Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет36/39
Дата23.11.2018
өлшемі0,99 Mb.
#24092
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

76

түсіндіру  және қорытындылау  біліктілігі;  зерттеушілік  біліктілік – химиялық

эксперимент  орындау  біліктілігі  мен  дағдысы;  математикалық біліктілік –

химиялық формулалар  мен теңдеулер  бойынша  есептеулер  жүргізу  және

сандық баға  беру;  коммуникативтік  біліктілік – жұп,  топ құрамында  жұмыс

істеу; әртүрлі  көзден  алынған  химиялық ақпараттың шынайылығына өзінің

объективті  көзқарасын  білдіру;  оқуын  жалғастыруында  профильді  сауатты

таңдау;


Химия курсы бойынша оқушылар пайдалана білуі керек: химия мен химия

білімінің орны  мен  рөлі  туралы қалыптасқан  түсінік;  танымдық  әрекеті  мен

күнделікті өміріндегі  білімі;  таным  процесінде ғылыми  негізделген  икемдер;

өмірлік проблемаға ұқсайтын  оқу  проблемаларын  шешуге  жарайтын әмбебап

қабілет;  химиялық тәжірибелерді  жасау  мен  түсіндіру  дағдысын  жетілдіру;

эксперименттік  жұмысты  жүргізу  барысында  және өз  бетінше  алған  білімді

күнделікті өмірде қолдану  мақсатында  танымдық және  зияткерлік қабілетін

дамыту;  химияға  жаратылыстану  мен  жалпы  адамзат  мәдениетінің негізгі

құрамдас

бөлігі  ретінде  көзқарасын  дамыту;  адамзат  алдында  тұрған

проблемаларды 

шешуде 


химияның 

қоғамдық


мәні 

мен 


гуманистік

бағыттылығын  дамыту;  оқушының химиядан  алған  білімі  мен  біліктілігін

заттар  мен  материалдарды  тұрмыста,  ауыл  шаруашылығында  және өндірісте

қауіпсіз пайдалануға,  адам  денсаулығы  мен қоршаған  ортаға  кері әсерін

тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану; қолданбалы химияны, заманауи

қоғамға қажетті заттар  мен  материалдар шығаратын өндіріс  пен  технология

негіздерін білу; заттар мен материалдарды қолданудың заманауи проблемалары

мен  экологиялық аспектілерін  анықтау;  пәнаралық байланыстарды,  химиялық

экспериментерді  (көрсетілімдер,  зертханалық

тәжірибелер,  практикалық

жұмыстар)  және  есептеулерді  жүргізуі;

Қазақстандағы  табиғи  шикізат

ресурстары  және  негізгі  металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер,

олардың еліміздің  әлеуметтік-экономикалық дамуындағы  маңызы;  минералды

ресурстарды тиімді пайдалануының білу.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы  химия  пәнін

оқытудың

әдістемелік ерекшеліктері:

А.М.Бутлеровтың органикалық  қосылыстардың  құрылыс  теориясының



негізгі

қағидаларын,  изомерия  және  гомология

ұғымдарын,  атомдар

арасындағы  жай  және  еселік  байланыстарды,  көмірсутектік

радикал,

органикалық  қосылыстардың маңызды  функционалдық топтарын,  заттардың

белгілі бір органикалық қосылыс кластарының өкіліне жататындығын білу;

заттардың маңызды  физикалық және  химиялық  қасиеттерін  олардың



құрылысына байланысты тәуелділігін (және керісінше) болжау;

заттардың химиялық формулаларын халықаралық, тривиальді  (тарихи)



номенклатура  бойынша  атау,  заттардың химиялық формулалары  бойынша

сандық және сапалық құрамын және белгілі класс өкіліне жататынын анықтау,

сандық және  тәжірибелік    есептерді  шешу. Өз  іс-әрекетінің мүмкін  болатын

салдарына саналылықпен және жауапкершілікпен қарау.




77

оқып



үйренген  көмірсутектерді,  олардың

оттекті  және  азотты

қосылыстарының химиялық құрылысын, қасиеттерін, табиғатта кездесуін және

практикалық маңызын білу;

органикалық



заттардың  қасиеттерін  және  олардың

генетикалық

байланысын, алыну жолдарының химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;

органикалық заттардың  қатысатын  негізгі  реакция  типтерін  (орынбасу,



қосылу,    изомерлену),  мономер,  полимер, құрылымдық буын,  полимерлену

дәрежесі, полимерлердің сызықтық және кеңістіктік құрылымын білу;

органикалық заттардың  құрылымдық формулаларын құрастыру  және



оларды халықаралық және тривиальді номенклатура бойынша атау;

органикалық заттардың көптүрлілігінің себептерін,  органикалық және



бейорганикалық  қосылыстардың  өзара  байланысын,  заттардың  құрамы,

құрылысы, қасиеттері  және  практика  жүзінде қолданылуы  арасындағы  себеп-

салдар байланысын түсіндіру;

органикалық заттармен қарапайым тәжірибелер жүргізу, қосылыстарды



және полимерлерді белгілері бойынша танып білу;

химиялық



формулалар 

және 


теңдеулер 

бойынша 


органикалық

заттардың қатысуымен жүретін реакцияларға есептер шығару;

қоршаған  ортаның ластануының адам  организміне  және  басқа  тірі



ағзаларға әсерін бағалау;

химиялық ақпараттарды  түрлі  ақпарат  көздерінен  (ғылыми-көпшілік



басылым,  компьютерлік  деректер  көзі, ғаламтор  ресурстарынан) өз  бетінше

іздеу.

Сонымен

жаратылыстану-математикалық



бағыттағы

жаратылыстану

пәндерінің мазмұнын анықтау кезiнде [12]:

курс  оқу  материалының  iргелi  теориялар  айналасына  генерализациялау



негiзiнде құрылуы;

әрбiр 



теорияға 

келесi 


бiлiм 

компоненттерiнiң:

деректердiң,

объектiлердiң, модельдердiң,  ұғымдардың, шамалардың, жалпы  және  дербес

заңдардың, динамикалық және статистикалық түсiнiктердiң енуі;

жаратылыстану  пәндерін оқыту  кезiнде  теориялық және эксперименттiк



ғылыми әдiстердiң пайдаланылуы;

оқыту үдерісінде  педагогикалық мақсатта ғылымдағы  теориялық



қорытындылау генезисiн  келесi  циклдiк  спираль  бойынша:  деректер–модель–

салдарлар–салдарларды  эксперименттiк  тексеру–жаңа  деректер  бойынша

жүргiзу  орындылығы.  Бұл  шығармашылық  қабiлеттiлiктiң тиiмдi  дамуына,

ойлау логикасының қалыптасуына ықпал етеді;

жаратылыстану  пәндерінің мазмұнына  және  оқыту құралы  ретiнде



көрсетiлiмдiк  тәжiрибелердiң, зертханалық жұмыстардың,  бақылаулардың

енгiзiлуi;

жаратылыстану  пәндерінің



ажырамас

құрамды  бөлiгi  ретiнде

экологиялық проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын қарастыратын

материалдың енгiзiлуi ескерiлуi тиiс.




жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау