Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет33/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39

70

даму  заңдылықтарын  зерттейтін әлеуметтік-экономикалық география  және

оның  құрамдас  бөліктері  (халықтар  мен  елді  мекендер  географиясы,  саяси

география,

өндіріс  географиясы,  ауылшаруашылық

географиясы,  көлік

географиясы). Бұл екі топтың өзара байланысы 11-сыныпта оқылады.

12-сыныпта  барлық география  курсын қайталау  мақсатында геоэкология,

геосаясат, ғаламдық проблемалар, климаттың ғаламдық өзгерісі, экономиканың

тұрақты даму сұрақтары, адам дамуы әлеуетінің көрсеткіштері, сонымен қатар

ғылымдардың келесі  тобы:  экономикалық  өлкетану,  елтану,  медициналық

география,  агроэкология  т.б.  оқытылады.  Олар өзіне қатысты  жаратылыстану

және қоғамдық география ғылымдарынан алынатын материалдарды біріктіреді,

сонымен


қатар 

көршілес


ғылымдардың 

(тарихтың,

этнографияның,

медицинаның) деректерін қамтиды  және  оқушылардың болашақ мамандығын

таңдауына маңызыды рөл атқарады.

Оқуға ұсынылатын  бөлімдер  негізгі  мектепте  оқылған  география  курсын

жалғасы  және  дамыту  болып  табылады,  сонымен  бірге  тақырыптарды

тереңдету, қорытындылау  жүргізіледі,  оларды ғаламдық және ғаламшарлық

масштабта қарастыру  көзделген.  Оқушылар  толық және  кеңейтілген  білім

алады,  бұл  дүниетанымдық  ұғымды  және  ой-өрістің неғұрлым  кең дамытады,

болашақ мамандықты  дұрыс  таңдауына  көмектеседі.  11-12-сыныптардағы

«География»  курсының мазмұнындағы  жаңа  бейінді  бөлімдер  оқушының

болашақ  өмірінде,  мамандыққа  оқу  барысында қажетті  болатын  сұрақтарды

неғұрлым терең оқуға мүмкіндік тудырады. Жоғары бейінді сыныптарда жүйелі

талдау әдісі өте тиімді, оның негізін келесі принциптер құрайды:

– талдамалы  бағыт: әдебиетті  оқу, әсер  етуші  факторларды  анықтау,

проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  оқу,  зерттеулер  және

практикалық жұмыстар жасау;

– мақсатты,  проблемаларды  сонымен қатар  нәтижелерді  саналы  түрде

түсіну принципі;

– ақпаратты құрылымдау және оларды өмірге қажетті білімге айналдыру;

– интеллектуалды-зерттеушілік белсенділікті дамыту;

– инновациялық және интерактивтік әдістердің үйлесуі;

– қысқа уақытта неғұрлым үлкен материалды қабылдау.

Географияда ландшафт кешен ретінде, экономикалық аудан кешен ретінде

сияқты әр түрлі ұғымдарды белгілеу үшін кеңінен қолданылатын «кешен» (С.В.

Колесник  бойынша)    терминін  неғұрлым  терең түсінуді қалыптастыру [45].

Табиғат  пен қоғамдағы өзгерістердің түрлерін  оқып-білуге  тиісті  кеңістіктік

жүйені  түсіну  мен қолдану қажеттілігі  туындайды,  мысалы  экономикалық

география,  нақты  жағдайда,  нақты  аумақта өндірістің дамытылуын  және

орналастырылуын  оқып,  зерттейді,  яғни  ол  белгілі  бір  географиялық орта,

белгілі  ландшафтар  жағдайында,  табиғат  жағдайларының

бұл  даму  мен

орналастырылудың ерекшеліктеріне  тигізетін әсерін,    табиғат  ресурстарын

қоғам мүддесіне пайдаланудың жолдары мен бағыттарын зерттейді. Физикалық

география  Жердің ландшафтық  қабығын  адамзат қоғамының тәжірибелік

мүддесі үшін,  табиғат  ресурстарын  материалдық  өндіріске  тарту үшін

зерттейтіні  жайындағы

ұғымды

қалыптастыру



өте  маңызды.  Мектеп


71

оқушылары  физикалық география  экономикалық географияның  өндірістің

дамуы  мен  орналасуы  туралы,  оның табиғат  ресурстарын қажетсінуі  туралы

деректерінсіз қызмет ете алмайтындығын білулері керек.

Оқулық мәтінін қолдану, әртүрлі  карталарды,  білім  алудың басқа  да

негіздерін талдау, табиғат ресурстарын, халықты, өндірісті (өндірістің жетекші

салаларын,

өндірістің

негізгі 

аудандары 

мен 

орталықтарын), 



ауыл

шаруашылығын  және  ауыл  шаруашылықты  аудандарды, әлем  елдері  және әр

түрлі  аймақтарда  көлік  кешенінің орналасу  факторларын  анықтау    барысында,

ірі қалалардың,  қалалық агломерациялардың және ғаламшар  мегалополистерін

қалыптастыру

факторларын  түсіндіру  барысында    оқушылардың

оқу

дағдылары мен біліктіліктерін одан әрі дамыту қажет.



География 

сабақтары 

оқулықтың

мазмұнын 

ескере 

отырып


құрастырылатындықтан,  оны  негізгі  материал  деп  санау  орынды,  болашақта

оған  тақырыптар  бойынша  мұғалім және  оқушылардың біртіндеп  жинақтаған

қосымша оқу  материалдары қосылады.  Бұл  11-12-сыныптардағы  географияны

оқу әрекетінің маңызды түрі болып саналады.

Географияны  бейінді  деңгейде  оқыту  географияның жалпы  білім  беру

және  мәдениеттану әлеуетін  максималды  түрде қолдануға  мүмкіндік  береді

және  мектеп  бітірушілерге  шұғыл өзгеріске ұшырап  отырған қоршаған  ортада

өз орнын  табуға, қоғам өмірінің  әр  түрлі  салаларындағы  географияның орны

мен 

рөлін 


түсінуге 

көмектеседі, 

метеорологиялық,

геологиялық,

гидрологиялық, ландшафтық, геоэкономикалық, геоэкологиялық салаларды

модельдеу  және  болжау құзіреттілігіне  ие  болуға  мүмкіндік  береді.  Оқытудың

бейініне қарай өзіне  тән  ерекшеліктері  бар  география  сабақтары,  таңдау  және

факультативті  курстармен  толықтырылады.  Олар  оқушылардың танымын

болашақта қажетті болатын аспектілер бойынша тереңдетеді.

Бейіндік  деңгейде  оқушы қазіргі  заманды  суреттеу  және  талдау, әр  түрлі

елдерді  және  аймақтарды  сипаттау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу, әлеуметтік

маңызы  бар  географиялық есептерді шығару үшін    география ғылымының

негізгі  жағдайларын қолдана  алуы  тиіс.  Оқу  жұмысында  пәндік әдістердің

келесі  түрлерін қолдануға  болады:  тақырыптық карталарды,  статистика

материалдарын  талдау,  тақырыптық карталар  және  кестелердегі  ақпараттарды

мәтінге  кіріктіру,  карталар құрастыру  және  оларды  түсіндіру,  типтік  кестелер

құрастыру және оларды жіктеу, мәтінді кешенді талдау, ауызша және жазбаша

хабарламалар,  эссе  дайындау,  мерзімді  баспасөз, ғаламтор-ресурстарының

материалдарын, өз тәжірибесін қолдана отырып мәтіннің жоспарын құрастыру.

Оқушыларға  зерттелетін  нысанды,  оны  сипаттау  жолын    таңдауға,  ағымдағы

және қорытынды  жұмыстың түрлері  мен  формаларын өзгертуге, қорытынды

жұмысты  көпшілік  алдында  көрсетуге  ерік  беріледі.  Алынған  білім  мен

біліктілікті  тәжірибелік  іс-әрекетте және  күнделікті өмірде қолдана  білу өте

маңызды.  Бейінді  оқыту  тұлғалық-бағдарлы  оқытуды  жүзеге  асыруға

бағытталған,  олар  оқушының жеке  білім  алу  кеңістігін құруына мүмкіндік

тудырады.

География 

сабақтарында 

зерттеушілік

әрекетті 

шағын-зерттеулер,

шығармашылық жобалар жасау, оқу мазмұнының нақты сурақтары және болып




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау