Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет103/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
250 
технологияларды  сауатты  пайдалану,  денсаулық  пен  қоршаған  ортаны  қорғау 
үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдануға бағытталған. 
«Жаратылыстану»  пәні  негізгі  мектептегі  «Биология»,  «География», 
«Химия», «Физика» пәндерін зерделеу негізін қалауға бағытталған кіріктірілген 
курс болып табылады.  
Бағдарлама  халықаралық  білім  беру  стандарттарына  сәйкес,  білім 
алушылардың  психологиялық  және  жас  ерекшеліктерін  есепке  алу  арқылы 
әзірленген.  
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады:  
- «Ғылым әлемі»;   
- «Ғалам. Жер. Адам»;   
- «Заттар және материалдар»; 
- «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»;  
- «Энергия және қозғалыс»;  
- «Экология және тұрақты даму»;  
- «Әлемді өзгертетін жаңалықтар».  
Білім  алушыларға  қоршаған  әлемнің  көптүрлілігін,  табиғи  құбылыстар 
мен  процестердің  өзара  байланысын,  тірі  және  өлі  табиғатта  болатын  табиғи 
құбылыстар  мен  процестердің  себептерін,  табиғаттағы  нысандар  мен 
процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті 
үшін  ғылыми-жаратылыстану  білімінің  маңыздылығын  түсінуге  мүмкіндік 
береді.  
Аталған  пәннің  бірнеше  негізгі  мақсаты  бар.  Олардың  бірі  бақылау, 
ғылыми  зерттеуді  жоспарлау,  деректерді  алу  және  ұсыну,  нәтижелерді 
түсіндіру  тәрізді  зерттеушілік,  ойлау  және  коммуникативтік  дағдыларды 
қалыптастыру  және  дамыту  болып  табылады.  Мысалы,  түрлі  тақырыптарды 
зерделеу  арқылы,  білім  алушы  зерттеу  жоспарын  құрастыруды,  жіктеуді, 
бақылауды,  эксперименттер  жүргізуді,  нәтижелерді  сипаттауды  және 
бағалауды,  қорытынды  және  тұжырымдама  жасауды  үйренеді.  Пән  үйде, 
мектепте,  табиғатта  бақыланған  нысандар  мен  құбылыстарды  түсіндіру  үшін, 
алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады. 
«Жаратылыстану»  оқу  пәнінің  басты  мақсаты  –  білуге  құмарлықты, 
баланың  ой-өрісін,  қоршаған  әлемді  ғылым  тұрғысынан  түсінуді,  табиғи  және 
адамның  қолымен  жасалған  мұраларды  бағалау  және  қорғау  білігін  дамыту. 
Аталған  пәнді  оқу  қоршаған  әлемнің  түрлі  нысандары  мен  құбылыстары 
туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-
әрекеттер  арқылы  алынған  білімнің  күнделікті  өмірмен  байланысы  түсінігін 
қалыптастыруға ықпал етеді. 
«Жаратылыстану» оқу пәні веб-сайттан ақпаратты іздеу, іріктеп алу, оқу 
және  қойылған  мәселені  шешуде  қолдану  үшін;  деректерді  графикалық  түрде 
ұсыну  және  оларды  сипаттау  барысында  мәтінмен,  кестелермен,  слайдтармен 
жұмыс  істеуде  базалық  офистік  бағдарламаларды  қолдану  үшін  интернетте 
жұмыс 
істеуді; 
ақпаратты 
өңдеу, 
оны 
қағаз 
және 
электрондық 
тасымалдағыштарда  сақтау  үшін  ұйымдастыру  техникаларын  қолдануды 
қарастырады. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
251 
«Жаратылыстану»  оқу  пәні  бойынша  5-сыныптағы  оқу  жүктемесінің 
көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
 
«География»  –  жаратылыстану,  қоғамдық,  әлеуметтік  нысандар  мен 
құбылыстарды  зерделейтін  оқу  пәні.  География  табиғи  және  антропогендік 
нысандар арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелділікті зерделейді. 
География ғылымдар жүйесінде ерекше орын алады, себебі ол әлеуметтік, 
экономикалық,  жаратылыстану  және  техникалық  ғылымдардың  тоғысқан 
шегінде  дамиды.  Географияның  өзіне  тән  теориясы,  әдіснамасы  және  зерттеу 
әдістері бар.  
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  7-сыныбында  «География»  оқу  пәнін 
оқудың  мақсаты:  дүниенің  географиялық  бейнесін  тұтас  қабылдайтын, 
географиялық ойлау қабілеті дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін 
және қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу. 
«География» оқу пәнінің міндеттері: 
1)  географияның  ғылыми  пән ретіндегі  рөлі мен  оның  қазіргі  замандағы 
адамзат  мәселелерін,  сондай-ақ  ғаламдық  мәселелерді  шешудегі  әлеуетін 
түсінуге мүмкіндік беру; 
2)  оқушылардың  бойында  табиғат  пен  қоғам  арасындағы  өзара 
байланыстарға,  осы  байланыстардың  кеңістіктік  ерекшеліктеріне  ғылыми 
көзқарастарды қалыптастыру; 
3)  қоғамдық  өндірістің,  табиғатты  қорғау  мен  табиғатты  тиімді 
пайдаланудың  ғылыми-жаратылыстану,  әлеуметтік-экономикалық  негіздерін 
ашу;  
4) оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын 
игеруіне ықпал жасау; 
5)  оқушылардың  география  ғылымының  түсініктері  мен  терминдерін 
меңгеруіне ықпал жасау; 
6) кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру; 
7) географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану 
дағдыларын қалыптастыру. 
«География»  оқу  пәнінің  мазмұны  6  бөлімді  қамтиды:  «Географиялық 
зерттеу  әдістері»;    «Картография  және  географиялық  деректер  базасы»;  
«Физикалық  география»;    «Әлеуметтік  география»;  «Экономикалық 
география»;  «Елтану және саяси география негіздері».  
Пәннің  бөлімдері  мен  тақырыптары  «шиыршық»  принципі  негізінде 
әзірленген, бұл принцип сәйкес әр сынып сайын тақырыптар бойынша білім мен 
дағды көлемі тереңдетіліп, қиындатып беріледі. 
Бірінші  және  екінші  бөлімдерге  қатысты  оқытудың  ортақ  мақсаттары, 
зерттеушілік  және  картографиялық  дағдыларды  қалыптастыру  мақсатында,  әр 
оқу жылының басында жеке сабақтар түрінде өткізіледі. Басқа бөлімдерді оқу 
барысында  ортақ  оқу  мақсаттары  оқылатын  бөлім  мәнмәтінінде  зерделенеді. 
Оқудың мақсаттары тақырыптық бөлімді оқу барысында жүзеге асырылуы тиіс. 
Әр  сабақты  оқыту  барысында  мақсаттарды  қайталап,  яғни  өткен  мақсатпен 
толықтырып отыру қажет емес. Мысалы, атмосфера бөлімшесін оқу барысында 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау