2. Диета сақтаудың, жаттығудың және басқа өмір салтының маңыздылығы
А
Денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу үшін диетаның, жаттығудың және басқа өмір салтының маңыздылығын түсіндіріңіз (мысалы, жүрек ауруы, жоғары қан қысымы, қант диабеті, тері қатерлі ісігі, өкпе рагы).
В
Тамақтану көздерін және қоректік заттардың дұрыс тамақтанудағы рөлін анықтаңыз (мысалы, дәрумендер, минералдар, ақуыздар, көмірсулар мен майлар).
Тапсырма түрлері
Ашық
(терең жауапты қажет етеді)
Жабық
(жауап нұсқалары беріледі)
Білу
Қолдану
Ойлау
Танымдық аймақтар
Фактілерді анықтау және дәлелдеу, қатынастар мен ұғымдар; нақты ағзалардың сипаттарын немесе қасиеттерін анықтау.
Ағзалардың қасиеттерін, құрылымдары мен қызметтерін, сондай-ақ ағзалар, процестер мен құбылыстар арасындағы байланысты сипаттау немесе анықтау.
Белгілі бір сипаттамаларға ие ағзаларға, материалдар мен процестерге мысал келтіру немесе сәйкестендіру.
Еске салу/тану
Сипаттау
Мысал келтіру
«Білу» танымдық саланың сипаттамасы
1. Төмендегілердің қайсысы жасушалық тыныс алудың мақсатын жақсы сипаттайды?
А) жасушалардың тіршілік әрекетін энергиямен қамтамасыз ету
B) жасушада қор заты ретінде сақталатын, қанттардың түзілуі
C) оттегінің бөлінуі
D) фотосинтез процесіне қажетті көмірқышқыл газының бөлінуі
2. Төменде айтылғандардың қайсысы адам ағзасына кейбір ауруларға қарсы ұзақ мерзімді иммунитетті қамтамасыз ете алады?
A) антибиотиктер
B) дәрумендер
C) вакцина
D) эритроциттер
3. Джонның қант диабеті бар. Ол төменде көрсетілген тағамдардың қайсысын сақтықпен тұтыну керек?
A) сиыр еті
B) жұмыртқа
C) сүт
D) жеміс шырыны
4. Тірі ағзалардың Жер бетіндегі ең алғаш тіршілік ортасы қандай?
A) су
B) ауа
C) құрлық
D) жер асты
Ғылыми тұжырымдаманы немесе принципін пайдалана отырып, табиғи құбылысты бақылау
Тиісті мәтіндік, кестелік, пиктографиялық және графикалық ақпаратты интерпретациялау үшін ғылыми тұжырымдамаларды қолдану.
Ғылыми тұжырымдамаларды білу үшін диаграммаларды немесе басқа да модельдерді пайдалану, технологиялық циклдың немесе жүйенің өзара байланысын бейнелеу немесе ғылыми тапсырмалардың шешімін табу.
Іргелі ғылыми тұжырымдаманың білімін бақылатын немесе болжанатын қасиетімен, мінез-құлқымен немесе объектілерді, организмдерді немесе материалдарды пайдаланумен сәйкестендіру.
Организмдер, материалдар немесе процестер топтары арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау немесе сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |