Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
16
12-
летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері –
Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
-
«Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау,
Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).
Академия Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында 1-сынып
мұғалімдеріне көмек ретіндегі Әдістемелік ұсынымдама дайындады.
Ұсынымдама Академия сайтына орналастырылған.
Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары
басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің сайтындағы
(
http://www.adilet.gov.kz
)
«Әділет» ақпараттық-
құқықтық жүйе»
(
http://adilet.zan.kz
)
блогында орналастырылған.
Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек
көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы
НЗМ сайтында ұсынылған (sk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) Жүйелі-
әдістемелік кешенді (ЖӘК) әзірледі.
Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық
тәсілдер, әдістемелер, технологиялар
Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін
бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды
пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың
өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл
жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің
ұйымдастырушысы ретінде болады.
Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу
бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген
оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім
алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық
оқытуға көшуді білдіреді.
Мұғалім назар аударуы қажет мына бір сәтті атап өткен жөн.
Өйткені, кестеге сәйкес 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар,
2018-
2019 оқу жылында 3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4, 9
және 11-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Демек, мұғалім
балаларды осы жаңартылған білім мазмұына көшуге дайындау керек. Оның
бір жолы – білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін пайдалану,
оларға барынша дербестік беру.
Практик-мұғалімге көмек ретінде оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі
заманғы тәсілдеріне, әдістеріне, технологияларына қысқаша сипаттама
ұсынылған.
1.
Зерттеушілік тәсілі.
Зерттеушілік тәсілі негізінде білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу
іске асырылады.
Зерттеушілік тәсілі: