Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет111/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
260 
6) 
шығармашылық  әдіс-тәсілдер  арқылы  химиялық  ақпаратты 
пайдаланып,  өмiр  сапасын  жақсартуға  болатындығын  түсінуге  мүмкіндік 
береді.  
Бағдарлама  халықаралық  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  білім 
алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріліп әзірленген.  
Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды:  
- «
Заттардың бөлшектері»;  
- «
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары»;  

«Химиядағы энергетика»; 
- «
Химия және қоршаған орта»; 
 - 
«Химия және өмір».  
Білім  алушылардың  химиялық  процестердің  мәнін,  заңдар  мен 
заңдылықтардың  мағынасын  жетік  түсінуге  және  оларды  өмірде  қауіпсіз 
қолдануға; проблемаларды шешуге, жағдайды сын тұрғысынан бағалауға және 
шешім қабылдауға, сондай-ақ, түрлі әдістермен тиімді коммуникация орнатуға 
мүмкіндік беру болып табылады.  
Қоршаған  ортада  әртүрлі  құбылыстар  мен  процестер  болып  жатады, 
олардың  көпшілігі  химия  ғылымы  түсіндіретін  заңдар  мен  заңдылықтарға 
бағынады.  Химия  пәні  оқушыларға  Жерде  адамның  тiршiлiк  әрекетiне  өте 
маңызды  көптеген  табиғи  заттар  бар  екендігін  және  табиғат  байлықтарына 
ұқыпты  қарау  қажеттiлiгiн  түсiнуге  тәрбиелейтін  мүмкiндiк  бередi.  Химияны 
оқу  қоршаған ортада  болып жатқан химиялық  құбылыстардың мәнiн  түсiнуге 
жетелейді. 
Оқушылардың  сыни  және  шығармашылықпен  ойлауын,  сонымен  қатар 
көптеген  эксперименттік  және  тәжірибелік  дағдыларын  дамыта  отырып, 
проблеманы шешуде шығармашыл тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді 
оқу  барысында  оқушылардың  зетханалық  құрал-жабдықтарды  қолдану  мен 
эксперимент жүргізу дағдылары дамиды.  
Басты  назар  әлеуметтік  және  тұлғалық  маңызы  бар  мәселелерді,  ғылым 
жетістіктері  мен  ашылымдарды  түсінуге  қабілетті  жан-жақты  ақпараттанған, 
сын тұрғысынан ойлайтын азамат тәрбиелеуге, назар аудару қажет. 
Жаңартылған  оқу  бағдарламасы  оқушылардың  келесі  білігі  мен 
дағдыларын дамытуға бағытталған:  

қауіпсіздік  техникасын  пайдалана  отырып  құрылғылар  мен  құрал-
жабдықтарды  қолдану,  тәжiрибе  жүргізу,  химиялық  заттарды  анықтау, 
есептеулер жүргізу, моделдерді жинау; 

табиғи  құбылыстар,  үдерістер,  заңдардың  мәнін  түсіну  үшін 
лабораториялық  тәжірибе  және  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  эксперименттік 
есептер шығару; 

қоршаған  ортада  болатын  өзгерістердің  себеп-салдарын  анықтау, 
оларды берілген жағдаятты шешу үшін түсіндіру және әдістерді ұсыну.  
Бұл оқу бағдарламасы табиғаттағы, адамзаттың іс-әрекетіндегі химиялық 
үдерістерді, 
экологиялық 
проблемаларды 
шешудегi 
химиялық 
технологиялардың  мүмкiндiктерi,  химиялық  өнімдер  өндірісінің  принциптері 
мен қоршаған ортаның сақталу тепе-теңдігі туралы білім береді. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
261 
Химияның оқу бағдарламасы оқушыларға:  

атомдар  мен  заттар  молекулаларының  құрылысын,  химиялық  үдеріс 
барысында олардың қасиеттерінің өзгерісін; 

химиялық  реакциялар  кезінде  заттың  жалпы  массасы  мен 
энергиясының сақталуын; 

химиялық реакцияның жылдамдығының химиялық процесс шартының 
ауысуына байланысты өзгеруін;  

ғылыми әдістер мен эксперименттерді жоспарлауға; 

қоғам үшін химияның кең ауқымды мүмкіндіктерін бағалауға; 

жағдайды 
шынайы 
бағалау, 
нәтижелерді 
қорытындылау, 
эксперименталды жұмыстар жүргізу кезінде қорытынды жасау маңыздылығын; 

техникалық  қауіпсіздік  ережесін  сақтап,  қоршаған  ортаға  қауіпсіз 
химиялық айналымдарды жүргізуге болатындығын; 

химияның  маңызды  заңдылықтарын  пайдаланып  химиялық  процестер 
мен заңдылықтарды болжауға және түсіндіруге болатындығын;  

шығармашылық 
әдіс-тәсілдер 
арқылы 
химиялық 
ақпаратты 
пайдаланып,  өмiр  сапасын  жақсартуға  болатындығын  түсінуге  мүмкіндік 
береді.  
Оқушылар  «Химия»  пәнін  7-сыныптан  бастап  оқитын  болғандықтан, 
оқушылар пәннің негізін қалайтын ұғымдар, заңдар мен заңдылықтарды дұрыс 
түсіндіруді қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Оқушылардың кейінгі 
сыныптарда осы пәнді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін барынша 
әртүрлі практикалық және лабораториялық жұмыстар жүргізу ұсынылады. 
Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқу  бағдарламаларын  тиімді 
жүзеге  асыру  үшін  оқу  мақсаттарымен  анықталған,  сәйкесінше  сыныптарда 
оқытудың күтілетін нәтижелеріне ерекше назар аудару қажет. 
Мысалы:  «Заттардың  агрегаттық  күйінің  өзгеруі»  тақырыбы  бойынша 
заттардың  бір  агрегаттық  күйден  екіншісіне  өтуі  бойынша  білім  негізін  салу 
қажет.  Оқушылар  графикалық  бейнелердегі  өзгерістерді  көрсете  білуі, 
өзгерістерді  анықтауы,  қисықтың  өзгеру  немесе  өзгермеу  себебін  түсіндіруі 
тиіс.  Физикалық  және  химиялық  құбылыстардың  өту  ерекшеліктерін 
бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан терең түсінуді қалыптастыру 
үшін  оқушылардың  оқу  жоспарларында  ұсынылатын  барлық  практикалық 
жұмыстарды  немесе  олардың  баламаларын  орындауы  міндетті.  Бұл  жоғары 
мектепте  оқушыларға  қоршаған  ортада,  сондай-ақ  тірі  ағзаларда  өтетін 
үдерістердің 
себептері 
мен 
салдарын 
түсіндіруге 
бағытталған 
«Термодинамика», «Энергетика», «Кинетика», «Тепе-теңдік» бөлімдерін тиімді 
меңгеруге мүмкіндік береді.  
Бағдарламада  Блум  таксономиясында  белгіленген  барлық  дағдыларды 
дамыту  көзделген.  Дағдыларды  таксономиялық  әдістемеге  сәйкес  жеңілден 
күрделіге  қарай  дамыту  нақты  оқу  мақсаттарында,  сонымен  қатар  оқу 
жоспарларындағы мұғалімге арналған оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты 
ұсыныстар беріледі. 
Әртүрлі  сыныптарға  жататын  қосылыстардың  қасиеттерін  түсінуді 
жақсарту  үшін  7-сыныпта  барлық  химиялық  реакция  теңдеулері  сөзбен 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау