жаттықтыру.
Пунктуация синтаксиспен байаланысты қарастырылады. Ол жөнінде
Х.Арғынов: “Синтаксис туралы жалпы мәліметті оқушыларға әңгіме әдісімен
де,
лекция арқылы да, талдау арқылы да түсіндіруге болады” деген [32,211].
Ал Т.Шонанұлы бұрын-ақ сауатты жазуға үйретудегі талдаудың рөлін:
“Емлені дұрыс білу үшін оны грамматикалық тілдің басқа жұмыстарымен
байланыстыра отыру керек, жазған сөздерін бала грамматика жағынан талдап
отырсын” –деп, талдауға үлкен мән берген [60,28].
Сондықтан синтаксисте сөйлемге тән белгілер, оның грамматикалық
сипатын айқындайтын синтаксистік категориялар қатысымдық пен
моральдық және предикаттық белгілер. Бұл категориялардың әрқайсысының
өздеріне тән ішкі мағыналық және сыртқы материалдық көрсеткіштеріне
лайықты жазуда тыныс белігілерімен анықталады [32,206].
Сондықтан тыныс белгілерді оқытуда синтаксистің негізгі
нысандарына байланысты қарастыру оң нәтиже береді. Мысалы, тыныс
белгілер синтаксисінің нысандары: а) сөйлем синтаксисі, оның құрамы,
түрлері; ә) сөз тіркесі оның ерекшеліктері; б) сөйлемдер тіркесі, оның түрлері
мен құрылымдық сипаттарымен байланыстырыла үйретіледі.
Қазақ тілі мамандары соңғы уақытқа дейін "синтаксис" деген
терминнің мәнін ашуға көңіл бөлмеген. Синтаксис деген атауды қолдана
қалған күнде де оның өзін сөз етпей, әңгімені сөйлемге сипаттама беруден
бастап отырған, сөйлемді синтаксистің негізгі және бірден-бір нысан деп
түсінген.
Синтаксистің қарауына сөздер тіркесі де жататынын және синтаксистің
анықтамасын қазақ тілі білімінде сөз еткен - профессор Қ.Жұбанов. Ол
синтаксисті сөйлемнің қандай түрлері болатынын, қандай бөлшектерден
құралатынын қapaстыpaтын грамматиканың бір саласы деп анықтайды
[61,204].
Синтаксистің қарауына сөздер тіркесі де енетіні кейінгі жылдары
М.Балақаев еңбектерінде де айтылды. Ол өзінің жай сөйлем синтаксисіне
арналған зерттеуінде "синтаксис сөйлемнің грамматикалық" жүйесін,
құрамын, сөздердің тіркесуін қарастырады" десе, соңғы еңбектерінде одан
гөрі айқындаңқырал, сөз тіркесін синтаксистің бірінші нысаны дәрежесіне
көтереді [62,205].
Сөйлемге тән белгілер, оның грамматикалық сипатын айқындайтын
синтаксистік категориялар қатысымдық пен модальдық және предикаттық
белгілер. Бұл категориялардың әрқайсысының өздеріне тән ішкі мағыналық
және сыртқы материалдық көрсеткіштері бар [63].
Синтаксистің қарауына жататын, оның негізгі нысаны болып
есептелетін бірнеше мәселелер бар. Оларға: а) жай сөйлем синтаксисі, оның
құрамы, структуралық және мағыналық түрлері; ә) сөздер тіркесі, оның
өзіндік ерекшеліктері; б) сөйлемдер тіркесі, оның түрлері мен структуралық
сипаттары жатады. Бұл мәселелер бір-біріне тәуелді, өзара шарттас, тілдің
синтаксистік жүйесінің жеке-жеке элементтері болып келеді. Синтаксистің
98
осылай бөлінуі және оның қарауына, жататын мәселелерінің өзіндік
ерекшелігіне сай талдануы, жуйеленуі зерттеушілердің жеке еңбектерінде
нақты баяндалған [64; 65; 66; 67]. Осы сияқты теориялық материалдар мен
ереже, анықтаманы игертуді тыныс белгілерді игертумен байланыстырылады.
Синтаксистік талдау: Сөйлемнің тыныс белгісін үйретуде мынадай
талдаулар жүргізіледі.
І. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы, лепті, сұраулы,
бұйрықты.
ІІ. Құрылысына қарай:
1.
Жай сөйлем
2. Құрмалас сөйлем:
Мезгіл мәңді, себеп мәнді, қарсылықты мәнді, шартты мәңді,
салыстырмалы мәңді, түсіңдірме мәңді, толғaу мәңді, амал мәңді, мақсат мәнді.
ІІІ. Сөйлем мүшелері: а) бастауыш, ә) баяндауыш, б) толықтауыш, в)
анықтауыш, г) пысықтауыш.
IV. Жай сөйлемнің түрлері: а) жалаң, жайылма, ә) толымды, толымсыз,
б) жақты, жақсыз, в) атаулы.
V. Сөз тіркестері: а) еркін тіркес (есімді, етістікті), ә) тұрақты тіркес.
VІ. Сөздердің байланысу түрлері: а) қиысу, ә) меңгеру, б) матасу, в)
қабысу, г) жанасу.
VІІ. Сөздердің байланысу тәсілдері: а) интонация, ә) жалғaулар, б)
септеулік шылаулар, в) орын тәртібі.
Бұл салалардың мынадай ерекшеліктері үйретіледі:
1. Сөйлем болу үшін сөздер белгілі бір гpамматикалық байланысқа
түсуі керек;
2. Кез келген қатар тұрған сөздер бір-бірімен байланысқа түсе
бермейді.
99
Синтаксис -
гректің құру, біріктіру деген мағынаны білдіретін
сөзі. Ол гpамматиканың бір саласы болып есептеледі де сөйлемдегі
сөздердің бір-бірімен байланысын, сөз тіркесін, сөйлемнің құрамы
мен құрылымын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ
тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді.
Сөз тіркесі
синтаксисі
Жай сөйлем
синтаксисі
Құрмалас сөйлем
синтаксисі