Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
205
оқушылардың оқу-еңбек, қызмет көрсету іс-әрекеттеріне араласуға
дайындығының деңгейіне байланысты анықтайды.
Сабақтарды өткізу барысында «Технология» пәнін оқытудың
дидактикалық талаптарын сапалы іске асыруға ықпал ететін заманауй оқыту
технологиялары, ұйымдастыру әдістері, оқу процестерін қадағалау және
оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қолданылады.
Басым әдістерге – жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері
жатады. Оқу жылының соңында орындаған жобаларына қорғау ұйымдастыру
ұсынылады. Жобаларды оқушылар жеке немесе топ болып орындай алады.
10-11-
сынып оқушыларымен кәсіби бағытты апталық өткізу барысында
кәсіби шешім қабылдауға дайындығын қалыптастыратын, сонымен қатар
жұмысқа орналасу немесе білім алу траекториясының негізгі және қосымша
(ықтималды) варианттарын таңдаудың қажеттілігі туралы, кәсіптік ұтқырлық
және бәсекелестікке дайын болуы қажет екендігі туралы ой салатын тренинг
сабақтар өткізу тиімді болып табылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
«Технология» пәнінің мазмұнында мәдениет сабақтастығы принципіне
сәйкес адамгершілік пен ұлттық мәдени құндылықты қалыптастыратын, соның
ішінде адам өмірі мен қоғам негізі әрекетінің құндылығы болып саналатын
еңбек құндылығы басты орын алады.
10-11-
сынып қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар
ұсынылады.
54-
кесте – 10-11-сынып қыз балаларына арналған бөлімдердің
тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2.
Құрастыру, моделдеу және иық
киім өнімдерін жасау. Қазақтың
ұлттық киімін тігіп дайындау.
1. Тағам әзірлеу технологиясы.
2. Құрастыру, моделдеу және иық
киім өнімдерін жасау. Қазақтың
ұлттық киімін тігіп дайындау.
Қолөнер
кәсібі
әрбір
халықтың
мәдениетінің
материалдық
тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен
технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекқорлық,
азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің
еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология
сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде
оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынады.
Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың
толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
206
«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін
мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
- «
ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017
жылғы маусым-қыркүйек).
10-11-
сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
Дене шынықтыру оқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектепте
маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді
шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Оқыту мақсаты:
өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім
сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын
шығармашылықпен қолдану.
Оқыту міндеттері:
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін
жетілдіру;
денсаулығын ұзақ мерзім сақтау және нығайту қажеттілігіне, өз
денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы
мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде
ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім»
(ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік
компонент).
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан алуан
түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық
технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің
тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін,
мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру
қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру
мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |