Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет90/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
212 
тиісті  тоқсанның  аясында  тараулар  мен  бөлімдерді  оқытудың  ретін  өзі 
анықтауға  құқылы.  Мұғалімдер  бірнеше  мақсатқа  жетуге  бағытталған 
тапсырмаларды  құрастыра  алады.  Оқу  бағдарламасы  мұғалімдердің  оқу 
мақсатын  жиынтықта  орындаған  жағдайда  оқу  бағдарламасындағы  оқу 
мақсатына  жетуге  әкелетін  бірнеше  мақсаттарға  бөлуіне  мүмкіндік  береді. 
Мұғалімдер  тақырыпқа  /оқу  мақсатына  берілген  сағат  санын  өз  бетімен 
анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында 
қабылдана  алады.  Жоспарлау  кезінде  мұғалімдер  бекіту  және  қайталау 
сабақтарын ескерулері тиіс.  
 
Оқу жоспарлары 
 
Оқу  бағдарламаларындағы  пәндер  бойынша  оқу  жоспарлары  ұсыныс 
сипатында  берілген.  Оқу  мақсаттарының  жүйесі  мен  оқыту  тәсілдеріне 
негізделген  ұзақ  мерзімді  және  орта  мерзімді  жоспарларда  мұғалімдер  үшін 
тақырыптар  мен  бөлімдер  бойынша  сабақтарды  өткізу,  білім  алушыларды 
сабақтарда  ұйымдастыру  бойынша  ұсыныстар  берілген,  сондай-ақ  оқыту 
ресурстары  (интернет,  мәтіндер,  жаттығулар,  бейне-  және аудиоматериалдары 
және т.б.) көрсетілген. 
Әрбір  оқу  пәні  бойынша  мазмұнын  жобалаудың  принципі  өзгерген: 
сызықтық  принципі  «шиыршық»  принципіне  ауысты,  яғни  білім  мен  біліктің 
бірте-бірте  тігінен  де,  көлденеңінен  де  ұлғайюы  (дағдылардың  тақырыптар 
және сыныптар бойынша күрделенуі).  
Осыған  байланысты  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  құрудың  негізі 
болып  табылатын  оқу  материалдарын  шиыршық  тәріздес  орналастыру 
принципін,    сондай-ақ,  сыныптар  мен  тоқсандар  бойынша  ұсынылған 
пәнаралық  ортақ  тақырыптарды  оқу  арқылы  материал  мазмұнын 
құрылымдауды ескеру керек. Мысалы, 1-сыныпта, түрлі дереккөздерді зерттей 
отырып,  оқушы  «отбасы»  түсінігінің  мәнін  түсінуі  және  түсіндіре  алуы  тиіс, 
туыстық  байланыстар  жүйесіндегі  басқа  да  отбасы  мүшелеріне  қатысты  өз 
орнын анықтай алуы тиіс. 2-сыныпта ол отбасылық мұрағат материалдарының 
негізінде отбасы мүшелерінің сөздік портретін құрайды.  
Ұзақ  мерзімді  жоспарларда:  білім  беруді  дамытудың  жалпы  принциптері 
(оны  дамыту  тұжырымдамасы);  дамытудың  басты  бағыты  және 
бағдарламалары; көзделген оқу мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін 
маңызды  шаралардың  мазмұны мен  жүзеге  асыру  бірізділігі  көрсетіледі.  Ұзақ 
мерзімді жоспар бір оқу жылына арналған оқу мақсаттарын қамтиды.  
Әдетте  орта  мерзімді  жоспарлауды  мұғалімдер  тобы  немесе  бір  мұғалім 
жүзеге  асырады,  олар  оқу  бағдарламасын  сабақтардың  топтамасы  түрінде 
құрылымдайды.  Орта  мерзімді  жоспарлау  ұзақ  мерзімді  жоспарда  анықталған 
бағдарларды  нақтылайды.  Орта  мерзімді  жоспарларда  белгіленген  мерзімнің 
негізгі  міндеттері  тұжырымдалады.  Мұнда  әр  тоқсанның  немесе  бөлімнің 
тақырыптары  көрсетіледі.  Бөлімдер  ішінде  сағаттарды  бөлуді  мұғалімнің 
қалауына қарай өзгертуге болады. 
Қысқа  мерзімді  жоспарды  немесе  сабақ  жоспарын,  орта  мерзімді 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
213 
жоспарының соңында ұсынылған үлгі бойынша мұғалімнің өзі әзірлейді. Қысқа 
мерзімді  жоспарды  әзірлегенде  мұғалімге  саралап  оқыту  тәсіліне  және 
оқушылардың  жеке  ерекшеліктеріне  назар  аудару  ұсынылады.  Сабақты 
жоспарлау  мұғалімнің  оқу  мақсаттарына  тиімді  қол  жеткізуіне  мүмкіндік 
береді. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият 
іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған 
немесе  түсінбеген  жерлерін  анықтау  мақсатында  сабаққа  талдау  (рефлексия) 
жасап отыруы керек.   
Қысқа  мерзімді  жоспар  құрған  кезде  мұғалімге  төмендегі  ұсыныстарды 
басшылыққа алуына болады:    
– 
сабақты  ұйымдастыру  кезінде  оқу  бағдарламасында  және  оқу 
жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;  
– 
орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру 
ұсынылады;  
– 
мұғалімнің  қалауы  бойынша  іс-әрекет  түрі  қажеттілігіне  қарай 
толықтырылып отырады.  
Жаңа  форматты  сабақ  балаларды  оқыту  процесіне  белсенді  тартуды, 
олардың  талқылауларға  қатысуын,  өткен  материалды  талдау  және  қорытуын, 
зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді. 
Сабақтың  міндетті  элементі  ретінде  оқушыны  қолдауға  бағытталған 
мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.  
Қысқа  мерзімді  жоспарлау  кезінде  мұғалім  міндетті  түрде  мыналарды 
анықтап, әзірлеуі қажет: 
 
–  
тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;  
–  
саралау:  білім  алушыларға  қолдау  көрсету  қалай  жоспарланады? 
Қабілетті  білім  алушылардың  алдына  қандай  міндеттер  қою  жоспарлануда? 
Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады? 
  – 
метапәндік байланыстар; 
–  
денсаулығы  мен  қауіпсіздігін,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының 
құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету. 
 
Мұғалім  тек  білім  көзі  ретінде  ғана  емес,  білім  алушылардың  өздерінің 
оқу-танымдық  әрекеттерінің  белсенді  ұйымдастырушысы  ретінде  қызмет  етуі 
тиіс. 
Осыған  байланысты  сабақты    жоспарлау  бойынша  барлық  жұмысты 
оқытудың  жаңа  тәсілдерін  ескере  отырып,  жүзеге  асыру  ұсынылады. 
Сондықтан,  жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  іске  асыру  аясында  озық 
тәжірибелерді,  оқыту  мен  оқудағы,  бағалау  жүйесіндегі  жаңа  технологиялар 
мен әдістерді енгізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің 
тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы әртүрлі сандық білім беру ресурстарын, 
мектепаралық  желілік  өзара  іс-қимылды,  мектепаралық  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын,  «мұғалімдермен  алмасуды»,  мектептегі  пәндер  бойынша 
оқытуда жаңа технологияларды қолданудың шеберлік сабақтарын пайдалануды 
кеңейту қажет. 
Пәндерді,  бөлімдерді,  тақырыптарды  кіріктіру,  сондай-ақ  пәнаралық 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау