2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
ІІ нұсқа
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут
Анализ және интерпретация - 15 минут
Бағалау және салыстыру - 20 минут
Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі- бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма
|
Қамтылатын мақсаттар
|
Тапсырмалар
|
Тапсырмалар сипаттамасы
|
Орындау уақыты, минут
|
Балл
|
1-5
|
7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.
|
Жауап нұсқаларынан бір дұры
сын таңдау/жабық сұрақтар
|
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
5
|
5
|
6-10
|
7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.
7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу.
|
Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар
|
Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет.
|
15
|
10
|
11
|
7.3.2.1 әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады.
|
20
|
5
|
Барлығы
|
40 минут
|
20
|
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Зар заман» әдебиетінің өкілдеріне тән емес нұсқа.
А) Әбу бәкір Кердері
В) Дулат Бабатайұлы
С) Махамбет Өтемісұлы
D) Мұрат Мүмкейұлы
Е) Шортанбай Қоңайұлы [1]
2. Берілген өлең шумағы кімге тиесілі?
Тұлпар мініп жаратқан,
Жауын жеңіп қаратқан!
Маған қандай теңің бар?
Сұраншы, Саурық аттанса,
Сыртқы жауға өлім бар!
А) Жиембет
В) Қазтуған
С) Қатаған
D) Сүйінбай
Е) Шортанбай [1]
3. Ж.Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңіне тән емес қатар.
А) Қарғалы өзені.
В) Николай ІІ патша
С) Ұлт азаттық көтеріліс
D) 31 мен 19 жас
Е) 1916 жылы 25 маусым [1]
4. Сүйінбай мен Қатаған айтысында кездеспейтін батыр есімі
А) Жабай батыр
В) Қарасай батыр
С) Саурық батыр
D) Сұраншы батыр
Е) Өтеген батыр [1]
5.Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңі қай ғасырға тән
А) ХVІІІ ғасыр.
В) ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы.
С) ХІХ ғасырдың бірінші жартысы.
D) ХХ ғасырдың бірінші жартысы.
Е) ХХІ ғасыр. [1]
6. «Аз қонаққа ақ сұрап,
Көп қонаққа қап сұрап,
Қазақ жақын келгенде,
Келмеуші ме едің мал сұрап!,- деген жолдардың мәнін ашыңыз.
Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем). [2]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. «Жақсы — жаннан түңілген,
Жаман — малдан түңілген,
Мұның өзі — зар заман» -деген жолдардың мәнін ашыңыз.
Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем). [2] ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Шортанбайдың «Зар заман» өлеңіндегі «Бұл қай заман» деген сұрағының мәнін ашып, өз көзқарасыңды нақты дәлелдер келтіріп жаз. (5-6 сөйлем). [2]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. «Қатаған сөзден жаңылып,
Өз-өзінен жаңылды.
Қызып тұрған темірге,
Өзі келіп қарылды!- деген Сүйінбай ақынның ойын таратып,
айтыстан дәлел келтіріп жаз. [2]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10. «Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,
Жалғызын жардан құлатты»- деген өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). [2]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11. «Е. Ысмайыловтың «Сүйінбайдың үлкен ерекшелігі шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны құмарландырып сөйлеуі...»,- деп баға берген Сүйінбай туралы өз көзқарасың мен сөз мәнін қалай ұғындырар едіңіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып, өз ойыңды таратып жаз. (5-6 сөйлем). [5]
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |