2017-2018 оқу жылында «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» (5-7 сыныптар), «Қазақ әдебиеті» (6-сынып), «Қазақ тілі және әдебиеті» (5, 7 сыныптар), «География» (6, 7-сыныптар) пәндері бойынша білім беру ұйымдарында «Туған ел» кең ауқымды мақсатқа бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында сабақты мұражайларда, мәдени ұйым салаларында, тарихи ғимараттарда (мектептен тыс жерлерде) өткізу үшін көрсетілген пәндерін бойынша барлығы оқу жылында 5 сағат бөлініп отыр. Қажетті ғимараттардың болмауы себепті мұндай сабақтарды ұйымдастыра алмайтын ауыл мектептері үшін арнайы бейнематериалдар әзірленеді. Бұл бейнематериалдар әзірленуіне қарай білім басқармаларына жіберіледі.
Назар аударыңыз!
1-9-сыныптарда білім сабағын «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша жүргізу ұсынылады. Сабақты жеке-жеке үш концентр бойынша өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдамалар: (1-4-сыныптар, 5-7-сыныптар, 8-9-сыныптар) осы ӘНХ-та ұсынылған.
10-11-сыныптарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша интерактивті сабақ өткізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген бейнефильм 22 тамыздан кешіктірілмей білім басқармаларына (бөлімдеріне) жіберілетін болады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Тұңғыш Президент күнін, Тәуелсіздік күнін атап өту аясында интерактивті сабақ өткізу үшін бейнефильм дайындады. Оған қоса сабақтың тұжырымдамасы мен сабақты өткізу бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдамалар әзірленді. Сабақтың тұжырымдамасы әдістемелік-нұсқау хатқа қоса беріледі. Бейнефильм мен мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдамалар білім басқармаларына (бөлімдеріне) жіберілетін болады (5-қосымша).
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша аталған курсты біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс.
Мектеп және білім алушы компонентінің пәндері бойынша емтихан жүргізілмейді.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география).
2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.
Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік мақсатында жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады; 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.
«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 5-8-сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.
1-8-сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік тақырыптары қоса беріліп отыр (4-қосымша).
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) - сыныптарда – 34 оқу аптасы
Назар аударыңыздар!
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар, сабақ кестесінде көрсетілген, қайталауға берілген сағаттардың есебінен, оқу пәндерінің мазмұнына кіріктіру арқылы келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
1, 2, 5, 7-сыныптарға арналған жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларында қайталау сабақтары барлық оқу пәндерінде бірдей қарастырылмаған. Сондай-ақ әр тоқсанда бөлімдер бойынша және бөлімдердің ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша өзгертіледі, сондықтан қайталау сабақтарын мұғалімнің өзі енгізуге құқығы бар.
Оқу жылы барысында каникул күндері белгіленді:
1) 1-11 (12)-сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы
30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн
(2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптардағы қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).
2-4-сыныптарда пәндік нәтижелер базалық деңгейде белгіленеді, келесі сыныптарда – үш деңгейде: базалық (міндетті), 5-11 сыныптарда ілгері мүмкіндік деңгейі (таңдау пәндері бойынша 1 сағат көлеміндегі вариативті компонентті меңгеру үшін) және 8-9-сыныптарда ілгері бейіналды, 10-11-сыныптарда ілгері бейін деңгейінде (жалпы білім беру ұйымдарының пәндерді тереңдетіп меңгеру үшін оқытатын типтік оқу жоспарларының таңдалған нұсқалары).
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-2-сыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
3) ағылшын тілі;
4) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 3-4, 6, 8-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі;
4) шет тілі;
5) информатика;
6) бейінді пәндер;
7) технология (6, 8-11-сыныптарда толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);
8) дене шынықтыру сабақтарын өткізуде (6, 8-11-сынып) сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 5, 7-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;
2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;
3) шет тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
6) көркем еңбек (ұлдар және қыздар тобы сынып толымдылығына тәуелді емес).
Достарыңызбен бөлісу: |