Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
305
Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде
ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі
белгілейді.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша
бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен
аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан
өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік
кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық
қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы
білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
306
9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес даму мүмкіндігі
шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму
бұзылысын түзеу үшін және әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар
қамтамасыз етіледі.
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (2002 жылғы 11
шілдедегі №343) мүмкіндігі шектеулі балалар үш жастан бастап мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш және негізгі орта білімді жеті-он жастан
бастап алатыны анықталған.
Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық актілер жалпы білім
беретін мектепте денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша
қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен
қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін балалар үшін
қалыпты және арнайы сыныптардың ашылуы қарастырылған.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылармен бірлесе
оқытатын қалыпты (бұдан әрі - инклюзивті) және арнайы сыныптарын жалпы
білім беретін мектепте құру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013
жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру
ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік
қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) берілген.
Үлгілік қағидалардың 18 тармағына сәйкес жалпы білім беретін
мектептерде инклюзивті және арнайы сыныптар халықтың қажеттілігін, оның
ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүгедек баланы тәрбиелеп
жатқан ата-аналардың мүддесін есепке ала отырып, білім беруді жергілікті
басқару органдарының келісімі бойынша ашылады.
Инклюзивті және арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда
келесілерге назар аударған жөн:
- әрбір инклюзивті сыныпта екі даму мүмкіндігі шектеулі баладан артық
оқытылмауы тиіс (Үлгілік қағидалардың 18 т.);
- арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша ашылады және
сыныптағы білім алушылардың саны бұзылыс түріне байланысты болады.
Арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Арнайы
білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 3-тармағын және
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне
қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар»
санитариялық
қағидаларын (9-қосымша, 2-кесте) басшылыққа алу ұсынылады;
- жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті және арнайы
сыныптарға балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
307
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (1-қосымша)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының талаптарына сәйкес жүзеге
асырылады.
Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған
күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен
орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді
қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда,
ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім
беруге қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады.
Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге
қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша,
сондай-ақ ҚР МЖБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары
бойынша ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация)
ұсынымдарына сәйкес білім алады.
2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптарының білім алушыларын
оқыту жаңартылған білім мазмұнына кезеңдеп өту аясындағы ҚР МЖБС және
ҮОЖ сәйкес іске асырылатынын ескерген жөн.
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу
бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін
жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдей
алады. Ал сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға
жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ
білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін
алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру
қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының
педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше
білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық
қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.
Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл
пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске
асырылады.
Назар аударыңыз!
Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарының вариативтік компоненті толығымен түзету пәндері
бойынша жүргізілетін сабақтарға бөлінеді. Ерекше білім беружі
қажет ететін балаларға арналған элективтік курстар, мектеп
компонентінің курстары өткізілмейді.
Инклюзивті және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі
барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер Жеке
бағдарламаларына сәйкес іске асырады.
Психологиялық-педагогикалық
қолдау
қызметінің
жұмысын
ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру
Достарыңызбен бөлісу: |