Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 6,61 Mb.
бет2/14
Дата28.02.2018
өлшемі6,61 Mb.
#10897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.

Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқылғанды өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады; 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 5-8-сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.

1-8-сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік тақырыптары қоса беріліп отыр (қосымша-4).



Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы

Назар аударыңыздар!

Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар, сабақ кестесінде көрсетілген, қайталауға берілген сағаттардың есебінен, оқу пәндерінің мазмұнына кіріктіру арқылы келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Оқу жылы барысында каникул күндері белгіленді:

1) 1-11 (12)-сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы
30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн


(2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 5 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптардағы қосымша каникулдар: 7 күн (2018 жылғы 5-11 ақпанды қоса алғанда).

2-4-сыныптарда пәндік нәтижелер базалық деңгейде белгіленеді, келесі сыныптарда – үш деңгейде: базалық (міндетті), 5-11 сыныптарда ілгері мүмкіндік деңгейі (таңдау пәндері бойынша 1 сағат көлеміндегі вариативті компонентті меңгеру үшін) және 8-9-сыныптарда ілгері бейіналды, 10-11-сыныптарда ілгері бейін деңгейінде (жалпы білім беру ұйымдарының пәндерді тереңдетіп меңгеру үшін оқытатын типтік оқу жоспарларының таңдалған нұсқалары).

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-2-сыныптардың толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;

3) ағылшын тілі;

4) ақпараттық-коммуникациялық технология;

5) өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.



Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 3-4, 6, 8-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін сыныптардағы орыс тілі;

4) шет тілі;

5) информатика;

6) бейінді пәндер;

7) технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына);

8) дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 5,7-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда, шағын жинақты мектептерде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;

2) оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;

3) шет тілі;

4) информатика;

5) дене шынықтыру гендер бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ер (немесе қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ер ( немесе қыз) баладан кем емес болған жағдайда) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.



Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 33 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы – білім алушылардың тапсырмаларды мұғалімнің бекітіп беруі бойынша өз бетімен орындауы және оқып-үйренетін материалды терең меңгеруге, сондай-ақ оны іс жүзінде қолдануға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және оқу біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Үй тапсырмасын ұйымдастыру кезінде:



  1. орта білім беру ұйымының түрі және білім алушылардың контингенті;

  2. сабақ кестесіне сәйкес басқа да пән бойынша берілген үй тапсырмасының көлемі;

  3. жоғары сыныптарда әр сабақ бойынша берілетін үй тапсырмасынан оқу тоқсанына берілген тапсырмалар жүйесіне өту мүмкіндігі (немесе бөлімді аяқтағаннан кейін);

  4. бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;

  5. шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;

  6. бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады;

  7. білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.

Үй тапсырмасын:

  1. мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқу, математикалық мектептер үшін жобалық жұмыстарорындау мен есептер шешуден басқа);

  2. бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;

  3. бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқу бойынша тапсырмалар болуы мүмкін) бермеу ұсынылады.

Назар аударыңыз!

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.

Осы ұсынымдамаға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.

Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.

Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда
70 минуттан, 5-6-сыныптарда 90 минуттан, 7-9-сыныптарда 110 минуттан,
10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы


29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» ережесіне оқу жылы басталғанға дейін тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагогикалық қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарының кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарында, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.



Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:

  1. сабақ аясында қоңырауға дейін білім алушыларды үй тапсырмасы бойынша хабардар ету;

  2. үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;

  3. білім алушылардың орындайтын аз көлемді тапсырмалар (орындалуы міндетті) мен көп көлемді тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) байланыстыру;

  4. сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.




2016-2017 оқу жылынан бастап республика мектептерінің бірте-бірте бес күндік оқытуға көшуі басталды. 2016-2017 оқу жылы бес күндікке республиканың бірінші сыныптары көшті. 2017-2018 оқу жылы бес күндік оқу аптасына 2, 5, 7-сыныптар көшеді.
Назар аударыңыз! Сенбі күндері вариативтік компоненттегі сабақтар өткізіледі.

жүктеу 6,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау