функция», «Шек», «Үзіліссіздік», «Туынды», «Интеграл», «Дифференциалдық

теңдеулер»  және  т.б.  орта  мектепте  басталып,  жалғасы  жоғары  оқу

орындарында  аяқталады. Осы  тұрғыда,  орта  мектепте  алған  математикалық

білім негізінде жоғары оқу орнындағы оқу материалдары меңгерілуі тиіс.

«Алгебра  және  анализ  бастамалары»  пәнінің оқу бағдарламасына  жоғары

математика  элементтерінің  ұғымдарын  енгізу,  келесі  мақсаттарға  жету үшін

бағытталған [30]:

1) оқушылар  айнымалы  шамалар  математикасымен,  яғни  жоғары

математикамен  танысу  керек  (негізінде,  оқушылар  оқылу  обьектісі  айнымалы

шамалар болатын элементар математикамен танысады);

2) оқушылар элементар математиканың құралдарымен шешуге келмейтін

стандартты  емес  есептерді  шешу  тәсілдері  туралы  түсініктемелер  алулары

керек;



жүктеу 1,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау