Жадынама емдеу, педиатрия факультеттерінің курс студенттері мен стоматология факультетінің курс студенттері үшін Қаз Ұму интернатурасына 2010-2011 оқу жылына қабылдау жайлы



жүктеу 193,42 Kb.
бет2/2
Дата11.12.2017
өлшемі193,42 Kb.
#3976
1   2

Аймақтар жайлы. Аймақтарға кету кесте бойынша жүзеге асады. Кету алдында әр интерн қаржыландыру түріне (грант, келісім шарт) тәуелсіз, әр жақтың құқықтары мен міндеттері жайлы 3 жақтық келісім «ЖОО» «Аймақ» «Интерн» жасау керек.

NB! Аймақтарға кету міндетті! Егер сіз интернатураға «Хирургия» және «Акушерия-гинекология» мамандықтары бойынша түссеңіз, онда ештеңеге (жанұя, балаларының болуы, сіздің, сонымен бірге туыстарыңыздың денсаулық жағдайы) қарамастан, Алматы қ. қалуға Сізге құқық берілмейді.

Бір де бір ереже ерекшеліксіз болмайды – егер Сіздің 2 жасқа дейінгі балаңыз болса, Сіздің денсаулағыңыз нашар болса, онда Сіздің Алматы қ. қалуға мүмкіндігіңіз бар (сәйкес құжаттар бар болған жағдайда). БІРАҚ! Сіз дәрігер-терапевт, дәрігер-педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері мамандықтары бойынша ғана білім аласыз.
Интерндерге базалық емдік мекемелердің ішкі тәртіп ережелері таратылады.

  • Пән бойынша тәжірибелік сабақты 3-тен аз күн өткізіп алған интерндерге цикл бойында өтеу жайлы шешімді кафедра меңгерушісі қабылдайды.

  • Пән бойынша тәжірибелік сабақты 3-тен көп күн, бірақ 72 сағаттан көп емес, өткізіп алған интернге цикл бойында өтеу жайлы шешімді факультет деканы қабылдайды. Бұл жағдайда өткізіп алған сабақтарды өтеуге деканат жолдама береді.

  • Ауруына байланысты тәжірибелік сабақты 72 сағаттан көп өткізіп алған интерндерге академиялық демалыс (студенттер емханасының ДБК қорытындысы бар болғанда), ал орынды себеп болмаған жағдайда - ақылы негізде қайта оқу жылына мүмкіндік беріледі. Бұл кезде білім гранты бойынша оқитын интерндер грантқа құқығын жоғалтады және білім алуын ақылы негізде жалғастырады.

  • Негізгі пәннің өтіп кеткен бөлімдері бойынша дифференциалдық сынақ және/немесе шектес пәндер бойынша дифференциалдық сынақ алмаған интерндер жарты жылдық және қорытынды аттестацияға жіберілмейді.


Интерндердің есеп беру құжаттары

Оқу журналы – интерндердің жұмысы жайлы мағлұмат беретін негізгі құжат болып табылады және оны жүргізуде оқытушылардан үлкен жауапкершілікпен қарау талап етіледі. Топпен сабақты бастай отырып, оқытушы журналды толтырудың ережелерімен танысу және талаптарға сәйкес толық толтыру керек.
Күнделік – интерндердің жұмысының мазмұнын көрсететін құжат.

  1. Күнделікте барлық бөлімдердің нөмірленуі өтпелі болуы керек. Әр пән бойынша интерннің жеке жоспарын толтырып пәннің оқытушысының қолын қойғызу, негізгі пән бойынша тақырыптық жоспарды толығымен толтыру керек.

  2. Курациялайтын науқастар тізіміне қайталанбайтын диагноздарды жазу, немесе жіктеуге сәйкес әр түрлі олардың қосарланып келуі тиіс.

  3. Кезекшілік бөлімінде көрсетілген медициналық көмекі пен диагноз немесе жағдайдың көрсетілуімен бір қызықты оқиға апта сайын жазу керек (айына 4 жол толтыру).

  4. Ғылыми-тәжірибелік конференциялар бөлімінде апта сайын күнтізбе жоспарына сәйкес, өткізілген мерзімін көрсетіп, тақырыбын жазу керек. Сонымен қатар, интерн қатысқан халықаралық, республикалық, қалалық, емханалық конференцияларды жазу керек.

  5. Санитарлық ағарту жұмыстары бөлімінде апта сайын науқастардың санын көрсете отырып, дәрістер, әңгімелердің және клиникалық базаларда шығарылған санбюллетендердің тақырыптарын жазу керек. Нозологиялық бірліктер тізімін ай сайын толтыру керек.

  6. Көмекші әдебиеттер тізімінде монографиялар, кезеңді әдебиет, интернет сайттарының мекен-жайлары ғана көрсетіледі.

  7. Игерген дағдылар мен манипуляциялар оқу жылының соңында олардың санының көрсетілуімен толтырылуы тиіс .

  8. Цикл оқытушылары күнделікті тексереді: аты-жөні, жасы, диагнозы, игерген дағдылары көрсетілген күнделікті курациялайтын науқастардың тізімімен және кезекші дәрігердің мөрімен бекітілген кезекшілікте қаралған науқастар көрсетілген күнделікті; пән бойынша оқытушының бағасы және қолы бар интерннің өзіндік жұмысымен портфолионы. Айдың соңында (23-25 сандарында) оқытушылар табель мен кезекшілік графигіне осы құжаттар бар болғанда қол қояды.


Кезекшілік графигі ай сайын интернатура бойынша жауап берушімен жоспарланады және толтырылады, кафедра меңгерушісімен және клиникалық базаның бөлім меңгерушілерімен айдың басында бекітіледі, мекеменің мөрімен бекітіледі. Жоспарланған кезекшілік «Д» әріпімен белгіленеді, орындалған кезекшілік интернатура бойынша жауап берушімен қоршалады. Кезекшілік графигі табелге қол қойдыру кезінде деканатқа көрсетіледі және оқу ісі бойынша меңгерушіге немесе интернатура бойынша жауап берушіге кафедраға қайтарылады. Табелдер бір жыл бойына, жаңа оқу жылы басталғанға дейін базалық кафедраларда сақталады.
Сынақ кітапшасы. Сынақ кітапшасында пәннің сағат саны, атауы, арнайы пәннің негізгі бөлімі бойынша дифференциалдық сынақтың, шектес пәндер бойынша дифференциалды сынақтыңқ болуы (бағаны жазу үлгісімен көрсету), жарты жылдық және қорытынды аттестацияның өткізу-штампы мен қорытындысы, квалификация атағын беру белгіленген.
Студенттік билет – сынақ кітапшасымен бірге беріледі, интерн мәртебесін растайтын құжат болып табылады.
Санитарлы кітапша – клиникалық базалардағы сабаққа қатысу үшін барлық интерндерде белгіленген үлгідегі санитарлы кітапшалары болуы қажет.
Айналып өту парағы Университет құрылымы мен бөлімдерінде толтырылады, Қорытынды аттестацияға өткізілгеннен кейін әр интернге беріледі.
Жұмыс уақытын есепке алу табелі – барлық интерндерге міндетті.

  1. Жұмыс уақытын есепке алу табелінде 8 астрономиялық сағат және демалыс күндері белгіленеді (В – выходной немесе Д - демалыс). Табелді тәжірибелік сабақты жүргізетін оқытушының бақылауымен топ старостасы толтырады.

  2. Ай сайын 23-24 санында базалық кафедраның меңгерушісі мен оқу ісіне жауапты оқытушыға (завучқа) қол қоюға табелмен бірге топтың оқу журналы, күнделіктер, кезекшілік графигі көрсетіледі, ЖТД интерндері мен терапевт интерндері үшін – пән бойынша оқытушы бағасы мен қолы бар интерннің өзіндік жұмысымен портфолио.

  3. Ай сайын қол қоюға деканға (декан орынбасарына) табелмен бірге топтың оқу журналы, интерндердің күнделіктері мен кезекшілік графигі көрсетіледі.

  4. Деканның (декан орынбасарының) қолын қойдырып алғаннан кейін, деканаттың мөрімен бекітілген табелді стипендия алатын интерндердің старостасы ҚазҰМУ-нің бухгалтериясының стипендиалды бөліміне тапсырады, ақылы негізде оқитын топ старосталары – деканатта қалдырады.


Интерн академиялық демелыс алу мүмкін бе? Иә. Ауру бойынша немесе жүктілік пен босануға байланысты академиялық демалысты бір жыл мерзімге алуға болады. Ол үшін деканаттан студенттер емханасына жолдама алу және ДБК анықтамасын толтыру керек. ДБК анықтамасының және интерн өтінішінің негізінде академиялық демалыс туралы бұйрық дайындалады.
Басқа ЖОО-на ауысуға болады ма? Басқа ЖОО-на ауысу жарты жылдық аттестацияны тапсырғаннан кейін, демалыс уақытында ғана болуы мүмкін. Бұл мерзім ішінде біздің ЖОО-ның ректорының ауысуға рұқсатын, Сіз ауысатын ЖОО-ның ректорының ауысу туралы келісімі және жеке іске сұрау алу керек.
Мінездеме және кепілдеме. Жабық типтегі мекемелерге жұмысқа қабылдауда, резидентураға, магистратураға құжат қабылдауда, білім беру бағдарламалары бойынша сайысқа қатысуда міндетті құжаттар тізімінің құрамына мінездеме және қосымша кепілдеме хаты кіреді. Мінездеме және кепілдеме хатының үлгілері деканатта бар (назар аударыңыздар, олар колонтитулдары бар бланкыларда немесе Университеттің фирмалық бланкыларында). Мінездеме және кепілдеме хатын кафедра менгерушісі, декан және ректор бекітеді. Ректор құжаттарды сағат 17.00 кейін қарастырады.

Ректор қарастыруына деканат қызметшісі ғана барады!


жүктеу 193,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау