Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет128/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
310 
және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша 
қолжетімді 
http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22
:  
1.  Қазақстан  Республикасында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың 
тұжырымдамалық тәсілдері. 
2.  Инклюзивтік  білім  беруде  әдіснамалық  және  оқу-әдістемелік 
сүйемелдеу  бойынша  тәсілдеме  ұстанымдарын  табысты  ендірудің  әлемдік 
тәжірибесін талдау.  
3.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  оқу  жетістіктерін  критериалды 
бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар. 
4.  Ерекше  оқыту  қажеттіліктеріне  қарай  қысқа  мерзімдік,  орташа 
мерзімдік  және  ұзақ  мезімдік  негізде  оқушыларға  психологиялық-
педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар. 
5.  Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  жалпы  білім  беру  процесіне 
енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар. 
6.  Білім  беру  ұйымдарының  тәжірибесіне  инклюзивтік  педагогика  мен 
енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар. 
7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби 
құзіреттіліктеріне  қойылатын  талаптарды  дайындау  бойынша  әдістемелік 
ұсынымдар. 
8.  Мектептік  консилиумдар  құру  және  ерекше  қажеттіліктері  бар 
балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.  
9.  Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше  қажеттіліктері  бар 
оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі 
10.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  арнайы  сыныптардың  жұмысын 
ұйымдастыру 
11.  Инклюзивтік  білім  беру  жағдайында  8  санат  бойынша  ерекше  білім 
беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру 
12. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум 
ережесі 
13. Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығының ережесі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
311 
10 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН 
МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ  БАЛАЛАРҒА  ҚОСЫМША  БІЛІМ  БЕРУДІҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қосымша  білім  беру  –  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  жан-
жақты  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жүзеге  асырылатын 
тәрбиелеу  мен  оқыту  процесі  («Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Заңының 39-бабының 1-тармағы).  
Білім  алушылардың  жан-жақты  қажеттіліктері  балаларға  қосымша  білім 
берудің  әлеуметтік-педагогикалық,  көркем-эстетикалық,  музыкалық,  ғылыми-
техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, әскери-патриоттық, 
спорттық-сауықтыру,  жобалық-зерттеу  және  басқа  да  бағыттары  бойынша 
қамтамасыз етіледі.  
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім 
беру  қызметтерін  білім  алушыларға  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  орта 
білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім 
беру  ұйымдары  көрсетеді  және  шарттық  негізде  ұсынады  («Білім  туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағы 
Республикада  балаларға  қосымша  білім  беру  тиімділігін  қамтамасыз  ету 
үшін келесі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер іске асырылады: 
 «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  (1,  4,  5,  6,  11,14,  23, 
28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары);  
«Балаларға  арналған  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  іске 
асыратын  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту 
туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы; 
«Балаларға  арналған  қосымша  білім  беру  ұйымдары  түрлерінің 
қызметінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ-нің  2013  жылғы  14 
маусымдағы № 228 бұйрығы; 
«Балалар  музыка  мектептерінің,  балалар  көркемөнер  мектептерінің 
және  балалар  өнер  мектептерінің  үлгілік  оқу  жоспарлары  мен 
бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 543 бұйрығы; 
Республикадағы  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  балаларға  қосымша 
білім  берудің  ерекшеліктері  2017-2018  оқу  жылдарында  жалпы  орта  және 
қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп 
отыр. 
Заманауи мектептердің мазмұны мен технологияларындағы өзгерістердің 
инновациялық  сипаты  қосымша  білім  беру  есебінінен  күшейтілуі  мүмкін, 
себебі  қосымша  білімнің  сипаты  қызметтің  түрін  таңдаудағы  еркіндікті,  білім 
алушылардың  жоғары  деңгейдегі  уәждемелін  болжайды,  яғни  тұлғаның  өзін 
шынайы шығармашылық танытуын болжайды. 
Жаңа  ұрпақтың  білім  беру  стандарттарын  енгізу  жағдайында  балаларға 
қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына 
енгізудің  өзектілігі  мектепте  алған  білім,  білік  және  дағдыларын  практика 
жүзінде  қолдануға  итермелейтін,  білім  алушылардың  танымдық  уәждемелерін 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
312 
ынталандыратын  жалпы  білімнің  құрамдас  бөліктерінің  вариативтілігін 
күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр. 
Жалпы  орта  және  балаларға  арналған  қосымша  білімнің  ынтымақтасуы 
заманауи педагогикадағы күрделі мәселелерді - тәрбиелеу, оқыту және дамыту 
процестерін жақындастыруға көмектеседі. 
Аталған  бағытты  дамытудың  қажеттілігі  біртұтас  білім  беру  кеңістігін 
сақтауға негізделеді.  
Мектептегі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге 
тән  технологияларды  пайдалануға  болады.  Бұл  кешенді  сабақтар,  оқу 
жобалары,  дискуссиялық  технологиялар,  ойындар  болуы  мүмкін.  Әдетте,  ол 
сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз 
беттерімен  жасаған  жеке  немесе  ұжымдық  қызметтерін  қарастырады. 
Мектептегі  сабақ  оқу  сабағы  аясында  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын 
іске  асыру  процесі  кезінде  материалдың  мазмұнын  кеңейту  және  тереңдету 
деңгейінде,  сондай-ақ  мектеп  сабағының  жеке  элементтерін  сабақтан  тыс 
қызметтің  түрлі  формаларында  қарастыру  есебінен  де  өз  жалғасын  табуы 
мүмкін.  
Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пәндік үйірмелер 
мен секциялар маңызды орын алады. Бұл бір жағынан – пән бойынша сабақтан 
тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.  
Қосымша  білім  беру  тұлғаның  нақты  жас  кезеңі  жағдайындағы 
ерекшеліктеріне  байланысты  білім  берудің  әр  деңгейі  үшін  өзінің  мазмұнды 
модулін ұсына алады: 
мектепке дейінгі білім деңгейінде – мектеп алды даярлық; 
бастауыш  білім  деңгейінде  –  білім  алушылардың  көзқарастарын 
меңгеруге көмек: түрлі оқу қауымдастықтарына қосу;  
негізгі  орта  білім  деңгейінде  –  тұлғаның  өзін-өзі  анықтау  процесін 
қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды 
шешу тәжірибелерін алу; 
жалпы  орта  білім  деңгейінде  –  білім  алушылардың  өзін  өзі  кәсіби 
анықтау процесін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлануды қамтамасыз ету. 
Мектепте  балаларға  қосымша  білім  беруді  дамытудың  негізгі 
ерекшеліктері: 
1) білім беру құндылықтарын жағымды қабылдау және оның мазмұнын 
тиімді меңгеру үшін кең жалпы мәдени және эмоциялық-боямды орта құру; 
2)  «жалықтырмайтын»  тәрбиені  іске  асыру  -  балаларды  қызметтің 
тұлғалық  маңызды  шығармашылық  түрлеріне  қосудың  арқасында,  осы 
процесте  өскелең  ұрпақтың  адамгершілік,  рухани,  мәдени  бағдарларының 
«байқаусыз» қалыптасуы өтеді; 
3)  балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарында  өздерінің  қабілеттерін 
іске  асыру  үшін  қызметтің  осы  немесе  басқа  түріне  ерекше  қызығушылық 
(көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін білім алушылардың 
бағдарлануы; 
4) білім алушылардың жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби 
жоспарларын  нақтылауға,  маңызды  жеке  қасиеттерін  қалыптастыруға 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау