Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
121
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып
немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты
іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған
жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз
жобаларын қорғауды үйренеді.
2017-
2018
оқу
жылындағы
6-сыныпта
«Математика»
және
«Информатика», 8-9-сыныптарында «Алгебра», «Геометрия», «Информатика»
пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы келесі
31-
кестеде берілген.
31-
кесте – 6, 8-9 сыныптарда математика, алгебра, геометрия және
информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы.
Сынып
Пән атауы
Аптадағы
сағат саны
Оқу
жылындағы
сағат саны
Бақылау
жұмысының
нормасы
6
Математика
6
204
14-16
6
Информатика
1
34
6-7
8
Алгебра
3
102
7-9
8
Геометрия
2
68
7-8
8
Информатика
1
34
5-6
9
Алгебра
3
102
8-9
9
Геометрия
2
68
6-7
9
Информатика
1
34
3-4
Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық және жылдық
бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.
Академия мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS халықаралық
зерттеулеріне оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірледі.
Жинақты Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еліміздің Президенті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: бәсекеге
қабілеттілік» (2017 ж.) Қазақстан халқына жолдауында ең алдымен, білім беру
жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс екендігін атап өтті. «Біздің міндетіміз – білім
беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.
Оқыту бағдарламалары сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену
дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық
сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу
қажет». Бұның бәрі мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде өскелең ұрпақтың
бойында жаңа құзыреттіліктердің, өмірде қажетті дағдылардың қалыптасуына
ықпал етеді. Сондықтан білім алушылардың ғылыми жаратылыстану білімі
ерекше және өзекті маңызға ие болады. Ол оқушылардың бойында табиғат
құбылыстары мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастырады, табиғатты
танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат әлемін тануы ғана
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
122
емес сонымен бірге өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға
бағытталған және олардың дүниетанымын, мәдениеттануын және тәжірибеге
бағдарланған сипаттамаларын қалыптастырады, интеллектуалдық және
шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту
негізінде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады, тұлғалық сапасын
және құндылықтар жүйесін тәрбиелейді.
Білім саласының құрамына ғылыми жаратылыстану бағытының пәндері:
жаратылыстану, география, физика, химия және биология пәндері кіреді.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
–
жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің
экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу,
жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-
әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру;
–
білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-
әрекетке, өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
–
білім алушылар жаратылыстану ғылымының заңдары мен
заңдылықтары туралы білімін адамның күнделікті іс-әрекетінде қолдану және
салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру
–
білім алушылар іс-әрекетінде және шешім қабылдағанда жауапкершілік
қарымқатынаста болуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін
болжауға үйрету, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, өмір сүруге
Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қарау, сонымен қатар адамның
өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәндердің оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу
материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
Білім алушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып
табылады. Оның негізгі компоненттерінің бірі ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығы болып саналады. Білім алушылардың:
-
жаратылыстану ғылымындағы процестер мен құбылыстарды суреттеу,
түсіндіру және болжау біліктілігін;
-
дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;
-
ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу әдістерін түсінуге, шешілетін
сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы
тиіс.
География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-
жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктілігін дамыту
үшін ерекше көңіл аударылады.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін
түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады. Олар адамдардың күнделікті
өмірімен, денсаулықты сақтаумен, техника мен технологияны дамыту үшін
қажетті ғылыми-жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта
проблемаларымен байланысты болуы тиіс.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |