Жамбыл облысы әкімінің аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 158,73 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі158,73 Kb.
#5477

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 05.12.2015 год

Аяқталу күні: 22.12.2015ж




«Знамя труда» 05.12.2015 год


Жамбыл облысы әкімінің аппараты бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын

жалпы біліктілік талаптары:

D-О-2 санаты үшін: жоғары білім;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; 3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

D-3 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

D-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;  2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;   3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің болуы.



D-O-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары

санаты


Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-2

125564

169767

D-3

94813

128126

D-4

71751

96735

D-O-4

64063

86485

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» КММ,

индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 үй, 505, 511 іс бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс: 43-25-17), e-mail: obl_akim@zhambyl.kz бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

конкурс жариялайды.
I. «Жамбыл облысы әкімі аппараты» КММ.

1. Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, D-3 санаты, №03-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: облыс әкімі қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Облыс әкімі өткізетін кеңестерге қатысатын лауазымды тұлғаларды шақыруды, қабылдауға шақырылған немесе келген азаматтардың қозғалысын қамтамасыз ету. Жұмысты жоспарлау, болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – Гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласында. Мамандығы: гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.



2. Облыс әкімі баспасөз қызметінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға кетуіне байланысты) D-4 санаты, №016-3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: облыс әкімі, оның орынбасарлары, сондай-ақ аппарат басшысы өткізетін әр түрлі іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстыратын облыс әкімінің өкілі ретінде қатысу. БАҚ-та облыс әкімінің қызметін түсіндіру және насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізу.Мемлекеттік саясат мәселелеріне, облыс әкімінің қызметіне байланысты ресми материалдарды жариялау бойынша БАҚ-тың жұмысын қамтамасыз ету. Ақпараттық-талдау жұмысы мен мониторингтің түрлері мен әдістерін меңгере білу, азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы. Облыс әкіміне аса маңызды жарияланымдарды, Жамбыл облысы туралы хабарлары бар теле-,радиохабарлардың талдауын тұрақты беріп отыру. Баспасөз конференцияларын дайындау және өткізу, облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Өзіне бекітіліп берілген Web-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және белгіленген регламентке сәйкес облыс әкімінің ресми сайтының барлық жұмыс режимінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысу: Web-порталға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру, Web-порталдың бағдарламалық құралдары мен телекоммуникациялық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тікелей облыс әкімінің ресми сайтының Web-порталын кепілдік берілген және кепілдіктен кейінгі кезеңдерде жөндеу және жұмыс қабілетін қалпына келтіру мәселелері бойынша сервистік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, облыс әкімінің ресми сайтының жұмыс сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: журналистика немесе филология немесе қазақ тілі және әдебиеті немесе орыс тілі және әдебиеті немесе әдебиеттану немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы).

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, аталған лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.



II. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ.

1. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары (уақытша, негізгі қызметкер шыққанға дейін), 1 бірлік, санаты D-О-2, №05-0-3.

Функционалдық міндеттері: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламалар, басқа да стратегиялық құжаттарды, олардың өңірде орындалу барысын бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет ресурстары арқылы ақпараттық қамтамасыз ету; өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру; мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастырып, орналастыру; бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету; аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу; өңірдегі ішкі саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету; өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; ақпараттық кеңестікті дамыту және жетілдіру бойынша баяндамалар, талдамалық материалдар әзірлеу; журналистердің кәсіптік ұйымдарымен, шығармашылық қауыммен, өзара іс-қимыл жасау; мемлекеттік органдардың аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасын үйлестіру; қалалар мен аудандар әкімдерінің мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі қызметін және ақпараттық-насихаттау жұмыстарының барысын үйлестіру және бақылау; басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; басқарманың стратегиялық жоспарларын әзірлеу және оның орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: Тарих немесе физика немесе математика немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе филология немесе халықаралық қатынастар немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе әлеуметтану немесе саясаттану немесе журналистика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Жарнама туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдары, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



2. Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-О-4, №05-04-1-1.

Функционалдық міндеттері: өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды ұйымдастыру; ақпараттық-насихат жұмыстарын медиа-жоспарлау; Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына тапсырыс жасау; бұқаралық ақпарат құралдарына ресми мәліметтерді әзірлеу мен шұғыл тарату; ақпарат құралдары үшін пресс-турлар, баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру; ақпараттық саясатты жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік материалдар шығару, ұсыныстар әзірлеу; басқарманың веб-сайтына шұғыл ақпараттарды, жаңалықтарды күнделікті орналастыруды қамтамасыз ету; өңірлік және шетелдік (мерзімді баспасөз басылымдарын) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жұмыстарын жүргізу; аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтер банкін құру; мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру; мемлекеттік қызмет көрсету базасын әзірлеу, есептік тіркеу мәселесі, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша заңды және жеке тұлғаларға консультативтік-ақпараттық қызмет көрсету; бөлім құзіретіне жататын мәселелер бойынша басқарманың мәжілістеріне, кеңестерге материалдар, жұмыс жоспарларын, желілік кестелер және бөлімнің жұмысы туралы есептер әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе филология немесе саясаттану немесе журналистика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе қоғамдық байланыс.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» «Жарнама туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Мемлекеттік кұпиялар туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



III. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ.

Халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкер шыққанға дейін), санаты - D-О-4, 1 бірлік, №8-2-1.

Функционалдық міндеттері: халықты жұмыспен қамтуға бағытталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша мәліметтерді, ақпараттарды жинақтау және талдау, ай сайынғы, тоқсандық статистикалық есептілік пен мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындау. Бағдарлама аясында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, инфрақұрылымдық жобаларға Бағдарламаға қатысушыларды тарту бойынша жұмыстарды үйлестіру. Өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және жұмыс орындарын құру болжамы туралы мәліметтерді жинақтау. Жұмыспен қамту картасын қалыптастыру. «Жұмыспен қамту» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс істеу және жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, консультативтік, іс тәжірибелік жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе қызмет көрсету саласындағы білім. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе құқықтану немесе әлеуметтік жұмыс.

«Қазақстан -2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі.



IV. «Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ.

1. Құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №01-3-5.

Функционалдық міндеттері: бөлімде өзіне жүктелген міндеттер бойынша жұмыс атқарады, бөлім құзырындағы мәселелердің шешілуіне және басшылардың тапсырмаларын орындауға жеке дара жауап береді. Басшылардың тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Тұрғын – үй және мәдениет-тұрмыстық құрылыстардың бағдарламаларын жасауға қатысады, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыстардың техникалық-экономикалық деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Мердігерлермен жасасқан келісім-шарттардың экономикалық жағынан орындалуын қадағалайды. Жамбыл облысы бойынша статистикалық басқармасына статистикалық есептерді сапалы түрде әзірлеп, уақтылы тапсырады. Мердігерлік мекемелермен құрылыс жұмыстарының құрылыс жоспарына және кестесіне сәйкес сапалы, уақтылы жүргізілуін бақылайды.. Құрылыс нысандары бойынша Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің құрылыс бөлімдерімен өзара бірлесе отырып әрекет жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, мамандығы - құрылыс немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе менеджмент.

Қазақстанның «Қазақстан – 2050»  Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. ҚР «Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы» Заңын, сондай-ақ осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі.



2. Ішкі бақылау қызметі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №01-2-1.

Функционалдық міндеттері: басқарма қызметінің сапасы мен тиімділігін артттыру мақсатында бөлім бастығымен бірге, басқарма бастығына бағына отырып, ішкі бақылауды жүзеге асырады. Басқарма атынан сот органдарына талаптар мен шағымдар береді, талаптар мен шағымдарға жауап дайындайды. Соттарда басқарманың мүддесін қорғай отырып, өкілдік етеді. Басқарма басшылығына басқарманың жұмысын жақсарту үшін соттық таластарды қарай отырып, қойылған талаптарға сараптама жасайды және қортындылайды. Талаптар мен шағымдарды есепке алу бойынша жұмыс жасайды. Еңбек таластарын шешу үшін уәкілетті органдарда өкілдік етеді. Заңгерлік сұрақтар бойынша түсініктеме береді. Басқармада құқықтық жалпы оқу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді, осы жұмыстар бойынша уәкілетті органдарға есеп береді. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес уәкілетті органға есеп береді. Мердігерлерлік мекемелер және басқарма арасында жасалатын барлық келісім-шарттардың заңдылығын тексереді. Келісім-шарттарды екі тарапқа бірдей тиімді жасау, оңтайландыру жөнінде басқарма басшылығына ұсыныс беріп отырады. Басқарма қызметкерлерімен ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Тілдер туралы» Заңдарын, Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс Кодексінің талаптарының сақталуын қадағалайды. Жамбыл облысы әкімдігінің аппаратымен, Әділет басқармасымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – құқық саласында, мамандығы - құқықтану.

Қазақстанның «Қазақстан – 2050»  Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Еңбек Кодексін, Азаматтық Кодексін, сондай-ақ осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік құқықтық актілерін білуі.



V. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ.

Облыс бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік №6-3.

Функционалдық міндеттері: Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының стратегиялық даму және операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын жүзеге асырады. Облыстық бюджеттi атқару жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiн атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдардың жұмысын үйлестiредi. Облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердi болжауға қатысады.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, ҚР Еңбек кодексін, Салық кодексін, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу» Заңдарын, «Республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып отырған ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бойынша нұсқаулықты» және т.б., осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида); 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-O-2, D-3 санаттары бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) және «ҚР Үкіметі туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңдарын; «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың білуге арналған тест.


Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-4, D-O-4 санаттары бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» ҚР конституциялық заңы (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың білуге арналған тест.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан мекемеге – Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекенжайда орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.



Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
жүктеу 158,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау