Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет38/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

80

Жаратылыстану-математикалық

бағыты  бойынша  оқитын

оқушылар


келешекте  жоғары  оқу  орнына  барғанда  алғашқы  курста  міндетті  түрде

«Сызықтық және  жоғары  алгебра»  және  «Аналитикалық геометрия»  пәндерін

немесе  «Жоғары  математика»  пәнін өтеді.  Сондықтан,  жаратылыстану-

математикалық бағытында математикадан 11-12 сыныптарға арналған «Жоғары

математикаға  бастама» қолданбалы  курсын ұйымдастырып өткізудің орны

ерекше. Өйткені, мектепте оқылатын білім негіздерінің бастысы – математика.

Оқушылар меңгеретін математикалық білімнің ерекшеліктері мыналар:

– математиканы оқып-үйрену мен қолданудың үздіксіздігі;

– математикалық білім  барлық мамандықтар үшін  бірдей  тең  құндылығы

болып табылады.

«Жоғары  математикаға  бастама» курсының мазмұны жалпы  білім  беретін

мектеп  бағдарламасына  сүйеніп

құралған.  Бұл  курс  жоғары    математиканы

оқып-үйренудің бастамасы  болып  табылады,  онда  мектеп  бағдарламасы  мен

жоғары оқу орындарындағы математика мазмұнының арасындағы байланысты,

сабақтастықты көрсету мақсаты көзделген.

«Жоғары  математикаға  бастама»  курсы  «Сызықтық

алгебра  және

аналитикалық геометрия  элементтері»,  «Шектер  теориясы»,  «Бір  айнымалы

функцияның дифференциалық есептелуі»,  «Анықталмаған  және  анықталған

интегралдар»,  «Дифференциалдық теңдеулер»,  «Ықтималдықтар теориясы мен

статистика элементтері» бөлімдерінен тұрады.

«Жоғары математикаға бастама» курсы жалпы орта білім беру деңгейі мен

жоғары  оқу  орнының білім  мазмұндарына  сүйеніп құрастырылып,  жоғары

математиканы  оқып-үйренудің бастамасы  болып  табылады,  онда  мектеп

бағдарламасы  мен  жоғары  оқу  орындарындағы  математика  мазмұнының

арасындағы  байланысты,  сабақтастықты  көрсету  мақсаты  көзделген. Сөйтіп,

мектеп қабырғасынан  олардың математикаға тереңдетіп  оқыту,  оқушылардың

пәнге деген қызығушылығы  мен құштарлығын оятады, ғылымның  қай

саласында  болмасын  математиканың алатын  орны  мен  атқаратын  ролін  жете

түсінеді.

Жалпы  орта  білім  берудің жаратылыстану-математикалық бағытында бұл

курстарды оқытуды сол мектеп орналасқан қаладағы жоғары оқу орындарымен

тығыз  байланыста  жүргізу өз  кезегінде  оқытудың тиімділігін арттыруға үлкен

септігін  тигізеді.  Бұл  ретте  жоғары  оқу  орындарының мұғалімдерін  сабақтан

тыс  жүргізілетін  арнайы  курстарды  жүргізуге  тарту,  жоғарғы  сынып

оқушыларын 

жоғарғы 


оқу 

орындарындағы 

математика 

курстарының

дәрістеріне қатыстыру, студенттермен кездесулер және математика курстарына

қатысты дөңгелек үстелдер ұйымдастыру сияқты іс-шаралар тиісті дәрежеде өз

нәтижесін берері сөзсіз.

Физикадан  бағдарлы  сараланған  білім  беруде  оқушылардың таңдауы

бойынша қатысатын қолданбалы курстарды ұйымдастырудың үлкен мәні бар.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  физика  пәнінен қолданбалы

курстар физика-математикалық бағдардың құрамына енетін және оқушылардың

таңдауы бойынша қатысатын міндетті курстар болып табылады [47].




81

Физика пәнінен қосымша келесі оқу бағдарламалары ұсынылады: «Физика

және  техника»,  «Медициналық техника»,  «Физикалық есептерді  компьютер

көмегімен 

шешу», 

«Ғарыш 


физикасы», 

«Физика 


және 

экология»,

«Радиотехника  және  электроника  негіздері»,  «Биофизика»,  «Физика  және

Қазақстан энергетикасы»,  «Физикалық процестерді  компьютерлік  модельдеу

технологиясы»,  «Физикадан қиындығы  жоғары  есептерді  шешу әдістері»,

«Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.

Жалпы  алғанда  физикадан  бағдарлы  сараланған  білім  беруде қолданбалы

курстардың шамамен келесі түрлерін ұсынуға болады:

Пәндік қолданбалы курс,

оның міндеті –

типтік оқу  жоспарының

инварианттық компоненттегі «Физика» оқу пәні бойынша білімді кеңейту және

тереңдету және оны бірнеше топқа бөлуге болады:

1)  пәнді тереңдетіп оқытуға  бағытталған  көтеріңкі  деңгейдегі қолданбалы

курс,  ол  оқу  пәнімен  тақырыптық та,  уақытыдаа  да  келісімді  бола  алады.  Бұл

жағдайдағы  толықтырылған  бағдарлы  курс  физиканы  тереңдетіп  оқытатын

арнайы мектептің (сыныптың) бағдарламасымен сәйкес келеді;

2)  курстың жеке  бөлімдері  тереңдетіп оқытылатын  арнайы  курстар.

Мұндай  курстарға  «Механика»,  «Заттың  құрылысы  мен

қасиеттері»,

«Термодинамика»,  «Оптика»,  «Салыстырмалылықтың

арнайы  теориясы»,

«Атом және атом ядросының физикасы» және т.б. жатуы мүмкін.

3)  оқу


бағдарламасына  кірмейтін  негізгі  курстың

жеке  бөлімдері

тереңдетіліп  оқылатын  арнайы қолданбалы курстар.  Мұндай  курстар  ретінде

«Гидро-аэродинамика»,  «Максвелл  теңдеулері»,  «Плазма  физикасы»  және  т.б.

болуы мүмкін.

4)  оқушыларға білімді  тәжірибеде қолдана  алудың маңызды  жолдарымен

және әдістерімен  таныстыру,  оқушылардың  қазіргі  заманғы  техника  мен

өндіріске қызығушылығын дамыту мақсатындағы қолданбалы курстар. Мұндай

курстарға  «Физика  және  техника»,  «Физика  және  компьютер»,  «Физика  және

қоршаған орта», «Электр техникасы мен радиотехника».

5) табиғатты  танып  білу әдістерін  зерделеуге  арналған қолданбалы курс.

Мұндай  курстардың

мысалдары  ретінде  «Физика

ғылымындағы  іргелі

эксперименттер»,  «Физика-техникалық зерттеулердің  әдістері», «Физика –

техникалық модельдеу» және т.б. жатқызуға болады.

6)  физика  және  астрономия  тарихын  зерделеуге  арналған курстар,

физикалық эксперимент  негізінде  есептер  шығаруға  арналған қолданбалы

курстар.

Пәнаралық қолданбалы курстар, олардың міндеті – оқушылардың табиғат

пен қоғам  туралы  білімдерін кіріктіру.  Мұндай  курстарға  «Ғарыш  физикасы»,

«Астрофизика  элементтері»,  «Биохимиялық физика»  және  т.б.  жатқызуға

болады.

Оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын қолданбалы курстар, мысалы,



«Физика  және  техника»  курсы әрбір  оқушының  қоршаған  дүние  мен  техника

әлемі


туралы

ғылыми  жаратылыстану  көзқарасын,  есептер  (негізінен,

техникалық мазмұнды) шығаруға біліктіліктері мен дағдысын қалыптастыруға,

күнделікті өмірден  және  техника  саласынан  алынған  теориялық  қана  емес,




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау