Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін «Өзін-өзі тану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы



жүктеу 12,18 Mb.
бет58/76
Дата18.12.2017
өлшемі12,18 Mb.
#4524
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
«Өзін-өзі тану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1.Түсінік хат

      1. Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.


      2. Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
      3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
      1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
      2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
      3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
      4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
      1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
      2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
      3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
      4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
      5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
      6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
      7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
      8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
      5. Білім берудің бастауыш, негізгі және жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:
      1) оқушылардың өз-өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
      2) өзін, өзгелерді, әлемді және адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
      3) өзін дәріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі және іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімдерін дарыту;
      4) адам мен ішкі және сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның табиғатпен біртұтастығын, тән және жан саулығының бір-бірімен тығыз байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене және психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
      5) әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан өзінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу қабілеттіліктерін дамыту;
      6) белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау және оған талдау жасау үшін өзінің білімін, білігін және дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау; жалпы адамзаттық және этно-мәдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
      7) күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде жасампаздық белсенділік таныту; адамгершілік нормаларына сәйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету және топпен, командамен жұмыс істеу іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      6. Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
      7. Өзін-өзі тану пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді:
      1) рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық әлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;
      2) өзін-өзі тану пәнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлексивтік мәдениеттерді дамытуға ықпал етуді қарастырады;
      3) күтілетін нәтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сәйкес және оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік беретін әр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8, 9,10, 11-сыныптардан кейін) қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін қалыптастыруды көздейді.
      8. Пән мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша күтілетін нәтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
      1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
      өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тән мен жан үндестігі;
      өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық, диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
      әлемді тануға: табиғат, Отан, әлем, өмір, Бүкіл әлеммен үндестік, сенім, үміт;
      адамзаттың рухани тәжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі, шығармашылық, мәдениет, адамзатпен бірігу.
      2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
      өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау, дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік; өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, әділдік, төзiмдiлiк, сыпайылық;
      әлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат, қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
      адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дәстүрді жалғастыру, болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
      3) адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің құрамдас бөлiктері:
      әлемдік мәдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік береді.
      адамның өзін-өзі тануы
      адам және қоғам
      адам және қоршаған орта
      9. Адамзаттың рухани тәжірибесі тәрізді төрт тарауды қамтитын базалық мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, әлемді тану, адамзатты тануға құралған мазмұндық желілерді нақтылайды.
      10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған.
      11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
      12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда және мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты әр түрлі болуы мүмкін.
      13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сәйкес оқу әрекеті және сыныптан тыс және мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
      14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пәндермен байланысы арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пәндер мазмұнын ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.
      15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» және «Жүректен жүрекке» әдістері әрбір сабақтың басталу және аяқталуы кезеңдеріне орай қолданылады. Әрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып, ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен қабылдап, алған әсерлерімен бөлісіп және бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік жасалады. Пән мазмұны оқушылардың құндылықтар және адамгершілік қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді және эмоциясын, ерік-жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Шығармашылық жұмыс» және т.б.) бағытталған әдіс-тәсілдерді пайдалануды ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне әсер ететін релаксация жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті») әдістемелік тәсілдердің көмегімен дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.
      16. Бағдарлама өзін-өзі тану пәнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы күтілетін нәтижелер деңгейлеріне сәйкес пән мазмұнын сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.

2. Базалық білім мазмұны

      17. Мектептің негізгі сатысы (5-9-сыныптар). Бағдарлама мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын және жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартының бесінші, алтыншы және жетінші деңгейлеріндегі күтілетін нәтижелерді анықтауға бағытталған.


      18. Мектептің негізгі сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сәйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді.
      19. Пән мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта және ондағы адамның орны туралы білім қалыптастыру және дамыту; қоғамдағы адамның рөлі, адам мен табиғаттың, әлемнің бірлігі мен үйлесімінің мәні, үйлесімді дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу; өзге адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; адамзаттың рухани тәжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру қарастырылады.
      20. Жалпы орта білім беруге арналған өзін-өзі тану бағдарламасы оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне, рухани-адамгершілік және дене жағынан дамуына, адам тағдырын, өмірдің мәнін түсінуге кең мүмкіндіктер ашады.
      21. «Өзін-өзі тану» пәні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мәнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дәстүрді дәріптеу және дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған.
      22. Пән мазмұны оқушылардың өзара түсінісу білігіне, адамдар арасындағы қарым-қатынаста татулық пен келісім орнатуға әр адамның жауаптылығы туралы түсініктерін тереңдетуді; «өзара қарым-қатынас», «өзара түсіністік» ұғымдарының мағынасын кеңейтуді нысана тұтады.
      23. Бұл кезеңде адамның жақсылық, сыпайылық, сыйластық, ықылас білдіру, елгезектік, жаны ашырлық сияқты басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін адамгершілік қасиеттерін ашуға көңіл бөлінеді. Сыныптарда қамтылған өзара қарым-қатынас негізінде қыздар мен ұлдар арасында достық орната білу, отбасы қарым-қатынасында жауапты болу қабілеттерін дамытуға баса назар аударылады. Сонымен қатар оқушылардың татулық, келісім, тату адам сияқты ұғымдар туралы түсініктерін тереңдете отырып, мазмұнда адамдардың нәсіліне, ұлтына, дәстүрі мен көзқарастарына қарамастан, олардың арасындағы қарым-қатынас этикасы тұрғысынан мінез-құлық мәдениетіне; сыпайы және ізетті болу, басқаларды түсіне білу, айналасындағы адамдарды сыйлау, оларды шаттыққа бөлеу, олармен тату болу біліктерін дамытуғада көңіл бөлінеді.
      24. Мектептің негізгі сатысында рухани-адамгершілік білім берудің маңыздылығы адамның әлемде алатын орны, «өмірлік мақсат», «өмірдің мәні», «адамның орны» ұғымдарының мағынасын терең түсіндіру арқылы қоғамға қызмет ету ниеттерін дамыту болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың бойында табиғатты, әлемді әсемдік ретінде түсініп, оны қадірлей білуге, ғаламшар деңгейінде шығармашылықпен қабылдауға, әлем туралы көзқарастарын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
      25. 5-9-сыныптарда білім беру оқушылардың ұлттық мәдени мұраның өзін-өзі тануда алатын орны, адамзаттың мәдени мұрасының рухани негіздері туралы түсініктерін кеңейте отырып, адамның үздіксіз рухани кемелденуіне, оның шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етуге бағытталады.
      26. Мектептің негізгі сатысында оқушылардың өзіндік қабілеттерін, адамгершілік қасиеттерін анықтауына және дамытуына, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне ықпал ету осы кезеңнің негізгі идеясы болып табылады.
      27. 5-сыныптағы өзін-өзі тану пәні бойынша білім мазмұнының құрылымы мен негізгі идеялары мектептің бастауыш сатысымен сабақтастығын сақтай отырып, төмендегідей 4-тараудың аясында дамытылады:
      1) таным қуанышы;
      2) қарым-қатынас жарастығы;
      3) адам болам десеңіз...;
      4) әсемдік әлемінде.
      28. 6-сыныпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұны пәннің мазмұндық желісін сақтай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 4 тарауға біріктірілген:
      1)таным жолында;
      2) қарым-қатынас мәдениеті;
      3) адам мен әлем тұтастығы;
      4) жасампаздық жарасымы.
      29. 7-сыныптағы «Өзін-өзі тану» пәнінің білім мазмұны БМЖМС-ына сәйкес мына тараулар бойынша беріледі:
      1) Таным жолында;
      2) Қарым-қатынас мәдениеті;
      3) Адам мен әлем тұтастығы;
      4) Жасампаздық жарасымы.
      30. 8-сыныптың білім мазмұны бұрынғы сыныптармен сабақтасып, келесі тарауларға жүйеленген:
      1) таным жолында;
      2) қарым-қатынас жарастығы;
      3) адам мен әлем тұтастығы;
      4) адамзаттың рухани тағылымы.
      31. Мектептің негізгі сатысындағы пәннің мазмұндық логикалық құрылымын сақтай отырып, олардың бұрын меңгерген жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдерін жинақтап, қорытындылау мақсатында 9-сыныптағы білім мазмұны мына бағытта беріледі:
      1) адам және өмір;
      2) адам болам десеңіз...;
      3) адам және мәдениеттілік;
      4) адам әлем аясында.
      32. Бұл тараулардың мазмұнында оқушылардың өзін-өзі тануы тек жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту арқылы ғана емес, сонымен бірге олардың сезімдерін дамыту, құндылықтық қасиеттерді дарыту, жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі және тұлғалық қалыптасуы қамтылады.
      33. 5-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат саны

І-тарау. Таным қуанышы




1

Өзімді-өзім танумен өсіп келемін

Өзін-өзі танудың балалар өміріне ықпалы; олардың өмірді түсінуі, бағалау түсініктерінің кеңейтілуі.

1

2-3

Адам мінезімен танылады

Адамның мінез-құлқы туралы түсінік. Жақсы мінез мәнінің ашылуы. Ерік, жігер құндылықтары мәнінің ашылуы; адам ойын нақты жеткізе алуы, босқа сөйлемеуі, өз күшіне сенуі, шектен шықпауы, өмірде өз ұстамдарына берік болуы туралы түсінік.

2

4

Адамның жан сұлулығы

Адамның жан сұлулығы туралы түсінік. Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту. Адамды тек сыртқы келбетіне, түріне ғана емес, оның адамгершілігі мен қамқорлығына, инабаттылығы мен ізеттілігіне қарап бағалай білуі.

1

5-6

Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Жағымды, жағымсыз эмоциялар, сезім-күйі және ішкі сезімдерін түсіне білуі.

2

7-8

Жақсылықпен жаным дос

Жақсылық жасау. Әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек.

2

IІ-тарау. Адами қарым–қатынасқа үйренейік

9-10

Махаббат – өмір өзегі

Махаббат, сүйіспеншілік өмір сүрудің негізі. Ата-анаға, Отанға, туған жерге сүйіспеншілік.

2

11-12

Отбасы жарастығы

Ата, әже, әке, шеше, аға, іні, әпке, қарындас және т.б. өзара сыйластығы, татулығы және ата-ананы құрметтеу, үйде, өз айналасындағылармен сыйластықты қарым-қатынас.

1

13-14

Сөйлесе білу де өнер

Адами қарым-қатынастағы сөйлесу мәдениеті.

2

15-16

Сөз іспен көрікті

Сөз бен істің бірлігі. Үлгі, өнегені көп сөзбен айтқанша, бір іспен көрсету туралы түсініктер; дағдылар.

2

IІІ-тарау. Адам болам десеңіз

17-18

Қызға – нәзіктік, ұлға – батылдық

Қыз балаға тән қасиеттер, ер балаға тән қасиеттер, ұл бала мен қыз баланың арасындағы өзара сыйластық.

2

19

Адам еңбекпен шыңдалады

Шыдамдылық, төзімділік, табандылық ұғымдары мәнінің ашылуы және өзара байланысы.

1

20-21

Сенім – менің серігім

Сенім – достық қарым-қатынас негізі. Адамның бір-біріне сенімділігі, сенім артуы достық қарым-қатынастың бастауы. Өмірде өз сенімдеріне берік болуы.

1

22

Сабырлылық пен ұстамдылық

Адами қарым-қатынастағы сыпайылық, сабырлылық өзін-өзі ұстай білу түсініктері, дағдылар.

2

23-24

Адалдық пен әділдік

Өз ісіне, сөзіне адал болу. Әділдікті жақтау.

2

25-26

Кеңпейілділік пен жомарттық

Үнемділік – ұқыптылық белгісі, ысырап етпеушілік. Жомарттық ұғымы мәнінің ашылуы.




IV-тарау. Әсемдік әлемі

27

Табиғат тылсымы

Табиғаттың адамға шабыт беруі.

1

28-29

Табиғат ғажаптары

Табиғат сұлулығы, үні, сазының адамға әсер етуі. Адамды руханилық тұрғыдан қуаттандыру.

2

30

Шығармашылық – жетістік бастауы

Шығармашылық ұғымы мәнінің ашылуы. Шығармашылықтың адам өміріндегі рөлі. Бос уақытын тиімді пайдалану туралы түсініктер, дағдылар.

1

31-32

Салауаттылық – менің қалауым

Салауатты өмір салты мәнінің ашылуы. Адамға жағымсыз, денсаулығына, өміріне зиян нәрселерге әуес болмау туралы түсінік.

2

33-34

Өмір мектебі

Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдері

2

      34. 5-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 5-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
      35. Оқушы 5-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
      36. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
      37. 6-сынып (барлығы 34 саға, аптасына 1 сағат):



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат
саны

I-тарау. Таным жолында

1-2

Ізгілікке бастар жол

Өзін-өзі тану туралы
Өзін-өзі танудың маңыздылығы, адамгершілік нормалар негізінде әрекет ету.

2

3-5

Өз мүмкіндігімізді таниық

Адам мүмкіндігінің шексіздігі.
Адам бойындағы түрлі мүмкіндіктерді жүзеге асыра білу. Дарындылық және еңбекқорлық. Өз бойындағы қабілеттерін аша білу, жетілдіру, адамзат жетістіктерінің ең биік шыңдарына талпыну.

3

6-7

Ізденген жетер мұратқа

Білім алуға өздігінен іздену, өзін-өзі тәрбиелеу, табандылық, еңбексүйгіштік

2

8-9

Әсемдікке ұмтылайық

Адамның ішкі дүниесі мен сыртқы келбетінің, сөзі мен ісінің үйлесімді болуы.

2

II-тарау. Қарым-қатынас мәдениеті

10-11

Әдептен озбайық

Әдептілік пен сыйластық.
Адами қарым-қатынас жасау әдептілігі. Айналасындағылармен сыйласу, оларды бағалай білу.
Ұл бала мен қыз баланың өзара сыйластығы, достығы.

2

12-13

Бауырмалдық және кеңпейілдік

Жан-жағындағыларды, жақындарын жақсы көру, қайырымды, кешірімді бола білу

2

14-15

Жанашырлық – жанға қуат

Елгезектік, жанашырлық таныту.
Немқұрайдылықтың айналасындағы адамдарға және өзіне зияны туралы.

2

16-17

Ынтымақ түбі – береке

Отбасы сыйластығы. Еліміздегі ынтымақтастық, өзара келісім, бірлік, тәуелсіздік, бостандық, достық, ұлтжандылық, азаматтылық.

2

III тарау. Адам және әлем тұтастығы

18-19

Армысың, кең дүние!

Адамның қоршаған әлем туралы түсінігі. Болмысты әр қырынан түсіне білу, қоршаған ортаны жан-жақты танып үйрену.

2

20-21

Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ

Қоршаған ортаның адам дамуындағы рөлі, оны әр қырынан тани білу.
Адамның табиғатқа ізгілікті қарым-қатынасы.

2

22-23

Денсаулық – зор байлық

Денсаулықты сақтау және нығайту.
Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.

2

24-25

Өмірің өз қолыңда

Адамның өмірлік мұратының мәні.
Адамның білім алуы, еңбексүйгіштігі.
Қоғамға қызмет ету.

2

IV тарау. Жасампаздық жарасымы

26-27

Шындық шыңы – ақиқат

Адалдықты, шындықты іздеу, ақиқатқа талпыну.

2

28-30

Жаныңда жүр жақсы адам

Ұрпақтар сабақтастығы.
Жақсы адамдардың өміріндегі жақсылыққа бастайтын құндылықтар.

3

31-32

Мәдени мұра – халық игілігі

Рухани мәдениетті тану, мәдени мұралардан тағылым алу.
Ата салты – асыл қазына.
Салт-дәстүрді құрметтеу, үлгі-өнеге алу.

2

33-34

Таным шаттығы

Таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу; өз еңбегінің жемісіне шаттана алу, өзгелердің еңбегін орынды бағалай білу. Өзін-өзі танудың жалпыадамзат ғұмырындағы, жеке өмірдегі маңызы мен қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту.

2

      38. 6-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 6-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
      39. Оқушы 6-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
      40. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
      41. 7-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат
саны

I-тарау. Таным жолында

1-2

Көкірек көзін ашалық!

Адамның өзі туралы, өзінің мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Өзін-өзі қадағалау, бағалау және өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін негіздеу.

2

3-4

Сәулесімен санаңның жігерленсін талабын.

Өзін-өзі танудың маңыздылығы арқылы саналы түрде өз қасиеттерін, ерік-жігерін тәрбиелеу, жан-дүниесін ізгілікке бағыттау.

2

5-7

Сыр мен сымбат

Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі. Түрлі әрекеттер жасауына (жақсы, жаман) түрткі болатын себептер, адамгершілік әрекеттерін саралау. Адамның ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, адами қасиеттерін бағалай білу.

3

8-9

Бақыт құшағында

Рухани және тән саулығы үндестігінің маңыздылығы: кеңпейілділік, ақ көңілділік, әсемдікке ұмтылу. Күнделікті өмір құндылықтары: сыпайылық, ыждағаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік және махаббат.

2

II-тарау. Қарым-қатынас мәдениеті

10-12

Қарым-қатынас жарастығы

Отбасында, аулада, сыныпта, мектепте, сол сияқты ұжымда қарым-қатынас жасау мәдениеті, өзара сыйластық, адамға деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімі. Адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі адами қасиеттер мен адамгершілік нормаларының рөлі.

3

13-14

Тамырын жайып тереңге

Отбасы құндылықтары. Ата-баба дәстүрі, ұрпақ жалғастығы, салт-дәстүр сабақтастығы. Өскелең ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудегі отбасының, шаңырақтың ықпалы.

2

15-16

Аялай біл сен деп соққан жүректі

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе білу. Айнала қоршаған адамдар, отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар арасындағы сыйластық, құрмет.

2

17-18

Адамның азаматтық тұлғасы

Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін өз білімі мен адамгершілік қасиеттеріне сыни көзқарас тұрғысынан сезіну. Мемлекеттік тілге құрмет көрсету, өз еліндегі елеулі оқиғаларды мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу. Халықтар достығының қоғам өміріндегі маңызы. Дін, діл және мәдениет ұғымдары. Жеке адам игілігі.

2

III-тарау. Адам және әлем тұтастығы

19-20

Атамекен – алтын бесік

Туған жердің, туған елдің адам өміріндегі маңыздылығы. Адамның атамекенді қадірлеп, қастерлеуі. Атамекеннің адам тұлғасына ықпалы.

2

21-22

Құдіретті Жер-Ана

Жер-Ананың қадір-қасиетін бағалау. Ауа, су, топырақтың – тіршілік көзі екендігі. Табиғат құбылыстарының (апаттардың) адам өміріне әсері.

2

23-24

Ғаламшар ғажаптары

Адамдардың нәсілін, дінін, көзқарасын түсініп, қабылдай білу (толеранттылық). Ғаламды түсіну.

2

25-26

Өмір, қымбатсың маған!

Өмірге құштарлық, өмірді сүйе білу, қадірлеу, өмірді мәнді өткізуге тырысу.

2

IV-тарау. Жасампаздық жарасымы

27-28

Халық дәстүрі – асыл қазына

Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі мәні, маңызы. Өмірлік бағдарын, айқындамасын, ұстанымдарын белгілеудегі орны.

2

29-30

Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Өнер, ғылым, білім, діл, дін, мәдениет, даналық, олардың адам өміріндегі маңызы. Мәдени мұраның құндылық әрі ұстаным ретіндегi орны.

2

31-32

Жасампаздық жемісі

Адамның шығармашылық қабілеттері. Шығармашылықтың қайнар көзі.
Көркемдік мәдениет және әсемдікті сезіну.

2

33-34

Жақсылық – жан азығы

Адамның әлемге және өзіне деген көзқарасының, жан дүниесінің, іс-әрекетінің әсемдігі арқылы өмір сүру жолдары. Адам өмірін ізгілендіру.

2

      42. 7-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 7-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
      43. Оқушы 7-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
      44. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
      45. 8-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):



Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мазмұны

Сағат
саны

I-тарау. Таным жолында

1-2

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту. Өмірлік мақсат-мұраттар мен жалпыадамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы.

2

3-4

Өнер – өмір өрнегі

Адам өміріндегі өнердің маңызы. Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани-адамгершілік тұлғасының өзара байланысы.

2

5-6

Мақсат – жетістік желкені

Өз болашағының бағытын айқындау, мақсат қоя білу.

2

7-8

Талаптыға нұр жауар

Алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын, қабілетін жетілдіруде іздену, талаптана білу. Мақсаттарын жүзеге асыруда талаптың алатын орны.

2

II-тарау. Қарым-қатынас жарастығы

9-11

Кешірімділік – көңіл кеңдігі

Кешірімділік – адам бойындағы жақсы қасиет. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарау. Кешірім, кешірімділік туралы түсінік.

3

12-13

Іздегенде табылатын қасыңнан

Дос, достық ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Достар арасындағы рухани жақындықтың мәні.

2

14-15

Адамзаттың бәрін сүй,
бауырым деп

Махаббат ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Өз махаббатын күллі тіршілікке, болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасы.

2

16-17

Елім деп соғар жүрегім

Отан, ел ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәні. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік. Отанға, туған жерге деген махаббат.

2

III-тарау. Адам және әлем тұтастығы

18-19

Адам – әлем бөлшегі

Әлем, адамзат, адам құндылықтарының мәні. Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсінік.

2

19-20

Табиғаттан нәр алып

Табиғат, жер, су, ауа, топырақ туралы ұғымдар. Табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік.

2

22-23

Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсінік. Табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсінік.

2

24-25

Салауаттылық – өмір салты

Салауатты өмір салты туралы түсінік. Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы. Зиянды әдеттерден аулақ болу. Өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білу.

2

IV-тарау. Адамзаттың рухани тағылымы

26-28

Халық даналығы – рухани байлық көзі

Халық даналығы, салт-дәстүрлер туралы алған білімдері негізінде ата-баба дәстүрінің, көсем сөздер мен шешендiк сөздердің рухани тағылым, адамгершілік құндылық, даналық ретіндегі мәні мен мағынасы.

3

29-30

Ана тілі – жүрек үні

Ананың ұрпақ тәрбиесіндегі, өмірдегі, қоғамдағы орны туралы түсінік. Әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ана махаббатынан тарауы. Ана тілінің құдіреті.

2

31-32

Ізгілік іздеп келемін

Ізгілік ұғымы туралы түсінікті кеңейту. Ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал ету.

2

33-34

Жалын атқан жүрекпен

«Өзін-өзін тану» сабағынан өткен білімдерін тиянақтау.

2

      46. 8-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 8-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
      42. Оқушы 8-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
      43. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
      44. 9-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):




Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

I-тарау. Адам және өмір

1-2

Өзіңді тану - өмірді тану

Кіріспе сабақ. Әр адамның өзін-өзі тануы, олардың өмірді түсінуі, бағалауы түсініктерінің кеңейтілуі. Өмірдің сынақтарынан сүрінбей өту, жақсылығын бағалау, қуанышын бөлісе білу және т.б. Өмірдің адам үшін маңыздылығы.

2

3-4

Салауаттылық - өмір негізі

Денсаулық – өмір өзегі. Денсаулық, Ұзақ өмір. Мәнді, мазмұнды өмір. Денсаулықты нығайту. Денсаулыққа зиянды, пайдалы әрекеттер. Салауатты өмір салты. Адам өміріне зиянды әрекеттерден аулақ болу: нашақорлық, ішімдік ішу, шылым шегу, СПИД және т.б

2

5-6

Әсемдік – өмір жарасымы

Табиғат әсемдігі. Адамның табиғатқа әсері. Әсемдікті, сұлулықты сезіну.Өнердің адам өмірінің көркеюіне ықпалы.

2

7-8

Еңбек – өмір мәні

Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы. Еңбектің шығармашылыққа ұласуы. Сүйікті іспен шұғылдану. Адамның шығармашылық қабілетін ашу. Шабыт, ынта, жігер, талап т.б. ұғымдар туралы түсініктер.

2

ІІ-тарау. Адам болам десеңіз...

9-10

Жақсылық – жан жадыратады

Жақсылық жасау. Жақсы сөз айтудың адами қарым-қатынаста алатын орны. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы.

2

11-12

Ар-намыс керек адамға

Ар-намыс, ұят ұғымдарын адамгершілік ұғым ретінде мәнін ашу. Өзіне-өзі есеп беру, өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі тәрбиелеуі және т.б

2

13-14

Мінез – адам көрсеткіші

Адамның мінез-құлқы туралы түсініктерін дамыту. Жақсы мінездің қалыптасуы. Өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалауы, өз ойы, сөзі және ісіне жауапкершілікпен қарай алуы.

2

15-16

Адалдық – адамдықтың белгісі

Адалдық. Адамдарға жақсылық ойлау. Ой мен істің ұштасуы. Адамның өз көзқарасы мен пайымдауын еркін, дәйекті түрде жеткізуі және оны негіздей алуы. Шындық пен жалғандықты ажырата білу.

2

ІІІ-тарау. Адам және мәдениеттілік

17-18

Татулық – достық кілті

Татулық, ынтымақ, достық, туыстық т.б. Ұлттар достастығы, сыйластығы және т.б.

2

19-20

Адами қарым-қатынас ізгіліктері

Сәлемдесу, жылы жүзбен қарсы алу, жымиып сөйлеу, сабырлылық таныту, әдеп сақтау, үлкеннің сөзін бөлмеу, дабырлап, даурығып сөйлемеу және т.б. Отбасындағы қарым-қатынас. Іскерлік қарым-қаты-нас, жолдастық қарым-қатынас жасау әдептері және т.б.

2

21-22

Әдептен озбайық

Қоғамдық орындарда: мектепте, театрда, кино театрда т.б., көшеде, транспорттарда әдептілік сақтау. Дұрыс киіну, өзін-өзі дұрыс ұстау әдептері және т.б.

2

23-24

Әдептілік – адамгершілік бастауы

Сыпайылық, сыйластық, қамқорлық, татулық ұғымдарының мәнін ашу және т.б.

2

IV-тарау. Адам әлем аясында

25-26

Адам мен отбасы

Отбасы жарастығы. Отбасындағы қарым–қатынас. Адамның отбасын сүюі.

2

27-28

Адам мен қоғам

Адамның өмірден өз орнын таба білуі. Адамның қоғамға қызмет етуі. Ер адамы, әйел адамның қоғамдағы орны.

2

29-30

Адам мен Отан

Адамның отанын сүюі. Отанын қорғауы. Ұлттық сана, ұлттық намысының болуы.

2

31-32

Адам және Жер шары

Адам Жер шары ұрпағы. Бүкіл жер шары халқын сыйлауы, сүюі.

2

33-34

Махаббат – өмір өзегі

Қорытынды сабақ. Адамды, отанды, өмірді сүйе білу және сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білу. Сүйіспеншіліктің, махаббаттың бар жақсылық негізі екенін ұғындыру.

2

      45. 9-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша білім сапасын бағалау 9-сынып бағдарламасында белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады.
      46. Оқушы 9-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
      47. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі тану» пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.

жүктеу 12,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау