Жаңа буынның спорт нысаны



жүктеу 2,75 Mb.
Pdf просмотр
бет13/20
Дата09.01.2020
өлшемі2,75 Mb.
#26086
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Алматының  Алатау  ауданындағы  12  000  көрермен  сыятын  бірегей  Мұзды  аренаның  құрылысы  қарқынды  жүріп 

жатыр. Бүгінде бетондау жұмыстарының 90% атқарылды. Әрлеу жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде оның 30% 

аяқталды. Нысан стратегиялық болғандықтан барлық құрылыс және монтаждау жұмыстары ҚазҒСҒЗИ, МАҚБ ғана 

емес  ІІМ,  ҰҚК,  ПКҚ  және  басқа  да  бақылаушы  органдардың  да  қатаң  бақылауында.  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс барысын жеке қадағалауында ұстап отыр. 

Сәулетті де сұлу ғимарат

Қазақстанда теңдесі жоқ ірі спорт кешені – 12 

000 көрерменге арналған Мұзды арена 10,7 гектар 

жерді  алып  жатыр.  Қазақтың  киіз  үйін  елесте-

тетін доғал пішінді екі блок тікбұрышты үшінші 

блокпен  қосылады.  Осы  үш  бөлік  бір-бірімен 

жерасты  өткелдері  арқылы  біріктірілген.  Қасбет 

коньки іздері іспетті салынған алтын жолағы бар 

көк түсті аса берік  қыздырылған шынымен қап-

талуда. 


Нысан  Б.Момышұлы  көшесінің  батысында 

және  қазір  үш  деңгейлі  айналма  жол  салынып 

жатқан  Рысқұлов  даңғылының  солтүстік  тұсын-

да  орналасқан.  Жоғарғы  қабаттың  кез-келген 

тұсынан  алдыңыздан  әдемі  пейзаж  ашылады  – 

асқақ таулар мен Алматы қаласы алақандағыдай 

болып көрінеді, жазық дала мен жаңа ықшамау-

дан  құрылысы  көкжиекке  дейін  керіліп  жатыр. 

Саф  алтындай  таза  ауа  да,  аппақ  бұлттар  көшіп 

жүретін көкшіл аспан да осында. 



Ауқымды жұмыстар мен жауапкершілік

Қазір  Мұзды  аренада  жұмыс  күндіз-түні 

жүруде.  Бір  мезетте  инженерлік-техникалық 

құрамды  есептемегенде,  компаниямыз  бен 

мердігер  компаниялардың  мыңға  жуық  қызмет-

кері жұмыс істейді. 

– Мұзды арена үш блоктан тұрады: А блогы 

– бұл 12 000 орындық Мұзды арена; В блогында 

әкімшілік  ғимарат  пен  ересектерге  арналған  25 

метрлік  және  балаларға  арналған  10  метрлік  екі 

бассейн орналасады; Б блогында мұз айдыны мен 

дене шынықтыру-сауықтыру кешені болады. Длә 

осы блокта 450 адам сыятын трибуналар болады, 

ол  жерде  балалар  мен  жасөспірімдер  арасында 

жарыстар өткізуге болады – дейді Мұзды арена-

ның  атқарушы  директорының  орынбасары  Кон-

стантин Козлов. 

Ауқымды  және  бірегей  спорт  нысанын  ең 

тәжірибиелі  және  білікті  құрылысшылар  салуда, 

қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен тех-

нологиялар қолданылуда. 

– Мұзды арена құрылысында жаңа қалып пай-

даланылуда, тек дәнекерлеуші ғана емес, сонымен 

бірге, арматуралардың түйіскен жерлерін муфта-

лық  біріктіру,  арматураларды  муфталық  қысу 

қолданылады. Барлық технологиялар тексерілген, 

сынақтан өткен және өзінің тиімділігін дәлелде-

ген.  Мұнда  бригадирлер  Самородов,  Тәжібаев, 

Қаржаубаевтардың  жетекшілігімен  бетондау  жұ-

мыстарын атқаратын ең үздік бригадалар жұмыс 

істейді.  Бұлар  -  «Базистің»  Алматыдағы  филиа-

лындағы бетондау жұмыстары бойынша ең үздік 

мамандар.  Негізгі  бетондау  жұмыстары  кезінде 

уақыттың  тарлығына  байланысты  бетондаушы-

ларға үш ауысыммен жұмыс істеуге тура келді  – 

дейді Константин Козлов.

Бүгінгі  күні  құрылыс-монтаждау  жұмыста-

рының басым бөлігі атқарылды, бетондау жұмы-

стары  аяқталуға  жақын.  Константин  Козловтың 

сөзіне  қарағанда,  Мұзды  аренаның  темір-бетон 

конструкциялары жұмыстарының 92% – 95% біт-

кен, әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру 

ісі қарқын алып келеді. 

– 58 мың текше метр бетонның 53 мыңын құй-

дық.  Енді  бетонның  5%-ін  құю  қалды.  Құрылыс 

алаңы  10  баллдық  жер  сілкінуі  мүмкін  аймақта 

орналасқандықтан,  барлық  құрылысты  арматура-

лау проценті өте жоғары. Қазір блоктарда жылыту, 

вентиляция, электрлендіру, жарықтандыру секілді 

барлық инженерлік жүйе бойынша жұмыстар то-

лық  қарқынмен  жүруде.  Кабельдік  жүйелер  бой-

ынша  жұмыстар  жүргізілуде.  Жақында  нысанды 

қажетті  аппаратуралармен  жабдықтау  басталады. 

Біз қазірдің өзінде қасбеттерді шынымен қаптауды 

бастадық, оны қосалқы мердігер компания атқару-

да, аумақты абаттандыруға кірістік, оны биыл күз-

де аяқтаймыз  – дейді Константин Козлов. 

Мұзды арЕна – Жаңа дәуірдің 

спорттық нысаны 

18

BAZIS NEWS №7-8 / 01.08.2015




Барлық тіршілікпен қамтамасыз ету жүйе-

лері - сақадай сай 

Нысанның  сейсмикалық  қауіпсіздігіне  ерек-

ше  назар  аударылады.  Құрылысшылар  аса  берік 

бетон  мен  арматураны  қолдануда.  Шатыр  берік 

металл  конструкцияларынан  құрастырылуда, 

оларды  шатырларға  қажетті  металл  конструк-

цияларды әзірлеу мен монтаждау жөнінен ең ірі 

мамандандырылған ұйым «Имсталькон» АҚ осы 

жоба үшін арнайы дайындаған. Құрылысшылар-

дың айтуынша, кешеннің өзі көптеген техникалық 

күрделі  элементтерден  тұрады.  Мұнда  кәдуілгі 

құрылыс  конструкцияларынан  өзге  өзгеше  фор-

малар бар, қабаттардың биіктігі жеті метрге дейін 

барады. Мұзды аренаның барлық үш шатырында 

5 000 тонна шамасында күрделі металл конструк-

циялар болады. 

–  Жертөлеге,  трибуналар  мен  100  тонналық 

кран  шыққаннан  кейін  құрылысы  бітетін  уча-

стокка кірер рампаларды салып бітіруіміз керек. 

Бұлар қазір металл конструкцияларын монтаждау 

жұмыстарына  пайдаланылуда.  А  блогында  тағы 

1500  текше  метр  бетон  құйылады  –  олар  трибу-

налардың  баспалдақтары  мен  көлбеу  плита.  Б 

блогында жұмыс 80%-ке орындалған. В блогында 

жұмыс бітуге таяу, бассейннің 100 текше метрлік 

жабыны қалды. Б блогында екі кіре беріс рампа-

сының  70%-і  аяқталған.  А  блогында  солтүстік 

тұстағы РВ -1 рампасы толығымен бітті, РВ-2 жұ-

мыстарына мұнаралы кранды демонтаж жасаған-

нан  кейін  кірісеміз    –  дейді  өз  кезегінде  өндіріс 

бойынша  атқарушы  директордың  орынбасары 

Сергей Чакалов.

Нысанда қолданылатын барлық материал – ең 

заманауи  және  сапалы.  Соңғы  архитектуралық 

нұсқалар,  күрделі  техникалық  шешімдер  мен  ең 

соңғы үлгідегі әрлеу материалдары пайдаланылу-

да.  Мұзды  аренаға  адам  көп  жиналатындықтан, 

қауіпсіздік  жүйелері  мүлтіксіз  жұмыс  істейтін 

болады. 

– Мұзды аренаның бүкіл периметрі бойынша 

сым  тартып,  өртке  қарсы  дабыл  жүйесі  мен  ар-

найы қадағалар орнатып жатырмыз. Алда-жалда 

өрт  шыға  қалған  жағдайда  бұл  жүйе  адамдар-

ды  ғимараттан  шұғыл  шығарып,  өртті  сөндіруге 

мүмкіндік береді. Қандайда бір өрт шығып жатса 

түймені басса жеткілікті, өрт сөндіру және түтін 

тарту жүйелері автоматты түрде іске қосылады – 

дейді  өртке  қарсы  құрылғыларды  монтаждаушы 

Анатолий Сазонтов. 

Президентке арналған ложа

  

Мұзды 



аренаның 

бірінші 


қабатында 

VIP-тұлғаларға арналған арнайы кірер ауыз қара-

стырылған және ел президентіне арналған арнайы 

кіреберіс салынған. 

Ғимараттың  бірінші  санатты  жауапкершілігі 

болғандықтан  құрылысқа  тек  техникалық  бақы-

лау органдары ғана емес, сонымен қатар, арнайы 

қызметтер де ерекше назар аударады. ҚазҒСҒЗИ, 

МАҚБ, сондай-ақ, ІІМ, ҰҚК және ПКҚ күн сайын 

дерлік тексеру жүргізеді. Жауапкершіліктің мұн-

дай санатымен Мұзды арена құрылыс сапасы мен 

қауіпсіздікті қамтамасыз етудің эталоны болмақ.



Әркім өз керегін табады

Мұзды  арена  –  бұл  тек  коньки  мен  хоккей 

секілді  спорт  түрлеріне  ғана  арналмаған.  Кешен 

көпфункциялы. Хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-

трек пен кёрлингтен өзге Мұзды аренаны баскет-

бол, волейбол, бокс, мини-футбол ойындарына да 

пайдалануға болады. Арена трансформациялана-

ды, мұз арнайы жабындымен жабылады, борттар 

шешіліп алынады және алаң спорттың жоғарыда 

аталған түрлерінің біріне ыңғайластырылады. 

12 000 көрерменге арналған Мұзды аренаның 

негізгі ғимараты күмбезінің астында өтетін жары-

старға келуден басқа әр адам өзіне және балала-

рына қажетті жаны қалаған іспен айналыса ала-

ды. Спорттың алуан түріне жабдықталған алаңдар 

жыл  бойы  жұмыс  істейді.  Бұлардан  бөлек,  дене 

шынықтыру-сауықтыру кешені, СПА-орталықтар 

мен әсемдік салондары болады. 

– Негізгі арена көпшілікке арналмаған, бұл – 

кәсіби спорттық мақсатқа пайдаланылатын ғима-

рат, сондықтан, Б блогында көлемі шағын екінші 

мұзды  арена  жұмыс  істейтін  болады.  Ауқымды 

жарыстар  өтетін  күндері  ол  спортшылар  жат-

тығатын мұз айдыны қызметін атқарады, қалған 

уақытта қалың көпшілікке қызмет етеді  – дейді 

Мұзды аренаның атқарушы директорының орын-

басары. 

(Жалғасы 20 бетте)

19

құрылыс жаңалықтары




жүктеу 2,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау