Жаратылыстану жəне математика факультеті Информатика кафедрасы



жүктеу 1,29 Mb.
Pdf просмотр
бет7/58
Дата19.11.2018
өлшемі1,29 Mb.
#21498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58

символдар  жиынтығы  білдіреді.  Стандарт  идентификатор  форматына  келесі  шектеулерді 
қояды:  SQL-дегі  атаулар  əріптерден  басталуы  жəне  ұзындығы  1-ден  128-ге  дейінгі 
символдардан  тұруы  керек  жəне  бос  орын  немесе  арнайы  символдардан  тұрмауы  керек. 
Тəжірибеде  əртүрлі  ДҚБЖ-дегі  атауларды  қолдау  əр  қилы  іске  асырылған.  Тасылмалдауды 
жоғарылату  үшін  атауларды  салыстырмалы  қысқа  да  түсінікті  түрде  етіп  алған  дұрыс  жəне 
арнайы символдарды қолданбау керек. 
Кестенің  толық  аты  өзара  нүкте  арқылы  бөлінген,  иесінің  аты  мен  өз  атынан  тұрады. 
Бағанның  толық  аты  нүкте  арқылы  бөлінген  бағаннан  тұратын  кесте  аты  мен  баған  атынан 
тұрады. 
Қазіргі  ДҚБЖ  əртүрлі  типтегі  деректерді  өңдеуге  мүмкіндік  береді.  Деректер  бірнеше 
типтердің  бір  түріндегі  деректер  қорында  сақталатын  ақпараттар  жиынтығы.  Деректер  типі  – 
бағанның,  параметрдің  немесе  айнымалының  қандай  деректер  түрін  сақтайтынын  көрсететін 
атрибут.  SQL  Server  деректердің  жүйелік  типіне  негізделген  жүйелік  жəне  қолданушылық 
типтер  жиынтығын  қолдайды.  Объектіге  деректер  типін  тағайындау  төрт  атрибут  арқылы 
анықталады: 
1.   объектіде бар болатын деректер түрі; 
2.  сақталатын мəннің өлшемі немесе ұзындығы; 
3.  санның дəлдігі (деректердің сандық типі үшін ғана); 
4.  санның бөлшек бөлігінің дəлдігі (деректердің сандық типі үшін ғана). 
SQL Server-де сақталатын барлық деректер төменде айтылған жүйелік (базалық) типтердің 
бірімен үйлесімді болуы керек. 
CURSOR  –  кестенің  бағанына  тағайындауға  болмайтын  жалғыз  деректер  типі.  Оны 
сақталатын процедуралар айнымалыларына жəне параметрлеріне ғана қолданады. 
Көптеген  коммерциялық  ДҚБЖ  стандартта  ерекшеленбеген  деректердің  типтерін 
қосымша қолдайды. 
1-ші  кестеде  SQL  жəне  оның  жариялануларының  деректер  типтерінің  категориялары 
көрсетілген. 
К е с т е   1  
Деректер типтері 
Деректер 
типінің 
дəрежесі 
Жариялануы 
Бүтін санды 
BIGINT | INTEGER | SMALLINT | TINYINT 
Ондық  
DECIMAL | NUMERIC  
Жуық 
FLOAT | REAL 
Ақшалы  
MONEY | SMALLMONEY 
Күні жəне уақыты 
DATETIME | SMALLDATETIME 
Екілік  
BINARY | VARBINARY | IMAGE  
Символдық 
CHAR | VARCHAR | TEXT 
Арнайы  
BIT | CURSOR | TIMESTAMP | UNIQUEIDENTIFIER | SQL_VARIANT 
| TABLE 
Unicode 
NCHAR | NVARCHAR | NTEXT 
 
Деректердің  қолданушылық  типінің  негізін  деректердің  жүйелік  типтері  жатады.  Егер 
деректердің  типі  бірдей,  өлшемі  болуы  керек  жəне  бірдей  ережемен  бос  мəндерді  жіберсе 
немесе жібермесе бірнеше кестеден тұратын бағандардың жиынтығында бір типтегі деректерді 
сақтаған кезде қолданушылық деректер типі қолданылады. 
Деректерді  қолданушылық  типте  жасау  жүйелік  процедураны  орындаумен  жүзеге 
асырылады: 
sp_addtype [@typename=] type, [@physname=] 
system_data_type [,[@nulltype=] ’null_type’] 
Типтерді  түрлендіру.  Кейде  бір  типтегі  мəнді  басқа  мəнге  конвертациялау  қажет.  Санды 
символдық  дерекке  конвертациялау  немесе  керісінше  болғанда  арнайы  STR  функциясы 
қолданылады.  SQL  Server  басқа  өзгертулерін  орындау  үшін  CONVERT  жəне  CAST  əмбебап 
функцияларын ұсынады, олар бірдей жəне өзара ауыстырылымды. 


CAST (өрнек AS деректер типі) 
CONVERT (деректер типі [(ұзындық)], өрнек [, стиль]) 
Стиль аргументі көмегімен келесі типтегі мəндерді көрсетуді стильмен басқаруға болады: 
күн жəне уақыт, ақшалы немесе бүтін емес сандар (ондық жəне жуық). 
Бақылау сұрақтары: 
1.  SQL тілінің қандай нұсқаулары бар?
 
2.  WHERE (қайда) қашан пайдаланады?
 
3.  FROM (қайдан) қашан пайдаланады?
 
4.  INTO (қайда) жəне HAVING (бар болуы) қашан пайдаланады?
 
 
Əдебиеттер[1] 53-60 бет,  [2] 30-32 бет., [3] 23-27 бет. қ[1] 10-11 бет. 
 
2 кредит сағат. 
Тақырыбы: Деректер құрылымын анықтау SQL тілінің нұсқаулары.  
Дəріс мазмұны: 
1. 
Тұрақтылар. 
 
2. 
Өрнектер. 
 
3. 
Айнымалылар.
 
4. 
SQL тілінің функциялары
 
Тұрақтылар.  Өрнектер.  Айнымалылар.  SQL-дің  кейбір  инструкцияларында  сан,  жол 
немесе күн мəндерін айкын көрсету керек. SQL-де сандық тұрақтылар, жолдық тұрақтылар, күн 
жəне уақыт тұрақтылары жəне атауланған тұрақтылар қолданылады. Сандық тұрақтылар: 
- бүтін жəне ондық тұрақтылар (дəл сандық литералдар), (мысалға: 22, -389,    900.0, +476); 
-  қалқыма  үтірлі  тұрақтыларға  (жуық  сандық  литералдар)  (мысалға:  1.5E2,      -7.12349E1,   
0.065439E12) бөлінеді. 
Стандарт  бойынша  SQL-де  жолдық  тұрақтылар  бір  тырнақшаға  алынуы  керек,  мысалы, 
‘New  York’,  ‘Қарағанды’.  Реляциялық  ДҚБЖ-де  күн,  уақыт  жəне  уақыт  аралықтарының 
мəндері жолдық тұрақтылар түрінде көрсетіледі, бұл тұрақтылардың форматы түрлі ДҚБЖ-де 
бір-бірінен ерекшеленеді. SQL-дегі мүмкін болатын күн тұрақтыларын келтірейік: 
March 25. 1999   Mar 25 1999   3/25/1999   3-25-1999   1999 Mar 15 
уақыт тұрақтылары: 15:30:25   3:30:25  PM     3:30:25   pm    3 PM. 
Арнайы  атауланған  тұрақтылар  ДҚБЖ-ның  өзінде  сақталатын  мəндерді  қайтарады. 
Атауланған  тұрақтыны  SQL-дің  кез-келген  нұсқауында  сол  типтегі  əдеттегі  қолданушылық 
тұрақтыны  қолдануға  рұқсат  етеді.  SQL2  стандартына  келесі  атауланған  тұрақтылар  кіреді: 
CURRENT_DATE,  USER,  CURRENT_TIME,  CURRENT_TIMESTAMP,  SESSION_USER  жəне 
SYSTEM_USER.  Кейбір  ДҚБЖ  жүйелік  мəндерге  рұқсат  орнатылған  функция  арқылы 
қамтамасыз етіледі. 
Қатыспаушы мəндер. Деректер қоры шынайы əлем моделін тілдіреді, сондықтан деректің 
жеке  элементтері  онда  жоқ  болады  немесе  барлық  мəнге  келе  бермейтін  болады.  NULL 
қатыспаушы  мəндер  түсінігінің    көмегімен  SQL  қатыспаушы  мəндерді  өңдейді.  Егер  кесте 
өрісінде  NULL-мəні  көрсетілсе,  онда  ол  нақты  жолда  деректердің  анықталған  элементі  жоқ 
немесе өріс мəні берілген жолға сəйкес келмейді дегенді білдіреді. NULL өріс мəні болса, онда 
деректер қорының программасы берілген жолда (жазба) қандай да бір мəннің жоқтығын арнайы 
түрде белгілейді. Деректер қоры кез-келген мəн ретінде айтатын бұл өріске «нөл» немесе «бос 
орын»  мəнін  жай  жазбайды,  себебі  NULL  деректер  типіне  ие  емес.  NULL  кез-келген  типтегі 
өріске  орналаса  алады.  Ол  барлық  коммерциялық  ДҚБЖ  жүзеге  асырылған  жəне  көптеген 
жағдайларда ДҚБЖ жеке өңдеуді талап ететін NULL мəні стандарттың бөлігі болып табылады. 
Өрнектер.  Өрнектер  идентификаторлар  комбинацияларын,  функцияларды,  логикалық 
жəне  арифметикалық  операциялар  белгілерін,  тұрақтыларды  жəне  басқа  да  объектілерді 
білдіреді.  Өрнектер командалардағы,  сақтау  процедурасындағы  немесе  сұраныстағы аргумент 
ретінде қолданылуы мүмкін. 
Өрнектер  операндалардан  (деректердің  өзіндік)  жəне  операторлардан  (операндаларға 
қолданылатын  операциялар  белгісінен)  тұрады.  Операндалар  ретінде  тұрақтылар, 
айнымалылар,  баған  аттары,  функциялар,  ішкі  сұраныстар  қолданыла  алады.  Операторлар  – 


жүктеу 1,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау