Жаратылыстану және математика


– дәріс тақырыбы: Электромагниттік тербелістер



жүктеу 2,5 Mb.
бет16/19
Дата05.02.2018
өлшемі2,5 Mb.
#8651
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

13 – дәріс

тақырыбы: Электромагниттік тербелістер.

Дәрістің мазмұны:

1. Айнымалы ток тізбегіндегі тербелістерді талдау.

2. Айнымалы ток тізбегінің жұмысы мен қуаты. ПӘК. Трансформатор.

Мақсаты:Айнымалы ток тізбегінің анықтамаларымен, негізгі заңдарымен таныстыру.

Тірек сөздер: тербелістер, ток, актив және реактив(индуктивтік, сыйымдылық) кедергісі. Ом заңы.

Негізгі мәселелер және мазмұны:
1. Айнымалы ток тізбегіндегі тербелістерді талдау.

Тұрмыста, өндірісте, радио байланыста және т.б. салаларда синусоидалы периодты ЭҚК-тер, токтар және кернеулер кең қолданылады. Бұлардың басқа токтардан артықшылығы-

А) тізбекте алуан түрлі түрлендіруге ұшырағанда токтың, кернеудің уақыттан синусоидалық тәуелділігі өзгермейтіндігі.

Б) жоғары қуатты электр энергиясы көздерін қолдану мүмкіндігі.



Айнымалы ток тізбегінде сыйымдылықтан айнымалы ток өтеді. Сыйымдылық та, индуктивтік те айнымалы токқа кедергі келтіреді. Сол кезде де Ом заңы орындалады. Синусоидалық тәуелділік – комплексті математикалық анализді қолдануға (символдық әдіс) және векторлық диаграммалар әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Осының арқасында айнымалы ток тізбегін жан- жақты талдап есептеулердің математикалық әдістері шығарылады. Электр тізбегінде ток пен кернеу фазасы айырмасы- резисторлық элементте нольге тең болып, индуктивті элементте , ал сыйымдылық элементте болады. Күрделі электр тізбегінде бұл фаза айырымы тізбек құрамына және қосылу сұлбасына тәуелді.

2. Айнымалы ток тізбегінің жұмысы мен қуаты ПӘК. Трансформатор.



Айнымалы ток тізбегінде жұмыс істеледі. Ол резистивті элементе жылу түрінде бөлініп шығады, қозғалтқыштарда – механикалық жұмыс түрінде және т.б. түрде. Резистивті элементті сол себепті актив элемент деп атайды. Сыйымдылық пен индуктивті элементтер энергия тұтынбайды, оны қор түрінде сақтап, келесі жарты периодта тізбекке қайтып береді. Сондықтан бұл элементтер – реактивті элементтер деп аталады. Тізбектегі токтың қуаты Джоуль – Ленц заңымен анықталады. Бірақ кернеу мен токтың фазалар айырымы салдарынан тізбектегі токтың жаратылуы шектеледі.

- қуат коэффициенті деп аталады.

Электр энергиясын өндіргеннен кейін, оны қашықтағы тұтынушыға тасымалдау мәселесі маңызды. Сым желілерде қуат пайдасыз жаратылады. Осы шығынды азайтып, ПӘК-ті жоғарылату үшін кернеуді жоғары көтеретін жоғарылатқыш трансформаторлар қолданылады. Ал қалаға жеткізілген жоғары кернеуді төмендету үшін төмендеткіш трансформаторлар қолданылады.

Трансформатор: ортақ ферромагнит өзекше арқылы байланысқан екі катушкадан құралған. Жоғарлатқыш трансформатор кернеуді өсірсе, төмендеткіш трансформатор оны азайтады. Катушкалардың орамдар санының қатынасы кернеудің қанша есе азайтып не көбейтетіндігін көрсетеді, сондықтан бұл сан: беріліс коэффициенті деп аталады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары :

:


  • Тербелмелі процесстер

  • Электр тербелістері

  • Айнымалы ток- электр тербелістерінің мысалы

  • Айнымалы электр қозғаушы күші. Электромагниттік индукция, кедергі , сыйымдылық.

  • Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, сыйымдылық, индуктивтік

  • Сыйымдылық және индуктивтік кедергі

  • Айнымалы ток тізбегі үшін Ом заңы

  • Толық кедергі.

  • Айнымалы ток тізбегіндегі жұмыс және қуат. Актив және реактив кедергілер.

  • Электр тербелмелі контур. Томсон формуласы, резонанс

  • Электр энергиясын қашыққа жеткізу

  • Трансформатор

    1. Айнымалы ток

    2. Айнымалы ток тізбегіндегі кедергі

    3. Ом заңы айнымалы ток тізбегінде

    4. Электр тербелмелі контур. Резонанс

    5. Трансформатор

Әдебиет: Силлабусты қара.
жүктеу 2,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау