Биологияны оқыту формаларының жүйесі.
Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.
Биологияны ұйымдастыру формалары.
Оқыту формалары
|
Өткізілетін орны
|
Дамытушылық
|
Сабақ
|
Кабинет
|
Ғылыми ұғымдарды, ойлау қабілетін, дүниетануды, еңбекке баулуды, этикалық, эстетикалық қарым – қатынастарды дамыту
|
Экскурсия
|
Ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат
|
Үй жұмыстары
|
Үйде
|
Сабақтан тыс жұмыстар
|
Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы
|
Сыныптан тыс жұмыстар
|
Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы
|
Қоғамдық жұмыстар
|
|
Биологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен, көпшілік).
Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде өткізілуі керек.
Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.
Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек.
Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.
Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.
Биология оқытушысына жұмысты жоспарлаудың өте бір қажеттілігі мынадай жағдайға байланысты: биология оқытушысы материалды күн ілгері әзірлеу керек, белгілі бір мерзімде көрсетілетін тәжірибелерді алдын ала жасау, экскурсия туралы күні бұрын келісу және т.б. қажет.
Жылдық жоспардың үлгісі.
Тақырып
|
Сағат мөлшері
|
Өткізу мерзімі
|
Тақырыптарды қайталау
|
Экскурсиялар
|
Сыныптан тыс жұмыстар
|
алдыңғы курстардан
|
курстан
|
|
|
|
|
|
|
|
Келесі жылға жоспарды осы жылдық аяғында жазған дұрыс.
Тақырыптық жоспар.
Сабақ тақырыбы
|
Әдістер
|
Көрнекі құрал
|
Оқу кестесінен тыс өткізілетін сабақ
|
Сыныптан тыс оқылатын әдебиет
|
|
|
|
|
|
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.
Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.
Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:
оқу материалын іріктеу;
әдістерді таңдау;
сабақ құрылымын анықтау;
көрнекі құралдарды дайындау;
жоспар немесе конспект жазу.
Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын сынмен ұғынуы керек.
Мұғалімнің міндеттері:
I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.
II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.
Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.
Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.
Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.
Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.
Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.
Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:
кіріспе
тақырыптың мазмұнын ашатын
қорытынды сабақтар.
Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп, ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.
Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.
Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.
Курсты көңілдегідей оқыту үшін үлестіріп берілетін материалдар (құрғақ және кептірілген күйде) қажет; бұл материалдың көбін қай мектеп болса да, өз күштерімен дайындай алады.
Оқушылардың өздеріне көрнекі құрал жасатуға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушылардың экскурсияда жинаған материалдарынан таблицалар, гербарийлер, коллекциялар жасауға болады. Мектепте оқу – тәжірибе участогы болса, жыл сайын биология кабинетіне жаңа материалдар қосылады, оларды гербарий, таблица және коллекция етіп жасауға болады. Мысалы, “Дарвин участогындағы өсімдіктер түрлерінің тұқымдары”, “Өзгергіштік”, “Өсімдіктер дүниесіндегі бейімделушілік”, “Қолдан сұрыптау” және т.б..
Көрнекі құралдарды, үлестіру материалды және тәжірибе жұмысына қажет жабдықтарды сабақ қарсаңында дайындап қою керек.
Жаңа мұғалімге сабақ қарсаңында өзі құралды жинап, тәжірибені өткізіп жаттығып алған дұрыс. Алдын ала тәжірибені көрсеткенге, микроскоптарға ыңғайлы орындар белгілеп алу керек.
Сабақты жүргізу. Сабақтың жоспары жақсы құрылған болса да, оны сыныпта өткізген жағдайда, егер де уақыттың тәртібі бұзылатын болса сәтсіздікпен аяқталуы мүмкін. Сабақты жүргізуге 45 минут беріледі, оған жоғары педагогикалық нәтижесін пайдалану қажет. Сондықтан сабақтың барлық бөліктерін жүйелеу және оны белгілі ырғақпен өткізу керек.
Сабақтың басында «ұйымдастыру сәтіне» көп уақыт бөлмеу керек. Мектептерде бірыңғай талап етуіне байланысты балаларды 1 сыныптан бастап сабаққа дайындауға үйретеді. Сабақты жүргізу кезінде жаңа материалмен танысып, дереу кірісу керек. Ең алдымен тақырыпты қысқа айтып кету керек және мазмұнындағы сұрақтар немесе мәселелерді қою қажет. Көбінесе сабақтың басында оқушылардың үй тапсырмасын тексереді, оған сабақтың жартысындай кетеді. Мұғалім тақтаға шығарылған оқушымен әңгімелеседі, ал сынып оқушылары бұл уақытта бос отырады. Бұл мұғалімнің үлкен қатесі. «Мұғалім еш уақытта ұмытпауы қажет, алдында сынып оқушылары бар екенін. Мұғалім әрқашанда, бүкіл сынып оқушыларының жұмыс істеп отырғаның қадағалау керек және бүкіл сыныпты мұғалім қызықтыру керек, балалар жақсы білім алу үшін» - В.В Половцов айтуы бойынша.
Оқушылардың білімін тексеру сабақтың басында қоймау керек, жаңа материалмен байланыстыру керек. Оқушылардың сабақтағы рөлін анықтау ең маңызды болып келеді. Олардың сабақтағы жауаптары сыныптың дамуына әсерін тигізеді, алдұрыс емес жауаптарын оқушылар түзетуге, сынауға тырысады.Сабақтаоқушылар жауаптар мен мәліметтерді қолданады, үй тапсырмасына қажет қызықты материалы бойынша алдын-ала дайындалады. Әсіресе маңызды мәліметтерге байқаулар мн көрсету тәжірибелері оқушылардың экскурсия немесе кластан тыс уақытта, үйде өткізілгені бойынша болады. Бұл жағдайда оқушылар танымдық рөлін өткізеді бұл білімнің көзі болады.
Оқушылар сабаққа қосқанда жан-жақты болады.
Ұйымдастырылған ассистенттер мұғалімге көмектеседі.
Көрсету құралы – кинофильмдерді, диапозитивтерді көрсету.
Практикалық жұмысты өткізу – құралдарды көрсету, материалдарда, нәтижелер мен құралдарды жинау.
Сабақтың мазмұны бойынша
Ауызша:
1) Әңгімелескенде ( жеке оқушымен)
2) Қысқаша докладтармен
Көрнекілік:
Модельдер мен кестелер, гербарий
Тақтадағы схемалар
Жануарлар мен өсімдіктерге жасалған тәжірибелер
Тәжірибелік – мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушыларға тәжірибелік жұмысты жүргізу.(байқау, анықтау, қысқа мерзімді эксперимент)
Білімді тексеруде (жауаптарда):
Ауызша
Көрнекілік құралды қолдануға
Практикалық жұмысты жасау
Мұғалім мұндай оқу әдістемесімен байланысты басқа факторларды әрқашан білу қажет. Әрбір сабақтың бөліктері қорытындыны қажет етеді.
Мұғалім сабақты жүргізу барысында құралдар мен аппаратураны іздеумен алаң болмау керек. Сонемен қатар ол сабақтың алдында дайындап қойғанына қарамастан биология мұғалімінде 2 ассистент болуы қажет.(өз еркімен немесе 1-2 айда ауыстырылған) сабақтың барысында көмектесетіндер. Олар құралдарды тәжірибелік жұмыстың алдына әкеліп қояды. Сабақтың алдында әкелінген материалдар оқушылардың назарын аударады. Ассистенттер терезелерді қараңғылатып, диапозитивтер мен фильмдерді көрсетеді. Ассистенттердің көмегі уақытты үнемдейді, және мұғалімге сабақты жүргізуге мүмкіндік береді, ассистенттердің өздерін тәрбиелейді және бүкіл сыныпты.
Мұғалім сабақты жүргізу барысында бақылау қажет, мазмұны мен жүргізу әдістің бөліктері орындалуы керек.Мұғалім әрқашан да қосымша материалды пайдалануға дайын тұру қажет. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру қажет.
Биология сабағында қайталау.
Қайталау жақсы нәтиже береді, егер де алғашқы оқу материалымен байланысты болса. Алғашқы материалды жақсы меңгерсе, кейінгі материалды да жақсы меңгереді, себебі олар бір-бірімен байланысты. Ұғымдарды қайталау кезінде жаңа байланыстар қаастырылады, және басқа фактілерді жүйелеу білімін дамытады. Өткен тақырыптарды қайталау оқушылардың ойлаусыз көп қайталанатын болса, білімге әкеледі деуге болмайды.Мұндай жағдайда оқушылар материалды тек механикалық түрде жаттап алады.
Тек өткен тақырыпты қайталамай алдыңғы сыныпта өткен ұғымдарды байланыстыра қайталаған жөн. Мысалы 8 сыныптағы «Асқорыту»тақырыбын өту барысында «Қан және қанайналым» тақырыптармен байланыстыру қажет.
Әрбір биология курсында ұғымдарды дамыту үшін қайталау жүйесі керек. Мысал ретінде 5-6 сыныптағы қайталау жүйесі көрсетілген.
Анатомия, физиология және адам гигиенасы курсын оқу кезінде зоология пәнінен келесі сұрақтарды қайталаған маңызды:
Тақырыптың аты
|
Алғашқы курстан нені қайталау керек
|
Адам ағзасы туралы жалпы түсінік
|
Клетканың құрылысы. Сүтқоректілердің ағзасындағы жүйелердің топографиясы. Рефлекс туралы ұғым, оның ішінде шартты және шартсыз рефлекстер
|
Тірек-қимыл жүйесі
|
Сүтқоректілердің қаңқасы
|
Қанайналу жүйесі
|
Қанайналу жүйесінің жалпы схемасы. Сүтқоректілердің кіші және үлкен қанайналым шеңберлері; басқа омыртқалылардың қанайналу жүйесі
|
Тыныс алу
|
Сүтқоректілердің тыныс алу жүйесінің құрылысы
|
Асқорту
|
Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің құрылысы. Әртүрлі сүтқоректілердің тістің орналасуы
|
Тақырыптың аты
|
Алғашқы курстан нені қайталау керек
|
Зат алмасу
|
Жануарлар мен өсімдіктерде зат алмасу
|
Тері
|
Әртүрлі омыртқалылардың терісінің құрылысы: амфибилердің, рептилилердің,сүтқоректілердің.
|
Нерв жүйесі
|
Сүтқоректілердің миының құрылысы. Омыртқалылардың нерв жүйесінің эволюциясы
|
Жалпы биологияны оқу кезіде алдыңғы курстардың көптеген сұрақтарын қайталаған дұрыс.Қайталауға көп уақытты бөлген дұрыс емес.
Бір бөлімді жаңа материалмен байланыстымай қайталау оқушылардың қызығушылығын төмендетіп, жаңа нәтиже бермейді.Алдын-ала тапсырмалар беру арқылы сабақтарды қайталау жүргізіледі. Мысалы «Биология даму кезеңін сипаттау»сабағында 9 сыныптағы бірлік жүйелерінде өсімдіктердің және жануарлардың классификациясын қайталайды, ал «жыныссыз және вегетативті көбею» сабағында 10 сыныпта «Бактериялардың көбеюі, біржасушалы балдырлар, гидралар, мүктердің, папоротниктердің спора түзуі, өсімдіктердің вегетативтік көбеюі» байқалады.
Сыныпта өткен жылдық кітаптар және басқа әдебиеттер болу керек. Бұл оқушының өздігінен қайталауы үшін керек.
Жалпы биологияны алдыңғы курстарды қайталау жоспарын мысал ретінде келтіреміз. Мұғалімнің қаталдығы оқушыларды уақытты үнемдеуге үйретеді.
6 cыныптағы материалды өткен кезде 5 сыныптағы материалдар қайталанады, ол үшін үйге қайталауға уақыт беріледі.
Жоғарғы сыныптарда қайталау кезінде тірі ағзалар жүйесін оқыған кезде өткен материалмен салыстырмалы схемаларды қолдану керек:
Жануарлардың сыртқы құрылысы
Типтік жануарлар
|
Тері жамылғысы
|
Дене бөлімдері
|
Қозғалу мүшесі
|
Сезім мүш-і
|
Алабұға
|
Алабұғаны сипаттау сабақтың үстінде жүреді.
Басқа жануарларды сипаттауға оқушылар үйден дайындалады
|
Бақа
|
Кесіртке
|
Ұзақ
|
Қоян
|
Сүтқоректілерді өткен кезде жеке ағзалар жүйесінің құрылысын салыстырады. Қорытынды нәтижесі ретінде күрделі қанайналым, және нерв, омыртқа жүйесінің эволюция құрылысының арасындағы байланыстарды қарастырады. Сүтқоректілердің ұрпақтарына қамқорлық жасау басқа жануарларда сияқты қайталанып отырады.
Сүтқоректілердің классификациясы және төменгі таксономиялық бірлікті байланыстырады, қайталаумен.
Салыстырмалы нәтижелерді кестеге жазып алу керек.
Жануарлардың жаңа топтарын өткен кезде, оқушылар кестеге жауаптарын жазады.
Омыртқалылардың ішкі мүшелердің эволюция жүйесін қайталаған кезде суреттерді қолданады:
Жүрек эволюциясы
Тыныс алу мүшелерінің эволюциясы
Мидың эволюциясы
Салыстырмалы кестеле ботаника пәнінде қолданады; өсімдіктердің тыныс алу процессінде және т.б.
Анатомия және физиология және адам гигиенасында салыстырмалы кестелерді қолданады: «Мүшелер жүйесінде» ,«Қан клеткаларында және оның ағзадағы ролі» және т.б. өте маңызды кестені қолдануға болады.
Ұлпалардың аты
|
Түрлері
|
Функциялары
|
Ағзаның ішінде қайда кездеседі
|
|
|
|
|
Кітап бойынша үй жұмысы .
Үй жұмысы мұғалімнің оқушыларға үйде өз бетінше орындауға берген практикалық және кітап бойынша ( сонымен қатар басқа кітаппен ) , сабақпен байланысқан тапсырманың бір түрі .
Оқушылар өздерінің оқитын оқулықтарымен жұмыс істеуді білмейді : біреулері сыныпта жазған тапсырманы ғана оқыс , екіншісі текістті жаттап алады , басқа біреуі жай ғана қарап шығады . Баяндама дайындағанда әртүрлі әдебиеттердің беттерін көшіріп алады , ал мұғалім оны білмей оқушыны мақтайды . Үй жұмысы оқушының ойын дамытып оны өз бетінше жұмыс істеуге итермелегенде ғана мақсатына жетеді .
Оқушылар тексттерді қатарынан оқып сыныпта мазмұндауы керек демей , керісінше тапсырма сұрақ түрінде дайындалып , оқушылар оған тиісті материалды кітаптан тауып жауаптарын көрсетуі тиіс .
Ең бастысы оқушының кітапты оқығанда оны түсініп оқуы керек .
Оқушыны тақырыптың , тараудың соңындағы сұрақтары қызықтырады .Мұғалім ол сұрақтарды оқушыларға өзі қояды . Кітаптағы сұрақтардың ішінде , мұғалім қойған сұрақтардың ең маңыздылары ол салыстыруды қажет ететін сұрақтар . Ол жылдан жылға күрделеніледі . 8-10 сыныптарда кең көлемде қажет етіледі .
Үй тапсырмасы ретінде салыстыруды , тиісті – тиісті емес тігін көрсететін тапсырмалар оқушының тақырыпты түсінуін жақсартады . Ол үшін оқушыға кестені толтыру ұсынылады . Мысалы , 5-сынып оқушысына
-
Үй жұмысы сабақты бекіту үшін ғана емес сонымен қатар фронтальды және индивидуальды болады .
Тақырыпты аяқтайтын сабақтарда фронтальды тапсырмалар беріледі . Кейде мұғалім дайын тапсырмалар жазылған дәптерді толтыруға береді . Егер ондай дәптер мұғалімде ғана болса онда тапсырмаларды тақтаға жазуына болады .
Мұғалім сабақта оқушыға кітапты үйде дұрыс пайдаланудың бірнеше тәсілдерін үйретеді . Ол тәсілдер :
Кітаптағы материалды көз жүгірту арқылы қарап шығу ;
Тексттің қиын жерлерін ,терминдерді , ескертулерді ,ссылоктарды талдап оқу ;
Суреттерді , сызбаларды , схемаларды , кестелерді қарап , түсіну ;
Санмен көрсетілген мәліметтерді түсіну ;
Жоғарғы сынып оқушыларына оқулықтан жаңа өз бетінше орындау үшін әртүрлі тапсырмалар берілуі мүмкін .Сөйтіп мұғалім тапсырманы қиындата береді .Алғашқыда мұғалім сабақта орындайтын тапсырманы жалғастыру үшін үйге әртүрлі сұрақтар береді . Одан кейін сабаққа байланысты өздік жұмыстар беріледі , сосын сыныпта басқа материалмен аналогиялық талданған сұрақтар , соңынан сабақтың біраз бөлігі үйдегі өздік жұмысына арналады . Бұл болашақта өздігінен орындауына қажет .
Білімді бекіту үшін суреттің маңызы зор . Оқушылар ауызша ғана жауап бермей схема бойынша гүлдің құрлысын , жануарлардың сыртқы және ішкі құрлысын , ұлпаның түрлерін , сүйектердің әртүрлі түрлерін ажырата білуі тиіс .
Сонымен қатар олар схема құруды : қанайналым , тынысалу ,асқорту , зат алмасу , клетканың құрылысы , фотосинтез , моно және дигибридті будандастыруға .
Практикалық үй жұмысы .
Мысалы , үй жұмысы ботаникадан морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан болады . Морфологиялық тапсырма ( гербарийлеу , сабақтын , гүлдің бөлімдерін бөлімдеу ) осы материалды бекіту үшін сабақта жүргізіледі . Физиологиялық тапсырманы біртіндеп , яғни оның қорытындысын , байқалуын сол сабақта қолдана алатындай (тұқымның өнуі , жапырақтағы судың булануы және т.б.)
Тәжірибе жұмыстарын белгілі бір сабақта орындау үшін олардың уақытын белгілеу қажет . Мұндай тәжірибе жұмыстары көбінесе ботаника курсында көп болады . Оларды орындау үшін мынандай уақыт керек :
Гербарийді кептіру - 7 күн .
Тұқымның ісінуін анықтау – 2 күн .
Әртүрлі жағдайда тұымның өсуі – 7 күн .
Тамырдың өсуін қадағалау – 10 күн .
Жапырақтың қаңқасын дайындау – 7 күн .
Сабақтың топырақтан өсіп шығуы – 20 күн .
Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын бір сабаққа алып келеді . Мұғалімнің көрсетуімен оқушылар өздерінің тәжірибелерінің қорытындыларын баяндайды . Бұл сабақтағы үй жұмысын баяндау сияқты .
Практикалық жұмыстар зоология сабағынанда беріледі . Ботаника пәніндегі сияқты мұнда да тәжірибенің өтетін жері , байқалуы болады . Зоологияда байқау: ауылшаруашылық зиянкестеріне , құстарды қорғау , ауылшаруашылық жануарларына қарау .
Зоология курсында бөлшектеуге көп көңіл бөлінеді .Мысалы , уйге өзен шаянының денесін картонға орналастыру , балықтың скелетін құрастыру сияқты . Адам анатомиясы физиологиясы мен гигиенасынан да үй жұмыстары ретінде практикалық және эксперименттік жұмыстар жүргізуге болады . «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбын бекіткенде практикалық жұмыс ретінде сүйекті өртеу , оны қышқылға салу , сүйектердің түрлері картонға жапсыру ( ұзын сүйек , формасы әртүрлі сүйек , жалпақ сүйек ) . Оған жануарлардың сүйектері қолданылады .
7-10 сыныптарда биологияны оқыту кезінде басты орынды жануарлардың рефлексін анықта болып табылады . Мұғалім кімде балықтар , құстар сияқты т.б. үй жауарлары бар екенін анықтайды . Оқушылардың қалауымен оларға рефлекстерді анықтап күнделік жүргізуге тапсырма береді . Келесі сабақтарда оқушылар өздерінің жүргізген тәжірибелері мен күнделіктерін баяндайды .
Табиғи объектілермен жұмыс істеу жалпы биология курсында да жүргізіледі . Оқушыларға табиғаттан немесе мектеп ауласынан материал жинау тапсырылады . Жұмыс қысқа мәліметпен ( қайда , қашан , не жиналды және не байқалды ) және гербарий , коллекция , кестемен керсетіледі . Ол кезде оқушылар әртүрлі әдебиеттерді , анықтауыштарды , жиналған өсімдік немесе насеком туралы жазылған әдебиеттерді пайдаланады .
Оқушылар тәжірибе жасап , байқау күнделігін жүргізіп , суреттер салады . Оқушылардың үйде жүргізген экспериментті жұмыстарының қорытындысы , мұғалімнің тапсырмасы бойынша мектеп ауласынан жиналған гербарийлер мен коллекциялары сабақта қолданылады . Бұл материалдар практикалық жұмыстарда да қолданылады .
Оқушыларды үй жұмыстары әртүрлі болуы мүмкін :
1 . Кітаппен жұмыс :
Сұраққа жауап ;
Кесте түрінде .
2 . Әртүрлі журналдар мен кітаптарды оқу ;
Конспект , баяндама дайындау .
3 . Тақырыпқа байланысты суреттер дайындау .
4 . Табиғи объекттермен жұмыс ;
Бөлме өсімдіктерінің мүшелерінің формасын анықтау ;
Тәжірибелер қою ;
Жануарларды байқау ;
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады . Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынандай шарттары бар:
1. Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет. 2 . Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы және өмірмен, олардың іс-тәжірибе-лерімен байланысты болғаны жөн.
3.Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.
4.Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
5 .Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.
6.Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
7 .Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім , оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылар- дың назарын аударып отырғаны жөн.
Үй тапсырмасына даярлық – 2-3 мин.
Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын артырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ .Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орын-далуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ .Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:
Достарыңызбен бөлісу: |