Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет102/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
248 
саласындағы  жұмыстарға  қажетті  тілдік  дағдыларға  аудартулары  керек.  Одан 
бөтен,  мұғалімдер  оқушылардың  бойында  бай  академиялық  тіл  қалыптастыру 
мақсатында, диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын мұқият 
және жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.  
 
 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ  САЛАСЫ 
 
Жаратылыстану  ғылымын  оқыту  білім  алушылардың  бойында  табиғи 
құбылыстар  мен  заңдылықтар  туралы  түсініктерді  қалыптастырып,  табиғатты 
танудың  ғылыми  әдістерін  ашып  көрсетеді.  Ол  табиғаттың  бір  бөлігі  ретінде 
адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орынын 
сезінуге  бағытталған  және  жеке  тұлғалық  құндылық  қасиеттер  жүйесін 
тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған 
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. 
Білім  берудің  жаңартылған  мазмұны  бойынша  «Жаратылыстану»  білім 
саласының оқыту ерекшеліктері:  
-  өмір  бойы  оқыту  үшін  білім  мен  дағдылар  негіздерін  қалыптастыру 
және тұлғаны дамыту;  
-  әртүрлі  оқу,  жобалау,  зерттеу  және  сабақтан  тыс  іс-әрекеттерді 
үйлесімді байланыстыру арқылы өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту; 
-  өзін-өзі  тану  және  социумдағы  өзара  іс-әрекеттер  үшін  негіз  ретінде 
сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту;  
-  оқу  бағыттарын  таңдауда  оқушылардың  өз  тағдырын  өзі  шешуін 
қамтамасыз  ету  (бағыттар  бойынша  одан  әрі  тереңдетіп  оқу  үшін  пәндерді 
анықтау). 
«Жаратылыстану»  білім  саласының  мазмұны  кіріктірілген.  Оның 
құрамына  жаратылыстану  ғылымының    пәндері:  жаратылыстану,  география, 
биология, химия, физика кіреді. 
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  «Жаратылыстану»  білім  саласы  бойынша 
келесі пәндер оқытылады: 
5-сыныпта – «Жаратылыстану»; 
7-сыныпта - «География», «Биология», «Химия», «Физика». 
Пәндер  бойынша  оқу  бағдарламалары  «шиыршық»  принципі  арқылы 
құрастырылған, білім алушылар оқу процесі барысында бастапқы проблеманы 
назарынан  шығармау,  сонымен  қатар  мәселеге  қатысты  білімді  біртіндеп 
кеңейту  және  тереңдету,  қажетті  дағдыларды  қалыптастыру  мен  дамыту 
мүмкіндігіне ие болады. 
Оқу  бағдарламасы  оқу  жылы  барысында  бағдарламаның  бөлімдерінің 
зерделену  жүйесін  анықтайтын  ұзақ  мерзімді  жоспарға  сәйкес  жүзеге 
асырылады.  Тоқсан  ішіндегі  тақырыптардың  оқытылу  реті  және  сағат  санын 
бөлу  мұғалімнің  қалауынша  өзгертілуі  мүмкін.  Ұзақ  мерзімді  жоспар 
күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі болып саналады. 
Білім  алушылардың  жобалық,  ғылыми-зерттеушілік  іс-әрекеттерін 
қалыптастыру  «Жаратылыстану»  білім  саласы  пәндерін  оқытудың  маңызды 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
249 
компоненті.  Білім  алушылардың  жобалау  және  ғылыми-зерттеушілік 
қабілеттерін  мақсатқа  бағыттап  дамыту,  олардың  өзбетімен  жұмыс  істеуге 
ұмтылыстарын 
белсендіреді, 
интеллектуалдық 
әлеуеттерін 
ашады, 
адамгершілік  және  моральдық  нормаларға  қарсы  келмейтін  өзіндік  өмірлік 
мақсаттарын  қоюға  және  осы  мақсаттарға  жетудің  тиімді  жолдарын 
қарастыруға жетелейді. Жобалық және ғылыми-зерттеушілік әрекеттер арқылы 
білім  алушылар  тек  міндетті  оқу  пәндері  аясында  ғана  емес,  сонымен  қатар 
сабақтан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру барысында да жаңа білімдерді меңгереді. 
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің тәрбиелік мақсаты - заманауи 
өркениетте  және  ғылымда  мақтануға  тұрарлық  еңбектер  арқылы,  әртүрлі 
елдердің  ғалымдары  ашқан  ұлы  жаңалықтарды,  жұмыстарды,  ғылыми 
көзқарастарды зерттеумен жүзеге асады. 
Осындай жұмыстардың жүргізілу нәтижесінде білім  алушының бойында 
дүние жүзі халықтарының салт-дәстүрлері туралы жаңа білімі, қызығушылығы 
пайда болады, оларға деген құрмет сезімі қалыптасады, толеранттылық дамиды. 
Жаратылыстану  ғылымдарының  пайда  болуы,  заңдардың  қалыптасуы, 
ғалымдардың  ашқан  жаңалықтары  мен  қорытындылары  туралы  сабақтардың 
тақырыптары мәдени білім беру ортасын қалыптастыру үшін үлкен әлеуеті бар. 
«Жаратылыстану» 
оқу 
пәні 
бастауыш 
мектепте 
оқытылған 
«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 
5-сыныптың  оқушыларына  жаратылыстану  бағытында  білім  беру,  олардың 
білім  құмарлықтарының  дамуына,  әлем  туралы  ой-өрістерін  кеңейтуге,  
ғылымды  ұғыну  мен  қоршаған  әлемді  тұтастай  қабылдауларының  дамуына, 
қоршаған  әлемді  бағалай  және  қорғай  білу  біліктіліктерінің  дамуына 
көмектеседі.  
5-сыныпта «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім алушыларды 
жаратылыстану  ғылымы  тұрғысынан  табиғат  пен  қоғамның  өзара  байланысы, 
табиғаттағы  заңдылықтардың  біртұтастығы  туралы  білім,  ұғым,  түсінік 
қалыптастыру  және  білімдерін  күнделікті  өмірде  кездесетін  табиғат 
құбылыстары  мен  үдерістерін  түсіндіру,  сипаттау,  болжау  үшін  қолдану 
біліктігін дамытуға бағытталған.  
«Жаратылыстану» пәні: 
1)  әлемнің  қазіргі  заманғы  жаратылыстану  ғылымы  тұрғысынан 
қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім 
негіздерін қалыптастыру, жаратылыстанудың техника мен технология дамуына 
елеулі ықпал еткен маңызды идеялар және жетістіктерімен таныстыруға; 
2) білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін бұқаралық 
ақпарат  құралдары,  интернет  ресурстары,  арнайы  және  ғылыми-көпшілік 
әдебиеттерден  алынған  жаратылыстану  ғылымы  тұрғысынан  және  өмірлік 
маңызды  мазмұны  бар  ақпаратты  қолдану  және  қабылдау  біліктіліктерін 
меңгеруге; 
3) интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау 
қабілетін  қарапайым  зерттеулер,  құбылыстарды  талдау,  жаратылыстану 
ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамытуға; 
4)  күнделікті  өмірде  өмірінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  заманауи 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау