Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру



жүктеу 258 Kb.
бет1/3
Дата26.01.2020
өлшемі258 Kb.
#27374
  1   2   3

Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2018 жылғы 1 тоқсандағы орындалуы




Іс-шараның атауы

Іс-шараның орындалуы


Жауапты

орындаушылар



Шағын және орта бизнесті дамыту

1

“Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”, “Бизнестің жол картасы-2020”, “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру аясында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларын аудан кәсіпкерлерінің алуына көмектесуді қамтамасыз ету

Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекет ұсынған бағдарламалар аясында жыл басынан аудан бойынша жалпы құны 219,4 млн теңгені құрайтын 51 жоба қаржыландырылды. Сондай ақ, 115,2 млн теңгені құрайтын 33 жоба «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында қаржыландыруға оң қорытынды алып, қазіргі таңда құжаттары дайындалуда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



2

“Серпін” индустриялды аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын орналастыру

Бүгінгі күнге, «Серпін» индустриялды аймағында жалпы құны 79,5 млн. теңгені құрайтын 6 өндіріс кәсіпорындары 3,85 гектар жерге орналасқан. 2018 жылы «Серпін» индустриялды аймаққа құны 2196,0 млн теңгені құрайтын 7 жобаны орналастыру үшін 6,1 гектар жер телімдері табысталуда. Сонымен қатар алдағы уақытта 1 гектар жер учаскесіне жылыжай кешені мен ет бағытындағы құс фермасы орналастырылады. Жобалар құны 30,0 млн теңге.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



3

Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында өнім өндіруші кәсіпорындарын ашу және заманауи әдістерді пайдалана отырып, әлсіреп бара жатқан кәсіпорындардың жұмысын жандандыру

Ағымдағы жылдың аяғына дейін Таң ауылынан тәулігіне 100 тонна күріш ақтайтын цехын іске қосу жоспарлануда. Жоба 2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылып, қажетті құрал-жабдықтар алынған. Қазіргі таңда цех құрылысы толық аяқталып, құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Цех жұмысы басталғанда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар, «АгроЛидерТаң» ЖШС-нің ауысымына 10 бас малды сою пункті мен 600 кг етті өндіру цехы іске қосылатын болады. Жобаның жалпы құны 305,9 млн теңге. Оның ішінен 128,6 млн теңгесі «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы бөлінсе, қалған 177,3 млн теңгесі жеке қаражат есебінен бөлінеді. Қазіргі таңда серіктестік жеке қаражаты есебінен мал сою пункті мен етті жіліктеп, бумалау цехы ғимараттарының құрылысын бастады.



“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

8

Ауданда жұмыссыздық деңгейін 5,0 пайызға дейін төмендетуге шаралар қабылдау

Жалағаш ауданы бойынша жұмыс күшінің саны – 17770 мың адам, жұмыспен қамтылған халық саны – 16862 мың адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1%.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



9

2018 жылы экономика салаларында 695 жаңа жұмыс орнын ашуды қамтамасыз ету

Аудан бойынша жыл көлемінде 695 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, есепті мерзімге 132 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе 19,0% (оның 94-і тұрақты).

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



10

Ауданда белгіленген кестеге сәйкес жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті есептеуді және әлеуметтік келісімшарттарды орындауды қамтамасыз ету

2018 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге респу-бликалық және жергілікті бюджеттерден барлығы 99,9 млн.теңге қаржы қаралған. Есепті мерзімге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке және 2017 жылдың «Өрлеу» бағдарламасына тартылған барлығы 162 отбасының 922 мүшесіне шартты ақшалай көмегіне 8,5 млн.теңге төленді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



11

Үй-үйді аралап жүру барысында өзін-өзі жұмыспен нәтижесіз қамтыған және жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бекітілген ауданның кешенді жоспарына сәйкес нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету

Нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған -2718, тіркелмеген жұмыссыздар - 631, статусы анықталмаған - 671, барлығы 4020 адамның 1 сәуірге 448-і немесе 11,1 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



12

Аудандағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, 2018 жылға қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі жұмыс берушілермен меморандум жасап, орындалуына бақылауды қамтамасыз ету

Шаруашылықтар мен ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмысшыларды қысқарту фактілері орын алған жоқ.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



13

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеу жағдайына тездетіп әрекет ету

Аудан көлемінде орналасқан мекемелер мен кәсіпорындардан жалақыға қарызын анықтау үшін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы ай сайын есебі алынып, мониторинг жүргізіліп отыр. Бүгінгі күнге еңбекақыға қарыздар қалыптаспаған.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



14

Халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан студенттерге аймаққа қажет мамандықтар бойынша оқуына әлеуметтік көмек көрсету

Халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан студенттерге аймаққа қажет мамандықтар бойынша оқуына әлеуметтік көмек көрсетуге 4,4 млн.теңге қаржы қаралған, төлем қыркүйек айында жүргізіледі.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



15

Атаулы әлеуметтік көмекті жаңа форматта әлеуметтік келісім-шарт арқылы алатын еңбекке жарамды жанұя мүшелерінің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шараларын қабылдау

Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің 138 отбасының 767 мүшесінің ішінен 12-і тұрақты жұмысқа, 32-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 1-уі әлеуметтік жұмысқа жіберілді.


“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



17

Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған “Еңбек нарығы” автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қосылуды қамтамасыз ету

Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған “Еңбек нарығы” автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 2018 жылдан бастап қосылып, қазіргі таңда жұмыс жүргізіліп келеді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



18

Жұмыспен қамту орталығының жұмыстарына өзгерістер енгізу және “Электронды еңбек биржасы” интернет-ресурсына өтуді қамтамасыз ету

Жұмыспен қамту орталығының жұмыстарына өзгерістер енгізу және “Электронды еңбек биржасы” интернет-ресурсына өтуді қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінім берілді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



19

2018 жылы аудандағы отбасы құрамында еңбекке жарамды адамы бар, жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына міндетті түрде қатысу шартымен, аз қамтылған отбасыларына ақшалай көмек беру жүйесін енгізу

2018 жылы аудандағы отбасы құрамында еңбекке жарамды адамы бар, жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына міндетті түрде қатысу шартымен, аз қамтылған отбасыларына ақшалай көмек беру жүйесін 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап енгізілді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



20

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, соғыс кезінде қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ тылда кемінде алты ай жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыру

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, соғыс кезінде қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне 4,2 млн.теңге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға 18,6 млн.теңге бір жолғы әлеуметтік көмек төленді.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



21

Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасының орындалуын қамтамасыз ету

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2017 жылы 1025 мүгедек, оның ішінде І топтағы - 77, ІІ топтағы – 307, ІІІ топтағы - 443, 18 жасқа дейінгі - 198 мүгедек балалар тіркелген.

Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. 2018 жылдың наурыз айында 195 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 68-і немесе 32% орындалды. 2017 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 550-і орындалды.

2018 жылдың наурыз айында 320 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен, 1 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 2 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 6 мүгедек таяқпен, 3 мүгедек балдақпен қамтамасыз етілді. Есту кемістігі бар 4 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 82 мүгедекке «Сыр шарапаты» қоғамдық қоры арқылы қызмет көрсетуде. «Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2018 жылға әлеуметтік такси қызметіне республикалық бюджеттен 279,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2509,0 мың теңге қаржы қаралған. 2018 жылдың 1 сәуіріне мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 41 мүгедек баланың ата-анасына 858,6 мың теңге төленді.


“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



22

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңымен белгіленген жалпы жұмыс орындарының 2-4 пайыз шеңберінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаның орындалуын бақылау

2018 жылдың 1 сәуіріне 6 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 3-уі тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қалған 3-уі қоғамдық жұмысқа жолданды.

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарла-малар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту жолымен өзін-өзі қамтыған азаматтар санын азайту

23

Салық органдарында тіркелмеген, өзін-өзі қамтығандарды рәсімдеу бойынша шаралар өткізу

Ағымдағы жылдың ақпан айында салық базасын ұлғайтуға байланысты ауданнан арнайы жұмысшы топ құрылып, кент және ауылдық округтердегі, кәсіпкерлік нысандардың, дүкендердің нысаналы мақсатын өзгерту, бағалату, кассалық аппарат, алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу жөнінде іс-шаралар жасалып, әр нысан бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



26

“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша шағын несие беруді қамтамасыз ету

“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2018 жылдың басынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 27 жоба 81,6 млн теңгеге қаржыландырылды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



27

“Бизнестің жол картасы-2020” бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ұйымдастыру

«Бизнес Кеңесші» жобасы аясында жыл басынан өткізілген қысқа мерзімді оқу курсына ауданнан 68 азамат қатысып, сертификат алды.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 37 аудан тұрғыны оқу курсынан өтуде. Жыл аяғына дейін 170 адамды оқыту жоспарымызда бар.



“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



28

“Бизнестің жол картасы-2020” бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында несиелер бойынша сыйақы ставкасын субсидияландыру жолымен кәсіпкерлердің несиелерінің құнын арзандату бойынша жұмыстар ұйымдастыру

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2018 жылдың аяғына дейін 15 жобаны қаржыландырып, пайыздық ставкасын субсидиялау жоспарлануда. Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыруға 4 кәсіпкер құжаттар дайындауда.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



29

Ағымдағы жылдың аяғына дейін “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шағын несиелендіру бағыты бойынша әрбір кент, ауылдық округтен 3 жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету

Аудан бойынша 2018 жылдың аяғына дейін “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 78 жобаны қаржыландыру жоспарымыз бар. Қазіргі таңда кент және ауылдық округтер бойынша халық санына қарай бөлініс жасалған. Ауыл шаруашылығын қаржылай қорына несие алуға ниет білдірген 78 азаматтың тізімі жолданды.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



30

Жұмыссыз және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларды “Бастау Бизнес” компоненті бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды және жоба аясында әзірленген бизнес-жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету

«Бастау Бизнес» жобасы аясында ауданның жұмыссыз немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған 37 азаматы қазіргі таңда оқу курсынан өтуде. Жыл аяғына дейін 170 адамды оқыту жоспарымызда бар.

“Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов



Көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту

Сумен қамтамасыз ету

31

М.Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарын аяқтау

М.Шәменов және Мырзабай ахун елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары келісім шарт бойынша жұмыстар басталып, жүргілуде.

“Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



32

Жаңадария, Аққыр, Т.Жүргенов елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін жоба-сметалық құжаттарын облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыну

Жаңадария, Аққыр, Т.Жүргенов елді мекендерінің ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.

“Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



33

Жаңақоныс және Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесін жаңадан салуға жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Жаңақоныс және Далдабай елді мекендерінің ауыз су жүйесін жаңадан салуға жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

“Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



Электр қуатымен қамтамасыз ету

34

Аққұм, Мәдениет, Бұқарбай батыр, Аққыр, Жаңаталап, Жаңадария елді мекендерінің электр жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Аққұм, Мәдениет, Бұқарбай батыр, Аққыр, Жаңаталап, Жаңадария елді мекендерінің электр жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен «ҚЭТТК» АҚ-ның жарғылық қорын ұлғайтуға қаржы бөлініп, тікелей «ҚЭТТК» АҚ-мен атқарылады.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



35

Ақсу, М.Шәменов, Т.Жүргенов елді мекендерінің электр жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Ақсу, Шәменов, Т.Жүргенов елді мекендерінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге үшін аудандық бюджеттен 11,3 млн.теңге бөлінді.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



Абаттандыру

36

Жалағаш кентіндегі Абай, Бұқарбай батыр, Желтоқсан, Әйтеке би көшелеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Аудандық бюджеттен қаржыландыруға жалпы сомасы 3 622,4 мың теңгеге ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім тапсырылған.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



37

Мақпалкөл, Еңбек ауылдық округтеріне абаттандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу

Мақпалкөл елді мекенін абаттандыру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Еңбек елді мекенінде Сырбай ата көшесін жарықтандыруға және демалыс паркін абаттандыруға аудандық бюжеттен 2,0 млн.теңге бөлінді.

“Жалағаш аудандық ТКШ,ЖК және АЖ бөлімі” КММ

Үйлестіруші: аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев



жүктеу 258 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау