Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет31/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

 көмірсутектер  мен  олардың  туындыларының  құрамы  мен  құрылысын 
жəне олардың класын анықтау; 
 химиялық  экспериментті  қауіпсіздік  техникасының  ережесіне  сəйкес 
жүргізу,  химиялық  зақымдану  не  улану  кезінде  алғашқы  медициналық  көмек 
көрсету; 
 игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану; 
 сандық  анализ  нəтижесі  мен  жану  өнімдерінің  массасы  бойынша 
заттардың молекулалық формулаларын анықтауға сан есептерін шығару; 
 химиялық ақпараттарды өз бетінше іздеу. 
27. 10-11 сынып оқушылардың тұлғалық нəтижелер: 
күрделі емес химиялық эксперименттер орындау кезіндегі 
шығармашылық қабілеті; 
химиялық элементтер, бейорганикалық жəне органикалық заттардың 
материалдық бірлігі идеясын түсіну; 
қоршаған орта туралы білімнің шынайылығының ғылымның даму 
деңгейіне тəуелділігін түсіну; 
адамзат алдындағы жаһандық энергетикалық, азық-түлік, экологиялық 
проблемаларды шешудегі химияның рөлін түсіну; 
игерген біліктілігі мен дағдысын заттарды тұрмыста жəне өзінің 
денсаулығын күтуде қолдану; 
қоғамда сəтті əлеуметтену үшін кіріктірілген химиялық білімді алу 
кезінде белсенділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту; 
28.  Жүйелі-əрекеттік нəтижелер: 
29.  10-11 сынып оқушылары келесіні пайдалануы керек: 
 химия мен химия білімінің орны мен рөлі туралы қалыптасқан түсінік 
 танымдық əрекеті мен күнделікті өміріндегі білімі 
 таным процесінде ғылыми негізделген икемдер 
 өмірлік проблемаға ұқсайтын оқу проблемаларын шешуге жарайтын 
əмбебап қабілет  
 химия тарихы, пайдалы қазбалар кен орындары мен химиялық өндіріс 
географиясы жəне қазақстандық ғалымдардың химияға қосқан үлесі туралы 
білім. 
 
 
 
 
 
 «Химия»  пəнінен оқу бағдарламасы 
(жаратылыстану-математикалық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
6. Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы                 
23  тамыздағы  №1080  Қаулысымен  бекітілген  орта  білім  берудің  (бастауыш, 
 
 


2. Оқыту мақсаты: 
 химия  бойынша  дамыған    жаратылыстану  ғылыми  білімі  мен  білігі 
дағдысын  болашақ  өз  кəсіби  қызметіне  қолдану,  сонымен  қатар  қоршаған 
ортаны  өнеркəсіптік  жəне  тұрмыстық    қалдықтан  ластанудан  қорғауда 
экологиялық мəдениет пен өзінің азаматтық  позициясын көрсету  қабілеті.   
3. Оқыту міндеттері: 
1) практикаға бағытталған білім, түсінік, химия ғылымының теориялары 
мен заңдарын игеру; 
2)  күнделікті  өмірде,  химиялық  лаборатория  мен  өндірісте,  табиғатта 
болатын химиялық құбылыстарды бақылау жəне оларды түсіндіруді игеру; 
3)  қауіпсіздік  техникасын  сақтай  отырып,  заттар  мен  лабораториялық 
құралдарды қолданып, химиялық тəжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын 
жетілдіру; 
4)  эксперименттік  жұмысты  жүргізу  барысында  жəне  өз  бетінше  алған 
білімді  күнделікті  өмірде  қолдану  мақсатында  танымдық  жəне  зияткерлік 
қабілетін дамыту; 
5)  химияға  жаратылыстану  мен  жалпы  адамзат  мəдениетінің  негізгі 
құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту; 
6)  адамзат  алдында  тұрған  проблемаларды  шешуде  химияның  қоғамдық 
мəні мен гуманистік бағыттылығын дамыту; 
7)  оқушының  химиядан  алған  білімі  мен  біліктілігін  заттар  мен 
материалдарды  тұрмыста,  ауыл  шаруашылығында  жəне  өндірісте  қауіпсіз 
пайдалануға,  адам  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  кері  əсерін  тигізетін 
құбылыстардың алдын алуға қолдану. 
4. «Химия» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан; 
11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан. 
5.  Химияны  оқыту  үдерісінде  оқу  пəндерімен  пəнаралық  байланыстар 
жүзеге асырылады. 
6. «Биология» пəнімен: 
1)  микро,  макроэлементтердің  (металл  жəне  бейметалл)  биологиялық 
маңызы; 
2)  көмірсу,  май,  белок,  амин  қышқылдарының  биологиялық  жəне 
қоректік маңызы; 
3) гендер, тұқымқуалаушылық, ДНҚ мен РНҚ маңызы, гендік инженерия 
туралы түсінік; 
4) тірі ағзалардың химиялық құрамы; 
5)  медицина,  экология  саласындағы  биотехнология,  биохимия 
жаңалықтары; 
6) əртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі. 
7. «География» пəнімен: 
1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай жəне табиғи газдың кен орындары; 
 
 


2) 
Қазақстандағы 
табиғи 
шикізат 
ресурстары 
жəне 
негізгі 
металлургиялық,  химиялық  жəне  өңдеуші  өндірістер,  олардың  еліміздің 
əлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы; 
3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану. 
8. «Алгебра» жəне «Геометрия»  пəндерімен: 
1)  химиялық  реакция  теңдеулері  бойынша  есептеулерде  формулаларды 
қолдану; 
2)  электрондық  бұлттың  кеңістіктегі  құрылысы  мен  молекулалар 
геометриясы. 
9. «Физика» пəнімен: 
1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік, 
ядролық  реакциялар;  заттардың  агрегаттық  күйі,  кристалдық  торлар,  газ 
заңдары; 
2)  тұздар  балқымасы  мен  ертінділерінің  электролизі,  Фарадейдың 
электролиз заңы; 
3) баламалы энергия көздері, Қазақстанның энергетикалық потенциалы. 
10. «Информатика» пəнімен: 
 1) электрондық оқулықтар, əдістемелер, виртуалды лабораториялар; 
2)  компьютерлік  бағдарламаларды  қолданып,  презентация,  жобаларды 
жасау; 
3) Интернеттен қосымша материалдар іздеу. 
 
 
2. 10 сынып оқу пəнінің базалық мазмұны 
 
11.  Атом  құрылысы  тұрғысынан  периодтық  заң  жəне  химиялық 
элементтердің периодтық жүйесі (10 сағат): 
атом  құрылысының  заманауи  теориясы,  атомдағы  электрондар  күйі  мен 
қозғалысы,  квант  сандары,  Паули  принципі,  Гунд  ережесі,  Клечковский 
ережелері, изотоптар; 
атом  құрылысы  теориясы  тұрғысынан  периодтық  заң  жəне  химиялық 
элементтердің  периодтық  жүйесі,  химиялық  элемент,  оның  жіктелуі  мен 
сипаттамасы,  заттың  құрылым  бірліктері:  атом,  ион,  молекула  жəне  олардың 
сипаттамалары; 
химиялық элементтердің электртерістігі, химиялық элемент атомдарының 
радиоактивтілігі 
туралы 
түсінік 
жəне 
радиоактивтіліктің 
маңызы, 
элементтердің  валенттілігі  мен  валенттілік  мүмкіндіктері,  тотығу  дəрежесі, 
негізгі  топша  элементтерінің  қасиетінің  өзгеруінің  периодтылығы,  металдар 
мен  бейметалдар,  олардың  жоғары  оксидтері,  гидроксидтері,  сутекті 
қосылыстарының 
тотығу-тотықсыздану 
жəне 
қышқылдық-негіздік 
қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы; 
ғылым мен технологияның дамуында жəне қоршаған ортаның химиялық 
бейнесін түсінуде периодтық заңның маңызы; 
сандық есептер мен жаттығулар: 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау