Тыныс белгіні дұрыс қоюға жаттықтыру психологиялық негіздерге,
яғни ойлау амалдарының талдау, салыстыру, жалпылау, индукциялық,
дедукциялық, анализ, синтез, т.б. әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады.
Оқушыларды тыныс белгілерді қоя білуге баулу, терең білім, берік
дағды беру үшін грамматикалық, мағыналық, интонациялық және тыныс
белгілерді қоюдың мағынасы мен қызметіне сай ұстанымдарға негізделеді.
Оқушылардың қазақ тілі грамматикасының ережелерін игеруі
тәжірибелік іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асады. Грамматикалық
құбылыстарға берілген анықтама және тілдік ережелерді түсіну және оны
ұғынуы – оқушылардың оқу материалын игеруінің алғашқы бастамасы ғана.
Өйткені 5-10-сыныптарда оқушылардың жадында орфограммалардың
жазылу дағдысы қалыптасуы үшін қайталама қабылдау әрекет әдістерін
қолдану қажет болмақ. Яғни орфограммалар бойынша қайталау жаттығулары
мен тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Ол жаттығулар оқушылардың күрделі
аналитикалық-синтетикалық қызмет: біріншіден, ережені игеруге, екіншіден,
орфографиялық дағды қалыптастыруына негіз қалайды. Сондықтан
жаттығулар түрлендіріліп жүргізіледі.
Пунктуациялық дағды диктанттар арқылы бекітіле түседі. Диктант
жұмысы үйрету, бекіту, қайталау, пысықтау мақсатына қарай жүргізіледі.
Диктант жұмысын ұйымдастырудың талаптары бар:
- диктант теориылқ мәселеге орай жүйелі түрде түрлендіріліп
жүргізілу;
- диктанттағы анықтама, ереже, мәтіндердің саналы игерілген болуы;
- жайдан күрделендіріліп, оңайдан қиынға қарай ұйымдастырылуы.
Пунктуацияны және оның ережелерін игеруде талдау әдісі жай
қолданылады. Әрбір синтаксистік тұлғаның өзіндік белгілерін бір-бірімен
салыстыра, сатылай талдау оқушыларды сауаттылыққа баулиды.
Пунктуациялық сабақтарда мынадай икемділік пен дағдылар
қалыптастырылады:
1. Пунктуациялық көрегенділік (алдын ала білу) – дайын қатысымдық
бірліктердегі мағыналық бірліктерді, орфограмманы ажырата алу;
2. Сөйлем мәтінді игерілетін пунктуациялық ережеге сай дұрыс
рәсімдеу икемділігі;
3. Тыныс белгілердің ерекшеліктерін, орнын және оның белгілері
бойынша
таңдауларды негіздеу;
4. Пунктуациялық қатені табу және оны жөндеу.
Тұжырымдағанда, оқушылардың орфографиялық сауатты жазу
дағдыларын қалыптастыру мектептегі ең өзекті мәселенің бірі ретінде
саналмақ. Яғни тыныс белгілерді дұрыс қоя білу – сөйлемді, мәтінді дұрыс
оқи білу – оқушының жалпы мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамытады,
жетілдіреді.
170