Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды.
XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты:
1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);
2.Эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі (Англия – философиядағы эмпиристік бағыт жеңіске жеткен, шешуші ақылы, рационализмге емес, тәжірибе мен сезімдік қабылдауға берілген аз санды елдер тобына енді).
3.Саяси-әлеуметтік мәселелерге үлкен қызуғышылық (ағылшын философтары болмыс пен таным мәселелерін, адамның дүниедегі рөлін түсіндіруге тырысып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің пайда болуының себептерін іздеп, мемлекет тіршілігін дұрыс ұйымдастыру жобаларын ұсынды).
Ағылшын философтары XVII ғ. үшін озық үлгіде дамыды. Ағылшын философиясынын қалыптасуына ықпал еткен саяси оқиғалар:
1.XVII ғ. Ортасындағы Оливер Кромвельдің революциясы (корольді құлату мен жазалау, республиканың аз мерзімді тіршілігі, индепенденттер қозғалысы);
2.1688 жылғы «даңқты революция»;
3.Протестантизмнің толық жеңісі, англикан Шіркеуінің Рим папасына тәуелсіздігі мен ішкі автономияға қол жеткізу;
4.Парламент рөлінің орнығуы;
5.Жаңа буржуазиялық қоғамдықэкономикалық қатынастардың дамуы.
Жаңа Заманға ағылшын философиясында үлкен із қалдырғандар:
1.Фр.Бэкон – философиядағы эмпиристік (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаушы;
2.Томас Гоббс (мемлекет мәселесін зерттеп, «қоғамдық келісім» теориясын ұсынады);
3.Дж.Локк (Т.Гоббс дәстүрін жалғасырып, мәселесін зерттеді).
Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы.
Негізгі еңбектері:
«Ғылымдар табысы»
«Жаңа Органон» «Жаңа Атлантида».
Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.
Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш».
Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.
Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон.
Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді:
әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |